282
Адизбаева Д.Ж., Ордабаева Г.К., Тойлыбаев Н.С., Шойбекова А.Ж.
ЖОО ОҚЫТУШЫСЫНЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІГІН
ҚАЛЫПТАСТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Мақалада ЖОО оқытушысының педагогикалық шеберлігін қалыптастыру жолдары
қарастырылған. Сонымен бірге, бұл мәселені тиімді шешудің психология-педагогикалық
шарттары талданған.
Кілт сөздер: педагогикалық шеберлік, педагогикалық тапсырмалар, педагогикалық
жүйе, педагогикалық талдау, жоспарлау, педагогикалық қарым-қатынас.
Адизбаева Д.Ж., Ордабаева Г.К., Тойлыбаев Н.С., Шойбекова А.Ж.
ПРОБЛЕМА ФОРМИРОВАНИЯ ПЕДАГОГИЧЕСКОГО МАСТЕРСТВА
ПРЕПОДАВАТЕЛЯ ВУЗА
В данной статье рассматриваются основные проблемы формирования
педагогического мастерства преподавателя вуза. Также рассмотрены психолого-
педагогические условия, способствующие успешному решению данной проблемы.
Ключевые слова: педагогическое мастерство, педагогические задачи, педагогическая
система,
педагогический
анализ,
педагогическое
мышление,
планирование,
педагогическое общение.
ӘОЖ 378.016:811.111
Бейсенбекова А.М.
Каспий университеті, Алматы қаласы
АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҒЫНДА МОНОЛОГ СӨЙЛЕУГЕ ҮЙРЕТУ
Андатпа
Мақалада мектептерде шет тілін оқытуда монолог сөйлеу дағдысын
қалыптастырудың әдісі, тәсілдері, түрлері қарастырылады.
Кілт сөздер: монолог, мәтін, мәнмәтін, тірек, түрткі, полилог.
Кіріспе
Шет тілі мемлекетаралық тіл мәртебесіне ие. Сол себептен, қазіргі кезде 21- ғасырда,
мектептерде шет тілін оқытуда оқытудың ең тиімді әдіс-тәсілдерін, жаңа, инновациялық
технологияларды құрудың қажеттілігі, шет тілінен білім және біліктіліктің қолдану аясын
кеңейту - кезек күттірмес мәселелердің біріне айналды. Елбасы «Өсіп келе жатқан ұрпаққа
әлемдік стандарттарға сай келетін сапалы білім беруіміз керек» - деген міндеттер қояды.
Сол міндеттердің бірі, әрине шетел тілдерін меңгеру болып табылады. Шет тілдерінің
арасында ағылшын тілі бұрыннан алғашқы орынды иеленуде. Бұл әлемдік тілде
миллиондаған адамдар сөйлейді. Сондай-ақ, ағылшын тілін қазіргі кезде қай сала
болмасын: білім беру жүйесі, бизнес, туризм және т.б. салаларда қолданылады [3].
Шет тілдерін оқытуда монолог түрінде сөйлеуді меңгерту өзекті мәселелердің бірі
және аса қиын іс. Шет тілінде оқытудың міндеттерін ескере отырып, пәнді
283
коммуникативті бағытта оқытуда әдістемелік ұстанымның жетекші ұстаным екенін атап
айтса болады.
Мақсаты
-
монолог сөздің өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып, ағылшын тілін үйретудің
жоғары кезеңінде монолог сөздің оқыту әдістемесін зерделеу болып табылады. Тақырып
бойынша ғылыми-зерттеулерге негіздей отырып, кешенді ғылыми еңбектерді дәлелдеу.
Аталған мақаланың негізгі міндеттері:
-
шетелдік және отандық еңбектерге сүйене отырып, тақырыпты ашу, салыстырмалы
талдау жасау;
-
заманауи методолгияның принциптеріне сүйене отырып, ғылыми еңбектерінің
мәнін ашу;
-
ағылшын тілі сабағында монологты сөйлеу әрекетіне үйретудің тиімділігін
қарастыру;
-
монолог және диалог сөздің дағдыларын меңгеруге ұсынылған жаттығулардың
көмегімен тілдік дағдыларды (дұрыс айту, лексикалық және грамматикалық)
қалыптастыруға оқыту.
Зерттеу әдістері
Шет тілін үйретуге арналған әдістемелік әдебиеттер мен оқу құралдарын талдау;
монолог сөзді оқыту кезіндегі көрнекіліктер мен коммуникативтік жаттығулардың
мүмкіндіктерін тану; тақырып мәселесі бойынша ғылыми және әдістемелік еңбектерді
сынап талдау; баяндау, тұжырымдау, талдау-жинақтау, қорыту, талқылау, бақылау,
эксперименттік т.б. әдістер қолданылады.
Бұл ауызша (тыңдау және сөйлеу), жазбаша (оқу және жазу) қарым-қатынас
негізінде құрылуы керек деген сөз. И.Л. Бимнің: « Адамдар арасында байланыс орнататын
күрделі үрдіс, тұлғаны бетпе-бет тілдесу немесе оқу арқылы басқа елдердің рухани
құндылықтарына баурау» деген пікірімен келіспеуге болмайды [7, 287 б].
Оқытудың ең басты мақсаттарының бірі – сөйлеуге үйрету. Сөйлеу адамдар
арасында өзара түсінушілікті дәлелдеу, сендіру, эмоционалды сезімдерін білдіру түрінде
қалыптасатын тілдесудің ауызша түрі. Ол монолог және диалог сөйлеу болып бөлінеді.
Монолог түрінде тілдесудің мәні – оқушының жеке меншікті ойы.
Монолог сөйлеу дегеніміз – белгілі бір адам өз ойын, ниетін, оқиғаны бейнелеуін
білдіреді. Мектептердегі бағдарлама бойынша, шетел тілін үйретудегі мәселелердің бірі –
монолог сөз сөйлеуге үйрету [13, 143 б]. Мұндағы мақсат – монолог сөзді сөйлеуге
меңгеруді қалыптастыру, оның ішінде коммуникативті-дәлелденген, логикалық дәйекті
және қисынды сөйлеуді қалыптастыру, тілдік қатынаста айтарлықтай толық әрі жөнді,
ауызша түрде өз ойын баяндау. Қазіргі кезде мектептерде монолог түрде пікірін айтуға
үйретуге аса мән берілмейді. Бұл жаңсақ көзқарас, себебі оқытудың осы аспектісі
тыңдарманға өз ойын жеткізу үшін ойды жинақтауға септігін тигізеді, логикалық
ойлауды, соған сәйкес мазмұндамасын, ішкі жай-күйі, тебіренісін жеткізуді үйретеді
[5, 84 б].
Монолог (гр. monos - дара, logos- сөйлеу) кейіпкердің тілдік құралдарды пайдалана
отырып, көпшілікке қарата немесе өзіне арнап айтқан сөзі, толғанысы, өсиет-уағызы.
Монолог сөз продуктивті және репродуктивті түрінде келеді. Репродуктивті сөйлеу
коммуникативтілікке
жатпайды.
Мектептерде
қойылатын
талаптардың
бірі
дайындалмаған продуктивті сөйлеуді дамыту. Монолог сөз диалог сияқты жағдайға
(ситуация) байланысты шартты және психологтардың айтуынша дәлелденген, сонымен
қатар оқушының бір нәрсені көпшілікке жеткізуге ниеті, ықыласы болуы керек. Содан
кейін монолог өзінің жеке ортасын құрайды, ол – мәнмәтін (контекст) [2, 23 б]. Диалог
және полилогпен тығыз байланысты болғандықтан монологты мәнмәтінді деп атау
284
қажет. Сондықтан оған айрықша талаптар қойылады. Монолог сөз сөйлеу келесі
коммуникативті қызметтерді атқарады:
-
ақпараттық (белгілі бір пән жайлы білімін немесе қоршаған орта жайлы шындық,
оқиға, іс-әрекет, жағдайы туралы жаңа ақпаратты қабылдау)
-
ықпалды (белгілі бір ойлар, әрекет, наным, көзқарастардың дұрыстығын сендіру)
-
эмоциялы-бағалау
Мектептерде монолог сөйлеуді үйретерде ақпараттық қызметі – өзектісі болып
табылады. Жоғарыда айтылған қызметтердің әрқайсысының өзіндік тілдік сөйлеу амал-
құралдары және психологиялық ынталандыруы (стимул) болады. Психологиялық
әдебиеттерде, диалог сөйлеуге қарағанда монолог сөйлеу күрделі әрі қиындау. Ол
сөйлеуші адамнан қисынды және дәйектілікпен өз ойын баяндауды, оны түсінікті әрі анық
жеткізуді талап етеді. Шет тілінде монолог сөйлеуді меңгеру кезінде тілдік құралдарды
еркін қолданбағандықтан, оқушыға өз ойын жеткізу кезінде қиындықтар туғызуы мүмкін.
Монолог сөз келесі коммуникативті мақсаттарға бөлінеді (А.Қ. Артықбаева, Н.В.
Долгалова, М.Н. Кальнин, О.А. Нечаева, Л.И.Новожилова, О.Г.Резель және т.б.): монолог-
хабарлама, монолог-сипаттама, монолог-пайымдау, монолог-әңгімелеу, монолог-сендіру.
Барлық айтылған түрлері көп жағдайда сөйлемдерді байланыстыратын мезгіл үстеу (lately,
then, next, soon after that), себеп-салдар үстеуі (thus, therefore, firstly, secondly), сонымен
қатар сөздердің сөйлемдегі орын тәртібі, жалғаулық сөздерді қолдана отырып оқиғалар,
деректерді, ойды дұрыс жеткізуді меңгереді деп топшыланады. Монолог ниет білдіру
кезінде өте анық көрінеді. Мектептерде монолог сөйлеуді меңгерудің өзектілігі жоғары
деңгейде болмаса да, коммуникативтілік жағынан жетерліктей деңгейде өзі жайлы,
қызығушылығы, мектебі, туған қаласы, отбасы туралы және барлық қызықты деген
тақырыпта өзінің құрбы-құрдастарына немесе шет тілін иеленушіге әңгімелеуде көрінеді.
Монолог сөйлеуді үйрету мектептегі оқу жылдарының алғашқы жылдарынан басталып,
аяғына дейін созылады [11, 31 б].
Монолог сөзді оқытуда қолданылатын жаттығуларды анықтамас бұрын келесі
критерийлерді есепке алу керек:
1. Монолог түрлері (хабарлама, сипаттама, пайымдау, әңгімелеу, сендіру);
2. Қисындылығы, ойға қонымдылығы;
3. Әңгімелеуде көркемділігі – мәтіннің тақырыбын ашу деңгейі және сөйлемдер
саны;
4.Тілдік құралдарын (грамматикалық, лексикалық) қиыстыру деңгейі, сөйлеудегі
шығармашылық сипаты;
5. Лексикалық-грамматикалық, (сонымен қатар, синтаксистік) жағынан дұрыс
құрылуы [12, 108 б].
Әдістемелік жағынан келетін болсақ, біріншіден монолог сөйлеуді үйретуде
жаттығуларды орындау үшін – тірек сипаты, екіншіден – баяндау, әңгімелеу мақсаты
маңызды. Ол тіректер: 1) көрнекілік, 2) мәтін, 3) жағдай, 4) тақырып (тақырыптан үзінді)
мәселесі. Бұл реттілік тек алғашқы кезеңге жатқызылады, ортаңғы кезеңге: 1) жағдай, 2)
көрнекілік 3) мәтін, 4) тақырып мәселесі. Ал жоғары кезеңге: 1) мәтін, 2) сөйлеу
жағдайлары, 3) көрнекілік (сурет, слайд, фильмдер), 4) тақырып, оның мәселесі.
Мәнмәтінді сөйлеуді қалыптастыруда ең басты тірегі – жазбаша және ауызша мәтін болып
табылады. Монолог сөйлеуді меңгеруде композициялық-құрылымдық компоненттерін
дамыту үшін үлгі, нұсқа ретінде анық құрылымды мәтінді қолдануға болады. Ол үш
бөлімнен тұрады: кіріспе, негізгі бөлім және қорытынды. Осы кезде арнайы монолог құру
үлгісіндегі сызбасын қолдануға болады. Монолог сөйлеуді меңгерудің ең қиын жолдары
сөйлем құрауда сөздердің орын тәртібін таңдау, сөйлемдегі сөздерге дұрыс екпін қоя білу.
Лингвистикалық әдебиеттерде белгіленген тәртіп бойынша, монологты мәтіндерде
сөйлемнің басында тұратын сөйлем мүшесі алдыңғы мәнмәтінмен байланыстырып
285
тұратын буын рөлін атқарады. Шын мәнісінде, сөйлемнің барлық мүшелері, әсіресе
тұрлаусыз мүше – себеп-салдар, мезгіл т.б. пысықтауышы жоғарыда айтылғандай,
сөйлемді байланыстыратын элемент ретінде қолданыла алады [8, 22 б].
Монолог сөзді оқыту кезінде отандық әдістемеде 2 бағыт қабылданған: «жоғарыдан
төмен бағыты» - аяқталған мәтін – оқытудың негізгі бірлігі, «төменнен жоғары бағыты» -
оқытудың негізі – қарапайым баяндауды көрсететін сөйлемдер [13, 278 б].
«Жоғарыдан төмен бағыты» – мәтіннің мазмұнды жоспарын, оның тілдік
материалдары мен композициясын «иелену». Оқылған мәтін негізінде монолог сөйлеу
дағдысын дамытуды көздейді.
•
Оқушыларды мәтінмен таныстыру (жаттығулар: мәтінді оқу, сұрақтарға жауап
беру, жоспар құру, сөйлемдердің орын тәртібі, оқығанды қысқаша айтып беру)
•
Мәтіннің мазмұнын жеткізу (кез келген кейіпкердің атынан)
•
Жағдайды өзгерту
«Төменнен бағыты» ешқандай тірексіз баяндауды қарапайым бірлік-сөйлемнен
бастап, аяқталған монологқа дейін өрістеуді топшылайды.
•
Оқушылардың белгілі бір тақырыпты әңгімелеуі (мұғалімнің көмегі арқылы
әңгімелеу логикалық тәртіпте құралады)
•
Әңгімелеу арасындағы мәтіндік және логикалық байланысын орнату кезеңдерін
белгілеу
•
Берілген тақырып бойынша өз пікірін, қалай бағалайтынын айтып жеткізу
Бақылау:
1.
Деректі жағдайлардың монолог түрлеріне үйлесімділігін.
2.
Әңгімелеудің ойға қонымдылығын, байланысын.
3.
Баяндау көлемін.
4.
Лингвистика жағынан дұрыстығын.
Монолог сөз әр түрлі деңгейден тұрады:1) сөз (сөзтұлға), 2) сөз тіркесі,
3) сөйлемше, 4) сөйлемдер бірлігі, 5) мәтін.
«Жоғарыдан төмен» әдісінің сабақ кезінде қолданылуы. Мұнда мәтінмен жұмыс
кезеңдерге бөлуге негізделеді. Мәтінге дейін кезеңде оқушылар тақырыбына, мазмұнына
шағын монологтар құрайды. Мәтінді оқығаннан кейін әңгімелеу жаттығулары жалғасады.
Осы кезде сөйлеудің логикалық-мағыналық байланысы, ойды жеткізуде қолданылған
амалдардың сараптамасы, сөйлеу тәсілдері, дәлелдеу амалдары көрінеді. Мына
жаттығулар сабақ мазмұнын құрайды:
1. Оқылған мәтіннің мазмұны мен мәнін түсінуге арналған сұрақтарға жауап беру.
2. Мәтіндегі сөздермен келісу не теріске шығару.
3. Автордың адамдарға, оқиғаға, табиғатқа деген көзқарасын етістік, сын есім,
идиомалық білдірулерді таңдап көрсету.
4. Дәлелде .....
5. Негізгі идеясын тап.
6. Мінездеме бер....
7. Мәтінге қысқаша түсініктеме бер және аннотация құрастыр, мәтінді сыни тұрғыда
талда.
8. Басты кейіпкердің атынан мәтінді айтып бер (жағымсыз кейіпкер, бақылаушы,
журналист т.б.).
9. Әңгімені басқаша аяқта.
«Төменнен жоғары» әдісінің сабақ кезінде қолданылуы. Бұл кезде ешқандай тірексіз
нақты мәтінге монолог құрылады. Мұғалім бұл амалды келесі жағдайларда қолданады:
1. Оқушылар әлі оқи алмаған жағдайда немесе оқулықтағы мәтінде сөйлеу дағдысын
қалыптастыруға негіз болатын мазмұнның болмауы кезінде.
286
2. Оқытудың жоғары және ортаңғы кезеңдерінде талқылауға салынған тақырып
немесе мәселе бойынша мазмұны және тіл білу жағынан деңгейі жоғары болғанда.
3. Монолог сөйлеуде қалаулы нәтиже алғысы келетін мұғалім:
-
оқушыға тақырып бойынша жетерліктей ақпарат қоры болуы (пәнаралас
байланысты ескере отырып);
-
шет тілінде тақырыпты ойдағыдай талқылауға тіл білу деңгейі (лексикалық және
грамматикалық) жетерліктей болуы;
-
оқушылардың сөйлеу қызметтерінің жүзеге асуы (келісу, келіспеу, ақпаратты
жеткізу немесе оған мұқтаж болу, т.б.)
-
сөйлеу дағдысын меңгеру керек екенін ескеру керек (ойды білдіру үшін түрлі амал-
тәсілдерді, талқылау тәсілдерін, сөйлеу композициясын, т.б.).
Монолог тілдесудің бір ғана түрінің параметрлерінің өзі оны үйретуде аса қиын іс
екенін көрсетеді. Сондықтан барлық параметрлердің ішінен оның маңызын көрсететін,
басты күрделілігін құрайтын, оқытудың ерекше амалдарын құрайтын негізгі үш түрін атап
көрсетуге болады.
1. Тоқтаусыз әңгімелеу. Ол нақты уақытты талап етеді және бұл кезде ешкім немесе
еш нәрсе сөзді бөлуге кедергі болмайды. Монолог сөздердің бұл түрі айтушының өзіне
тән психологиялық икемінің, сонымен қатар әңгімелеуді ұйымдастыруының дәйектілігі.
Бұл жерде ең басты механизм – сөйлемдер бірлігін ескерту. Сондықтан монолог сөз тек
сұрақтарға жауап беру емес.
2. Жүйелілік, қисындылық. Бұл идеялардың дамуын көрсететін сапа. Мұндағы
«идеялардың дамуы» деген сөзді дәлме-дәл түсіну қажет емес. Бұл оның анықталуы,
түсіндірілуі, негізделуі және тәсілдемелері.
3. Коммуникативті бағыттылық, мағыналы аяқталуы. I want to write a letter. So, I will
go to the post office where I will buy an envelope, stamps. Then I will write a letter, put it into
the envelope, stick it and drop the letter in the mailbox –
деген сияқты монолог әңгімелеу
теріс-әрекеттің жиынтығы. Сөйлемдер бірлігі негізінде монолог әңгімелеуді ойдағыдай
үйрету үшін келесі кезеңдерді ұстану қажет: бірінші кезең – аяқталған ойды жеткізу,
тақырып бойынша бір сөйлем арқылы өзінің келісімін білдіру. Мұғалім мәтіннің
тақырыбын белгілейді, оқушылар кезекпен бір сөйлемнен айтып шығады.
Екінші кезеңде оқушылардың айтылған сөйлемдерінің логикалық байланысына
назар аударуын талап етеді. Мәселен, Our classroom is large. Our classroom is clean – дұрыс
құрылмаған сөйлем, өйткені бір үлгіде құрылған. Our classroom is large. There are four
windows in it –
дұрыс құрылған. Бұл кезеңде кездесетін қайшылықтарды жеңіп шығу
қажет, оқушыларға мазмұнсыз сөйлемдер құрамауға, үйлесімді әңгімелеуге үйрету қажет.
Үшінші кезең жаңа логикалық мәселелермен және әңгімелеудің міндетті түрде
көркемділігімен сипатталады. Мұнда оқушы айғақ пікірлерінің элементтерін қосуы керек.
Шет тілі түгіл өз тілінің өзінде монолог сөйлеуге үйрету біраз қиыншылықтарға әкеп
соғады. Ол нені қалай айтсам деген таңдауға және мазмұндау түрлеріне байланысты
болады [10, 29 б].
Тіректер – әңгімелеуде ойын жеткізу, еркін сөйлеу, сөйлем құрай білу үшін тікелей
немесе жанама көмек. Л.И. Лазаркевич тіректердің әртүрлерін сараптап, мынадай
қорытындыға келді: монолог сөйлеуге үйретуде тіректі әрекет жасауға ынталандыру,
түрткі деп түсіндіруге болады. Тілдік тірек жайлы жоғарыда сөз қозғалып еді, енді оған
толығырақ тоқталайық. Ол мыналарды қамтамасыз етеді: а) сөйлеу мазмұнының жалпы
бағытын, ә) мәтінге мазмұнның сайма-сайлығын, б) ойын жеткізуде сөйлемнің дұрыс
құрылуын, в) мәтіннің мазмұнын ашқанда сөйлемнің көлемді болуын. Сөйтіп, тірек бір
жағынан оқушының ойын дұрыс, қатесіз жеткізуді ынталандырса, екіншіден, ойын дұрыс
қалыптастыруына көмектеседі. Тірек мазмұнды (кім? не? қайда? қашан? және т.б.) және
мағыналы (неге? не үшін?) болып бөлінеді.
287
Тірек әрдайым ақпаратты, кей кезде ақпарат толық, кейде қысқартылған, бірақ не
болса да, әр тіректің өзіне тән сипаты болады және монолог сөйлеу үрдісін басқару
қабілеттілігіне ие. Егер оқушыларды ағылшын тілінде тілдік тіректер арқылы монолог
түрінде сөйлеуге үйретсе, онда олардың сөйлеу қабілеттері, танымдық
қызығушылықтары, мәтінмен жұмыс жасау кезінде шығармашылық қабілеттері
қалыптасып қана қоймайды, олар ағылшын тілінде еркін сөйлеуге жаттығады [9, 135 б].
Сөйлеу кезеңінде оқушылардың монолог түрінде сөйлеу шеберліктері
қалыптастырылады. Мұнда оқушылар өз бетінше мәтінде көтерілген мәселе бойынша өз
ойларын жеткізуге тырысады. Монолог сөйлеуді дамытуға жаттығулар үлгілері
көрсетілген [1, 63 б].
1)
жаттығу – мәтінді оқып және сұрақтарға жауап беру; 2) жаттығу – дұрыс және
қате сөйлемдерді табу; 3) жаттығу – мәтінді азат жолдарға бөлу және оларға ат қою; 4)
жаттығу – берілген сұрақтардың ішінен 3-4 сөйлеммен айтып беру; 5) жаттығу – мәтінді
қысқаша мазмұндау; 6) жаттығу – оқушылар мәтін мазмұнын өз сөздерімен толықтыру; 7)
жаттығу – өз қиялымен жазушы ретінде мәтінге өзгеріс енгізу.
Бұдан ары Е.А.Маслыко өңдеген жаттығулар кешені ұсынылады. Бұл жаттығулар
J.A. Shannon, Т.Б. Клементьеваның «Happy English 3» оқулығынан «Susan Graham talks
about the Sy
dney 2000 Olympic Games» мәтін негізінде алынған. Берілген жаттығулар
оқушыларға мәтіндегі оқиғаларды жолдастарына айтып жеткізе алатындарына
көмектеседі. Ол мәтін мазмұнын жете талқылауды, логикалық жағынан оқиғаны әбден
түсінуді қамтамасыз етеді.
1. Мәтіндегі бастапқы екі азат жолды қарап шығып, Олимпиадалық ойындардың
ашылуы жайлы айтып беріңдер.
2.
Келесі ойды дәлелдеп беріңдер: « It will be the second time that Australia has hosted
the Games»; «There are number of popular sports in Australia which are not Olympic sports».
3. “Australia’s multicultural development”
жайлы деректі жұмыс материалдарын (келер
шақта нобайлау: жоспар, сөздер, сөзтіркесі) пайдаланып айтып жеткіз.
4.
Мәтіндегі оқиғамен деректерге қалай қарайтыныңды, өз пікіріңді білдір. Мысалы,
“About 200 countries are expected to participate”; “15 000 members of the media will cover the
event”; “Sydney Olympic Park at Homebush is being built on former industrial land, the
rehabilitation of which is seen as a major environmental triumph for Sydney”.
5.
Берілген суреттер бойынша әңгіме кұра.
6.
Мәтінге жазбаша мазмұндама жаз. Ол үшін мәтіннен негізгі мазмұнын жеткізетін
10-12
сөйлемді таңда.
7.
Өз сөзіңмен қысқаша түсінігіңді айт.
8.
Мәтін мазмұнын да ауыстырылған сөздерді қолдана отырып ойыңды жеткіз.
9.
Мәтіндегі деректердің мазмұнын бұрыннан білетін басқа ақпараттарды қосып
айтып жеткіз [4, 191-192 б].
Қорытынды
Сонымен, шет тілінде ауызша сөйлеу қызметін ойдағыдай меңгеру және монолог
сөйлеу дағдысын тиімді дамыту үшін методикалық әрекеттердің жүйелілігін қатаң сақтау
керек. Оқушылардың психологиялық-педагогикалық ерекшеліктерін ескере отырып оқыту
әрекеттік уәждеменің өсуіне, оқушылардың таным белсенділігінің артуына айтарлықтай
септігін тигізеді.
Әдебиеттер
1. Артықбаева А. К. Интенсификация обучения речевой деятельности в языковом
вузе. – Алматы, 1988.
288
2. Калинина С.В. К концепции обучения монологическому высказыванию/
Иностранные языки в школе. – 1991, №1
3. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан -2030»
жолдауы.
4. Клементьева Т.Б., Shannon. J.A. «Happy English» Кн.3 для 10-11 кл. общеобраз.
шк.- Обнинск, 1999.
5. Фарадян Н.К. Развитие навыков неподготовленно-экспрессивной речи. –Ереван:
Луйс, 1972
6. Ж.А. Қараев «Оқытудың үш өлшемді әдістемелік жүйесінің педагогикалық
технологиясы»
7. Леонтьев А.А. Основы психолингвистики/ А.А. Леонтьев. – М.: Смысл.1999
8. Пассов Е.И. «Коммуникативный метод обучения иноязычному говорению».-
Москва: Просвещение, 1991
9. Царковь В.Б. Тілдік жаттығулар (ағылшын тілінен). М.: Просвещение, 1980
10. Мильруд Р.П. Некоторые пути обучения самостоятельному иноязычному
высказыванию// Инностранные языки в школе – 1985 — №2
11. Садықова А.К., Алденгожаева Э.С. Шетел тілінде тілдік тіректер негізінде
монолог түрінде сөйлеуге үйрету// Мектептегі шет тілі. 2007. №6
12. Лытаева М.А. Совершенствование умений говорения на основе текста для чтения
на старшем этапе/ ИЯШ №3, 2004.
13. Вайсбурд М.Л. Теоретические основы методики обучения иностранным языкам
в средней школе. М.: Просвещение,2001.
А.М. Бейсенбекова
ОБУЧЕНИЕ МОНОЛОГИЧЕСКОМУ ВЫСКАЗЫВАНИЮ НА УРОКАХ
АНГЛИЙСКОГО ЯЗЫКА
В настоящей статье рассматривается формирование монологическому
высказыванию, его методики, способу и видам в изучении иностранному языку в школе.
Ключевые слова: монолог, текст, контекст, опора, стимул, полилог.
A.M. Beisenbekova
TEACHING OF MONOLOGUE SPEECH ON ENGLISH LESSONS AT SCHOOL
This article reveals the formation of monologue speech teaching, its methods, ways and
forms in foreign language learning at school.
Key words: monologue, text, context, support, stimulus, polylogue.
Достарыңызбен бөлісу: |