Тапсырма Оқулықпен жұмыс [1]524бет
12-14 жаттығу
1.Мақал –мәтелдердің мағынасын түсіндіріңіз
Өзге жерде сұлтан болғанша ,өз елінде сұлтан бол
Туған жерге туың тік
Отан оттан да ыстық
Туған жер алтын бесік
Топтастыру
құрастырыңыз.
Семантикалық карта
Бақылау сұрақтары:
1.Шоқан қашан
туды,қайда тәрбиеленді?
2. Қайда оқыды,қандай оқушы
болды?
3.Қандай зерттеулері бар?
4. Потанинмен қай жерде
танысты?
5.Шоқан нені армандады?
6 Қай қалаларда
Ш.Уәлихановтың ескерткіші
қойылды?
7. Шоқан бітірген оқу орны?
8. Шоқанның шын есімі?
ООӨЖ: [3] 123бет,тезис жазу.
ОӨЖ: : [5] 322бет, мәтінді мазмұндау
Әдебиеттер
[3] 123бет
[5] 322бет
Тақырыбы: Сөз тіркесі. Ыбырай Алтынсарин
Сабақтың мазмұны мен мақсаты
Сөз тіркесі. Есімді және етістікті тіркестер туралы мағлұмат беру.
Берілген грамматикалық дағдыларды тәжірибелік тұрғыда мақсатты қолдана алу.
Қазақтың ұлы ұстазы Ыбырай туралы оқушылардың мәліметі, ол туралы өз
ойларын жеткізе білу және сөйлеу үлгілерін мақсатты қолдану.
Ыбырай Алтынсарин.
1841 – 1889
Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы Торғай облысында туған. Оның әкесі ерте қайтыс
болды. Ыбырайды атасы Болғожа тәрбиеледі. 1850 жылы Балғожа өзінің немересін қазақ
балаларына арнап ашылған мектепке оқуға берді. Мектепке ол алғаш татар тілінде оқиды.
Кейін ол оқуды орыс тілінде аяқтады. Ыбырай жеті жылдық мектепті бітірген соң, туған
халқы үшін қызмет етеді. Ең алдымен тілмаш, кейін мектепте мұғалім болып істейді. Ол
қазақ балалары үшін мектептер ашып, жаңа мектептер салдырды. Ол қыздар үшін де
мектептер ашты. Мектептерге арнап көп жұмыс атқарды.
Дарынды педагог 1879 жылы мектеп оқушыларына арнап «Қазақ хрестоматиясы» мен
«Қазақтарға орыс тілін оқыту құралы» деген екі кітап жазып бастырды. Ыбырай бар
еңбегін жастарды тәрбиелеуге жұмсады. Ол балаларға арнап көптеген өлең, әңгімелер
жазды. Ыбырай Алтынсарин И. А. Крыловтың, Л. Н. Толстойдың, К. Д. Ушинскийдің
әңгімелерін қазақ тілінде аударды.
Ыбырай Алтынсариннің «Өзен», «Жаз» деген өлеңдерді табиғат туралы. «Бай баласы
мен жарлы баласы», «Атымтай Жомарт», «Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш» деген
әңгімелер - өмірдің әр саласына арналған әңгімелер. Ыбырай Алтынсариннің қай
шығармасын алсаң да, балаларды білімге, еңбекке, адалдыққа, іскерлікке шақырады. Оның
«Кел, балалар, оқылық» деген өлеңін қазір барлық балалар жатқа біледі.
Ыбырай Алтынсарин әрі педагог, әрі ақын, әрі жазушы болған. Қазақ халқы Ыбырай
Алтынсаринді әрқашан жоғары бағалайды. Алтынсариннің әдеби, педагогтік еңбектері
қазақ, орыс тілдерінде бірнеше рет басылып шықты. Қазақстанда бірқатар жалпы және
арнаулы орта оқу орындарына Ыбырай Алтынсарин есімі берілді. Ыбырай Алтынсарин
туралы ақын Ғ. Қайырбеков «Дала қоңырауы» атты поэма, драматург М. Ақынжанов
«Ыбырай Алтынсарин» деген пьеса жазды. Қостанай қаласында оған ескерткіш
орнатылды. Республикадағы педагогика ғылыми-зерттеу институты Ыбырай Алтынсарин
есімімен аталады.
Ыбырай Алтынсарин өз халқын жоғары бағалаған. Ол өз халқын сүйген патриот адам.
Ыбырай Алтынсарин халқын адалдыққа, еңбекке және өзге халықтарымен достықта
болуға шақырды.
Сөздік.
жеті жылдық мектеп – школа-семилетка
тілмаш – переводчик
салу – строить
атқару – исполнять
дарынды – талантливый
құрал – средство
енбегін жұмсады – направил свою работу
жастар – молодежь
табиғат – природа
қарлығаш – ласточка
адалдық – честность
іскерлік – мастерство
әрі...әрі... – и...и...
әрқашан – всегда
бірқатар – целый ряд
жалпы және арнаулы орта оқу орындары
– общие и специальные учебные
заведения
дала – степь
жарлы – бедняк
Сөйлемде сөздердің бір-бірімен байланысуы негізінде сөз тіркесі жасалады.
Толық мағыналы кем дегенде екі сөздің өзара сабақтаса, бірі екіншісіне бағына
байланысуын сөз тіркесі деп атайды. Тіркестегі бағындырып тұрған сөз басыңқы деп,
басыңқыға бағынып тұратын сөз бағыныңқы деп аталады.
Мәтінмен жұмыс
1.Мәтінді мәнерлеп оқу
2. Мәтінді аудару
3. Мәтін бойынша сұрақтар құрастыру
Тапсырмалар
1. Топтастыру
2. Бес жол өлең құрастыру
3.Салыстыру құраңыздар
Ы.Алтынсарин
ортақ
Ш. Уәлиханов
4. Сөйлесім құру.
Бақылау сұрақтары:
1. Алтынсарин қайда туды?
2. Оны кім тәрбиеледі?
3. Мектепті бітірген соң кім болып істеді?
4. Балалар үшін не ашты?
5. Ыбырай барлық еңбегін неге жұмсады?
6. Алтынсарин өз халқын неге шақырды?
7. Алтынсарин кім?
ООӨЖ: [3] 134бет, кестемен жұмыс
ОӨЖ: [5] 326бет
Әдебиеттер [3] 134бет;[5] 326бет
Тақырыбы: Сөйлем. Абай
Сабақтың мазмұны мен мақсаты
Сөйлем. Айтылу мақсатына қарай. Хабарлы, лепті мағлұмат беру
Берілген грамматикалық дағдыларды тәжірибелік тұрғыда мақсатты қолдана алу
Ұлы ақынның өмірі мен шығармашылығын қазақ тілінде жеткізе білу, оның
шығармаларын мәнерлеп оқи білу
Абай.
1845 – 1904
Қазақ халқының ұлы ақыны Абай 1845 жылы қазіргі Семей облысының Абай
ауданында туған. Абайдың әкесі өте қатал адам болса, шешесі Ұлжан қайырымды, мінезі
жұмсақ, тілге бай адам болған. Әжесі Зере мен анасы Ұлжан Абайға ертегілерді, аңыз
әңгімелерді айтып, жақсы тәрбиелеп отырған.
Әкесі Құнанбай Абайды 9 жасында Семейдегі діни мектепке береді. Семейде
жүргенде ол орыс тілін үйренуге тырысады. Үш ай орыс мектебінде оқиды. 13 жасында
Абайды әкесі бұл оқудан қайта шығарып алады.
Абай Пушкинді, Лермонтовты, Крыловты көп оқып, олардың шығармаларын қазақ тілінде
аударады. Абай аударған Пушкиннің «Татьянаның әні», Лермонтовтың «Қараңғы түнде тау
қалғып» деген өлеңдеріне ән де шығарады.
Абайдың «Болыс болдым мінекей», «Сегіз аяқ», «Интернатта оқып жүр» деген өлендері
болыс-билерді қатты сынға алады. Ол қазақ халқын мәдениетті болуға, орыс халқынан
үлгі алуға шақырады. Ол өзінің сөзінде: «Орыстың тілі – дүниенің кілті. Орыстың тілін
білсең, көкірек, көзің шайдай ашылады», - дейді.
Абай 1904 жылы қайтыс болды. Ол өз шығармаларының кітап болып басылғанын көре
алмай кетті. Абай өлгеннен кейін – 1909 жылы Петербургте – «Қазақтың ақыны Ибраһим
Құнанбайұлының өлеңдері» деген атпен кітап болып шықты.
Абай шығармалары кеңес дәуірінде көп данамен әлденеше рет жарық көрді. Орыс
тіліне, орыс тілінен шетел тілдеріне аударылды. Бұл күндері Абайды, оның шығармаларын
дүние жүзі біледі.
Қазақтың ұлы жазушысы Мұхтар Әуезов «Абай жолы» эпопеясын осы ақын өміріне
арнады. Мұнда ол Абайдың кішкентай балалық шағынан үлкен азамат-ақын дәрежесіне
жетуін көрсеткен.
Республикамызда көптеген мектептер және көшелер Абай есімімен аталады. Абай
атында қала, аудан бар.
Абай – қазақ халқының ұлы ақыны, композиторы және жазба әдебиетінің негізін қалаушы.
Сөздік
өте қатал – очень строгий
қайырымды – добрый
мінезі жұмсақ – с мягким характером
діни – религиозный
тырысу – стараться
болыс билер – волостные бии
сынға алу – критиковать
дүниенің кілті – ключ к миру
көкірек, көзің шайдай ашылады –
станешь грамотным, образованным
басылу – издаваться
кеңес дәуірі – советская эпоха
даңа – экземпляр
әлденеше рет – много раз
жарық көру – выйти в свет
арнау – посвящать
азамат- ақын – поэт-гражданин
дәреже – степень
есім – имя
негізін қалаушы - основоположник
Сөйлем - ойды білдіре алатын тілдің ең кіші бөлшегі. Сөйлемнен кіші тілдік
бөлшектер, мысалы, жеке сөздер, сөз тіркестері ойды білдіре алмайды, олар тек жалаң я
күрделі ұғымды ғана білдіреді.
Біршама тиянақты ойды білдіре алатын сөздер тобын (кейде жеке сөзді де) сөйлем
дейміз.
Айтылу мақсаты хабарлау, суреттеу, баяндауды білдіретін сөйлемнің түрін
хабарлы сөйлем дейміз.
Мәтінмен жұмыс
1.Мәтінді мәнерлеп оқу
Достарыңызбен бөлісу: |