74
дейінгі кезеңде қазақстандық оқыту ҥдерісін модернизациялау тҧжырымына
енгізілген болатын. Осыған орай жоғары мектеп бҧл бағытты іске асыру мен
тҥлектердің оқу-ҥйренімі аяқталғаннан соңғы жалпы да арнайы қҧзыреттілігін
ӛрнектеуге байланысты маңызды міндеттердің шешімін табуы қажет.
Зерттеу тақырыбына байланысты болашақ ағылшын тілі мҧғалімдерінің
мәдениетаралық коммуникативтік қҧзыреттілігін қалыптастыру моделін
анықтау бірқатар ҧғымдардың мәнін айқындауды талап етеді.
Олардың
қатарында, «қалыптастыру», «қалыптасу», «модель» ҧғымдары бар.
Педагогикада «қалыптастыру» ҧғымы педагогикалық ӛзара байланыстағы
«оқыту – білім беру – тәрбиелеу – шығармашылық іс-әрекет – даму –
қалыптасу» категорияларының негізінде ашып кӛрсетіледі. «Қалыптасу» –
адамды қоршаған экологиялық, әлеуметтік-экономикалық, идеологиялық,
психологиялық және т.б. барлық факторлардың тҥгелдей ықпал-әсер етуімен
әлеуметтік тіршілік иесі ретінде ӛсіп, жетілу ҥдерісі. Қалыптасу адамның тҧлға
ретінде
кемелденуі, байыпты парасат деңгейіне жетуі болып табылады [188].
Сонымен «қалыптастыру» ҧғымы сыртқы факторлар арқылы ішкі сапалық
қасиеттерді орнықтыруда кӛрініс табатындығымен сипатталады. Ал
«қалыптасу» болса, негізінен ішкі факторлар арқылы жҥзеге асырылады және
іс-әрекет нәтижесімен анықталады. Педагогикалық ҥдеріске, оның ішінде
педагог пен білім алушыға қатысты қалыптастыру мен қалыптасу ҧғымдары
мен оның аясындағы іс-әрекеттердің ӛзара байланысы мен ықпалының бар
екендігін кӛруге болады.
Болашақ ағылшын тілі мҧғалімдерінің мәдениетаралық коммуникативтік
қҧзыреттілігін қалыптастыру оқу-тәрбие ҥдерісіндегі
білімді меңгеру мен
іскерлікті (психомоторлы дағдыларды) және жеке тҧлғалық сапаларды
қалыптастыру ҥдерісінен тыс жҥзеге асырылмайды және оқыту мен оқу
ҥдерісінде орындалады.
Жоғарыдағы баяндаулардан қалыптастыру меңгертумен, қалыптасу
меңгеру іс-әрекеттерімен байланыстылығын кӛреміз. Меңгеру дегеніміз –
жинақталған әлеуметтік тәжірибенің тҧлғаның жеке басының игілігіне айналуы
және сол арқылы тҧлғаның жеке басының қасиетіне айналуы [189],
білімді
ӛзіндік ету дегеніміз – тҥсіну, есте сақтау және қолдана білу, яғни, бҧрынырақ
тҥсінгенді және есте сақтағанды тәжірибеде пайдалану мҥмкіндігі.
Болашақ ағылшын тілі мҧғалімдерінің мәдениетаралық коммуникативтік
қҧзыреттілігін қалыптастыру – бҧл болашақ ағылшын тілі мҧғалімдеріне
қойылатын коммуникативтік талаптарды анықтау, олардың болашақ кәсіби іс-
әрекеттерін болжау мен дамытудың мҥмкіндігі ғана емес, жоғары оқу орны
жағдайында болашақ мамандарды отандық жоғары білім беру жҥйесін
реформалаудың жаңа шарттарында, жаңа инновациялық
технологияларды
ендіру жағдайында кәсіби даярлауды ықпалды жоспарлаудың негізгі элементі.
Жасақталған модель оқу-тәрбие ҥдерісін жоспарлаудың және жоғары оқу
орнының ғылыми-зерттеу ҥдерістерінің нәтижелілігін жоғарылатудың,
бітірушілерді жҧмыспен қамтамасыз етудің әдіснамалық негізі болуы тиіс.
Пcиxoлoгиялық cӛздiктe «Мoдeль» - oқу әpeкeтiн мoдeльдeу дeгeн ҧғымды
бiлдipeдi. Oқу әpeкeтiн мoдeльдeу eкi acпeктiдeн тҧpaды:
Достарыңызбен бөлісу: