|
Корпорация қаржысына анықтама беріңіз Корпоративтік қаржы функцияларына анықтама беріңізБанкроттықтың түрлеріне анықтама беріңіз
|
бет | 5/15 | Дата | 25.06.2023 | өлшемі | 256,1 Kb. | | #43070 |
| Корпоративтік қаржы жауаптар21. Банкроттықтың түрлеріне анықтама беріңіз
Банкроттық нарық шаруашылық бір категориясы болып табылады. Ол соттың шешімімен немесе кредитор келісім бойынша соттан тыс ресми түрде жарияланады. Сөздікте банкроттық (итальян сөзі Banco – банк және gotto – құлдырау) – дәрменсіз, кәсіпорынның немесе азаматтың қаржысыз болуы, осыған орай өз міндеттемелерін төлеуге дәрменсіз болуы.
«Банкроттық туралы» Қазақстанда үш заң актісі қабылданды.
Бірінші заң: 1992 жылы 14 қаңтарда
Екінші заңы: 1995 жылы 7 сәуірде
Үшінші заңы: 1997 жылы 21 қаңтарда
Кәсіпорын банкроттылығының түрлері:
• Нақты банкроттылық. Кәсіпорынның болашақ кезеңде өзінің қаржылық тұрақтылығы мен төлем қабілеттілігін қалпына келтіруге толық қабілетсіз.
• Техникалық банкроттылық. Кәсіпорынның төлем қабілетсіздігін сипаттайды, яғни дебиторлық қарызының мерзімінен өтіп кетуінің себебінен. Кәсіпорынның дебиторлық қарыз көлемі кредиторлық қарыз көлемінен артық болады, ал активтерінің сомасы қаржылық міндеттемелер көлемінен артық болады.
• Әдейі банкроттылық. Кәсіпорынның төлем қабілетсіздігін басшысы немесе құрылтайшысы әдейі жасайды. Кәсіпорынды өзінің мүддесі немесе басқа тұлғаның мүддесі үшін экономикалық зардапқа әкеледі.
• Тиімді банкроттылық. Несиелік міндеттемелерінің мерзімін ұзарту немесе несиелік қарыз сомасын жеңілдету мақсатында кәсіпорын өзінің өтірік төлем қабілетсіздігін кредиторларға жариялаумен сипатталады. Банкротқа ұшырау себептері сыртқы және ішкі де сипатқа ие болуы мүмкін. Сыртқы факторларға жалпы экономикалық құлдырау, процент ставкасының өзгеруі, мемлекеттік саясаттағы өзгеріс, анағұрлым жетілген құрылыс материалдары мен құбылыс өндірісі технологиясының пайда болуын жатқызуға болады. Іс – жүзінде бұл сыртқы әсерлер барлық фирмаларға бірдей, бірақ кейбіреулері оларға төтеп беріп, қызметін одан ары қарай тиімді жүргізе алуда, ал басқалары сәтсіздікке ұшырауда.
Кәсіпорынның банкротқа ұшырауын былай бөлуге болады:
• кәсіпорынды дұрыс басқармағандықтан туындаған банкроттылық (маркетингтік стратегияны ойластырмағандықтан);
• ұдайы өндірісті қолданудағы өнім сұранысын кеңейтіп жүзеге асыруда инвестициялық ресурстың жетіспеушілігінен туындаған банкроттылық;
• келісілген өндірістегі өнімнің бәсекеге қабілетсіздігінен туындаған банкроттылық.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|