Лабораторияда жұмыс iстеудi техника. Қоректендiргiш орталар үшiн жатырлық ерiтiндiлердiң даярлауы. Қоректік орта дайындау



жүктеу 143,5 Kb.
бет4/7
Дата21.01.2022
өлшемі143,5 Kb.
#34204
1   2   3   4   5   6   7
Жұмыстың мақсаты. Өсімдіктердің клондық микрокөбеюі және сауықтырылған отығызу материалын алу. Өсімдіктерді клондық микрокөбейту

Теориялық дәлелдеу .Өсімдіктердің клондық микрокөбеюі дегеніміз өсімдіктердің in vitro жағдайында жыныссыз жолмен көбеюі. Соның нәтижесінде пайда болған өсімдіктер бастапқы өсімдікпен және өзара бір-бірімен генетикалық тұрғыдан айнымастай бірдей болады.

Вегететивті көбеюге қарағанда микроклонды көбейтудің ерекшеліктері:



  • Бастапқы материалдан көптеген өсімдік алу

  • Пайдалы қасиетке ие өсімдікті in vitro өсіріп алу

  • Вируссыз отығызу материалын алу

  • Көбейтуді сезонға тәуелсіз, жыл бойы жүргізе алу

  • Вегетативті қиын көбейтетін не мүлде көбейе алмайтын өсімдікті өсіру, мысалы пальма.

Бүкіл микроклонды көбейту процесін 3 сатыға бөлуге болады.Бүкіл микроклонды көбейту процесін 3 сатыға бөлуге болады:

  1. Асептикалық культураны индукциялау;

  2. Қолтық бүрщік дамуын индукциялау;

  3. Қалыптасқан in vitro өсімдікті ашық топыраққа отырғызуға дайындау.

Микроклонды көбейту процесі негізінен қоректік ортаға фитогормондармен әсер ете отырып, өсімдіктің жоғары меристемасы және қолтық бүршіктері арқылы өсу ошағын анықтау. Өсу ошағын қалыптастырғаннан кейін оны ұсақ бөліктерге бөліп- жаңа қоректікортаға отырғызады, бұл процесс қайталана береді.

Микроклондық көбейту жылдамдығы өсімдік түріне және бір бүршіктен милиондаған өсімдік алуға негізделеді.

Микроклонды көбейту процесіне әсер етуші ең негізгі фактор алынатын өсімдік генотипіне, оның физиологиялық жағдайына, қоректік орта құрамына жіне кукльтивирлеу шарттарына байланысты болады.

Негізгі материал ретінде жоғарғы және қолтық меристемалары, жас жапырақтар, гүлшоғыр және гүл элементтері, баданалар бола алады. Ең тиімді сәйкес материал ретінде сау және белсенді өсіп жатқан апикальды және қолтық бүршіктері болып табылады.

Прибордағы өсімдіктерді микроклонды көбейту кезңнде қалемшелеу арқылы жүзеге асырады. Мұндай көбейту апикальды басымдылықты бәсеңдету және өркеннің жоғары бөлігін жою кезінде қолтық меристемасының белсенділігін арттыру үшін қажет. Қолтық бүршіктері бар сабақ кесінділерін лайықты ортада өсіріп өркен алуға болады, оны құрамы басқа ортада тамырландырып бүтін өсімдік шығарады. 5-6 жапырақ пайда болған өсімдікті стерильді жағдайда пробиркадан алып кеседі. Қалемшелерді гормонсыз немесе ауксиндер қосылған қоректік ортада белгілі тереңдікте отырғызады.

Қалемшелермен меристемаларды бірдей жағдайда культивирлейді: күндіз 20-240С түнде 19-20 0С, жарықтығы 5-6 және фотопериод ұзақтыы 16 сағат.

Сабақ пен тамырдың өсуі қоректік ортаға отырғызылғаннан кейін 3-4 күннен кейін басталады, ал толық өсімдік 12-15 күнде қалыптасады. Келесі қалемгелеу мерзімі 20 күннен кейін іске асырылады.

Бір өсімдіктен 5-8 қалемше, ал 2-3 айдан кейін 3-5 мың қалемше алуға болады.

Өсімдіктің төменгі жақ бөлігін ИФД-ға қолданады. Вируспен зақымдалған бөлігін бракқа шығарып, сауларын мериклондауға береді.

Бүршік пен қалемшелерді цитокенинді ортаға отырғызады. Қоректік ортадағы цитокениндер жанама бүршіктердің жандануына әсер етеді және толып жатқан қолтық өркендерінің дамуына әкеледі. Алынған өркендерді жеке-жеке бөліп алып тамырландырады не әрі қарай дамытады.

Қоректік орта ретінде көп жағдайда Мурасиге Скуга ортасын пайдаланады. Дегенмен кейбір өсімдік түрлері ерекше орта түрлерін қажет етеді. Культивирлеуді қатты және сұйық қоректік орталарда жүргізуге болады.

Негізігі ұлпаны өсіру шарттарына байланысты( қоректік орта құрамы, температура, жарық түсімі) эксплант не каллустан қолтық бүршіктерін дамытуға, сабақ дамуын жүзеге асыруға болады.

In vitro жағдайында өркен алу үшін эксплант ретінде жоғары және қолтық бүршіктер қолданылады. Сонымен қатар апикальды меристеманы пайдалану ауқымды қолданысқа ие. «Апикальды меристема» және «сабақтық апекс» терминдерін ажырата білу керек, апикальды меристема сабақтық апекстің бір бөлігі болып табылады. Жұмыстардағы кейбір қиындықтарға қарамастан апикальды меристема культуралары сауықтырылған отырғызу материалын алуда кеңінен қолданылады. Апекстерді культивирлеу кезінде вирустың өсуі тежеледі, ол өткізгіш жүйенің жоқ болуымен сипатталады. Негізінде қоректік ортаға меристеманың азғантай бқлігін отырғызады, меристема бөлігі 0,5ммге дейін болады.

Жалпы заңдылық мындай: меристема көлемі аз болған сайын вируссыз өсімдік алу мүмкіндігі де жоғары.

Биотехнология сауықтырылған отырғызу материалын бүкіл ауыл шаруашылық өсімдіктерінен алуға мүмкіндік туғызып отыр. Қазіргі кезде вируссыз картоп алу технологиясы неғұрлым терең зерттелген болып отыр. Алғашқа өнім алу және отырғызыланатын картоп материалын сауықтыру келесі этаптардан құралады: апикальды меристеманы анықтауға картоп түйнектерін дайындау, апикальды меристеманы анықтау, меристемадан өсімдікті регенерациялау, өсімдік-рецепиенттерді қорғалған топырақта бейімдеу, ашық топырақтағы вируссыз картоп материалынан алынған өнімді анықтау, тұқым енгізудің алғашқы кезеңінде вируссыз отырғызу материалын өсіру, сорт түрлерін сақтап қалу.

Ұлпа культурасында жоғарғы және қолтық бүршік апекстері қолданылады. Өсуге түйнек метаболиті әсер етпес үшін және негізгі материалдың регенерациялануын арттыру үшін түйнектің ортаңғы бөлігінен паренхима қабатымен қоса көзшелер кесіп алады(1,5см). Көзшелерді алдын ала құрғақ ыстықпен өңделген топырақта өсіреді. Этилирленген өскіндерді 25+20С температурада қараңғыда өсіреді. Ауа ылғалдығы 70-80%. Топырақты күніне екі рет ылғалдандырады, 7-10 күннен кейін Кноп ерітіндісімен жемдейді.

Апикальды меристемаларды 10-12 ажыратады. Ажыратылған меристемаларды асептикалық жағдайда макро- микротұздарға бай, цитокенинің жоғары концентрациясы бар ортада культивирлейді. Культивирленген бөлмедетемператураны 250С температурада ұстайды, жарық 5, фотопериод 16 сағат.

Орташа алғанда өскіндердің қалыптасуына, 5-6 жапырақ пайда болғанға дейін, 30-45 күн кейбір жағдайларда 2-8 ай уақыт кетеді. Орталарды уақыт өтумен жаңартып отырады, өскіндерді периодты түрде стерильді жағдайда жаңа орталарға көшіреді.

Қалемшелеу арқылы алынған өсімдік өсуін жылдамдату үшін оларды жаңа қоректік ортаға ауыстырып отыру қажет. Қалемшелер аралас қоректік ортада тез тамырланады( Мурасиге Скуга ортасы мен Уайт қоретік ортасы) немесе ауксинге бай орталарда-ИУК, ПУК, ИМК.

Пробиркада қалыптасқан өскіндерді қалыпты жағдайға бейімдеуге болатын тамырланған өсімдік ретінде қарастыруға болады. Мұндай өсімдіктерді топыраққа тамыры жеткілікті түрде жетілгенде және 5-6 жапырақ қалыптасқан кезінде отырғызған жөн. Дегенмен әртүрге жататын өсімдіктер қоретік орта өзгерісіне түрлі бейімделеді. Әр өсімдік түрін эксперимент ретінде топыраққа бейімделуін бақылап барып, отырғызу керек.

Материалдар мен құрал-жабдықтар

Стахис өсінділері, Мурасиге –Скуг ортасы, ИУК, этил спирті, хлорамин, дистилденген су, термостат, пинцет, скальпель, Эрленмейер колбасы(250мл), пробирка, мембраналы фильтр.




жүктеу 143,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау