ҒЫЛЫМИ БАҒЫТТАР
«Шет тілдері» кафедрасының оқытушыларының ғылыми-зерттеу жұмысы
кафедраның жұмыс жоспарларына, оқытушылар мен студенттердің ғылыми мүдделеріне,
білім беру саласының қажеттіліктеріне, ғылыми зерттеулердің өзектілігіне сәйкес жүзеге
асырылады. Оқытушылардың ғылыми ізденістерінің нәтижелері алыс және жақын шет
елдік конференция материалдарының жинақтарында, журналдар мен ағымды
басылымдарда басылып шығуда.
Кафедра ПОҚ-ы екі ғылыми-зерттеу жұмысы бойынша жұмыс жүргізуде:
1. М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-дағы көптілді білім беру үлгісі тілдік оқытудың
ұйымдастыру-технологиялық тірегі ретінде. М.Х. Дулати атындағы ТарМУ-дағы көптілді
білім беру үлгісін жүзеге асыру. Көптілді түрде оқыту топтарына арнап жұмыс
бағдарламаларын, силлабустар, оқу -әдістемелік құралдар, әдәстемеләк нұсқаулар
дайындау.
Ғылыми жетекші: аға оқытушы Антимонова О.Н.
2.Тілдік емес мамандықтар студенттеріне кәсіби шет тілін үйретуге арналған оқу-
әдістемелік құралды жасаудың принциптері. Мамандықтарға сәйкес оқу-әдістемелік
құралды өңдеу.
Ғылыми жетекші: аға оқытушы Лошкова И.Г.
Кафедра оқытушыларының ғылыми қызығушылықтарының өзекті
мәселелері:
•
шет тілдерін оқытудың әдістері
•
мәдениаралық (кәсіби) қарым-қатынас
•
тіл біліміндегі инновациялық үрдістер
•
үштілді білім беру
Кафедра қызметінің негізгі бағытының бірі үштілді білім беру бағдарламасын жүзеге
асыруға ат салысу. Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020
жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында «Қазақстан
Республикасындағы тілдер үштігі» мәдени жобасын жүзеге асыру мақсатында кафедра
оқытушылары 10 мамандық бойынша үш тілді оқытудың арнайы бөлімдерінде сабақ
жүргізеді.
№
Ф.И.О. оқытушы.
Мамандық
Мамандық шифрі
1
Новожилова М.В.
Биология
5В060700
2
Оспанова П.А.
Экология
5В060800
3
Лошкова И.Г
Юриспруденция
5В030100
4
Лошкова И.Г
Электроэнергетика
5В071800
5
Грибенюк М.А
Менеджмент
В050700
6
Тортаева Э.К
Финансы
5В050900
7
Антимонова О.Н
Туризм
5В090200
8
Садуахасова М.,
Биотехнология
5В070100
9
Рахимова Ю.С.,
Информационные технологии
5В070300
10
Шуканова Н.А.
Радиотехника,электроника и
телекоммуникация
5В071900
Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы үштілді білім беру аясында арнайы оқу-
әдістемелік құралдарды қамтамасыз етуді жалғастыруда:
•
«Ағылшын тілі 1,2,3», «Кәсіби бағытталған шет тілі» мамандығы бойынша оқу-
әдістемелік құралдарды, соның ішінде электронды БАҚ құру;
•
• терминологиялық сөздіктерді құрастыру.
М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің даму стратегиясына сәйкес, аға
оқытушылар Антимонова А.Н., Рахимова Ю.С., Грибенюк М.А., Балғабекова Р.Н. ПОҚ
және университеттің магистранттары үшін ағылшын тілі курстарын өткізуде.
№
Курстар атауы
Ф.И.О. оқытушы.
1
Ағылшын тілі (для ППС университета)
«Intensive English Practice Course» Pre-Intermediate
Level
Рахимова Ю.С.
2
Ағылшын тілі (для ППС университета)
«Intensive English Practice Course» Intermediate Level
Антимонова О.Н.
3
Ағылшын тілі (для ППС университета)
«Intensive English Practice Course» Upper-Intermediate
Level
Грибенюк М.А.
4
Ағылшын тілі (для магистрантов) «English for MA
students» Intermediate Level
Балгабекова Р.Н.
NAZARBAEV UNIVERSITY, UNIVERSITY OF CAMDRIDGE, UNIVERSITY OF
PENSILVANIA, MACMILLAN EDUCATION және ҚР Министрлігі тарапынан
кафедраның ағаоқытушылары Ш.И. Қазбекова, Антимонова О.Н. Ағылшын тілін
оқытудан біліктілікті жоғарылату курсына (ағылшын тіліннен халықаралық деңгейдегі
оқытушыларды дайындау) «"English for academic purposes (EAP) program development»
бағдарламасының жұмысына қатысады. Курс ағылшын тілі оқытушыларына,
колледждерге, орта мектептердің мұғалімдеріне арналған.
Қазіргі уақытта «Шет тілдері» кафедрасында 26 жетекші оқытушы жұмыс
істейді; оның ішінде 1 педагогика ғылымдарының кандидаты; педагогика бойынша
академиялық магистр дәрежесі бар 8 оқытушы; филология магистрі академиялық дәрежесі
бар 5 оқытушы .
Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы түрлі деңгейдегі ғылыми
семинарларға, конференцияларға белсене қатысады. Халықаралық конференцияларға жыл
сайын қатысуы кафедраның ғылыми – зерттеу әлеуетін арттырады. Кафедраның
профессорлық-оқытушылық құрамы шетелдік басылымдарда ғылыми мақалаларды
жариялауға белсенді қатысады:
-
Халықаралық ғылыми-практикалық конференция (Ресей, Болгария, Чехия, Польша,
Ұлыбритания);
-
Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция (Алматы, Семей, Ақтөбе, Астана,
Қарағанды).
-
Нөлдік импакт фактор журналында мақала «Science and Education Studies» № 2. 2015,
Австралия (п.ғ.к., доц. Новожилова М.В., аға оқытушылар Лошкова И.Г және
Балгабекова Р.Н)
Халықаралық деңгейдегі семинарларға, вебинарларға, онлайн курстарға қатысуға
және тілдік тағылымдамалардан өтуге жекеленген білім гранттарын жеңіп алу кафедра
ПОҚ-ының кәсіби тұрғыда өсуі мен педагогикалық шеберлігін жетілдіруге мүмкіндік
береді. Аға оқытушы Нұржанова А.Р. «Болашақ» халықаралық стипендиясын АҚШ-та оқу
үшін «Магистратура» бағдарламасы «Білім саласында басқару» мамандығы бойынша ІІІ
айналым.
Кафедраның ПОҚ Гете Институты, Британдық Кеңес және АҚШ елшілігімен
халықаралық ынтымақтастықты дамытуды жүзеге асырады. П.ғ.к. доц.Новожилова М.В.,
аға оқытушылар Лошкова И.Г., Қазбекова Ш.И., Испанкулова Г.А. және Грайбенюк М.А.
ағылшын тілі оқытушылары қауымдастығының (TATE) мүшелері болып табылады және
әдістемелік семинарларға, вебинарларға, онлайн курстарға, конференцияларға үнемі
қатысады.
Кафедра оқытушылары жыл сайынғы университеттік студенттік ғылыми-зерттеу
жұмысына үлестерін қосады. Университетіміздің тілдік емес мамандықтарының
білімгерлері кафедра мұғалімдерінің жетекшілігімен университетішілік, республикалық
және халықаралық ғылыми-зерттеу конференцияларына қатысады.
Оқытушылар мен білімгерлердің бірлесіп атқарған ғылым-зерттеу жұмыстарының
нәтижесі Республикалық Конкурстарға қатысумен және конференция материалдарында
ғылыми мақалалардың жарыққа шығумен жалғастырылуда.
Университет пен факультет жұмысына белсене араласқан кафедра оқытушылары
жыл сайын тілдік емес мамандықтардың білімгерлері арасында олимпиада және шет
тілдерін оқытудың теориялық және практикалық мәселелеріне бағытталған семинарлар
ұйымдастырады.