Зертханалық жұмыстың есеп беру талаптары
Зертханалық жазбаларды әдемі, кезеңімен жасалған жұмыстың тәртібі бойынша көрсетілу керек.
Зертханалық жұмыстың барысында қажетті барлық тақырыпты, мақсаттарын, негізгі кезеңдерін, нәтижелерін тезис, кесте немесе график ретінде жазу керек, тағы да сурет салуға болады.
Бақылау сұрақтары :
1. Залалсыздандыру дегеніміз не?
2. Ыдыстарды, құрал – саймандарды қалай залалсыздандырады?
3. Өсімдік объектілерін қандай әдістермен залалсыздандырады
4. Жекелеген жасушалар мен ұлпаларда қоректік орталардың құрамы қандай?
5. Қоректік орталарда ауксиедер ретінде қандай заттар қолданады?
6. Маткалық ерітінділер дегеніміз не және оларды қалай дайындайды?
№ 2 зертханалық жұмыс - Пісіп жетілмеген ұрықтың каллустық ұлпаларын алу. Каллустарды субкультивирлеу
Жұмыстың мақсаты. Пісіп жетілмеген ұрықтың каллустық ұлпаларын алу. Каллустарды субкультивирлеу
Теориялық дәлелдеу .Өндіру циклінде каллус клеткалары бөліну үрдісінен кейін қарапайым онтогенезден өтеді: созылмалы түрде өседі, дифференциалданады және деградатацияланады. Каллустың өсу бойы ішкі жағынан қарағанда қисық тәрізді көріністі көрсетеді. Өсу циклі эксплантты ортаға отырғызудан басталады (культивирлеу бастамасы), ал керісінше митоз тоқтағанда аяқталады (стационарлық фаза).
Лакфазада клеткалар бөлінбейді, өлшемі бойынша үлкеймейді, тек төменгі метаболиттік активтілікті қажет етеді. Экспоненциалдық фазада клеткалар митозбен белсенді бөлінеді. Бастапқы ерте кезеңде экспонентте митохондрия мөлшері көбейеді ( АТФ синтезі), рибосомалар, РНҚ-ның барлық түрі, ақуыздар синтезделеді, метаболизм активтенеді. Ал стационарлық фазада клеткалар өлшемі көбейе беріп жалғасады, бірақ олардың бөлінуі тоқтатылады.Әрі стационарлық фазада, тым кешіректеу кезеңінде клеткалар қартайып, өлуге әкеліп соғады.
Каллус клеткаларының өсу циклінің ұзақтығы 21-28 күн. Культивирлеу поцесінде каллусты жаңа қоректік ортаға әрбір 4-6 апта сайын отырғызады. Трасплант массасы 60-100 мг-нан 20-40 мл ортаны құрайды
Материалдар мен құрал-жабдықтар
Пісіп жетілмеген бидай ұрығы, стерилденген өсімдігі бар пробиркалар,
Мурасиге-Скуг ортасы, 2,4-Д, 6 %-дық хлорамин ерітіндісі, этил спирті, пробиркалар, препаровальдық инелер, пинцеттер, скальпелдер.
Зертханалық жұмыстың орындалу тәртібі
1. Пісіп жетілмеген дәнді-дақылдарды 6 %-дық хлорамин ерітіндісіне 5 мин. қою.
2. Стерильдік дистилденген сумен 3 рет шаю.
3. Стерилденген дәнді-дақылдарды стерильдік Петри тостағаншасына салып қою.
4. Препаровальдық инемен ұрықты вычленить және 4 мг/л 2,4-Д қосымшасы бар Мурасиге-Скугтың қоректік орталарын пробиркаға көшіру. Қараңғы жерде каллустардың шығуына дейін 25-27 0С температурада инкубациялау.
5. Ұрығы бар пробиркаларды тығынмен жауып, штативке қою.
6. Бидай өсімдігі бар пробиркаларды стерильдік Петри тостағаншасына ақтару, содан 5-10 мм аралық өлшеммен кесіп алу.
7. Концентрациясы 4 мг/л болатын, құрамында 2,4-Д бар Мурасиге-Скугтың қоректік орталарына экспланттарды көшіру. Каллустардың жетілуіне дейін қараңғы жерде 25-27 0С температурада инкубациялау.
8. Каллустық клеткаларды микроскопта қарастырып, морфологиясын сипаттау.
Зертханалық жұмыстың есеп беру талаптары
Зертханалық жазбаларды әдемі, кезеңімен жасалған жұмыстың тәртібі бойынша көрсетілу керек.
Зертханалық жұмыстың барысында қажетті барлық тақырыпты, мақсаттарын, негізгі кезеңдерін, нәтижелерін тезис, кесте немесе график ретінде жазу керек, тағы да сурет салуға болады.
Бақылау сұрақтары :
1. Каллусты культивирлеудің негізгі тәсілдерін атаңыз?
2. Дедифференциация және пролиферация клеткалары дегеніміз не?
3. Каллустың өсу циклінің негізгі фазасы немен сипатталады?
4. Әр түрлі өсімдік түрлерінің каллустары морфологиясы бойынша ерекшеленеді ме?
№ 3 зертханалық жұмыс Өсімдіктердің клондық микрокөбеюі және сауықтырылған отығызу материалын алу. Өсімдіктерді клондық микрокөбейту. In vitro жағдайында стахис өсінділерін қалемшелеу
Достарыңызбен бөлісу: |