Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:8.1 А Жылу құбылыстары
|
Мектеп№29Ұлықбек атындағы ж.о.м
|
Күні: 01.10.2021
|
Мұғалімнің аты-жөні: Райсбекова Н
|
Сынып: 8
|
Қатысқандар:
|
Қатыспағандар:
|
Сабақтың тақырыбы
|
Жылу үдерістеріндегі энергияның сақталу және айналу заңы
|
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:
|
8.3.2.9- жылулық тепе-теңдік теңдеуін есептер шығаруда қолдану
|
Сабақ мақсаттары:
| |
Жылулық тепе-теңдік теңдеуін есептер шығаруда қолдану
|
Жылу алмасу процестері үшін энергияның сақталу заңының мәнін түсіндіру
|
Ойлау дағдыларының деңгейі
|
Білу, түсіну, қолдану
|
Бағалау критерийі
|
Жылу алмасу процесі кезіндегі дененің алған немесе берген жылу мөлшерінің шамасын анықтауды біледі.
Жылу балансының теңдеуі қолданып есептер шығара алады.
Жылу алмасу процестері үшін энергияның сақталу заңының мәнін түсіндіреді.
|
Тілдік мақсаттар
|
Пәндік лексика және терминология:
Механикалық энергия, ішкі энергия, жылу мөлшері, жылулық тепе-теңдік т.б.
Диалог үшін қажетті тіркестер:
Механикалық энергия потенциалдық және кинетикалық энергияның қосындысына тең.Жылу беру кезінде дененің ішкі энергиясының өзгерісіне тең болатын шаманы Q жылу мөлшері деп атаймыз.
|
Құндылықтарға баулу
|
Жалпыға бірдей еңбек қоғамында бірлесе еңбек етуге іздену арқылы білім алуға дағдыландыру.
|
Пән аралық байланыс
|
Математика пәнімен есептер шығару кезінде байланыстырамын.
|
Бастапқы білім
|
Энергия, энергия түрлерімен 7 сыныптың физика курсынан таныс.
Температура ұғымымен және жылу мөлшері ұғымдарымен өткен сабақтардан таныс.
|
Жоспар
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері
|
ресурстар
|
Сабақтың басы
5 минут
Білу, түсіну
|
І.Ұйымдастыру кезеңі Ұйымдастыру кезеңі;
Сыныптағы оқушыларды түгелдеу; Оқушылардың оқу құралдарын, сабаққа дайындығын тексеру; Сыныпта «Күн шуағы» сергіту тренингі арқылы ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру;
Тапсырма №2
Дененің жылу алмасу нәтижесінде жылулық тепе-теңдік күйі орнайды, бұл жағдайдағы дененің температурасын туралы не айтасыңдар?
Жылулық тепе-теңдік орнаған кездегі жылу мөлшерінің шамасы қандай болады?
Жылулық тепе-теңдік теңдеуін жазып көрсет, талдап түсіндір.
Дескриптор:
Жылулық тепе-теңдік күйі, ондағы температураның мәні туралы біледі.
Жылулық тепе-теңдік орнаған кездегі жылу мөлшерінің шамасын анықтауды түсінеді.
Жылулық тепе-теңдік теңдеуін жазып, талдай алады.
«Кім жылдам?» әдісі
Жылулық тепе-теңдік теңдеуін пайдаланып, есептер шығарады.
Тапсырма №3
|
Флипчарт, маркерлер
|
Сабақтың ортасы
30 мин
Білу, түсіну
Білу, түсіну, қолдану
|
Есеп шығарған кезде қоршаған ортамен жылу алмасуды ескермеңдер.
1. Температурасы 20°С, массасы 500 г суға температурасы 60°С болатын 1,5 кг ыстық су қосайық. Орныққан температураны анықтаңдар.(Жауабы: 44·°С)
2. Массасы 5 кг тастың Δt = 2°С-қа салқындауы кезінде бөлінетін жылу мөлшері Q=2,1 кДж. Тастың меншікті жылусыйымдылығын
анықтаңдар. (Жауабы: 420 Дж/кг·°С)
Массасы 1 кг, температурасы 27°С суға
қайнап тұрған су құйылды, нәтижесінде 60°С температура орнықты. Қайнаған судың массасын анықтаңдар. (Жауабы: 16,5 кг).
4. Массасы 0,1 кг, температурасы 7°С суға массасы 42 г және температурасы 127°С зат салынды, нәтижесінде 17°С температура орнығады. Дененің меншікті жылусыйымдылығын анықтаңдар.(Жауабы: 909 Дж/кг·°С).
*5. Массасы 20 кг, температурасы 20°С суға массасы 100 г, температурасы 80°С дейін қыздырылған жезден жасалған білікше және массасы 200 г, температурасы 90°С алюминийден жасалған білікше салынды. Қандай температура орнығады? (Жауабы: ≈ 21,76°С)
*6. Массасы 1 кг металл кесегін Δt1 = 23°С-қа қыздыру үшін массасы
0,5 кг суды Δt2 =10 °С-қа қыздыруға қажет жылу мөлшеріндей жылу жұмсалды. Металдың меншікті жылусыйымдылығы қандай?(Жауабы: с d 913 Дж/кг·°С.)
*7. 20°С температурада алынған 5 литр суды қайнату үшін қанша құрғақ ағаш қажет? Бөлінген жылу мөлшерінің жартысы суды жылытуға жұмсалады деп қарастырыңдар.
8. 39 м биіктіктен еркін төмен құлаған қорғасын шар плитаға соғылғанда
оның механикалық энергиясы түгелдей жылу энергиясына айналды.
Осы кезде шар қанша градусқа қызады? (Жауабы: 3 °С)
Дескриптор
* Қайнаған судың массасын анықтайды.
* Дененің меншікті жылусыйымдылығын анықтайды.
* Металдың меншікті жылусыйымдылығын анықтап, кестемен салыстырады.
*Жылу мөлшерінің формуласын пайдалана отырып есепті шығарады
*Механикалы энергия туралы біледі, формуласын практикамен ұштастыра алады.
«Басбармақ» әдісі арқылы өзін-өзі бағалайды.
|
Есептер жазылған үлестірмелер
|
Сабақтың соңы
10 минут
|
Осы тақырыпта нені меңгердіңдер?«Алақан» әдісімен бағалау
. Үйге тапсырма
Жылу үдерістеріндегі энергияның сақталу және айналу заңы
|
Кері байланыс
Оқулық
|
Саралау-оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз?
|
Бағалау –оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?
|
Денсаулық және қауіпсіздік техникасы-
|
«Кім жылдам?» әдісінде берілген тапсырманы оқушылар әр түрлі қарқынмен орындап, нәтижеге жету жолында жұмыс жасайды.Қабілетті оқушылар жылу үдерістеріндегі энергияның сақталу және айналу заңын өз түсінігі негізінде түсіндіріп, идея айта алады.
|
Оқушылар әр тапсырмадан кейін «Басбармақ», «Бағдаршам» әдістері арқылы өзін-өзі бағалайды. Тапсырманы орындауда қиналып, алаңдаушылық білдіріп, бағдаршамның қызыл түсін, басбармақты төмен көрсеткен оқушыларға диалог арқылы қолдау көрсетіп, үдеріске белсенді қатысуға уәждеймін.
|
Сергіту жаттығулары
|