6. Әдебиеттер:
1. Байзак Y.А., Құдабаев Қ.Ж. Медициналык биофизика мен медтехникалар бойынша лабораториялык практикум.-Алматы: Эверо, 2011
2. Көшенов Б. Медициналык биофизикадан зертханалык жумыстар: оку-әдістемелік құрал.-2 бас, өңделіп,толықтырылған.- Алматы: Эверо, 2010
3. Ремизов А.Н. Медицинская и биологическая физика: учеб. для вузов. -7е изд., стереотип.. -М.: Дрофа, 2007.
4. Антонов, В. Ф. Физика и биофизика : учебник. - М.: ГЭОТАР - Медиа, 2010. - 480 с.
5. Антонов В. Ф. Физика и биофизика : курс лекций для студентов мед. вузов: учебное пособие для вузов. -2-е изд., испр. и доп.. -М.: ГЭОТАР-Медиа, 2005. -240 с.
6.Тиманюк В. А. Биофизика : учебник для студентов фармацевтических и мед. вузов. -2-е изд. -К.: ИД "Профессионал", 2004.
7. Бақылау
1.Медицинада несептегі қанттың мөлшерін анықтау үшін ... әдісі қолданылады.
поляриметрия
фотоколлориметрия
рефрактометрия
спектрофотометрия
нефелометрия
2.Поляризацияланған жарықты табиғи жарықтан ...
1.жарық толқынын тек бір жазықтықта өткізетін ...
2.жарық толқынын барлық жазықтықта өткізетін ...
3.поляризатор арқылы алуға болады.
4. призма арқылы алуға болады.
5. айна арқылы алуға болады.
1, 3
1, 4
2, 3
2, 4
1, 5
3.Жазықполяризацияланған жарық деп ... айтады.
жарық толқынының тербелісі белгілі бір жазықтықта тарайтын электромагниттік толқынды
газоразрядты түтік шығаратын электромагниттік толқынды
көптеген бей-берекет тараған атомдардан тұратын ретсіз сәулелерді
электрлік векторлары сәуленің таралу бағытына перпендикуляр бағытталған электромагниттік толқынды
кернеулік векторы барлық бағытта бірдей тарайтын сәулені
4.Поляризатор деп ... арналған құралды айтады.
табиғи жарықтан поляризацияланған жарықты алуға
поляризацияланған жарықты талдауға
табиғи жарықтың интенсивтілігін жоғарылатуға
поляризацияланған жарықтан табиғи жарықты
ерітінділердің жұту спектрін зерттеуге
5.Оптикалық белсенді деп ... заттарды айтады.
поляризация жазықтығын бұра алатын
жарықтың интенсивтілігін жоғарылататын
табиғи жарықтан поляризацияланған жарықты алаты
жарықты таралу жылдымдығын арттыратын
жарықты таралу жылдымдығын кемітетін
6.Оптикалық белсенді заттар арқылы өткен поляризацияланған жарықтың поляризация жазықтығын бұрыу бұрышы... тәуелді болады.
жарықтың толқын ұзындығына, заттың құрылымына, қалыңдығына
тек жарықтың толқын ұзындығына
тек заттың қалыңдығына
жарықтың түсу бұрышына, заттың құрылымына
жарықтың шағылу бұрышына
7.Поляриметрдің қызметі ... негізделген.
кейбір заттардың өзінен поляризацияланған жарық өткенде поляризация жазықтығын бұру қабілетіне
жарық энергиясын электр энергиясына айналдыруға
екі ортаның шекаралық бетіндегі толық шағылуға
жарықтың жұтылу құбылысына
жарықтың бір ортадан екінші ортаға өткендегі сыну құбылысына
8.Егер поляризатор және анализатордың жазықтығы параллель болса, онда бұл екі жазықтықтың арасындағы бұрыш ... тең болады.
0 және π
0 және π/2
π/3
π/6
1 және π/4
9.I=Io*(cos(φ)) квадрат өрнегі ... сипаттайды.
Малюс заңын
Бугер-Ламберт заңын
Рэлей заңын
Эйнштейн теңдеуін
Бер заңын
10.Егер поляризатор және анализатордың жазықтығы параллель болса, онда анализатордан шыққан жарықтың интенсивтілігі ... болады.
I=Iо
I=0
I=2Iо
I=Iо/2
I=1
№ 11 Сабақ
1. Тақырыбы: №10 жұмыс. Рефрактометр көмегімен сұйықтардың сындыру көрсеткішін анықтау.
2. Мақсаты: Рефрактометрдiң құрылысымен, зертеу әдiстерiмен таныстыру және сұйық заттардың, дәрiлiк препараттардың ерiтiндiлердiң сындыру көрсеткiштерiн өлшеудi білу.
3. Оқыту мақсаты: Сыну көрсеткiшiнiң ерiтiндi концентрациясына тәуелдiлiдiн графикпен кескiндеу және одан ерiтiндiнiң концентрациясын анықтауды үйрену.
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
Жарықтың сыну және шағылу заңдарының айырмашылығы неде?
Толық шағылу құбылысы қай кезде байқалады?
Толық шағылудың шектiк бұрышы дегеніміз не?
Рефрактометр фармацияда не үшін қолданылады?
Әр түрлi ерiтiндiлердiң сыну көрсеткiштерiн қалай анықталады?
Белгісіз ерітіндінің концентрациясы қалай анықталады?
5. Білім берудің және оқытудың әдістері: жұптасып жұмыс жасау
Өлшеу жұмыстарына қажеттi құрал-жабдықтар:
. ИРФ-454 Б2М рефрактометрі.
. Тазартылған су.
. Зерттелетін ерiтiндiлер.
4. Тамызғыш.
Рефрактометрдiң негiзгi бөлiгi бiр тектi шыныдан жасалған тiк бұрышты жоғарғы және төменгi призмалардан тұрады 1сурет.
Бұл призмалар бiр-бiрiмен гипотенузалық қырлары арқылы жанасқан және олардың арасындағы саңылаудың шамасы мм. Жоғарғы призманы ашып, төменгi призманың бетiн толық жабатындай етiп, олардың арасына зерттелетiн сұйықтың бiрнеше тамшысы тамызылады. Сәуле жарық көзiнен () шығып, жоғарғы (1) призманың АК бүйiрiне түсiп, одан сынған сәуле, г ипотенузалық АВ қырына түседi (2-сурет).
АВ беттiң тегiс болмауынан, түскен жарық сәулесi барлық бағытта шашырайды да, зерттелетiн сұйық арқылы өтiп, төменгi призманың СД қырына 0 ден 0 аралығындағы бұрыштармен түседi. Егер сұйықтың сындыру көрсеткiшi шынының сындыру көрсеткiшiнен кiшi болса, онда жарық сәулесi төменгi () призмаға 0-r градус аралығындағы бұрышпен түседi. Осы бұрышқа сәйкес келетiн аймақ (кеңiстiк ) жарық, ал оның сыртындағы аймақ көлеңке болады. Осылайша көру аймағы екi бөлiкке бөлiнедi
Сонымен жарық пен көлеңке шекарасы шектiк (r) бұрыштың мәнiне тәуелдi болады. Қолданылып отырған құралдың көмегiмен сындыру көрсеткiштерiнiң мәнi призмалардың сындыру көрсеткiштерiнiң мәнiнен кiшi болатын заттарды зерттеуге болады.
Жарық көзiн (немесе күн сәулесiн) рефрактометрдiң жоғарғы призмасының саңлауына тура түсетiндей етiп орналастыру керек.
Рефрактометрдiң жоғарғы призмасын көтерiп, төменгi призмасына пипетка-мен тазартылған (дистилденген) судың -5 тамшысын тамызып, жоғарғы призманы жауып қою керек.
Окулярды фокустей отырып, көру аймағындағы айқасқан сызықтың (крест) және шкаланың айқын кескiнiн алу керек.
4 . Егер ’’жарық-көлеңке’’ шекара сызығы түрлi-түстi болса, онда рефрактометрдiң оң жақ бүйiрiнде орналасқан компенсаторды бұрай отырып, түрлi - түстi жолақты жою қажет.
5. Рефрактометрдiң сол жақ бүйiрiнде орналасқан бұранданы бұрай отырып, ’’жарық-көлеңке’’ кескiнiн бөлiп тұрған шекара сызығын айқасқан сызықтың қиылысқан жерiне дәл келтiру керек. Сол кезде шкаладағы визир сызығы 200 C тазартылған судың сындыру көрсеткiшiнiң n=1,333 мәнiне сәйкес келедi.
6. Әртүрлi концентрациядағы ертiндiлердiң ”n” сындыру көрсеткiшiн өлшеу үшiн төменгi призмаға әр түрлi концентрациядағы ерiтiндiнi кезек-кезек тамызып, әрбiр ерiтiндi үшiн сындыру көрсеткiшiнiң мәнiн үш реттен өлшеу керек. Өлшеу және есептеу нәтижелерiн - кестеге енгiзу керек.
1-кесте
№ | С% |
N1
|
N2
|
N3
|
n
|
1
2
3
4
5
6
|
|
|
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |