Кудабаева перизат асанбаевна



жүктеу 2,94 Mb.
Pdf просмотр
бет26/80
Дата09.06.2022
өлшемі2,94 Mb.
#38893
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   80
Kudabayeva disser

Бipiншici 
– oқу 


75 
ҥдepiciндeгi бiлiмдi мeңгepу бoлca
eкiншici 
– oқудaғы ic-әpeкeт элeмeнтiнeн 
тҧpaды. Coндa, бipiншi acпeктiдe мoдeль мeн мoдeльдeудi пcиxoлoгиялық бaғыт 
бiлiм жҥйeciнe eнгiзу бoлca, eкiншiдe – мoдeльдeудiң фopмacын, әдiciн 
қoлдaнылaтын әpeкeтiнiң epeкшeлiгiн студенттepдiң икeмдiлiгiнe қapaй 
бaғыттaуды кӛpceтeдi [190].
А.М.Новиков модельді сипаттай келе, оны негізгі нысан туралы жаңаша 
ақпарат беретін, танымдық мақсатқа таңдалған немесе қайта жасақталған 
қосымша нысан ретінде қарастырады [191].
В.А.Штоффтың айтуынша, модель – зерттеу нысанын бейнелеп, 
шығаратын және сол нысанның орнын басып, жаңа ақпарат бере білетін, ойда 
бейнеленіп немесе материалды тҥрде іске асатын жҥйесі болып табылады [192]. 
М. Вaртофскийдің «модель келешек іс-әрекетке бағдaрланған прототип. 
Модель мақсaтты іске aсыру және олaрды іске aсыратын қҧрaл-жaбдықтар 
болып тaбылaды» деп тҧжырымдайды [193]. 
Қазіргі заман ғылымында модель ҧғымын материалдық немесе 
тҧжырымдамалық жҥйе ретінде тҥсіндіреді: - біріншіден, қандайда бір формада 
тҥп нҧсқаның маңызды қасиеттері мен қарым-қатынасын бейнелеп, кӛрсетеді; - 
екіншіден, нақты берілген мағынада оның орнын басады; -ҥшіншіден, тҥп 
нҧсқа туралы жаңа ақпарат ҧсынады. 
Барлық материалдық немесе заттық модельдерде тҥп нҧсқаның орнын басу 
сәйкес қҧрылымның мінез-қҧлқы мен қызмет ҧқсастығы есебінен жҥзеге 
асырылады. 
«Модель» ҧғымы «модель қҧру» ҧғымымен тығыз байланысты. 
Модель қҧру – бҧл теориялық танымның маңызды категорияларының бірі, 
теориялық деңгейде тҥрлі белгілер, абстрактілік модельдер, эксперименталдық 
деңгейде – пәндік модельдер қолданылатын процестер мен қҧбылыстарды 
зерттеудің жанама әдісі, сондықтан педагогикалық зерттеулерде модельді қҧру 
және оны қолдану кеңінен пайдаланылуда. Маманды кәсіби даярлау моделі 
жалпы тҥрде болашақ маманның кәсіби іс-әрекетіне қажетті меңгерілетін білім 
кӛлемі мен оның қҧрылымының, маман ретіндегі кәсіби қасиеттер мен 
дағдылардың жалпы тҥрде сҥлбелік ӛрнектелуі деп тҥсінуге болады.
Жоғарыда айтылған ой пікірлерді тҧжырымдай келе, маман моделі 
қҧрылымы мен мазмҧнын ҥш бӛлікке бӛлуге болады: зерттелетін маман іс-
әрекеті ӛтетін әлеуметтік-кәсіби фон, мамандардың іс-әрекеттерінің негізгі 
аспектілері, мамандардың іс-әрекеттерінің психологиялық-педагогикалық 
сипаттары. Ал маман моделін қҧру келесі мақсаттарға табысты қол жеткізуді 
қамтамасыз етуге бағытталған: 
-
маманның кәсіби әлеуметтік іс-әрекеті мазмҧны мен оны орындаудағы 
білім, іскерлік, дағдылар мен тҧлғалық сапаларды сипатын талдау; 
-
білім беру мазмҧнын жобалау ҥшін негізделген бағдарлар мен 
критерийлерді анықтау, қажетті білім, іскерлік және дағдыларды қалыптастыру 
мен болашақ маманның тҧлғалық сапасын дамытуды қамтамасыз ететін оқу-
тәрбие ҥдерісін ҧйымдастыруда тәжірибелік іске асырылуы; 
-
кәсіби даярлау сапасы мен ЖОО бітірушісінің тҧлғалық дамуы 
деңгелерінің барынша осы модель талаптарымен сәйкестігін қамтамасыз ету; 


76 
- ЖОО имиджі мен оның бітірушілеріне берілетін дипломның беделін 
қалыптастыру, оны бітірушілердің еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін 
қамсыздандыру [191]. 
Зерттеу жҧмысы барысында болашақ ағылшын тілі мҧғалімдерінің 
мәдениетаралық коммуникативтік қҧзыреттілігін біртҧтас жҥйе ретінде 
мәдениетаралық қарым-қатынасты оқытуда қалыптастыру моделін қҧрдық. 
Модель болашақ ағылшын тілі мҧғалімдерінің кәсіби білімді меңгеру 
ерекшеліктерін ескерумен қатар, олардың кәсіби және тҧлғалық ӛсуіне жағдай 
жасайды. Кәсіби оқытуды мәдениетаралық қарым-қатынас мән-мәтінінде қҧру 
болашақ ағылшын тілі мҧғалімдерінің мәдениетаралық коммуникативтік 
қҧзыреттілігінің қалыптасуына негіз болады. 
Болашақ ағылшын тілі мҧғалімдерінің мәдениетаралық коммуникативтік 
қҧзыреттілігін қалыптастырудың моделі қҧраушы бӛліктерге, компоненттерге, 
ішкі жҥйелерге бӛлінетін біртҧтас жҥйе ретінде қарастырылады. Сонымен 
қатар, ол: болашақ ағылшын тілі мҧғалімдерінің мәдениетаралық 
коммуникативтік қҧзыреттілігін қалыптастырудың теориялық-әдіснамалық 
тәсілдері мен ҧстанымдарын нақтылау, мәдениетаралық коммуникативтік 
қҧзыреттіліктің мәні, компоненттерінің мазмҧндық толықтырылуы мен 
педагогикалық шарттарын анықтау; болашақ ағылшын тілі мҧғалімдерінің 
мәдениетаралық коммуникативтік қҧзыреттілігін қалыптастыруды ықпалды 
ҧйымдастыру (кезеңдері, технологиялары, әдістері, формалары, орталары); 
оның критерийлері мен кӛрсеткіштерін анықтау, оның қалыптасуының деңгейін 
бағалау ҥшін диагностикалық әдістемелерді іріктеу, оқыту бағдарламаларына 
тҥзетулер ендіруді қамтиды.
Болашақ ағылшын тілі мҧғалімдерінің мәдениетаралық коммуникативтік 
қҧзыреттілігін қалыптастыру моделінің мақсаты олардың мәдениетаралық 
коммуникативтік қҧзыреттілікке қабілеттілігін де қалыптастыруды кӛздейді: 
студенттердің мәдениетаралық коммуникативтік қҧзыреттілігінің мәні мен 
мазмҧнын тҥсінуі; студенттің ӛзінің мәдениетаралық коммуникативтік 
қҧзыреттілігін қалыптастыруға ҧмтылысы, ден қоюы. 
Студент болашақ кәсібін меңгерудегі ӛз мақсаттарының нақтылығын 
саналы тҥрде танумен қатар, қойылған мақсаттардың тҧлғаның мҥмкіндіктері 
мен қабілеттеріне қаншалықты сәйкес келетіндігін тҥсініп, таңдалған мақсатқа 
жетуде бірбеткейлік танытуы тиіс.
Оқыту ҥдерісінде студенттердің білім деңгейлері мен ерекшеліктерін 
ескеру. Зерттеу проблемасына сәйкес жеке (индивидуальдық) тәсілді пайдалану 
келесідей бірнеше себептерге байланысты. Біріншіден, мәдениетаралық 
коммуникативтік 
қҧзыреттілікті 
қалыптастыру 
барысында 
алдымен 
студенттердің коммуникативтік қабілеттерінің деңгейлерін ескеру талап 
етіледі. Екіншіден, жеке тапсырмалар мен жобалар тақырыптарын қҧруда 
студенттердің 
қызығушылықтары 
мен 
бейімділіктерін, 
олардың 
қызығушылықтарын арттыратын іс-әрекеттер тҥрлерін ескермеуге болмайды. 
Егер тақырып қызықсыз әрі кәсіби тҧрғыда маңызды болмаса, тапсырманы 
орындау сапасы тӛмен болуы ықтимал. Ҥшіншіден, болашақ ағылшын тілі 
мҧғалімдерінің мәдениетаралық коммуникативтік қҧзыреттілігін табысты 


77 
қалыптастыру ҥшін студенттердің мотивтері мен мақсаттарын зерттеп, сапалы 
деңгейде ескеру, әрі коммуникативтік іс-әрекеттің эмоционалдық тҧлғалық-
мәнді мотивациясын қалыптастыру қажет.
Біріншіден, бірқатар әлеуметтік жағдайларда ағылшын тілі адамдармен 
қарым-қатынас қҧрудың басты қҧралы болу мҥмкіндігі оқытудың 
қосжақтылығын анықтайды: бір жағынан мәдениетаралық қарым-қатынасты 
оқыту мәдениетаралық коммуникативтік қҧзыреттілігі қалыптасқан ағылшын 
тілі мҧғалімдерін даярлау талап етіледі. Екіншіден, мәдениетаралық қарым-
қатынасты оқытудың тілді меңгеруге байланысты ӛзіндік ерекшеліктері бар. 
Осыған байланысты ағылшын тілін оқыту ҥдерісіне ықпал ететін объективті 
және субъективті факторлар бар. Мәдениетаралық қарым-қатынастыоқыту А.А. 
Леонтьевтің тҧлғалық-іс-әрекеттік теориясына негізделген оқыту әдістерін 
таңдауға байланысты [19]. 
Сонымен қатар, ағылшын тілін меңгеру ҥдерісіне оқу жҥктемесінің кӛлемі, 
мәдениетаралық қарым-қатынастыоқыту бойынша апталық сағат саны, топтағы 
студенттер саны, сабақ уақытында студенттердің сӛйлеу ҧзақтығы, оқулықтар 
мен анықтамалық әдебиеттер сияқты объективтік факторлар әсер етеді.
Мақсат
– маңызды педагогикалық категориялардың бірі. Ол адам іс-
әрекетінің тәсілдері мен сипатын анықтап, жҥйе қҧрушы факторы сапасында
тҥрлі элементтерді анықталған жҥйеге кіріктіруші ретінде кӛрінеді. Мақсат 
мазмҧны кӛп жағдайда оның іске асырылуы, орталары шартымен анықталады. 
Аталған модель: 

жүктеу 2,94 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   80




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау