Контаминация құбылысының лингвистикалық сипаты



жүктеу 1,2 Mb.
бет6/6
Дата29.05.2018
өлшемі1,2 Mb.
#18275
1   2   3   4   5   6

Б


Баяншы

Т


Тұлғалар

Қ


Қабылдаушы


Х


Хабаршы

Хабар

Шынтуайтқа келгенде, басты мәселе мынада: баяншыдан (Б) шыққан хабар (Х) қатысымдық тұлғалар (Т) арқылы қабылдаушыға (Қ) дұрыс жету керек» [32, 44 б.].

Коммуникация кезінде баяншыға да, қабылдаушыға да, бәріне ортақ әрекет – байланыс, қатынас. Ал байланыс тілдік қатынас арқылы жүзеге асады. Адамдар арасындағы өзара байланыс болмаса, сөйлесім әрекеті де жүзеге аспайды [32, 44 б.]. Яғни коммуникация кезінде кемінде екі субъект болуы шарт және ол екеуінің арасында диалог құрылады. Бұл коммуникациялық актіге қатысушы тұлғалардың бірлескен әрекеті болып табылады дейтіні сондықтан. М.А.Кронгауздың айтуынша, сөйлесуге қатысушылардың диалог кезіндегі әр қадамы бір бағыттағы мақсатқа тоғысуы тиіс. Өйтпеген жағдайда қатысымдық акт жүзеге аспайды. Диалог қолданылатын тіл құралдары үшін тілдік орта болып саналады. Мына мысалға көңіл аударайық: Мен ертең қаладағы базарға барамын Мен қаладағы базарға барамын Мен базарға барамын Мен барамын Барамын. Егер айтылатын ойға екі жақ та қанық болса және барамын сөйленімі диалогқа құрылған контекст ішінде тұрса, осындағы ең қысқа барамын деген сөйленім арқылы бірінші сөйлемдегі мағынаны беруге әбден болады:

- Ертең базар істейді


  • Қайдағы базар?

- Қаладағы. Сен барасың ба?

- Барамын.

Қатысымдық акт өз мақсатына жету үшін сөйлесудің мынадай постулаттары сақталуы тиіс: сан, сапа, қатынас және тәсіл. Соның өзі екі постулаттан тұрады:

1) айтылатын ой диалогта айтылғаннан ақпарат мөлшері жағынан кем болмауы тиіс. Мысалы:



- Ертең базар істейді.

- Қаладағы базар ма?

- Иә.

Байқап отырғанымыздай, мұнда әрбір диалогтік қадамдағы ақпарат бірін-бірі сандық мөлшерлік жағынан толықтырып отыр. Ал егер диалог былай құрылса:



- Ертең базар істейді.

- Ертең базар істей ме?

- Істейді.

- Істейді дейсің бе, ей?

- Иә.

Айтылатын ақпараттың айтылған ақпараттан сан мөлшерлік жағынан кем болмауы тілдік қатынастың ондағы қолданылатын құралдардың ықшамдалуына негіз болады.

2) айтылатын ойда диалогтың бағытына сай ортақ мағынадан тыс ақпарат болмауы тиіс. Бұл постулаттың орындалмауы да тілдік құралдың ықшам емес, шұбалаңқы айтылуына жағдай туғызады:

- Ертең базар істейді.

- Жаяу барасың ба?

- Жаяу барғаны несі?


  • Қай базарды айтасың?

  • Қаладағыны айтам да.

  • Е-е.

Ықшамдалудың коммуникативтік-прагматикалық негіздері туралы айтқан кезде, ең алдымен, сөйлеуші әрекетін, яғни сөйлеу айтылатын хабардың мазмұнын алдын ала бағдарлаудан бастап, оны тілдік рәсімдеуге дейінгі операцияларды да қамтиды. Айтушы хабарды жарыққа шығару үшін, ең бірінші, ниеттенеді, хабарды іштей сарапқа салып, ойша қайталап өткендей болады да, дәл сол сәттегі психологиялық жай-күйге байланысты дұрыс деп тапқан дыбыс не жазу арқылы өрнектейді, ал мақұлданбағанын (артық деп тапқанын) бүгіп қалады, нақтылап айтқанда, сөзін жұтады.

Бірақ сөйлеу үстінде сөз жұтудың орнын толтырушы интенция мәтін интенциясына қарағанда тез арада анықталады. Ал мәтіндегі жұтылған сөздің орнын психология тұрғысынан толықтыратын интенция автордың немесе кейіпкердің монологінде оқырманның мәтінін (оқылып кеткен) ойша қайта қайталағаннан кейін барып қана белгілі болады.


Қысқасын айтқанда, сөйлеуді ұйымдастыру кезінде сөйлеушінің коммуникативтік тактикасы тек сөйлеу жағдаятын ескеруден ғана сәтті болмайды. Онымен қатар қарсы мағыналық реакцияның тууын алдын алуды да ескеру қажет. Сананың прагматикалық құрылымы субъективтік бағаны бағамдап отырады. Сөйлеу актісіндегі басты нәрсе осы факторларды ескеру болып табылады.


Контаминацияланған сөйлемдердің коммуникативтік- экспрессивтік қызметі.

Біз жоғарыда комуникативтік акті кезінде қандай да бір үнемдеу заңдылығына ұшыраған тілдік құбылыстың экспрессивтік, эмоционалдық реңкі басым болатынын айтып кеткен едік. Солардың бірі – біз сөз еткелі отырған контаминацияланған сөйлемдердің экспрессивтік қызметі. Бұл мәселеге бармас бұрын алдымен коммуникативтік терминіне қысқаша тоқталып өтуді жөн көріп отырмыз. Себебі аталмыш құбылыс контаминацияланған сөйлемдердің пайда болып дамуына тікелей байланысты болады. Ф.Оразбаева: «Комуникативтік» термині қоғамдық-әлеуметтік мәні бар тілдік қатынас деген ұғымды білдіреді. Қоғамнан тыс адам болмайтыны сияқты, адамнан тыс тіл де болмайды. Бірақ ол тіл – жеке адамның тілі емес, белгілі бір қоғамда өмір сүруші адамдардың өзара түсінісу, сөйлесу құралы. Сондықтан тіл әрі қоғамдық, әрі коммуникативтік қасиетке ие болады.

«Комуникация» сөзінің негізгі мазмұны жалпы қарым-қатынас, араласу, хабарласу, байланыс деген сияқты мағыналарды білдіре келіп, адамдардың тіл арқылы сөйлесу процесін, тілдесу ерекшеліктерін, тілдің әлеуметтік мәні мен қоғамдық қызметін, адамдар арасындағы қарым-қатынасты, өзара түсінушілікті көрсетеді» [32, 39 б.],- деп тілдік қарым-қатынасқа анықтама береді. Және де ғалым қарым-қатынастың түрлері көп, солардың негізгісі тілдік қатынас екендігін сөз ете келе, тілдік қатынасты былай деп түсіндіреді: «Тілдік қатынас – тіл арқылы байланыс, сөйлеу тілі арқылы адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас жасауы; қоғамдық, ұлттық тіл арқылы ұғынысу, түсінісу; яғни адамзаттың тіл арқылы сөйлесім әрекетін меңгеруі тілдік қатынас дегенді білдіреді» [32, 39-40 б.б.]. Шынында, кейбір редукция құбылысы болсын немесе парцелляция болсын, эллипсис болсын, біз сөз етіп отырған контаминация құбылысы болсын, сөйлеу барысында экспрессивтілік реңкі бірде айқын, бірде күңгірт сезіліп тұрады. Бірақ біз контаминацияланған кез келген бірліктер (сөз, жай сөз тіркесі, тұрақты тіркес, сөйлем) экспрессивті реңк береді деуден аулақпыз. Бірақ олар тарихи тұрғыдан, о баста қолданысқа ие бола бастаған кезде экспрессивтік реңк беруі мүмкін деп шамалаймыз. Себебі, соңғы ғылыми деректер адам ағзасында физиологиялық қозғалыстар эмоциямен қатар жүретінін көрсетіп отыр.

Қазіргі кезде коммуникативтік акт кезінде контаминацияланған экспрессивтілік негізінен контаминацияланған фразеологизмдердің бойында сақталған. Сөйлеу барысында контаминациялану негізінде жаңа фразеологиялық бірліктер туындап отырады. Кез келген фразеологиялық бірлік негізінен адам эмоциясының әсерінен туындайтыны сөзсіз. Оның себебі эмоциясыз адам өзін-өзі дені сау, қалыпты сезінуі мүмкін емес. Біздің әрқайсымызда әр алуан эмоция қалыптасқан. Тіпті бір күннің ішінде көңіл күй бірде мұңды, бірде шат болып түрліше күйге түседі. Экспрессивтілік тілдік жүйеде тілдің көркемдеуіш құралы арқылы беріледі. Ал көркемдеуіш құралдарының бір шеті осы фразеологизмдермен ұштасып жатыр. Ал енді қарастырып отырған негізгі мәселе контаминация арқылы қалыптасқан фразеологизмдер жайына келсек, олардың (контаминация құбылысы арқылы қалыптасқан фразеологиялық бірліктердің) басқа фразеологиялық бірліктерден (алдыңғы екеуінен) экспрессивтілік бояуы күштірек болады. Оның себебін былай деп түсіндіреміз. Негізінен екі нәрсенің қосындысынан туындаған үшінші бір нәрсе алдыңғыларына қарағанда күштірек болатыныны белгілі. Осы негізде бұрыннан тілде бар, тілдік санамызда дайын тұрған, мағыналас, синонимдес, варианттас фразеологиялық бірліктердің әрбір экспрессивтік бояуы күшті бөліктерінің қосылуы негізінде үшінші бір жаңа, экспрессивтік бояуы өте күшті фразеологиялық бірлік пайда болады. Бұл – бір жағы. Екіншіден, контаминация негізінде пайда болған фразеологиялық бірліктердің бойында алдыңғы екі фразеологиялық бірліктің экспрессивтік элементтері де көрініс табады. Сол себептен де оның экспрессивтік бояуы өте күшті болады. Сөзіміз дәлелді болу үшін мына бір мысалдар қатарын келтірейік: Ашуға мінді + жыны қозды = жынына мінді. Фразеологиялық сөздікте АШУҒА МІНДІ [БУЛЫҚТЫ, ТЫҒЫЛДЫ] тұрақты тіркесіне мынадай түсіндірме береді: Қатты қаһарланды, бұлан талан болып кәріне мінді. Өкіл жолдас, мыналарға айтсаңызшы: «Сөзімді бөлмесін», - деп, Дайрабай бұрынғыдан да ашуға мінді (Б.М.) (Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі). Бұл ашуға мінді тұрақты тіркесінің өзі біз сөз етіп отырған контаминация құбылысының әсерінен пайда болған деп шамалаймыз. Оның даму жолын ашуы келді + қаһарына мінді = ашуына мінді деп анықтаймыз. Тілімізден (көркем әдеби тілінен) мұндай мысалдар қатарын көптеп кездестіруге болады. Осыған ұқсас көзқарасты Н.Уәлиұлы да айтады: «Жалпы тілдік қолданыста бар мұндай сыйыстыру фразеологизмдердің реңкін бұрынғыдан да күшейте түседі» [33, 53 б.], - дейді.

Сөйлеу барысында контаминациялану жолы арқылы жасалған фразеологиялық бірліктің эмоционалды-экспрессивтік бояуы алғашқы екеуінен қарағанда күштірек болады.

Сондай-ақ фразеологиялық бірліктердің контаминациялануы негізінде тілімізде жаңа бір фразеологиялық бірлік пайда болады. Жоғарыда айтылғандардан шығатын қорытынды: фразеологизмдердің контаминациялануы тіліміздің дамып, баюына өзіндік ықпалын тигізіп отырады.



Контаминация және экстралингвистикалық факторлар: сөйлеу жағдаяты және пресуппозиция.

Қазір тіл білімінде сөйлеу актісінің жалпы құрылымын анықтауға ұмтылыс жасалып келеді. Бұл мәселе әлі түпкілікті шешімін таппағанымен, ғалымдар сөйлеу актісінің төмендегідей негізгі компоненттерін атап көрсетеді: 1) адресант (сөйлеуші), 2) тыңдаушы (адресат), 3) сөйленімнің негізгі материалы (сөйлеушілердің пресуппозициясы); 4) хабардың мақсаты, 5) сөйлеу актісінің дамуы, ішкі құрылымы, 6) контекст және сөйлеу жағдаяты [34, 12 б.]. Бұл аталған негізгі компоненттер сөйлеу актісіндегі сөйлеуші мен тыңдаушы арасындағы прагматикалық қатынасты, сөйлеушінің пресуппозициясын, яғни әртүрлі модальдылық қатынасын және сөйлеу актісінің қатысушыларының арасындағы әртүрлі әлеуметтік қатынастар мен басқа да көптеген экстралингвистикалық факторлардың әсерін қарастыруға көмектеседі. Сөйлеу актісінде сөйлеушінің мақсаты жасырын түрде де беріледі. Жасырын мәндегі сөйлесімдердің мағынасы прагматикалық ұстанымдардың бірі – пресуппозиция арқылы айқындалады. Сондықтан тіл білімінде «пресуппозиция» ұғымы тілдің әр деңгейі біріліктерінің қолданысқа түсуін, сонымен байланысты семалық қабатында болатын өзгерістерді, жасырын мәнінің қалыптасуын, сөйлесім семантикасында коммуникативті-прагматикалық салмаққа ие компоненттерді анықтауға, негіздеуге көмектеседі [35, 53 б.].

Сөйленімнің категориялық доминанты категориялық жағдаяттардың өзара байланысты кешенін түзеді. Яғни жағдаяттың басым категориялық компоненті басқа семантикалық категорияларды білдіретін бір немесе бірнеше қосымша белгілермен үйлестікте білдірілуі мүмкін. Мысалы,

Бұрын да осылай болатын, Мұса тапсырманы беріп-беріп алып, өзі кірісіп кететін (Б.Мұхай) деген сөйленімде «жалпы жағдаяттың» құрамында: а) модальдылық (іс-әрекеттің айқындылығы); ә) таксистік (бір мезгілде бірінен соң бірі өтетін екі қимыл); в) темпоралдылық (іс-әрекеттің өткен шақта болатындығы – өзі кірісіп кететін және осы шақта да болғандығы немесе болатындығы – бұрын да осылай болатын); г) аспектуалділік (қимылдың тез орындалуы); д) жақтылық (белгілі бір жақ – Мұса) категорияларының семантикалық элементтерімен өзара байланыста берілген. –Давай, көп сөзді қой да дайындал. Алдағы жексенбіде бүкіл колллектив түгел жиылып үйіңе баратын болайық (Р.Ниязбеков) деген сөйленімде басым императивті жағдаятқа қосымша темпоралдылық, аспектуалділік, жақтылық мағыналары қоса білдірілген.

Сонымен бірге жалпы жағдаятқа енген мұндай тұтас кешеннің құрамынан жеке жағдаяттарды ажыратып көрсетуде айқын көрінетін элементтер болады. Олар зерттеуші жалпы жағдаяттың құрамынан оның бір ғана қырын бөліп ала отырып, таңдау жасап, осы жағдаяттың басқа аспектілеріне көңіл аудармастан, өзі алып отырған қырын ғана арнайы зерттеу нысаны еткенде көрінеді [36, 110-111 б.б.]. Мысалы, Хазірет тінтіп суырып алып, [хаттың] быт-шытын шығарып жыртты да, алақанымен уқалап-уқалап лақтырып жіберді. Сұлтанмахмұт хазіретке қарсыласа алмады (Д.Әбілев). Бұл сөйленімде де бірнеше категориялық жағдаят қосарлана берілген: а) персоналдылық (хазірет, Сұлтанмахмұт), ә) аспектуалдылық (іс-әрекеттің тез орындалуы – лақтырып жіберді); б) таксистік (іс-әрекеттің бірінен соң іле шала бірінің орындалуы, яғни ізбе-іздік – суырып алып, ... жыртты да, ... лақтырып жіберді); в) темпоралдылық (нақ осы шақ); г) модальдылық (мүмкін еместік модалділігі – қарсыласа алмады). Келтірілген сөйленімде басқа жағдаяттарға қарағанда, модалдылық мағына актуалданып көрсетілген. Сондықтан сөйленімдегі басқа жағдайларға көңіл аудармастан, модалдылық категориясын қарастырамыз. Мұндағы модалдылық мағына -а ал аналитикалық форманты арқылы білдірілген, әлеуметтік жағдайға, оның ішінде, біріншіден, жас ерекшелігіне (Сұлтанмахмұт хазіреттен жас жағынан кіші), екіншіден, қоғамдық қалыптасқан ұстаз бен шәкірт арасындағы этикалық ережеге (хазірет Сұлтанмахмұттың ұстазы), үшіншіден, діни ережелерге (хазірет пен Сұлтанмахмұттың діни статусы тең емес) байланысты болатын деонтикалық мүмкіндік мағынасы.



Сыйыстырудың субъективтілік мақсаты.

Субъективтіліктің өзі екіге бөлінеді:

1. Тіл – терең концептуалды (білім, пікір, құндылықтар, әлем моделдері) құрылымдарды білдіретін үстірт (поверхностная) құрылым. Осы құрылым сөйлеу әрекеті, яғни адам санасында әлеуметтік қарым-қатынас жағдайында қабылдау және сөйлеу кезіндегі когнитивтік операцияларды көрсетеді.

2. Субъективтілік сөйлеуде бағалауыштық және жағдаяттық-контекстік құбылыстан көрінеді, бірақ бұнда оны жүйеден, яғни тілдің семантикасынан тануға болады.

Байқап отырғанымыздай, бұл анықтамаларда субъективтілік бірде кең түрде, бірде тар түрде сипатталған. Түсіндірме сөздікте субъективтілік сөзіне тілдік таңба (мақсаттылық таңба) ретінде анықтама берілген. Онсыз оның семантикасын түсіну қиын. Ал лингвистикалық сөздіктерде субъективтіліктің тілдің қос зерттеу нысаны жүйе мен оның жұмсалу механизміне қатысы сөз етіледі. Жүйенің жұмсалу механизмі дегеніміз – сөйлеу. Ал сөйлеу дегеніміз – әрекет. Әрекет – белгілі бір нәтижеге жету үшін бағытының, мақсатының бірлігі арқылы топтасқан процестердің күрделі жиынтығы. Сөйлеу адам әрекеттерінің бір түрі болғандықтан, оның анықтамасы да жалпы әрекетке берілген осы анықтамаға ұқсас. Мұнда да алға белгілі мақсат қойылады, сол мақсатқа жету үшін адам өзіне таныс жүйедегі құралдарды таңдап қолданады.

Сөйлеуде сөздің авторы болуы шарт. Сол сөйлеуші субъект сөзінде өз ойы мен сезімін білдіреді. Сөйлеушінің осы мақсаттарды білдіру үшін тіл құралдарын, сөйлеу стилін таңдауға жұмсау мүмкіндігі бар. Оған тіл құралдарының семантикалық парадигмасы мүмкіндік жасайды. Мәселен, айтылатын ойды толық тұлғалармен немесе сыйыстыра беру керегін сөйлеуші мақсатына қарай өзі тыңдайды. Жеткізілетін ойдың синтаксистік парадигмасының болуы оған мүмкіндік жасайды. Мысалы, Бану, Жақыпбек, Байсал Есенбектің сөзін құптады (М.И.) деген бастауышты сыйыстырып, Банулар Есенбектің сөзін құптады деп айтуға әбден болады. Мұндағы сыйыстырудың мақсаты – жоғарыда аталған үш кісінің ішінен Бануды басты, негізгі етіп көрсету. Бұл – бір. Екінші – Бануды Жәнібек пен Байсал анық жақтайтындығы үш кісінің бір ойда екендігін алдыңғы құрылымға қарағанда анық көрсету. Бұлар сөйлеуші мақсаты. Ал оның сыйысқан құрылымды қолдануына жағдай жасайтын екі негіз бар: бірі – жағдаят, екіншісі – жүйенің семантикалық мүмкіндігі, яғни бір инвариант мағынаны берудің синтаксистік-прагматикалық қатарының болуы.

Жоғарыда талданған мысалда бастауыш мүшелердің сыйыстырылуы көрсетілген. Енді пысықтауыш мүшенің сыйыстырылуына назар аударайық: Сол құдыққа мен де бардым, сен де бардың. Сол құдыққа мен де, сен де бардың. Бұл жердегі сөйлеушінің құрылымды контаминациялаудағы мақсаты оған қарқындылық беру және экспрессивті мән үстеу болып табылады.

Лебіз сөйлеу процесінің нәтижесі ретінде мәтін түрінде көрінеді. Мәселеге мәтіндік тұрғыдан келудің өзі тіл білімінде сол мәтінді тудырушыға қарай бет бұруды білдіреді. Мәтіннің туу көзі сөйлеушіде жатыр. Тақырыпты таңдайтын, құралды таңдайтын, әдісті таңдайтын да сол сөйлеуші. Сондықтан сөйлеудің ойды бір құрамға ықшамдап сыйыстыра беру тәсілі ретінде контаминацияның атқарар рөлі зор. Ал сөйлеушіге таңдау бола алатын құрылымдарды синтаксистік парадигма дейміз.

ҚОРЫТЫНДЫ
Диплом жұмысының тақырыбы қазақ тіліндегі контаминацияланған тілдік құрылымдарға арналған. Көркем шығармалардағы контаминация құбылысы алғаш рет зерттеу нысанына алынып отырғандықтан диплом жұмысының тақырыбы өте өзекті болып табылады.

Диплом жұмысының кіріспе бөлімінде:



  • тақырыптың өзектілігі;

  • мақсат-міндеттері;

  • зерттеу нысаны;

  • зерттеудің методологиялық негіздері;

  • зерттеу әдіс-тәсілдері;

  • ғылыми жаңалығы;

  • зерттеу жұмысының нәтижелері

жүйеленіп көрсетілді.

Диплом жұмысы екі негізгі тараудан тұрады. Алғашқы тарау «Контаминация құбылысының лингвистикалық сипаты» деп аталады. Онда тілдегі контаминация құбылысының жалпы табиғаты мен зерттелуіне шолу жасалды. Қазақ тіл біліміндегі осы тақырыптағы зерттеу жұмыстарына тоқталдық. Аталмыш тараудың «Контаминацияның тілдегі басқа құбылыстардан айырмашылығы» атты тараушасында контаминацияның тілдегі ассимиляция, редукция, парцелляция сияқты ықшамдалу құбылыстарынан айырмашылықтары көрсетілді.

Сөйлеуші сөз қолданысы кезінде өзінің жеткізер ойын өз мақсатына сай кейде қысқа әрі нұсқа беруге тырысады да, сөйлеу актісін жеңілдетеді. Зерттеу еңбектерден байқағанымыздай, бұл құбылыс тілдің барлық деңгейінде кездеседі. Қысқа, ықшам қолданыстарға фонетикадағы ассимиляция, редукция құбылысы, синтаксистегі парцелляция, эллипсис және біз қарастырып отырған контаминация құбылыстары жатады.

Сөйлеу барысында, бұл құбылыстардың қай-қайсысын алсақ та, жеке сөз, ары кеткенде сөз тіркесі бойында жүзеге асады, ал контаминацияда екі сөз тіркесі немесе екі сөйлем бірігіп, бір тұтастыққа айналады.

Диплом жұмысының екінші тарауы «Қазақ тіліндегі контаминациялану жолымен қалыптасқан тілдік бірліктер» деп аталады. Онда көркем шығармалардағы контаминациялану жолымен жасалған фразеологизмдер; контаминацияланған мақал-мәтелдер; қаламгер шығармаларындағы бірыңғай мүшелердің сиыстыра қолданылуы жан-жақты талданып көрсетілді, контаминацияланған бірліктердің коммуникативтік-прагматикалық негіздері қарастырылды.

Зерттеу барысында қазақ тіліндегі контаминацияланған тілдік бірліктер тілдің бірнеше деңгейінде қарастырылып, контаминация құбылысы жайлы төмендегідей қорытындыға келуге негіз болды.

Тіл біліміндегі контаминация құбылысы - ықшамдаудың (үнемдеудің) бір тәсілі. Ықшамдау (үнемдеу) – жалпы тіл жүйесіне қатысты және әртүрлі тәсілдермен жүзеге асатын құбылыс.

Ықшамдаудың түрі көп және оның деңгейлік сипаты бар екендігін айта кету қажет. Ассимиляция, редукция құбылыстары фонетика деңгейіне тән болса, контаминация, синкретизм және т.б. одан жоғары тұрған деңгейлерге тән болып келеді.

Контаминация құбылысының тілдегі көрінісіне қатысты зерттеулер нақты мынадай тұжырымдар жасауға негіз болды:

- контаминация екі немесе бірнеше бірліктердің қандай да бір ортақ, жақын белгілерін бір тілдік бірліктердің, яғни бір сөйлемнің бойына сыйыстыру, кіріктіру, жинақтау, топтау, тоғыстыру болып табылады;

- контаминация негізінде жаңа бірліктер пайда болады. Контаминация құбылысын жаңа бірліктердің пайда болуының бір көзі ретінде қарауға болады;

-қазақ тіл білімінде сыйысудың синтаксистік түрімен қоса, семантикалық түрі де болатындығы айқындалып отыр. Семантикалық контаминация көбіне құрмалас сөйлемдерге, оның ішінде негізінен сабақтастарға тән құбылыс болып табылады. Өйткені сабақтас сөйлемдердің арасындағы мағыналық қатынастар көбіне бірдей тұлғалар арқылы жасалады;

-контаминация құбылысы жүйенің бойындағы тілдің ішкі табиғатынан туындайтын құбылыс емес, сөйлеудің (речтің) бойынан туындайтын динамикалық процесс болып табылады. Күрделі сөздер жеке коммуникативтік бірлік болғанымен, о бастағы шығу көзі, қалыптасу механизмдері еркін тіркестер болғандықтан, контаминация құбылысының сөйлеу деңгейінде болатын процесс екендігі дәлелденді;

-контаминация құбылысы кемінде екі тілдік бірліктің сыйысуынан пайда болатындықтан, алдымен күрделену құбылысы жүреді, сонан кейін барып қана тілдік бірлік тұлғалық жағынан ықшамдалады;

-контаминация құбылысы сөз тіркесі деңгейінен басталып, күрделі құрылымдар деңгейіне шейінгі аралықты қамтиды. Синтаксистік қатынасты білдірмейтін сөз деңгейіндегі, лексикалық деңгейдегі күрделі сөз және фразеологизмдер кезінде еркін тіркестерден қалыптасқан десек те, контаминациялану жолымен қалыптасқан фразеологизмдердің тілдік сипаты күрделі сөздерге қарағанда ерекше болып келетіндігі анықталды.



Дипломдық жұмыстың қорытынды бөлімінде негізгі бөлімдер бойынша алынған нәтижелер жинақталып беріліп, қысқаша түйінделді. Сонымен қатар жұмыс соңында зерттеу бойынша пайдаланылған әдебиеттер қолданылу ретіне қарай көрсетілді.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1 Мартине А. Принцип экономии в языке // Новое в лингвистике. –Москва: Иностр. лит., 1963. Вып. 3. –С.532-536.

2 Пауль Г. Принципы истории языка. –М., 1960. –450 с. 
3 Ризель Э.Г. Экономия выражения и устранение избыточных языковых средств в обиходно-разговорной речи // Иностранные языки в высшей школе. –М.: Высшая школа, 1963. –Вып. 2. –С.127-131.

4 Сафиуллина Ф.С. О сегментации в татарском литературном языке // Советская тюркология. –1977. –№1. –С.81-88.

5 Байтұрсынұлы А. Тіл тағылымы. –Алматы: Ана тілі, 1992. –445 б.
6 Қойшыбаев М.Н. Деривация және трансформациялық құрылымдар // ҚР БҒМ ҰҒА-ның хабарлары. Тіл, әдебиет сериясы. –2005. –№2 –83-86 б.б. 6 Балли Ш. Французская стилистика . -Москва: Наука, 1961. -394 с.

  1. Матезиус В. Язык и стиль // Парижский лингвистический урок. -Москва: Прогресс, 1967. -523 с.

  2. Виноградов В.В. Стилистика. Теория поэтической речи. -Москва: АНСССР, 1963. -255 с.

  3. Винокур Г.О. О задачах истории языка // Звягинцев В.А. История языкознания ХIХ и ХХ веков в очерках и извлечениях. Часть II . -Москва: Высшая школа, 1960. -281 с.

  4. Байтұрсынұлы А. Әдебиет танытқыш. -Алматы: Атамұра, 2003. -208-б.

  5. Сыздықова Р. Абай және қазақтың ұлттық әдеби тілі. – Алматы : Арыс, 2004. – 616 б.

  6. Ванников Ю. Синтаксические особенности русской речи.(Явление парцелляций).М., 1969.

  7. Балақаев М, Сайрамбаев Т. Аударманың лексика-стилистикалық мәселелері. Алматы, 1987.

  8. Ақыжанова А. Қазіргі қазақ тіліндегі парцелляция құбылысы. Филол.ғыл.канд...дисс: Алматы, 1999,110 б.\

  9. Ақылбаева Г.И. Контаминация құбылысының тілдегі көрінісі. Филол. ғ.к. ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның авторефераты. Алматы, 2008

  10. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер . -Алматы: Ғылым, 1999. -361-б.

  11. Аманжолов С. Қазақ тілі диалектологиясы мен тарихының мәселелері. Оқу құралы. – Алматы : Сөздік-Словарь, 2004. – 536 б.

  12. Уәлиев Н. Фразеология және тілдік норма. – Алматы, 1998. - 128 б.

  13. Кеңесбаев І. Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі. – Алматы : Ғылым, 1977. – 712 б.

  14. Қалиев Ғ. , Болғанбаев Ә. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы / Оқулық. – Алматы, 2004. – 256 б.

  15. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Морфология. –Алматы : Ана тілі, 1991. – 490 б.

  16. Сайранбаев Т. Қазіргі қазақ тіліндегі күрделі сөз тіркестері. –Алматы, 1981. – 200 б.

  17. Қасым Б.Қ. Сөзжасам: семантика, уәждеме / Оқу құралы. – Алматы, 2003. – 167 б.

  18. Авакова Р.Ә. Фразеология теориясы. – Алматы: Қазақ университеті, 2009. – 292 б

  19. Қайдаров Ә. Т. Қазақ тілі тарихи лексикологиясының мәселелері. – Алматы, 1983. – 198 б.

  20. Қойшыбаев М.Н. Деривация және трансформациялық құрылымдар // ҚР БҒМ ҰҒА-ның хабарлары. Тіл, әдебиет сериясы. –2005. –№2 –83-86 б.б.

  21. Қосымова Г. Қазақ эпосындағы фразеологизмдер. –Алматы: Мектеп, 1997. –80 б.

  22. Қалиев Ғ. Тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігі. –Алматы: Сөздік-Словарь, 2005. –440 б.

  23. Краснова Т.И. Субъективность-модальность (материалы активной грамматики). –Санктпетербург, 2002. –189 с.

  24. Оразбаева Ф. Тілдік қатынас. –Алматы: Сөздік-Словарь, 2005. –272 б.

  25. Уәлиұлы Н. Фразеология және тілдік норма. –Алматы: Республикалық баспа кабинеті, 1998. –128 б.

  26. Гак В.Г. К типологии функциональных подходов к изучению языка // Проблемы функциональной грамматики. –Москва: Наука, 1985. –С.5-15.

  27. Ерназарова З. Сөйлеу тілі синтаксисінің прагмалингвистикалық аспектісі. Филол. ғылым. док. … дисс. –Алматы: А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты, 2001. –246 б

  28. Бондарко А.В. Функциональная грамматика. –Л.: Наука, 1984. –136 с.

  29. Балақаев М., Жанпейсов Е., Томанов М., Манасбаев М. Қазақ тілінің стилистикасы. – Алматы: Ғылым, 1974. – 127 б.

  30. Блинова Е.В. Окказиональное от фразеологическое слово и фразеотворчество в художественном тексте: Дис. канд. филол. наук.: 10.02.02.–Кострома,2005.-212 с.

  31. Кунин А.В. Механизм окказиональной фразеологической номинации и проблема оценки // Русский язык в школе. – 1980. – № 8. – С. 51-55.

  32. Телия В.К. Русская фразеология. – М.: Наука, 1996. – 118 с.

  33. Кеңесбаев І. Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі. – Алматы: Ғылым, 1977. – 712 б.

  34. Салқынбай А., Абақан Е. Лингвистикалық түсіндірме сөздік. – Алматы: Сөздік-Словарь, 1998. – 304 б.

  35. Жанпейісов Е. Қазақ прозасының тілі. Алматы, 1968, 264 б

  36. Копыленко М. М. Основы этнолингвистики, - Алматы: 1995

  37. Манкеева Ж. Мәдени лексиканы ұлттық сипаты. Алматы: Ғылым, 1977

  38. Уәли Н. Қазақ сөз мәдениетінің теориялық негіздері. ФҒДД. –А, 2007. -336б.

  39. Жаманбаева Қ. Тіл қолданысының когнитивтік негіздері: эмоция, символ, тілдік сана. Алматы: «Ғылым». 1998. -140.

  40. Ислам Айбарша. Ұлттық мәдениет контексіндегі дүниенің тілдік суреті. Фил. ғыл. докт. дисс. авторефераты.- Алматы, 2004, - 251 б.

  41. Телия В.Н. Культурно-национальные коннотации фразеологизмов// Славянское языкознание. ХІ международный съезд славистов. М., 1993.-308б.

  42. Динаева Б.Б. Қазақ мақал – мәтелдердің танымдық-прагматикалық аспектісі. Фил.ғыл.кан.дисс.автореферт. Алматы 2002, 29 бет

  43. Адамбеков Халық даналығы. Алматы, 1989.

  44. Қосымова Г. Қазақ эпосындағы тұрақты сөз тіркестері: көмекші құрал. –Алматы: Рауан, 1997. -80б.



жүктеу 1,2 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау