Кудабаева перизат асанбаевна



жүктеу 2,94 Mb.
Pdf просмотр
бет27/80
Дата09.06.2022
өлшемі2,94 Mb.
#38893
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   80
Kudabayeva disser

нақты мақсатқа бағытталуымен
– болашақ ағылшын 
тілі мҧғалімдерінің мәдениетаралық коммуникативтік қҧзыреттілігін «Болашақ 
маманның мәдениетаралық коммуникативтік қҧзыреттілігін қалыптастырудың 
негіздері» атты элективті курс сабақтарының барысында қалыптастыру; 
модельдің барлық блоктары мен ішкі элементтері ӛзара байланысты, әрі 
анықталған мағыналық жҥктемеге ие және болашақ ағылшын тілі 
мҧғалімдерінің 
мәдениетаралық 
коммуникативтік 
қҧзыреттілігін
қалыптастыруға, яғни нәтижеге жҧмыс жасайды, бҧл оның 
тұтастығымен
ерекшеленеді.
Маман моделін қҧру бҥгінгі кҥні ӛзекті мәселе болып табылады, оның бір 
себебі қазіргі кезде мемлекеттік кәсіби білім беру стандарттарында міндетті 
компоненттер саны азайтылып, кӛптеген білім беру мазмҧнына қатысты 
мәселелерді шешу жоғары оқу орнының қҧзырына берілуде. Оның себептері: 
-
стандарттар нақты әлеуметтік-мәдени жағдайларда жасалады, ал 
сәйкесінше іскерлік сипаттары стандарттың жасалу уақыты аралығына тәуелді; 
-
қазіргі әлем жылдам ӛзгеруде, сондықтан алдағы уақытта қоғамның 
нақты талаптары мен маман моделін қҧру, білім беру мазмҧнын ҧдайы 
жетілдіру мен жаңартудың қажеттілігі кҥн сайын ҧлғаюда. 
Зерттеу жҧмысымыздың мазмҧнына сәйкес біз болашақ ағылшын тілі 
мҧғалімдерінің 
мәдениетаралық 
коммуникативтік 
қҧзыреттілігін 
қалыптастыруға бағытталған әрекеттерінің деңгейлік сипаттамасын, яғни әр 
компоненттің деңгейлерге қатысты критерийлерін сипаттауды жӛн кӛрдік. 


78 
Мәдениетаралық 
коммуникативтік 
қҧзыреттіліктіңмaзмҧндық 
сипаттамасын зерттеу арқылы оның ҥш кoмпoнeнтi epeкшeлeндi: 
мотивациялық, мазмҧндық, іс-әрекеттік.
Мотивациялық
- білім алушылардың шетел тілін оқуға деген мотивациясы, 
басқа елдер мен халықтардың тілі мен мәдениетін қабылдау мен тҥсінуге деген 
ынтасы, басқа мәдениет ӛкілдерінің қимыл қозғалысы мен ым-ишара қарым-
қатынасындағы білімге деген қҧштарлығының болуын кӛрсетеді. 
Мазмұндық
- білім алушылардың елтану білімдері, қарым-қатынастың 
вербальды және вербальды емес қҧралдары, мінез-қҧлық нормалары мен 
ережелерін біліп тану, студенттердің тҧлғалық сапалары мен басқа халықтардың 
тілі мен мәдениетін қабылдауға деген толеранттылығы мен қҧндылық 
бағдарының болуын меңзейді. 
Іс-әрекеттік
– іс-әрекетте мәдениетаралық коммуникативтік қҧзыреттілікті 
кӛрсетуге деген даярлығы, яғни мәдениетаралық ӛзара әрекеттесуде тҥрлі 
жағдайларда ӛзін дҧрыс ҧстай білу мен тиімді қадамдар жасай білу 
дайындығының болуын, шығapмaшылық ic-әpeкeт (шығapмaшылық жoбa) 
әдicтepiн меңгеру, ӛз бeтiншe қарым-қатынас әpeкeттepін жocпapлaу мeн кәciби 
ic-әpeкeттepдiң нәтижeлiлiгiн кӛpceтeдi. 
Студенттердің 
мәдениетаралық 
коммуникативтік 
қҧзыреттілігін 
қалыптастыруға бағытталған әрекеттерінің деңгейлік сипаттамасын тӛмендегі 
кестеде кӛрсеттік (кесте 5). 
Кесте 5 - Болашақ ағылшын тілі мҧғалімдерінің мәдениетаралық коммуникативтік 
қҧзыреттілігін қалыптастыруға бағытталған әрекеттерінің деңгейлік сипаттамасы 
Деңге
йлері 
Компоненттері 
Сипаттамасы 



Т
ӛм
ен
Мотивациялық Кӛп жағдайда басқалармен тиімді қарым-қатынас 
әрекетін 
іске 
асыра 
алмайды 
немесе 
мәдениетаралық 
қарым-қатынас 
ҥдерісіне 
абсолютті бейқамдық білдіреді. Ӛзін мәдениеттер 
диалогының субъектісі ретінде қарастырмайды 
және мәдениетаралық қҧзыреттілік оның кәсіби 
міндеті деп ойламайды. Әрекетті ҧйымдастыруға 
талпынысы тӛмен сипат алады. Мәдениетаралық 
қарым-қатынасқа еш қызығушылық танытпайды, 
яғни немқҧрайлы қарайды. Мәдениетаралық 
қарым-қатынасқа 
қажетті 
коммуникативтік 
іскерліктер мен дағдыларды меңгеруге жеткілікті 
дәрежеде жауапкершілікті танытпайдықабылдауға 
деген толеранттылығы мен қҧндылық бағдарының 
болуын меңзейді. Заманауи технологияларды 
пайдалануға деген қҧштарлығы тӛмен 


79 
5 – кестенің жалғасы 



Мазмҧндық
Жеке 
басының 
коммуникативтілік 
сапасы 
кӛрсетілген контекстке сай емес, ӛзін-ӛзі бағалай 
алмайды. Коммуникативтік қабілет санатындағы 
ҧстанған 
бағыттылықтың 
мән-мазмҧнын, 
функциясын 
жетік 
білмейді.Мәдениетаралық 
қҧзыреттілікті 
қалыптастыруға, 
заманауи 
технологияларды пайдалануға қажетті білімдері 
жеткіліксіз және ҥстіртін 
Іс-әрекеттік 
Қарым-қатынас ҥдерісінде серіктеске, оның 
әрекетіне 
бағдарлануы 
тӛмен. 
Серіктестің 
әлеуметтік жағдайын, дара ерекшеліктеріне мән 
бермейді.Заманауи технологияларды пайдалану 
іскерлігі ӛте тӛмен. Толыққанды мәдениетаралық 
қарым-қатынас 
жҥргізуге 
бағытталған 
іс-
әрекеттері мҥлдем қалыптаспаған 
Қ
ан
ағ
ат
та
на
рл
ы
қ 
Мотивациялық Мәдениетаралық 
қарым-қатынас 
әрекеттері 
тҥрлерін жете меңгергенімен, оларды іске асыруда 
талпынысы тӛмен. Әрекетті ҧйымдастыруда 
вербальды емес қарым-қатынас қҧралдарын толық 
меңгермеген. Кәсіби ынтасы жеткіліксіз сипат 
алады. Мәдениетаралық қарым-қатынас орнатуға 
қызығушылығы 
тӛмен 
және 
қажетті 
коммуникативтік іскерліктер мен дағдыларды 
меңгеруге жеткілікті дәрежеде жауапкершілікті 
танытпайды
Мазмҧндық
Вербальды емес қарым-қатынас қҧралдарын 
меңгерген, оларды іске асырудағы іскерлігі мен 
дағдысы кӛбінесе заманауи технологиялар арқылы 
асырылады. 
Мәдениетаралық 
қарым-қатынас 
талаптарына 
сай 
мінез-қҧлық 
нормалары, 
ережелері, қосарлы білімі, іскерлігі мен дағдысы 
гностикалық сипат алады. Мәдениетаралық 
қҧзыреттілікті қалыптастыруға қажетті білімдері 
жеткілікті дәрежеде терең емес, жҥйелі емес 
Іс-әрекеттік 
Қосарлы білім, іскерлік пен дағдылардың кӛрініс 
табуы, олардың іске асырылуы қанағаттанарлық 
сипат алады. Толыққанды мәдениетаралық қарым-
қатынас жҥргізуге бағытталған іс-әрекеттері 
жеткілікті дәрежеде қалыптаспаған. Қарым-
қатынас жасауда заманауи технологияларды 
пайдалану іскерлігі жеткіліксіз. 


80 
5 – кестенің жалғасы 



Ж
оғ
ар
ы
Мотивациялық Мәдениетаралық қарым-қатынасқа белсенді әрі 
шығармашылық 
қызығушылық 
танытады. 
Мәдениетаралық қарым-қатынастың әлеуметтік 
мәнін 
терең 
тҥсінеді. 
Мәдениетаралық 
коммуникациялық әрекет тәсілдерін меңгеру 
ынтасы 
жоғары. 
Қҧзыреттілік 
әрекеттерін, 
заманауи технологияларды білуге талпынысы 
жоғары. 
Мәдениетаралық 
қҧзыреттілікті 
қалыптастырудың тиміді әдістері мен тәсілдерінің 
бастамашысы әрекетін ӛз жауапкершілігіне алады
Мазмҧндық
Қарым-қатынастың атқаратын функцияларын жетік 
меңгерген. 
Мәдениетаралық 
қҧзыреттілік 
әрекеттерін меңгерген. Объективті қҧбылыстардың 
субъективті кӛрінісі орын алады, заманауи 
технологияларды пайдалану туралы білімі жоғары. 
Мәдениетаралық қҧзыреттілікті кӛрсетуге қажетті 
терең әрі мобильды білімді толық меңгерген 
Іс-әрекеттік 
Коммуникативтік актілерді меңгерген және оларды 
ӛз әрекетінде жҥзеге асыра алады. Вербальды емес 
қарым-қатынас қҧралдарын толық меңгерген, әдіс-
тәсілдерді 
кәсіби 
мақсатқа 
пайдалануға 
байланысты 
қҧзыреттілік 
орын 
алады. 
Мәдениетаралық 
қарым-қатынасжҥргізу 
мен 
заманауи 
технологияларды 
қолданудағы 
іскерліктерін жоғары дәрежеде меңгерген 
Зерттеу жҧмысының алдыңғы тармақшаларында зерттеу тақырыбына 
қатысты бірқатар жҧмыстарға талдау жасалынған болатын. Қарастырылған 
авторлар пікірлері және олардың кӛзқарастары студенттердің мәдениетаралық 
коммуникативтік қҧзыреттілігін қалыптастыру жолдарын айқындап берді. 
Әйтсе де, студенттердің мәдениетаралық коммуникативтік қҧзыреттіліктерін 
қалыптастыру бірден жҥзеге асып кетпейді, ол біртіндеп бір-бірімен сабақтасып 
келетін бірнеше қадамдармен жылжып отырады.
Зерттеу 
жҧмысының 
барысында 
студенттердің 
мәдениетаралық 
коммуникативтік 
қҧзыреттілігін 
қалыптастырудың 
негізгі 
қадамдары 
айқындалып, оларға сипаттама берген дҧрыс. Сонымен, студенттердің 
мәдениетаралық коммуникативтік қҧзыреттілігін қалыптастырудың алғашқы 
қадамы – бҧл тҥрлі мәдениеттерге қарай 

жүктеу 2,94 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   80




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау