Өнер төрінен орын алған өнерпаздар
Сабақтың мазмұны мен мақсаты:
Үстеудің мағыналық түрлерімен танысу, түрлерін ажырату
Түрлі жаттығуларды орындауға қажетті тілдік материалдарды меңгерулері
Жаңа сөздер мен сөз тіркестерін пайдалана отырып сұхбаттасу
Өнер төрінен орын алған өнерпаздар
Қазақ халқы қашаннан да өнерпаздарға өте бай және өнерпаздар
өнер салаларының
бәрінде де көп. Кеңес дәуірінен бергі замандағы әншілеріміздің өзін түгел атап шығу
мүмкін емес. Ерте заманда Ақан Сері, Біржан сал, Сара, Майра сияқты әншілерімізді қазақ
халқы өте құрметтеп, олар туралы талай аңыз, әңгімелер, поэмалар шығарып, пьесалар
жазып, опералар қойып жүргені белгілі.
Құрманғазы, Тәттімбет, Дина сияқты күйшілерімізді білмейтін қазақ жоқ, олар қазақ
халқының сый- құрметіне бөленген, күй тәңірі саналған.
Бертін келе қазақ халқының театрлары ашылып, онда Күләш Бәйсейітова, Қанабек
Бәйсейітов, Құрманбек Жандарбеков, ағайынды Абдуллиндер, Ермек Серкебаев, Әлібек
Дінішев, Үмбетбаев, Бибігүл Төлегенова сияқты әншілеріміз әлемді тандандырғаны
белгілі және олар қазақ опера театрының негізін қалады.
Қазақ биінің негізін қалаған Шара Жандарбекова бидің тәңірі десе де тұрарлық.
Театр әртістері Серке Қоржамқұлов,
Қалыбек Қуанышбаев, Шәкен Айманов, Хадиша
Бөкеева, Қапан Бадыров, Бикен Римова, Шолпан Жандарбекова, Асанәлі Әшімов, Зәмзәгүл
Шәріпова, драматург Шаяхмет Хұсайынов сияқты атақты таланттар қазақ драма
театрының іргетасын қалаған.
Ал өлмес, өшпес өнер қалдырған композиторларымыз қаншама: Ахмет Жұбанов,
Нұрғиса Тілендиев, Мұқан Төлебаев, Әбілахат Еспаев, Шәмші Қалдаяқов, Әсет Бейсеуов,
Илья Жақанов, Ескендір Хасанғалиев, тағы басқалардың шығармалары, әндері халық
есінде әлі сақталған, сахна төрінде орындалуда.
Мәтінмен жұмыс
1.Мәтінді мәнерлеп оқу
2.
Мәтінді аудару
3. Мәтін бойынша сұрақтар құрастыру
Үстеулер білдіретін мағынасына қарай мынадай түрге бөлінеді:
1. мезгіл үстеу
2. мекен үстеу
3. сын-қимыл (бейне) үстеу
4. мөлшер үстеу
5. күшейту (күшейткіш) үстеу
6. мақсат үстеу
7. себеп-салдар үстеу
Тапсырмалар [1] 321-324бет
1. Сөйлесім құру.
2. Топтастыру құру.
3. 5-8
жаттығу
Бақылау сұрақтары
1. Үстеудің мағынасына қарай неше топқа бөлінеді?
2. Оларды атаңыз?
3. Мекен үстеулерге мысал келтіріңіз?
4. Мезгіл үстеулерге мысал айтыңыз?
5. Мөлшер үстеулері қандай сұрақтарға жауап береді?
ООӨЖ: Үстеудің мағыналық түрлері,конспект жазу. [3] 114бет
ОӨЖ:Жоспар бойынша мазмұндау.
Әдебиеттер
[3] 114бет
[5] 345бет
Тақырыбы: Одағай. Әл-Фараби
Сабақтың мазмұны мен мақсаты:
Одағай туралы мағлұмат беру
Берілген грамматикалық дағдыларды тәжірибелік тұрғыда мақсатты қолдана алу
Екінші ұстаз атанған Фарабидің шығармашылық жолымен таныстыру
Әл-Фараби
(870 – 950)
Орта ғасырда Қазақстанның Отырар маңында (қазіргі Шымкент облысы) аты дүние
жүзіне әйгілі, ұлы ғалым, энциклопедияшы Әбу Насыр Әл-Фараби дүниеге келді. Оның
балалық шағы Арыс, Сырдария бойында өтті. Отырар медресесінде дәріс алып, ондағы
аса бай кітапханадағы қолжазбаларды оқып меңгерді. Әбу Насыр білімін жетілдіру,
ғылымды тереңдету үшін аса ірі мәдени орталық саналатын Бағдад қаласына келеді.
Мұнда ол Аристотель, Эвклид, Прометей еңбектерін оқып үйренді.
Әл-Фараби 25-30 жас шамасында бүкіл дүниежүзілік ғылым
білімді терең де жан-
жақты меңгеріп, енді өзі де құнды-құнды еңбектер жазды. Ол ғылым мен өнердің барлық
саласы бойынша 150-ден астам еңбек жазған. Олардың ішінде «Музыканың ұлы кітабы»,
«Ғылымдар тізбегі», «Оргонон», «Алмагеске түсініктеме», т. б. еңбектері болашақ
ғылымға жол ашты. Замандастары және шәкірттері оны «екінші Аристотель», «екінші
ұстаз» деп атаған.
Әл – Фараби математика мәселелерімен де көп айналысқан ғалым. Математиканы
архитектура, жер өлшеу, астрономия және музыкаға шебер пайдаланудың үлгісін
көрсеткен.
Әл – Фараби аса үлкен музыкант, тамаша орындаушы және ақын болған. Ол домбыра,
қобыз секілді аспап түрлерін жасап, бірнеше музыкалық шығармалар жазған. Ұлы ғұлама
көп жыл шет жерлерде жүрсе де, өзінің туған Отанын бір сәт те ұмытпаған. Оған оның
мына сағыныш өлеңі дәлел бола алады:
Қашықтасаң туған жер – қалың елім,
Қамығамын сағынып алау денем.
Шаршадым мен,
қанатым талды менің,
Шаңғыт жолға сарылып қарауменен.
(«Ол кім, бұл не?» кітабынан қысқартып алынды)
Сөздік.
дүниеге келу – появиться на свет
меңгеру – освоить
дәріс алу – учиться
қолжазба – рукопись
жетілдіру –
совершенствовать
тереңдету – углублять
жан-жақты –всесторонне
құнды – ценный
сала – область, сфера
замандас – современник
шәкірт – ученик
ұстаз –
учитель
мәселе – проблема, вопрос
айналысу – заниматься
Одағай
Сөйлемде айтылған ойға айтушының немесе жазушының көңіл - күйін, ішкі сезімін
қатыстыра айту үшін жұмсалатын оқшау сөздердің, түрін одағай сөз деп атайды.
Мысалы: Әй, Оспан, кеше еліңді жау шауып жатқанда, сен болыс қайда жүр едің?
Бұл не, әй! Беу шіркін, таудың күнін, тастың күйі, Құмартқан бір нәрсеге мастың күйі.
Одағай сөздерге байланысты қойылған тыныс белгілері – леп белгісі мен үтір.