Бухгалтерлік баланс нысанына сәйкес мынадай айналым активтері бөлінеді:
қорлар;
Сатып алынған құндылықтар бойынша ҚҚС;
дебиторлық берешек;
қаржылық салымдар (ақшалай баламаларды қоспағанда);
ақша қаражаты және ақша баламалары;
ағымдағы активтердің белгілерін қанағаттандыратын басқа активтер.
11. жоқ!
12. Айналым капиталының қалыптасу көздері мен оларды қалыптастыру тәсілдерін анықтама беріңіз Айналым капиталы — өндіргіш капиталдың бір бөлігі. Оның құрамына тұрақты капиталдың шикізат, материалдар, отын, өндірістің аяқталмаған элементтері және өзгермелі капитал (жұмысшы күшіне жұмсалатын шығын) кіреді.
Тұрақты капиталдың материалдық элементтерінің бір бөлігі (шикізат, материалдар) өндірілген өнімге өз құнын көшіре отырып, оның материалдық субстанциясын (алғашқы негізін) жасайды, ал басқа бөлігі (отын) тек өз құнын көшіреді, бірақ сол субстанцияны (зат негізін) жасауға қатыспайды. Айналым капиталының шикізат пен материалдар түріндегі құны өндірістің толық уақытына авансыланады. Сондықтан тұрақты капиталдың ұзақ кезеңді салалардағы айналым шапшаңдығы өндірістің қысқа кезеңді салаларына қарағанда аз болып келеді. (қ. Капитал айналымы). Тауар сатылған соң айналым капиталының құны айналым саласынан ақшалай күйде толық қайтып оралады және қайтадан өндіргіш капитал элементтеріне айналуы мүмкін.
Қолданыстағы айналым капиталының мөлшері өндіріс көлемі мен айналым уақыты арқылы анықталады. Ауыспалы айналым процесінде капитал құнының бір бөлігі өндірістік айналым капиталының материалдық қоры түрінде болады. Егер капитал айналымы бәсеңдесе өндіріс процесінің тоқтап қалмауын қамтамасыз ету үшін кәсіпкерлер айналым капиталына қосымша қаржы жұмсауға мәжбүр болады. Ал айналым тездеген жағдайда, керісінше, айналым капиталы құнының бір бөлігін босатуға мүмкіндік туады.
Негізгі капиталдың қорлануы мен өндірістің өсуі өндіріске қажетті қорларды көбейтуді қажет етеді. Мұны жүзеге асыру үшін таза пайданың бір бөлігін капиталға айналдыру немесе несие алуға тура келеді. Егер айналым капиталының кейбір элементтерінің бағасы өссе, кәсіпкерлер нақты өнім көлемін бұрынғы деңгейде сақтау үшін қосымша қаржы жұмсауы керек
13.Шығындар түсінігіне анықтама беріңіз Шығын – кәсіпорынның шаруашылық қызмет барысында қаражатын (капиталын) азайтатын немесе міндеттемелерін көбейтетін жұмсаған немесе ұстаған шығыны, яғни есепті кезеңде азын-аулақ ақшалай қаражаттың жұмсалуы нысанына немесе активтердің тозуы мен істен шығуы немесе меншікті капиталдың азаюына апарып соқтыратын міндеттемелердің салдарынан пайда болады. Салықтардың бюджетке есепті салықтардан артық төленуі шығыс деп саналады‚ акционерлерге дивиденд төлеу шығысқа жатпайды. Ағымдағы және күрделі шығыс болып жіктеледі. Ағымдағы шығыстың құрамында өндірістік шығыс маңызды топты құрайды, ол өнімнің (жұмыстың, көрсетілген қызметтің) өзіндік құнына ықпал етеді. Өндірістен тыс шығыс өндірілген өнімді сатумен байланысты. Өткізуден тыс шығыс тоқтатылған өндірістік қуаттар мен нысандарды ұстауға жұмсалған шығынды, неғайбыл дебиторлық берешекті есептен шығарудан тиген залал, дүлей апаттан болған шығасыны, күші жойылған өндірістік тапсырыстар бойынша шығынды; қысқа мерзімді жалға өткізілген негізгі құрал-жабдық бойынша тозымпұлдық аударымды қамтиды. Болжанбаған шығыс – өнімді өндірумен және өткізумен тікелей байланысты емес, оның мөлшерін қаржы жоспарын жасау кезінде есептеу мүмкін емес. Оған айыппұл мен тұрақсыздық айыбы жатады. Күрделі шығыс бейқаржылық активтерге салынған инвестицияны, ұзақ мерзімді қаржы жұмсалымын қамтиды.
14.Табыс түсім сөзіне анықтама беріңіз Табыс, Түсім – шотқа түскен ақша.
Табыс өткізілген, сатылған, жеткізілген өнім үшін, көрсетілген қызмет үшін, сондай-ақ бағалы қағаздар шығарылымын тарату нәтижесінде шотқа келіп түскен ақшалай түсім мағынасында кеңінен қолданылады. Тындырылған қайсыбір істің нәтижесінде түскен нәрсені, келген пайданы да табыс деп атайды. Түрлері: материалдық табыс – сатып алу, өтеусіз табыстау, өз күшімен дайындау нәтижесінде еңбек заттарының толықтырылуы; негізгі құрал-жабдық (қор) табысы – кәсіпорында күрделі қаржы жұмсау, негізгі мал табынын қалыптастыру, басқа кәсіпорындардан объектілерді өтеусіз алу нәтижесінде негізгі құрал-жабдықтың толықтырылуы; саудадағы тауарлар табысы – тауарлардың түсуіне және ресімделуіне байланысты жүргізілетін шаруашылық операциялары; жалпы табыс – бизнестің қайсыбір саласында жұмсалған шығынды, төленген салықты, т.б. шегергенге дейінгі уақыт кезеңінде алынған бүкіл ақшалай сома; сыртқы төлем табысы – шикізатқа, салыққа, т.б. жұмсалған шығынды шегергеннен кейінгі уақыт кезеңінде алынған ақшаның жалпы сомасы; тарату табысы – мерзімі өтіп кеткен ипотека, несиені не сату есебінен, не несиеге құқықты басқаға беру жолымен жоюдан, мүлікті иелену құқығын сатудан, кепілге салынған мүлікті сатудан, сондай-ақ кәсіпорынды, фирманы, т.б. тарату (қызметін тоқтату) кезінде мүлікті сатудан алынған қолма-қол қаражат; қорланған табысы – қызмет көрсету немесе тауар жеткізу бойынша дебиторлық берешекті (алашақты) өтеу мерзімі әлі басталмаған кездегі табысқа жатады, яғни тіркелмеген табыс; күтулі табыс – ұйымның жеткізілген тауарлар, көрсетілген қызметтер үшін тапсырыскерлерден алуға тиіс сомасы.
15.Корпорация капиталының ауыспалы айналым сатыларына анықтама беріңіз Капиталдың ауыспалы айналымы[1] – ақшалай қаражаттың өндіріс пен айналыс аясындағы қозғалысы‚ бұл қозғалыс барысында ол толық айналым жасайды.
Капиталдың ауыспалы айналымы дүркін-дүркін жаңарып отыратын процесс ретінде қаралады‚ оның дәйекті түрде авансылануын (өндіріс құрал-жабдығын сатып алуға‚ еңбекақы төлеуге аванс берілуін)‚ өндірістік тауардың өткізілуін‚ бастапқы нысанға қайтып оралуын қамтиды, яки капитал үш сатыдан өтеді:
бірінші сатыда ақшалай нысаннан өндіріс құрал-жабдығы мен жұмыс күші нысанына ауысады;
екінші сатыда тікелей өндіріс процесі жүзеге асырылып‚ тауар жасалады;
үшінші сатысында тауар сатылады (ол аяқталған бойда капитал қайтадан ақша нысанына ие болады).
Бірінші және үшінші сатылары айналыс саласына жатады‚ екінші сатысы өндіріс саласына жатады. Әрбір сатыда – капитал белгілі бір функциялық нысанға ие болады: бірінші сатыда ақшалай нысанға‚ екінші сатыда – өндірістік нысанға‚ үшінші сатыда – тауар нысанына ие болады. Қозғалыс үздіксіз болуы үшін оның белгілі бір бөліктері бір мезгілде үш нысанның бірінде болуға және үш сатыдан өтуге тиіс. Бір мезгілде үш функциялық нысанда болатын және өзінің ауыспалы айналымында үш сатыдан дәйектілікпен өтетін капитал өндірістік капитал деп аталды. Үздіксіз жаңартылып отыратын процесс ретінде қаралатын өнеркәсіптік Капиталдың ауыспалы айналымы оның айналымын құрайды. Капиталдың ауыспалы айналымы уақыты бүкіл авансыланатын капитал өндіріс пен айналыс сатысынан өтетін және бастапқы нысанына қайтып оралатын кезең ретінде қаралады. Капиталдың ауыспалы айналымының жылдамдығы оның бір жыл ішінде жасалатын айналымының санымен өлшенеді. Капиталдың ауыспалы айналымының жылдамдығы көптеген факторларға байланысты. Олардың ішіндегі елеулілері: өндіргіш капиталдың негізгі капитал мен айналым капиталына қаншалықты ара қатынаста бөлінетіні. Айналым капиталы айналымының жылдамдығы негізгі капитал айналымының жылдамдығынан жоғары. Сондықтан бүкіл Капиталдың ауыспалы айналымының уақыты неғұрлым аз болса және айналым жылдамдығы неғұрлым жоғары болса‚ айналым капиталының авансыланған капиталдағы үлесі солғұрлым жоғары болмақ. Капиталдың ауыспалы айналымының жеделдеуі өндіріс уақытын немесе екеуінің де айналысын қысқарту деген сөз‚ ол авансыланған капиталдың шамасын азайтады және оны пайдалану тиімділігінің артқанын көрсетеді.
16. Жарғылық капитал түсінігіне анықтама беріңіз Жарғылық капитал / Жарғы капиталы — құрылатын кәсіпорынның (фирманың, ұйымның) активтеріне құрылтайшылар салған салымдардың құны, яғни оның капиталының бастапқы сомасы. Ол кәсіпорынның жарғысында айқындалады, негізінен акцияларды сатудан түскен ақша есебінен құралады. Қатысушы осы салымдар шегінде фирманың міндеттемелері бойынша жауап береді. Жарғылық капитал фирма теңгерімінде оқшау есептеледі.Жарғылық капитал - бастапқыда салынған активтердің (көбінесе ақшаның) кәсіпорынды бастау үшін қажетті сомалары. Оның мөлшері ерікті емес, ол юрисдикцияның белгілі бір нормаларына сәйкес белгіленеді. Жарғылық капиталдың арқасында коммерциялық қызметтегі алғашқы қадамдар үшін қажетті қаражатты құруға болады.Әрине, бұл маңызды және бірден бірнеше функцияларды орындайды. Міне бастысы:
Ол кредиторларды қорғауды қамтамасыз етеді. Бұл дегеніміз, бұл капитал инвесторларға кәсіпорынға сәтсіздікке ұшыраған және мүлдем жойылатын болса да, кейбір өтемақы алатындығына кепілдік береді;
Нарықтағы позициялауға әсер етеді. Ол тәжірибелі адамдар компанияның қаншалықты табысты екендігін және болашақта оны күтетін жарнама капиталының астында (бұл көрсеткіш тым ақпараттылығы болмаса да);
Дамушы компания үшін бұл бастапқы капитал. Бастапқы капиталы болмаса, коммерциялық қызмет болмайды, өйткені тұрақты шығыстарсыз және оны жұмсай алмай оны таратуға болмайды;
Ол компанияларға нарыққа шығуды шектеу құралы ретінде пайдаланылады. Кейбір жағдайларда, компанияның жарғылық капиталы талаптарды қанағаттандырмаса, қызмет мүмкін болмайды. Мұның барлығы маңызды бизнес үлкен жауапкершілікті талап етеді.
17.Қаржы нарығының экономикалық мәнін ашыңыз
Қаржы нарығы - ақша операцияларының арнайы саласы болып табылатын нарықтық қатынастар жүйесі; капитал несиегерлер мен қарызгерлер арасында бағалы қағаздарды шығару және сатып алу-сату нысанында қайта бөлінетін несие капиталдары нарығының бір бөлігі.Мұнда халықтың, шаруашылық жүргізуші субъектілердің, мемлекеттік құрылымдардың клиенттерге не бағалы қағаз кепілдігімең немесе несие түрінде берілетін бос ақшалай қаражаты мәміле объектісі болып табылады. Сондықтан ол бағалы қағаздар нарығы ретінде де, несие капиталының нарығы ретінде де әрекет етеді.Қаржы нарығы жаңа бағалы қағаздар шығару ісімен айналысатын бастапқықаржы нарығы және бұрын шығарылған бағалы қағаздарды қайта сатумен айналысатын қайталама қаржы нарығы түрлеріне бөлінеді. Қайталама нарық өз кезегінде биржалық және биржадан тыс нарық түрлеріне бөлінеді. Биржалық нарықта мамандандырылған қор биржалары жетекші компаниялардың акцияларын сатып алу-сату операцияларын жүргізеді. Әлемдік экономиканың жаһандануы жағдайында дамыған елдердің ұлттық қаржы нарығы әлемдік қаржы нарығының бір бөлігі болып табылады. Бұған қаржы нарығында сауданы ұйымдастырушылар көрсететін қызметтер ұсынысының ақпараттық технологиялар негізінде ұлтаралық сипаталуы септігін тигізуде. ұлттық несие-қаржы институттарының мүдделерін қорғау үшін мемлекет қаржы нарығына қатысу- шылардың қызметін арнаулы мекемелер арқылы реттеп отырады. Мысалы, Қазақстанда мұндай міндетті Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі орындайды.
17. Қаржы нарығының экономикалық мәнін сипаттап жазыңыз Қаржы нарығы дегеніміз – сауда-саттық қызметімен, халықаралық деңгейдегі түрліше қызмет көрсетуге байланысты істермен, елдер арасында капитал алмасумен айналысатын және шет елдік валюталарды, құнды қағаздарды сатып алумен тығыз байланысты жүзеге асыратын өзіндік жүйе. Қаржы нарығы ол институционалдық құрылымының құрылуына және қаржылық құралдардың енгізілуін реттеу мен нарық инфрақұрылымының тұрақтылығына әсер етуші процесс болып табылады.
Қаржы нарығы нарықтық экономика жағдайында қаржы ресурстары қозғалысында бір жүйеліліктің тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Қаржы қорларын бөлу және пайдалану ісінде қаржылық қызметтің жаңа нысандары мен әдістерінің экономикалық практикада терең бойлауына, қызмет жүргізу тиімділігін арттыруға барынша күшті ықпал жасайды.
Қаржы нарығы қаржы құралдарының саудасы жүйесін құрайтын ақша нарығы, депозит нарығы, несие нарығы, валюталық нарық, қор нарығы, сақтандыру нарығы, зейнетақы нарықтарының ұйымдастырылған жүйесі түрінде көрінеді. Бұл жерде басты ролді тауар қызметін атқаратын төлем құралдары мен бағалы қағаздарды иелерінен қарызгерлерге бағыттайтын қаржы институттары атқарады. Кез-келген нарық сияқты қаржы нарығы да сатушылар мен сатып алушылар арасында тікелей байланыстарды орнатуға бағытталған.
Сондықтан да, қаржы нарығы -капиталға деген сұраныс және ұсыныстың қалыптасуы шегінде делдалдар көмегімен несиегерлер мен қарызгерлер арасында капиталды қайта бөлу механизмінің жүйесі деп айтуға болады.
Қаржы нарығының негізгі қызметтері:
-реттеу қызметі; бұл қызмет көмегімен мемлекеттік басқару органдары және өзін-өзі реттеуші ұйымдар тарапынан нарықты реттеу жүзеге асырылады;
-ақпараттық; қаржы нарығының барлық қатысушыларының толық және нақты ақпаратпен қамтамасыз етілуін көрсетеді;
-бөлу қызметі, қаржы нарығы құралдарының айналысы ақша қаражаттарының экономиканың бір саласынан екіншісіне, нарықтың бір қатысушысынан екіншісіне және бір айналыс сферасынан екіншісіне құйылуы арқылы қаржы ресурстарының қайта бөлінуін қамтамасыз етеді;
-коммерциялық қызмет; бұл қызмет қаржы нарығына қатысушылардың кез-келгенінің пайда табу мүмкіндігін көрсетеді;
-баға қалыптастырушы қызмет; қаржы нарығында қаржы құралдырының бағасы еркін бәсеке жағдайында сұраныс пен ұсыныс негізінде қалыптасады.
18. Несие беру нысандарын сипаттап жазыңыз Несие (лат. creditum — несие, credo - сенемін, сенім білдіремін), несие белгілі-бір мерзім бойы пайдаланып, қайтарылу үшін әдетте, пайыз төлеу шартымен ақшалай немесе тауар түрінде берілетін қарыз. Оның қозғалысы кезінде несиелер мен қарызгер арасында белгілі бір экономикалық қатынастар қалыптасады. Несиесің дамуы ұдайы өндіріс үрдісіндегі капиталдың ауыспалы айналымының заңдылықтарына орайлас келеді: шаруашылықтың белгілі бір телімдерінде уақытша еркін айналымдағы ақша капиталы бос қалады да, басқаларында оған деген мұқтаждық, яғни несие алу қажеттілігі туады. Несие беру қағидаты - несиелендіру жүзеге асырылатын негізгі ережер, қағидалар. Оларға несиенің кепілдікпен қамтамасыз етілуі, несиенің тікелей және мақсатты сипаты, оның мерзімділігі, ақы төленетндігі, қайтарылатындығы жатады. Кепілдікпен қамтамасыз етілуі - несиенің кәсіпорында бар материалдық құндылықтар кепілдігімен немесе нақты шығын кепідігімен берілетіндігі. Несиенің мақсатты сипаты - несие атаулының кәсіпорындарға несие жоспарына сәйкес қатаң түрде айқындалған мақсаттар үшін берілетіндігі. Несиенің берілетіндігі мен қайтарылатындығы - несиенің белгілі бір мерзімге берілетіндігі, ол мерзім аяқталғаннан кейін несиенің банкіге қайтарылатындығы. Ақы төленетіндігі - несиені пайдаланғаны үшін пайыз төлеу қажеттігі. Несиелендіру шарттарын бұзған кәсіпорындарға тиісті санкциялар қолданылады. Ол сондай-ақ несиені тиімді пайдаланғаны үшн де жауап береді.
Әр клиенттің банкке жүгінуі әрқашан жеке қарастырылады. Несие беруші бәрін бағалайды: сіздің жасыңыз, жұмысыңыз, табысыңыз, отбасылық жағдайыңыз, сіздің меншігіңізде жылжымайтын мүлік немесе көлік құралдары, қарыздарыңыздың болуы және т.б. Мұны «гол» деп атайды.
19.Қаржылық тұрақтылығы бұл тәуекелдердің мүмкін болатын деңгейінде төлем қабілеттілігі мен несие қабілеттілігін сақтай отырып, табысты өсіру негізінде қаржыны тарату мен пайдалану арқылы кәсіпорынның дамуын көрсететін қаржы ресурстарының жағдайы.
Қаржылық тұрақтылықтың мәні бұл қорлар мен шығындардың қалыптастыру көздерінен қамтамасыз етілу.
Нарық жағдыйында ол ең бірінші өнімді өткізуден түсетін табыстың тұрақтылығын талап етеді және оның мөлшері мемлекетпен, жабдықтаушылармен, несие берушілермен және тағы басқалар мен есеп айырысу үшін жеткілікті дәрежеде болуы тиіс. Сонымен қатар кәсіпорынның одан әрі дамуы үшін барлық есеп айырысулар мен барлық міндеттемелерді орындағаннан кейін, осы кәсіпорында өндірісті дамытуға, оның материалдық- техникалық базасын жаңартуға және де әлеуметтік жағдайды жақсартуға және басқаруға мүмкіндік беретіндей дәрежеде табыс қалуы қажет. Қаржылық тұрақтылық- бұл табыстардың шығындардан асу тұрақтылығы, оларды жүзеге асыру тиімділігі жолымен кәсіпорынның ақша қаражаттарын еркін қолдану. Қаржылық жағдайдың тұрақтылығы қаржылық коэффициенттер жүйесімен сипатталады.
20. Корпорацияның банкроттықтың себептеріне анықтама беріңіз Банкроттық — кәсіпорындардың төлем қабілетсіздігі салдарынан өз жұмысын мәжбүрлі тоқтатуы. Әдетте, фирманың банкроттығы, көбінесе, олардың шығыны кірісінен асып кетуі салдарынан туындайды. Мұндай жағдайда борышқор тек соттың шешімі бойынша ғана банкрот деп танылады.
Кәсіпорындардың банкротқа ұшырау себептері Маркетингтік мүмкіндіктері жете бағалай алмау. Кәсіпорынның жаңа даму стратегиясын дайындаудың орнына пайдалылығы төмен өндіріс қуаттылығын арттыру. Нәтижесінде фирма өткір кассалық бюджет тапшылығына ұшырайды.
Бизнеске қатысы жоқ салаға әртараптану. Жұмыс істеп жатқан бизнестің ақша ағынын маңызды негіз жоқ бола тұра басқа бизнесті бастауға жұмсау.
Маркетингтің тек жақында ғана көруі. Бизнестің нарықтық мүмкіндіктер тұрғысынан емес, пайда болған идеялар тұрғысына негізделуі. Бизнесті ұйымдастырудағы нақты мүмкіндіктерге маркетинг талдауының жүргізілмеуі.
Жобаның үлкен болуы. Компания ақша ағынынын көлеміне көңіл аудармастан үлкен жобаны бастайды, ал мұның жанында кәсіпорын қуаттылығының күшеюі мен қосымша жұмысшы күшінің тартылуының нәтижесінде ақша қаражаттарына деген қажеттілік те арта түседі. Фирма үлкен жобаны бастау үшін жеткілікті ақша қаражатының бар екендігіне көз жеткізу қажет.
Жоспарлаудағы кемшіліктер. Шоттарға төленетін төлемдердің кідіруінен немесе тапсырмалардың қысқаруынан өндіріс көлемінің төмендеп кетуі сияқты күтпеген жағдайларда фирма өзінің әрекеттерін (өндірісті тоқтату қуаттылықты азайту және т.б.) жоспарлау қажет
Достарыңызбен бөлісу: |