Курсы: 1,2 Семестр: 1, 2, 3


Тақырыбы: Сабақтас құрмалас сөйлем түрлері



жүктеу 3,95 Mb.
Pdf просмотр
бет31/32
Дата17.01.2020
өлшемі3,95 Mb.
#26986
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32

Тақырыбы: Сабақтас құрмалас сөйлем түрлері
Кәсіби сөздермен жұмыс
Сабақтың мазмұны мен мақсаты :

Сабақтас құрмалас сөйлем  туралы мағлұмат беру

Түрлі жаттығуларды орындауға қажетті тілдік материалдарды меңгерулері

Кәсіби сөздермен сөздік қорларын байыту
Шартты бағыныңқылы сабақтас.
       Бағыныңқы сыңары басыңқы сыңардағы ой, іс-әрекеттің жүзеге асу шартын білдіретін
сабақтас құрмалас сөйлемнің түрін  шартты бағыныңқылы деп атайды.
        Шартты бағыныңқылы сабақтастың бағыныңқы сыңары әр түрлі тұлғада келеді:
1. етістіктің шартты рай тұлғасы.
2. –й жұрнақты көсемше, кейде оның үстінде – ыншы, - інші жұрнағы қоса 
жалғанады.
3. жатыс септігіндегі өткен шақтық есімше.
       Шартты  бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемнің бөліктері бір-бірінен үтір 
арқылы ажыратылады.
                                                   Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас.
      Құрамындағы бағыныңқы сыңар мен басыңқы сыңар бір-бірінен қарсы мағынада 
қолданылған сабақтас құрмалас сөйлемнің түрін қарсылықты бағыныңқылы сабақтас 
сөйлем деп аталады.
      Қарсылықты бағыныңқылы сабақтастың бағыныңқы сыңары қайтсе де? Не етсе де? 
Қайткенмен? Не еткенмен? деген сұрақтарға жауап береді.
Сабақтастың бұл түрінің бағыныңқы сыңарының баяндауышы
1. шартты райлы етістікке –да, -де шылауы тіркесуі арқылы жасалады
2. өткен шақтағы есімшенің көмектес септігі түрі арқылы жасалады
3. есімшеге –ша, -ше жұрнағы жалғануы арқылы жасалады
4. көсемше арқылы жасалады
Тапсырма:
1. «Ойлан тап» ойыны
2. Кәсіби сөздермен сөз тіркесін, сөйлем құрастыру
3. Баламалы тест
Бақылау сұрақтары:
1. Сабақтас құрмалас сөйлем дегеніміз не?
2. Шартты бағыныңқылы сабақтас дегеніміз не?
3. Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас дегеніміз не?
ООӨЖ: [3] 169бет,ережемен жұмыс
 ОӨЖ: талдау жасау
 Әдебиеттер:
 [3] 169бет
Тақырыбы: Аралас сөйлем. Кәсіби сөздермен жұмыс
Сабақтың мазмұны мен мақсаты :



Аралас құрмалас сөйлем  туралы мағлұмат беру

Түрлі жаттығуларды орындауға қажетті тілдік материалдарды меңгерулері

Кәсіби сөздермен сөздік қорларын байыт
Аралас құрмалас сөйлем.
Құрамындағы сыңарлары салаласып та, сабақтасып та байланысқан құрмалас 
сөйлемнің түрін аралас құрмалас сөйлем деп атайды.
Аралас құрмалас сөйлемдердегі басыңқы және бағыныңқы сыңарлардың, былайша 
айтқанда, сабақтастар мен салаластардың орын тәртібі бола береді. Кейде бағыныңқы 
сыңар өзіне қатысты басыңқы сыңардың алдында немесе сөйлемнің бсында тұрады да, 
одан кейін салаласа байланысқан сыңарлар келеді.
Енді бір реттерде салаласа байланысқан бірнеше сыңардан соң бағыныңқы сыңар 
келіп, аралас құрмалас сол бағыныңқы сыңармен байланысқан басыңқы сыңарға аяқталуы 
мүмкін.
Мысалы:
Доктор кеткен соң, әйелі операция істеуге көндірмекші болып жылап-сықтап жалынып еді,
-Михаил оған жұдырығын түйді.
Тапсырма:
1.Топтастыру
2.Кәсіби сөздермен жұмыс
Ішіне
Сыртына
1. «Әр қадамға сөз» ойыны
2. Кәсіби сөздермен сөз тіркесін, сөйлем құрастыру
3. Баламалы тест
Бақылау сұрақтары:
1. Аралас құрмалас сөйлем дегеніміз не?
2. Мысал келтіріңіз
ООӨЖ: [3] 164бет, мысалдар келтіру
 ОӨЖ: талдау жасау
 
Әдебиеттер:
 [3] 164б
Тақырыбы: Төл сөз бен автор сөзі
Сабақтың мазмұны мен мақсаты :

Төл сөз бен автор сөзі туралы мағлұмат беру

Түрлі жаттығуларды орындауға қажетті тілдік материалдарды меңгерулері

Кәсіби сөздермен сөздік қорларын байыту
Төл сөз бен автор сөзі
Төл сөзді де, төлеу сөзді жеткізіп, оған түсінік беретін сөйлеушінің өз сөзін автор 
сөзі дейміз.
Автор сөзі төл сөздің  кімнің сөзі екенін, кімге қаратылып айтылатындығын, қандай
жағдайда айтылғандығын айқындап белгілеп тұр. Төл сөз бен автор сөзі айтылуында 
белгілі дауыс ырғағы арқылы,  жазылуда тыныс белгілер арқылы ажыратылады да, төлеу 
сөз бен автор сөзі олай ажыратылмай, тұтас бір сөйлем құрамында жұмсалады. Төл сөз 
бен автор сөзі әдетте автор сөзінің құрамында қолданылатын де (деді, деп, дейді, деген, 
дегендей) көмекші етістігі арқылы байланысады.
Төл сөз бен автор сөзінің орын тәртібі.
1. «төл сөз» ,- автор сөзі
2. автор сөзі: «төл сөз»
3. автор сөзі: «төл сөз»,-автор сөзі
4. «төл сөз», - автор сөзі,-«төл сөз»
Кейде төл сөз тырнақшаға алынбай, төл сөз сызықшамен басталып жазылады. 
Схемасы былай:
Автор сөзі: - төл сөз,-автор сөзі-төл сөз, -автор сөзі.
Мысалы: 1.«Дені сау кісіге қарап отыру қиын ғой »,-деп Жамал даусын солғындау 
шығарды.
           2. Жиренше сөз таба алмай ұялып қалды: «Ұят болды. Өзім де өкіндім»
           3. Келді де: «Абай шырағым ,сені әкең шақырып жатыр», деді
Бақылау сұрақтары:
1.Төл сөз деген не?
2.Төлеу сөз деген не?
3.Автор сөзі деген не?
4.Төл сөз бен автор сөзінің орын тәртібі қандай?
ООӨЖ: [3] 177бет, кестемен жұмыс
 ОӨЖ:  [6] 226бет, мысалдар келтіру
Әдебиеттер:
 [3] 177бет
  [6] 226бет
Тақырыбы:  Пунктуация. Қос нүкте, нүктелі үтір
Сабақтың мазмұны мен мақсаты :

Сөйлеу үлгілерін игеруі 

Түрлі жаттығуларды орындауға қажетті тілдік материалдарды меңгерулері



Сөйлеу үлгілерін мақсатты пайдалана алуы
Пуктуация.  Қос нүкте, нүктелі үтір.
Тыныс   белгілерін   дұрыс   қою   туралы   ережелердің   жиынтығын  пунктуация  деп
атайды.
Тыныс   белгілерінің   жазылған   материалды   оқу   сәтінде   және   жазу   мәдениетінде
елеулі қызметі бар. Тіліміздегі сөздердің мағыналы, ақылға қонымды, мақсатқа сай болып
келуі көбінесе тыныс белгілеріне байланысты.
Ойдың мағыналылығы  мен сөйлемнің  құрылысы пунктуация  ережелерінің  негізі
болып табылады.
Сөйтіп,   құрамы   жағынан   ешбір   айырмашылығы   жоқ   екі   салалас   құрмалас
сөйлемнің мағыналық тұрғыдан екі түрлі болып келуі жазудағы тыныс белгісінің екі түрлі
болғандығына қатысты екені анық байқалады.
Қос нүкте.
Жалпылауыш сөз бірыңғай мүшелердің алдында келсе, жалпылауыш сөзден кейін
қос нүкте қойылады: Жылдың төрт мезгілі бар: көктем, жаз, күз, қыс.
Себеп-салдар  салалс  құрмлас  сөйлемнің  бөліктері  жалғаулықсыз  байланысқанда,
олардың арасына қос нүкте қойылады.
Түсіндірмелі   салалас   құрмалас   сөйлемнің   алдыңғы     бөлігінен   соң   қос   нүкте
қойылады.
Төл сөздің алдында келетін автор сөзінен кейін де қос нүкте қойылады.
Нүктелі үтір.
Түсіндірмелі   салалас   құрмалас   сөйлемнің   түсіндіруші   бөлігі   біршене   жай
сөйлемнен құралса, олар бір-бірінен нүктелі үтір арқылы ажыратылады.
Өз ішінде үтірлері бар бірыңғай мешелер де нүктелі үтір арқылы ажыратылады.
Бақылау сұрақтары:
1. Пунктуация дегеніміз ен?
2. Қай уақытта қос нүкте қойылады?
3. Нүктелі үтір қай уақытта қойылады?
ООӨЖ: [3] 180бет, кестемен жұмыс
 ОӨЖ:  [6] 230бет, мысалдар келтіру
Әдебиеттер:
 [3] 180бет
  [6] 230бет
Тақырыбы: Үтір, сызықша
Сабақтың мазмұны мен мақсаты :

Сөйлеу үлгілерін игеруі 

Түрлі жаттығуларды орындауға қажетті тілдік материалдарды меңгерулері 

Сөйлеу үлгілерін мақсатты пайдалана алуы
Үтір, сызықша
       Бастауыш пен баяндауыш тыныс белгісімен бөлінбейді. Екі мүшенің арасындағы  
тыныс белгісі сызықша олардың мүшелік қатынастарын ажыратуға байланысты ғана 
қойылады.
Мысалы: Жастар –біздің болашағымыз.
Мақал-мәтелдерде, афоризмдерде, өлеңдерде сөйлемнің баяндауышы түсіріліп, 
ықшамдалып айтылады.
Мысалы: Асыл –тастан, ақыл -жастан
Қаратпа сөз сөйлемнің басында келсе, одан кейін үтір қойылады.
Қаратпа сөздер сөйлем ішінде үтірмен және кейде сөйлем күйінде жақшамен бөлініп, 
оқшауланады.
Мысалы: Шынында, бұл- ойланатын жұмыс екені рас.
Бірыңғай мүшелер екеу болмай, одан көп болып, олар жалғаулықсыз байланысып, тек 
соңғы екеуі ғана жалғаулық шылау арқылы байланысса, жалғаулықсыз жерде үтір 
қойылады да, жалғаулық арқылы байланысқан жерде үтір қойылады.
Мысалы: Бұхара, Ташкент, Түркістан және Жоңғар қалмақтары билеушісі Қалдан 
Шерінің күнгей шығыс маңын қоныстанады.
Тапсырмалар:
1. Әр қадамға сөз ойыны
2. Кәсіби сөздермен сөз тіркесін, сөйлем құрастыру
3. Сөйлесу құрастыру
4.Талдау жасаңыз
5. Баламалы тест
Бақылау сұрақтары:
1. Бастауыш пен баяндауыштың арасында қойылатын сызықшалар?
2. Қаратпа сөздерде қойылатын сызықша?
3. Оқшау сөздерде қойылатын тыныс белгілері, мысал келтіріңіз?
ООӨЖ: [6] 28бет,мысал келтіру
 ОӨЖ:  [6] 29бет,мысалдар келтіру
Әдебиеттер:
 [6] 28бет
  [6] 29бет
Тақырыбы:  Өмірбаян. Ойтүйін
Сабақтың мазмұны мен мақсаты :


жүктеу 3,95 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау