№ 1 зертханалық жұмыс - Лабораторияда жұмыс iстеудi техника. Қоректендiргiш орталар үшiн жатырлық ерiтiндiлердiң даярлауы. Қоректік орта дайындау.
Жұмыстың мақсаты. Бөлмелерді, өсімдік материалдарын, ыдыстарды, инструментерді, қоректік орталарды зарасыздандыру техникасын білу және жасанды қоректік орта үшін маткалық ерітінділерді дайындау әдістемелерін білу.
Теориялық дәлелдеу. Жекеленген мүшелерді, ұлпаларды, жасушаларды және протопластарды сәтті өсірудің негізгі шарттардың бірі қатал зарасыздандыруды сақтау. Жасанды өсіруге арналған қоректік орталарда өсімдік ұлпаларда, жасушаларда микроорганизмдер жақсы дамиды да өсірілетін материалға қауіп туғызып жатады, сондықтан да мұқият зарасыздандыру өте қажет. Организмдердің тіршілік әрекеті нәтижесінде қоректік орталардың құрамы өзгереді. Одан басқа жкелеленген ұлпалар мен жасушалар протопластар ерекше тез микроорганизмдермен зақымданады. Сондықтан да барлық зертханалық жұмыстар жекелеген мүшелер, жасушаларн мен ұлпалар және өсімдік протопластары бойынша ламинар – бокстарда өткізіледі. Жұмысқа қажетті барлық материалдар, мақта пробкалары, қоректік орталар, өсімдік материалдар, ыдыстар, инструменттерді және боксты зарасыздандырылады.
Шоғырланған жасушалар мен ұлпаларды өсіруге арналған қоректік орталарда өсімдіктерге қажетті барлық макроэлементтер, дәрумендер, көмірсулар, фитогормондар болуы тиіс. Кейбір қоректік орталарда гидролизат казеині мен белгілі бір аминқышқылдар болады. Осыдан басқа қорктік орталардың құрамына ЭДТА (этилендиаминтетрасірке қышқылы) немесе оның натрий тұзы жасушаларға темірді жеткізуге белгілі бір рН болады. Шоғырланған ұлпалар мен жасушаларды өсіру кезінде қоректік орталарда қажетті компоненттің бірі көмірсулар болып саналады, себебі олар автотрофты қоректенуге қабілетсіз болады. Әдетте көмірсулар көзі ретінде сахароза немесе глюкозаны 20 – 40 г/л концентрациясында қолданады. Жасушалар дифференциясы және жасушалық бөліну индукциялары үшін өсу реттеушілер қажет. Сондықтан да калустық ұлпаларды алу үшін қоректік орталардың құрамына жасушаның дедифференцировканы тудыратын аусиндер мен цитокиндер кіруі керек.
Әдетте қоректік орталарда ауксиндердің көзі ретінде 2,4 дихлрфиноксисірке қышқылын (2,4-Д), 1 – 10 мг/л; индолилсірке қышқылын (ИСҚ) (ИУК) 1 – 30мг/л және нафтилсірке қышқылын (НСҚ) – 0,1 – 2 мг/лпайдалынады (ИСҚ) 2,4 Д қарағанда 30 есе аздау болады. Каллус пайда болу индукциясына әдетте ауксиндердің жоғары концентрациясын пайдаланады, ал кейінгі көшіріліп отырғызу кезінде ұлпа өседі де ортадағы ауксиндердің құрамы бірнеше есе азайтлады.
Жасанды қоректіе қоспаларда цитокиндердің көзі ретінде кинетин 6 – бензилалинопурин (6-БАП),зеатин (0,001 – 10 мг/л) кинетинге қарағанда зеатин мен БАП шоғырланған ұлпалардың өсуін және органогенез индукциясын реттеуде белсендірек болады. Кейбір қорктік қоспалардың құрамына аденин кіреді.
Жеке қоректік орталарда ауксин мен цитокиндерден басқа гибберел қышқылы да (ГҚ) болады. Кейбір жағдайларда қорктік орталарға өсімдік экстрактылары мен шырындарын қосады. Өсуін ең белсендіргіш қасиеттке кокос мен сұйық кокос жаңғағының сұйық эндоспермі ие
Қатты қоректік орталарды дайындау үшін теңіз балдырлардан алатын агар – агар полисарид пайдалынады. Әдетте қатты қоректік қоспаны алу үшін ортаға 5 – 8 % қосады.
Макротұздардың микротұздардың және дәрумендердің ерітінділерін концентрленген түрде дайындау ыңғайлы. Маточный ерітінділерді тоңазытқышта, ал дәрумендерді теріс температурада сақтау керек.
Макротұздардың ерітінділерін 10 – 20 есе концентірленген, микротұздардың 100 – 1000 есе болса, ал дәрумендердің ерітінділері 1000 есе концентрленген болып дайындау керек.
Жасушаларды, ұлпаларды және өсімдіктердің белгілі бір мүшелерін өсіру үшін қоректік орталардың әр түрлі құрамын қолданады.
1, 2 кестедегі Мурасиге – Скуганың 3,4 .
Материалдар мен құрал-жабдықтар
Тұқымдар, түйнектер, бұталар, өсімдік сабақтары. 500 – 700 мл-лік химиялық стакандар, 1 литрлік колбадағы тазартылған дистилленген су, скальпелдер, пинцеттер, инелер, заттық шынылар, стерилизаторлар, пробиркалар, қоректік ортасы бар шыны ыдыстар, суық зарасыздандыруға арналған «Миллипор» немесе Зейц фильтерлары. Автоклав, сушильдік шкаф.
Тұқымдарды, өсімдіктің кез келген жерінен алынған ұлпаларды залалсыздандыру үшін алуан түрлі залалсыздандырғаш ерітінділерді қолданады: сулеманың сулы ерітінділерін немесе 2 хлор сынап (0,1%), (1%) бром, пергидроль (20-30%), хлорамин (3-6%), диацид, гипохлорит натрийі (10%).
Достарыңызбен бөлісу: |