Еліктеу сөздер деп өмірде ұшырасатын сан алуан құбылыстар мен заттардың бір –
бірімен қақтығысуымен, соқтығысуынан туатын және жан – жануардың дыбыстау
мүшелерінен шығатын дыбыстарға еліктеуден шыққан сөздерді айтамыз.
Мысалы: Сырт-сырт, етіп жас сүйек сынды. Ол әуелі сылқ-сылқ күлді.
Еліктеу сөздер іштей екі салаға бөлеміз – еліктеу сөздер, екінші бейнелеуіш сөздер.
Есту қабілеті арқылы пайда болатын түсініктердің атын білдіретін сөздер еліктеуіш сөздер
делінеді.
Мысалы: Мылтық тар етті. Қарға қарқ етті. деген сөйлемдегі тарс, қарқ сөздер
мылтықтың дыбысы мен қарғаның дыбысы шығаруын есту арқылы, соларға еліктеуден
пайда болған сөздер.
Еліктеу сөздер қай түріне болмасын бірден, түбірге сөз түрлендіретін (көптік, тәуелдік,
жіктік) қосымшаларды жалғауға болмайды. Бұларға (еліктеуіш сөздерге) ең алдымен сөз
тудыратын жұрнақтарды жалғап барып, содан кейін түрлендіреміз.
Еліктеу сөздер қосарланып та келеді. Мұндай жағдайда еліктеуіш сөздерден басқа
сөздерді тудыруға келмейді. Мысалы: Дыбыс құлаққа тарс-тарс естіледі.
Еліктеуіш сөздер түрлі дыбыстық өзгерістерге ену арқылы қосарланып келе береді.
Мысалы: тарс-тарс, тарс-тұрс т.б. Еліктеуіш сөздердің түбіріндегі дауысты дыбыстың я
ашық, я қысаң болуы да сол сөздің мағынасына әсер етеді.
Бақылау жұмыстары.
1. М.Қашқари қандай еңбегімен әйгілі?
2. «Диуани луғат ит-түрк» атты еңбек қалай аударылады.
3. Қай қалада дүниеге келді?
Глоссарий
Еліктеу сөздер - өмірде ұшырасатын сан алуан құбылыстар мен заттардың бір – бірімен
қақтығысуымен, соқтығысуынан туатын және жан – жануардың дыбыстау мүшелерінен
шығатын дыбыстарға еліктеуден шыққан сөздер
ООӨЖ: [3] 119бет,семантикалық карта құрастыру
ОӨЖ: [5] 211бет сұрақтарға жауап беру
Әдебиеттер
[3] 119бет
[5] 211бет
Тақырыбы: Көмекші сөздер. Қожа Ахмет Яссауи
Сабақтың мазмұны мен мақсаты
Көмекші сөздер. Шылау сөздер туралы мағлұмат беру.
Қожа Ахмет Яссауи. Түрлі жаттығуларды орындауға қажетті тілдік материалдарды
меңгерулері.
Жаңа сөздер мен сөз тіркестерін пайдалана отырып сұхбаттасу.
Қожа Ахмет Яссауи
Қожа Ахмет Яссауи –ХІІ ғасырда өмір сүрген ғұлама ғалым, ақын, философ. Тарихи
деректерде Қожа Ахмет Яссауи ежелгі қала Исфиджабта (Сайрамда) Ибрахим бин Махмуд
деген диханның әулетінде дүниеге келген.
Ғалымдардың айтуынша, Түркістан VІ ғасырдан ХV ғасырға дейін Ясы деп аталған.
Ғалымның Яссауи аталуы осы қаладан шыққан дегенді білдіреді. Ата- анасынан ерте
айрылған ол атақты түркі шейхі Арыстан баб және Жүсіп Хамадани деген шейхтардан
тәрбие, білім алады. Білімін Бұқарада жалғастырады. Өзінің ұстазы қайтыс болған соң,
көп ұзамай туған қаласына оқымысты адам, сопы ретінде қайтып оралады.
Қожа Ахмет Яссауидің «Диуани хикмет» («Даналық кітабы») атты еңбегі - оғыз-
қыпшақ тілінде өмірге келген, өте қарапайым, көпшілікке түсінікті тілмен жазылған еңбек.
Бұл еңбек түркі тайпаларының бәріне түсінікті ауызекі сөйлеу тілінде жазылған.
«Хикметтің» түпнұсқасы сақталмаған, қазірге жеткені ХV-ХVІ ғасырлардағы
көшірмелері ғана.
Көптеген түркі халықтары «Хикметті» аудармасыз- ақ оқи алады. Дін исламнан
хабары бар адамға «Хикмет» тілі өте жеңіл. Қожа Ахмет Яссауидің қанша жыл жасап,
ғұмыр кешкені белгісіз.
Халық әулие атаған Яссауиді ел өте қатты құрметтейді. Түркістанда Қожа Ахмет
Яссауидің кесенесі бар, Яссауи атындағы университет бар. Алматыда Яссауи көшесі бар,
ондай көше басқа қалаларда да бар.
Мәтінмен жұмыс
1.Мәтінді мәнерлеп оқу
2. Мәтінді аудару
3. Мәтін бойынша сұрақтар құрастыру
Тапсырмалар
Сөйлесім құру.
Топтастыру құру.
Оқулықпен жұмыс [1] 496бет
1-жаттығу. Көшіріп жазып, орыс тіліне аударыңыздар
2 жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті көмекші сөздерді қойып жазыңдар
Бақылау сұрақтары
1. Ахмет Яссауи кім?
2. Қай шаһарларда білім алды?
3. Еңбегін атаңыз?
4. Қожа Ахмет Яссауи кесенесі қай қалада орналасқан
ООӨЖ: [3] 122бет, оқу
ОӨЖ: [5] 218бет, 2 тапсырма
Әдебиеттер
[3] 119бет
[5] 211бет
Тақырыбы: Демеуліктер. Шоқан Уәлиханов
Сабақтың мазмұны мен мақсаты
Демеуліктер, септеуліктер туралы мағлұмат беру.
Берілген грамматикалық дағдыларды тәжірибелік тұрғыда мақсатты қолдана алу.
Қазақ халқының тұңғыш ғалымы Шоқан туралы мәліметі болуы, өз ойын жеткізе
білуі, жаңа мәліметпен толықтыру.
Шоқан Уәлиханов.
1835 – 1865
Шоқан Уәлиханов – қазақтан шыққан ең бірінші ғалым, саяхатшы және зерттеуші.
Шоқан 1835 жылы Көкшетау облысының Сырымбет деген жерінде туған. «Шоқан» деген
ат - әке-шешесінің еркелетіп қойған аты. Ақылды, парасатты Шоқан әжесінің бауырында
өсті. Ол ерте хат таныды. Кітап оқуды өте жақсы көрді.
Шоқан Уәлиханов 12 жасында Омбыдағы Кадет корпусына оқуға түсті. Әуелде
орысша бір ауыз сөз білмей келген Шоқан, екі-үш жылдың ішінде озат оқушылардың
қатарына қосылды. Ол сол кезде оқуға тыйым салынған кітаптарды оқыды. Мұғалімдер
Шоқанды 14-15 жасында болашақ ғалым, зерттеуші деп атады.
Шоқан Уәлиханов Семей, Аягөз, Қапал, Алакөл, Тарбағатай, Қарқаралы, Баянауыл,
Көкшетау жерлерінде болып, қазақ халқының ауыз әдебиетінің үлгілерін, тарихы мен
этнографиясына байланысты материалдар жинады.
Ыстықкөл аймағында болып, қырғыз, ұйғыр, дүнген, қытай халықтарының тарихын,
өмірін зерттеді. Қырғыз халқының асыл мұрасы «Манас» жырын алғаш рет хатқа түсірді.
Оның «Іле өлкесінің географиялық очеркі», «Жоңғария очерктері», «Қырғыздар туралы
жазбалар», «Ыстықкөл сапарының күнделігі», т. б. зерттеулері бар.
1857 жылы Шоқан жиырма екі жасында Орыс география қоғамына мүше болып
сайланды. Үлкен ғалым атанды. Ол орыс халқының алдыңғы қатарлы, озық ойлы
ғалымдары П. П. Семенов Тян-Шанскиймен, Ф. М. Достаевский Шоқанды туған
бауырындай көрді. Шоқан туған халқының жақсы тұрмысқа жетуін армандады.
Шоқанның еңбектерін орыс ғалымдары жоғары бағалады. Шығыс зерттеушісі Е. И.
Ковалевский Шоқанды «қазақ халқының ең жақсы досы әрі орыстың мемлекет мүддесін
қадір тұтушы», - деп атады. Потанин оны « Шығыстың құйрықты жұздызы» деді.
Шоқанның еңбектері бірнеше рет қазақ, орыс тілдерінде жарық көрді. Алматыда,
Көкшетауда ескерткіштер орнатылды. Қазақстан Ғылым академиясының Тарих,
археология және этнография институтына Шоқан Уәлихановтың есімі берілді.
Сөздік.
еркелетіп қойған аты – уменшительно-ласкательное имя парасатты –
смышленный
әжесінің бауырында – у бабушки хат тану –
обучаться грамоте
әуелде – в начале озат оқушы –
отличник
тыйым салынған – запрещенный аймақ –
окрестность
асыл мұра – ценное наследие хатқа түсіру –
записать
озық ойлы – прогрессивно мыслящий туған баурындай
көрді – относился как к родному
мемлекет мүддесін қадір тұтушы – защитник интересов государства құйрықты жұлдыз -
комета
Мәтінмен жұмыс
1.Мәтінді мәнерлеп оқу
2. Мәтінді аудару
3. Мәтін бойынша сұрақтар құрастыру
Демеулік шылаулар
Демеулік шылаулар демеуліктер деп те аталады. Олар өзі шылауында тұрған сөзге я
сөйлемге күшейту, тежеу, шектеу сұрау, болжалдылық, күмән сияқты қосымша мағына
үстейді, бірақ септеулік пен жалғаулықтар сияқты сөздерді де, сөйлемдерді де
байланыстыра алмайды.
Демеуліктер негізгі сөзге (сөйлемге) үстейтін мағынасына қарай бірнеше түрге
бөлінеді.
1. Сұраулық демеуліктер 4. Күшейткіш
демеуліктер
2. Шектік (тежеу) демеуліктер 5. Болжалдық
демеуліктер
3. Болымсыздық немесе қарсы мәнді, салыстыру демеуліктер 6.
Нақтылау мәнді демеуліктер
Достарыңызбен бөлісу: |