6. Конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті жеткізушілердің конкурстық баға ұсыныстарын ресімдеуі
39. Конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті жеткізушілер (конкурсқа қатысушылар) ұсынатын конкурстық баға ұсыныстары мынадай түрде ресімделеді, конкурстық баға ұсыныстары үлгі конкурстық құжаттаманың 8-қосымшасына сәйкес нысан бойынша көрсетіледі және мынадай талаптарға сәйкес келеді:
1) конкурстық баға ұсынысының нысаны басылуы немесе өшірілмейтін сиямен жазылуы және оған әлеуетті жеткізуші қол қоюы және оның мөрімен (жеке тұлға үшін ондай бар болса) бекітілуі тиіс;
2) конкурстық баға ұсынысында әлеуетті жеткізушінің грамматикалық қателерді түзетуі қажет болатын жағдайларды қоспағанда, жолдар арасында ешқандай өндірме, өшірілген сөздер немесе толықтырулар болмауға тиіс;
3) отандық әлеуетті жеткізушілердің конкурстық баға ұсыныстары теңгемен берілуі тиіс.
40. Әлеуетті жеткізуші конкурстық баға ұсынысын конвертке желімдейді, оның беткі жағында әлеуетті жеткізушінің толық атауы, сондай-ақ мынадай мазмұндағы мәтін көрсетілуге тиіс: "Сақтандыру бойынша қызмет сатып алу жөніндегі конкурс - конкурстық баға ұсынысы - (конкурстық баға ұсыныстарын ашатын күні мен уақытын көрсету қажет) дейін ашуға болмайды".
Конкурсқа қатысушының конкурстық баға ұсынысын қайтарып алу не ұсынылған конкурстық баға ұсынысына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуі сияқты, бірден артық конкурстық баға ұсынысын беруіне жол берілмейді.
7. Конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын конкурстық комиссияның бағалауы мен салыстыруы және конкурс жеңімпазын анықтау
41. Конкурсқа қатысуға жіберу туралы хаттамада белгіленген күні, уақытта және орында конкурстық комиссия конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру бойынша отырыс өткізеді.
Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға жіберу туралы хаттамада белгіленген мерзім аяқталғанға дейін конкурстық баға ұсыныстары бар конверттер ұсынған конкурсқа қатысушылар туралы мәліметтерді конкурстық баға ұсыныстарын тіркеу журналына хронологиялық тәртіппен енгізеді.
42. Мына:
1) конкурсқа қатысуға жіберу туралы хаттамада белгіленген мерзімнен кеш ұсынылған;
2) конкурсқа қатысушы аталған конкурс бойынша баға ұсынысын осыдан бұрын ұсынған конкурстық баға ұсыныстары бар конверттер бағалауға және салыстырып тексеруге қабылданбайды.
Конкурстық комиссияның хатшысы конкурстық баға ұсыныстарын тіркеу журналына тіркеуден бас тарту себептерін көрсете отырып, тіркеуден бас тартылған конкурс қатысушыларының тізімін көрсетеді.
43. Конкурстық комиссия отырысында конкурстық комиссия төрағасы не төраға конкурстық комиссия мүшелерінің қатарынан белгілеген тұлға конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстары бар конверттерді оларды тіркеудің хронология тәртібімен ашады және жария етеді.
44. Әлеуетті жеткізушілер және олардың уәкілетті өкілдері аудиожазба және бейне түсірілімдедің техникалық құралдары туралы конкурстық комиссияға хабарлайды, оларды конкурстық баға ұсыныстарын ашудың рәсімдерін жазу үшін пайдалануға ниет етеді.
45. Конкурстық баға ұсыныстарын бағалау мен салыстыру рәсімін жеңілдету үшін конкурстық комиссия әртүрлі валютада берілген конкурстық баға ұсыныстарының барлық бағаларын Қазақстан Республикасының валютасына - конкурстық баға ұсыныстарын (конкурсқа қатысушылар) бағалау және салыстыру жөніндегі конкурстық комиссияның отырысы болатын күнге Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген ресми бағам бойынша теңгеге аударады.
46. Конкурстық комиссия:
1) конкурсқа қатысушылардың тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді осы сатып алуды жүзеге асыру үшін бөлінген сомадан асатын конкурстық баға ұсыныстарын кері қайтарады;
2) егер оның бағасы демпингтік болып табылса, конкурсқа қатысушының конкурстық баға ұсынысын кері қайтарады;
3) конкурсқа қатысушылардың кемінде екі кері қайтарылмаған конкурстық баға ұсыныстарына қатысты конкурсқа қатысушылардың шартты бағасын конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамада белгіленген критерийлердің пайыздық мәнін қолдану арқылы айқындайды, конкурсқа қатысушылардың шартты бағасын салыстырып тексереді және ең аз шартты бағасы негізінде олардың арасынан конкурстың жеңімпазын анықтайды.
Конкурстық баға ұсыныстарының шартты бағасы тең болса, конкурстың мәні болып табылатын сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, қызметтер нарығында көбірек жұмыс тәжірибесі бар әлеуетті жеткізуші жеңімпаз деп танылады. Тең шартты бағасы бар бірнеше әлеуетті жеткізушілердің жұмыс тәжірибесі тең болған жағдайда, конкурстық баға ұсынысы басқа әлеуетті жеткізушілердің конкурстық баға ұсыныстарынан ертерек келіп түскен әлеуетті жеткізуші жеңімпаз деп танылады.
47. Конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын бағалау мен салыстыру және конкурс жеңiмпазын анықтау нәтижелерi бойынша конкурс тәсiлiмен сатып алу қорытындылары туралы хаттаманы ресiмдейдi. Сатып алу нәтижелері туралы хаттаманы сатып алуды ұйымдастырушы конкурс тәсілімен сатып алу нәтижелері туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде қалыптастырады және тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушының) интернет-ресурсында жариялайды.
8. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қамтамасыз етуді қайтару
48. Сатып алуды ұйымдастырушы әлеуетті жеткізушіге енгізілген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді мынадай жағдайлардың бірі туындаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қайтарып береді:
1) осы әлеуетті жеткізуші өзінің конкурсқа қатысуға өтінімін конкурсқа қатысуға өтінімдерді ұсынудың түпкілікті мерзімі өткенге дейін кері қайтарып алған кезде;
2) конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға қол қойылған кезде. Аталған жағдай конкурсқа қатысушылар деп танылған әлеуетті жеткізушілерге қолданылмайды;
3) конкурс тәсілімен сатып алудың нәтижелері туралы хаттамаға қол қойылған кезде қайтарып береді. Аталған жағдай конкурс жеңімпазы деп айқындалған конкурсқа қатысушыға қолданылмайды;
4) сатып алу туралы шарт күшіне енген және конкурс жеңімпазы конкурстық құжаттамада көзделген сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізген кезде;
5) әлеуетті жеткізушінің конкурсқа қатысуға өтінімінің қолданылу мерзімі өткен кезде қайтарып береді. Аталған жағдай конкурс жеңімпазы деп айқындалған конкурсқа қатысушыға қолданылмайды.
49. Сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді мынадай жағдайларда:
1) конкурстық баға ұсынысын ұсынбаған, конкурсқа қатысушы деп танылған әлеуетті жеткізушіні қоспағанда, конкурсқа қатысушы деп танылған әлеуетті жеткізуші өзінің конкурстық баға ұсынысын белгіленген мерзімде ұсынбаса не оны кері қайтарып алса;
2) конкурсқа қатысушы деп танылған әлеуетті жеткізуші өзінің конкурстық баға ұсынысын конкурсқа қатысуға өтінімдерді берудің түпкілікті мерзімі өткеннен кейін өзгертсе және (немесе) толықтырса;
3) конкурстың жеңімпазы деп айқындалған әлеуетті жеткізуші шарт жасаудан жалтарса;
4) бағаны төмендетуге арналған сауда-саттықты қолдана отырып конкурс қатысушыларының біреуі де сауда-саттықты өткізу басталғаннан кейін он минут ішінде өткізілетін конкурс (лот) мәні болып табылатын тауарлар, жұмыстар, қызметтер бағасы туралы ұсыныстар бермеген. Осындай жағдайда конкурстың барлық қатысушысына сатып алуды ұйымдастырушы бағаны төмендетуге арналған сауда-саттықты қолдана отырып конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету сомасын, өтпеді деп танылған лот сомасының 1 (бір) не 100 (біржүз) пайызына тең сомасын қайтармайды;
5) конкурстың жеңімпазы шарт жасасып, конкурстық құжаттамада белгіленген, шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу және (немесе) енгізу мерзімдері туралы талаптарды орындамаған не тиісінше орындамаған, оның ішінде уақтылы орындамаған жағдайда қайтармайды.
9. Конкурс қорытындылары бойынша сатып алу туралы шарт
50. Конкурс тәсiлiмен сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап он бес жұмыс күнi iшiнде тапсырыс беруші конкурс жеңімпазына сатып алу қорытындылары туралы хаттаманың көшірмесін, сондай-ақ қол қойылған шарттың жобасын жібереді.
Шарт конкурстың жеңімпазымен конкурсқа қатысуға берген оның өтінімінде көзделген талаптарда жасалады және онымен жасалған шарттың бағасы конкурсқа қатысуға арналған өтінімде көрсетілген оның бағасынан аспауы тиіс.
51. Жеткізуші шарт жасаған күннен бастап он жұмыс күні ішінде:
1) тапсырыс берушінің банк шотына енгізілетін кепіл ақша жарнасы;
2) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 19 желтоқсандағы № 237 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, оның ведомстволарының, оның құрылымына кіретін ұйымдардың және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі немесе оның сенімгерлік басқаруындағы заңды тұлғалардың және олармен үлестес заңды тұлғалардың тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді иеленуі қағидаларына (бұдан әрі - Қағидалар) 28-қосымшаға сәйкес нысан бойынша банк кепілдігі түріндегі шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізеді.
Шарттың орындалуын қамтамасыз ету мөлшерін шартта алдын ала ақы (аванс) төлемі көзделген жағдайларды қоспағанда, шарттың жалпы сомасының 3 (үш) пайызынан кем емес мөлшерде белгіленеді.
Егер шартта алдын ала ақы (аванс) төлемі көзделген болса, шарттың орындалуын қамтамасыз етуді шарттың жалпы сомасының 3 (үш) пайызынан кем емес мөлшерді құрайтын алдын ала ақы (аванс) сомасына тең мөлшерде белгілейді.
Ұзақмерзімді шарт жасаған жағдайда ағымдағы қаржы жылындағы шарттың орындалуын қамтамасыз ету мөлшері тиісті қаржы жылында көзделген шарттың жылдық сомасына қарай есептеледі.
52. Шарттың жобасына жеңімпаз деп танылған әлеуетті жеткізуші қол қояды және тапсырыс беруші (сатып алуды ұйымдастырушы) қол қойған шарттың жобасын алған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде тапсырыс берушіге (сатып алуды ұйымдастырушыға) ұсынады.
Егер әлеуетті жеткізуші белгіленген мерзімде қол қойылған шартты тапсырыс берушіге ұсынбаса немесе шарт жасасып, шарттың орындалуына қамтамасыз ету енгізілмеген жағдайда мұндай әлеуетті жеткізуші шартты жасасудан жалтарған болып саналады.
53. Әлеуетті жеткізуші шарт жасасудан жалтарған деп танылған жағдайда тапсырыс беруші:
1) ол конкурсқа қатысуға енгiзген өтiнiмдi қамтамасыз етудi ұстап қалады;
2) сатып алу туралы шарт жасасудан жалтаруға байланысты келтірілген шығындарды өтеу туралы талап-арызбен сотқа жүгінуге жол беріледі.
54. Шарт оған тапсырыс беруші мен жеткізуші қол қойғаннан кейін не соңғысы шарттың орындалуына қамтамасыз етуді толық енгізгеннен соң күшіне енеді.
Міндетті мемлекеттік тіркеуден немесе өзге тіркеуден өтуі тиіс шарттар тіркелген сәттен бастап жасалған деп саналады.
Конкурстық құжаттамаға
1-қосымша
Нысан
Сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің
тізбесі
_____________________________________________ сатып алу бойынша конкурс
(толық атауын көрсету)
Лот №
|
Тапсырыс берушінің атауы
|
Қызметтің атауы*
|
Өлшем
бірлігі
|
Саны,
көлемі
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
1
|
"Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ
|
Сақтандыру бойынша қызмет
|
Бір қызмет
|
1,00
|
кестенің жалғасы
Жеткізу шарттары
(ИНКОТЕРМС 2000 және (немесе) 2010 сәйкес)
|
Қызметтерді
көрсету мерзімі
|
Қызметтерді көрсету орны
|
Аванстық
төлем
мөлшері,
% (бар болса)
|
Конкурс тәсілімен сатып алу үшін бөлінген сома (№ лот бойынша),
теңге
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
|
Шарт күшіне енген күннен басталатын кезеңде, алайда 2018 жылдың 31 желтоқсанын қоса алғанда, 2018 жылғы 1 қаңтардан кешіктірмей
|
Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Медеу ауданы
|
0%
|
12 000 000 теңге 00 тиын
|
* Тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің сипаттамаларын сипаттаған кезде бағанда тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің қысқаша атауы және әрбір позиция бойынша техникалық ерекше нұсқаманың нақты бір бөліміне сілтеме көрсетіледі.
Конкурстық құжаттамаға
2-қосымша
Нысан
Конкурсқа қатысуға өтінім
(заңды тұлғалар үшін)
Кімге ___________________________________________________________________
(сатып алуды ұйымдастырушының атауы көрсетіледі)
Кімнен __________________________________________________________________
(әлеуетті жеткізушінің толық атауы көрсетіледі)
1. Конкурсқа қатысуға үміткер заңды тұлға (әлеуетті жеткізуші) туралы мәліметтер:
Әлеуетті жеткізушінің заңды, пошталық мекенжайы және байланыс телефондары
|
|
Заңды тұлғаның банктік деректемелері (БСН, БСК, ЖСК), сондай-ақ заңды тұлғаға қызмет көрсететін банктің немесе оның филиалының толық атауы мен мекенжайы
|
|
Заңды тұлғаның бірінші басшысының тегі, аты, әкесінің аты(ол бар болса)
|
|
2. ____________________________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы көрсетіледі)
осы өтініммен конкурс тәсілімен сатып алуға _______________________________________
(конкурстың толық атауын көрсету қажет)
әлеуетті жеткізуші ретінде қатысуға ниет білдіреді және конкурстық құжаттамада көзделген талаптар сәйкес жұмыстарды орындауды, қызметтер көрсетуді (қажетін көрсету керек) жүзеге асыруға келісім білдіреді.
3. Әлеуетті жеткізуші осы өтініммен өзіне толық жауапкершілік қабылдайды және оның төмендегі талаптарды қабылдағанын растайды:
1) әлеуетті жеткізуші не оның қосалқы мердігері (бірлескен орындаушысы) Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінде тұрмауы;
2) әлеуетті жеткізуші басшыларының және (немесе) осы әлеуетті жеткізушінің уәкілетті өкілінің жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) немесе жекжаттары жеткізушіні таңдау туралы шешім қабылдау құқығына ие болмауы не өткізілетін сатып алуда тапсырыс берушінің немесе ұйымдастырушының қызметкерлері болып табылмауы;
3) әлеуетті жеткізушінің және (немесе) оның қызметкерінің тапсырыс берушіге не сатып алуды ұйымдастырушыға екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып конкурс тәсілімен жүзеге асырылатын сатып алуды қоспағанда, өткізілетін сатып алуды дайындау жөнінде сараптамалық, консультациялық және (немесе) өзге де қызметтер көрсетпеуі, техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеушінің жобалау (жобалау-сметалық) құжаттаманы әзірлеу жөніндегі сатып алуға қатысуын қоспағанда, өткізілетін сатып алудың нысанасы болып табылатын объектінің құрылысына арналған техникалық-экономикалық негіздемені және (немесе) жобалау (жобалау-сметалық) құжаттаманы әзірлеуге бас жобалаушы не қосалқы жобалаушы ретінде қатыспауы;
4) сатып алуға қатысуға үмiткер әлеуеттi жеткізуші басшысының:
Мемлекеттiк сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тiзiлiмiне енгiзiлген заңды тұлғаларды басқаруға, құруға, олардың жарғылық капиталына қатысуға байланысты қатынастары болмауы;
Мемлекеттiк сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тiзiлiмiне енгiзiлген, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға болып табылмауы;
5) әлеуетті жеткізушінің және (немесе) ол тартатын қосалқы мердігердің (бірлескен орындаушының) атқарушы құжаттар бойынша орындалмаған міндеттемелерінің болмауы және атқарушы құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган борышкерлердің тиісті тізіліміне енгізбеуі;
6) әлеуетті жеткізуші мен әлеуетті жеткізушінің үлестес тұлғасы бір конкурсқа (лотқа) қатыспауы.
4. Осы өтінім арқылы әлеуетті жеткізушінің Қағидалардың 282-тармағында көзделген фактілер анықталған жағдайда және Қағидалардың 15-тармағына сәйкес сатып алудан тапсырыс беруші бас тартқан тауарды, жұмыстарды, қызметтерді (қажеттісі көрсетілсін) сатып алу туралы шартты бұзуға келісімі де білдіріледі.
5. Әлеуетті жеткізуші конкурстық құжаттамамен танысқандығын және сатып алуды ұйымдастырушыға және конкурстық комиссияға өзінің құқықтық қабілеттілігі, біліктілігі, сапалық және өзге де сипаттамалары туралы берілетін тауарды, орындалатын жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді (қажетін көрсету керек) дұрыс емес ақпарат ұсынғаны үшін жауапкершілігі, олардың авторлық және сабақтас құқықтарды сақтауы, сондай-ақ өзге де шектеулерді сақтауы туралы хабардар етілгендігін растайды.
Әлеуетті жеткізуші осы конкурсқа қатысуға өтінімде және оған қоса берілетін құжаттарда мұндай дұрыс емес мәліметтерді бергені үшін өзіне толық жауапкершілікті қабылдайды.
6. Осы конкурсқа қатысуғаөтінім конкурсқа қатысуға өтінімді ашқан күннен бастап ___ күн ішінде қолданылады.
7. Біздің конкурсқа қатысуғаөтінім жеңді деп танылған жағдайда, біз сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді шарттың жалпы сомасының 3 (үш) пайызын құрайтын сомада не сатып алу туралы шарттың жалпы сомасының кемінде 3 (үш) пайызынан аспайтын авансқа тең мөлшерде енгіземіз (егер де конкурстық құжаттамада шарттың атқарылуын қамтамасыз етуді енгізу көзделген болса көрсетіледі).
8. Шартты жасасу сәтіне дейін конкурсқа қатысуға осы өтінім Сіздің оны жеңді деп тапқан хабарламаңызбен бірге біздің арамыздағы алдын ала шарт рөлін орындайтын болады.
________________________________________________________
________________________/_______________________________/
(Заңды тұлға - әлеуетті жеткізушінің бірінші басшысының не оның орынбасарының лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) және оның қолы)
Толтыру күні ____________________
Мөр орны (болған кезде)
Конкурстық құжаттамаға
3-қосымша
Нысан
Конкурсқа қатысуға өтініш
(жеке тұлға үшін)
Кімге _____________________________________________________________________
(сатып алуды ұйымдастырушының атауы көрсетіледі)
Кімнен____________________________________________________________________
(әлеуетті жеткізушінің толық атауы көрсетіледі)
1. Конкурсқа қатысуға үміткер жеке тұлға (әлеуетті жеткізуші) туралы мәліметтер:
Жеке тұлғаның - әлеуетті жеткізушінің жеке басын куәландыратын құжатқа сәйкес тегі, аты, әкесінің аты(ол бар болса)
|
|
Жеке тұлғаның - әлеуетті жеткізушінің жеке басын куәландыратын құжатының деректері
|
|
Жеке тұлғаның - әлеуетті жеткізушінің тіркелген мекенжайы
|
|
Жеке тұлғаның - әлеуетті жеткізушінің нақты тұрғылықты мекенжайы
|
|
Тіркеу туралы куәліктің, патенттің не кәсіпкерлік қызметпен айналысуға құқық беретін, конкурс мәніне сәйкес келетін өзге де құжаттың нөмірі
|
|
Жеке тұлғаның - әлеуетті жеткізушінің банктік деректемелері (ЖСН, БСН, ЖСК), сондай-ақ жеке тұлғаға қызмет көрсететін банктің немесе оның филиалының толық атауы мен мекенжайы
|
|
Жеке тұлғаның - әлеуетті жеткізушінің байланыс телефондары, пошталық мекенжайы және электрондық поштасының мекенжайы (ол бар болса)
|
|
2. ________________________________________________________________________
(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты(ол бар болса) көрсетіледі)
осы өтініммен конкурс тәсілімен сатып алуға_________________________________________
(конкурстың толық атауы көрсетілсін)
әлеуетті жеткізуші ретінде қатысуға ниет білдіреді және конкурстық құжаттамада көзделген талаптарға сәйкес тауарды жеткізуді, жұмыстарды орындауды, қызметтер көрсетуді (қажеттісін көрсету керек) жүзеге асыруға келісім білдіреді.
3. Әлеуетті жеткізуші осы өтініммен өзіне толық жауапкершілік қабылдайды және оның төмендегі талаптарды қабылдағанын растайды:
1) әлеуетті жеткізуші не оның қосалқы мердігері (бірлескен орындаушысы) Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінде тұрмауы;
2) әлеуетті жеткізуші басшыларының және (немесе) осы әлеуетті жеткізушінің уәкілетті өкілінің жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) немесе жекжаттары жеткізушіні таңдау туралы шешім қабылдау құқығына ие болмауы не өткізілетін сатып алуда тапсырыс берушінің немесе ұйымдастырушының қызметкерлері болып табылмауы;
3) әлеуетті жеткізушінің және (немесе) оның қызметкерінің тапсырыс берушіге не сатып алуды ұйымдастырушыға екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып конкурс тәсілімен жүзеге асырылатын сатып алуды қоспағанда, өткізілетін сатып алуды дайындау жөнінде сараптамалық, консультациялық және (немесе) өзге де қызметтер көрсетпеуі, техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеушінің жобалау (жобалау-сметалық) құжаттаманы әзірлеу жөніндегі сатып алуға қатысуын қоспағанда, өткізілетін сатып алудың нысанасы болып табылатын объектінің құрылысына арналған техникалық-экономикалық негіздемені және (немесе) жобалау (жобалау-сметалық) құжаттаманы әзірлеуге бас жобалаушы не қосалқы жобалаушы ретінде қатыспауы;
4) сатып алуға қатысуға үмiткер әлеуеттi жеткізуші басшысының:
Мемлекеттiк сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тiзiлiмiне енгiзiлген заңды тұлғаларды басқаруға, құруға, олардың жарғылық капиталына қатысуға байланысты қатынастары болмауы;
Мемлекеттiк сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тiзiлiмiне енгiзiлген, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға болып табылмауы;
5) әлеуетті жеткізушінің және (немесе) ол тартатын қосалқы мердігердің (бірлескен орындаушының) атқарушы құжаттар бойынша орындалмаған міндеттемелерінің болмауы және атқарушы құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган борышкерлердің тиісті тізіліміне енгізбеуі;
6) әлеуетті жеткізуші мен әлеуетті жеткізушінің үлестес тұлғасы бір конкурсқа (лотқа) қатыспауы.
4. Осы өтінім арқылы әлеуетті жеткізушінің Қағидалардың 282-тармағында көзделген фактілер анықталған жағдайда және Қағидалардың 15-тармағына сәйкес сатып алудан бас тартылған жағдайда, тауарды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді (қажеттісі көрсетілсін) сатып алу туралы шартты бұзуға келісімін білдіреді.
5. Әлеуетті жеткізуші конкурстық құжаттамамен танысқандығын және сатып алуды ұйымдастырушы мен конкурстық комиссияға өзінің құқығы, біліктілігі, сапалық және өзге де берілетін тауардың, орындалатын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің (қажеттісін көрсету) сипаттамалары туралы, олардың авторлық және сабақтас құқықтарды, сондай-ақ өзге де шектеулерді сақтауы туралы дәйексіз мәліметтер бергені үшін жауаптылығы туралы хабардар етілгендігін растайды.
Әлеуетті жеткізуші осы конкурсқа қатысуға өтінімде және оған қоса берілетін құжаттарда осындай дәйексіз мәліметтерді бергені үшін толық жауапкершілікті өзіне қабылдайды.
6. Осы конкурсқа қатысуғаөтінім конкурсқа қатысуға өтінімді ашқан күннен бастап ___күн ішінде қолданылады.
7. Біздің конкурсқа қатысуғаөтінім жеңді деп танылған жағдайда, біз сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді шарттың жалпы сомасының 3 (үш) пайызын құрайтын сомада не сатып алу туралы шарттың жалпы сомасының кемінде 3 (үш) пайызын құрайтын авансқа тең мөлшерде енгіземіз (егер де конкурстық құжаттамада шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу көзделген болса көрсетіледі).
8. Шартты жасау сәтіне дейін осы конкурсқа қатысуға өтінім Сіздің оны жеңді деп тану туралы хабарламаңызбен бірге біздің арамыздағы алдын-ала шарттың рөлін орындайтын болады.
_________________________________________
________________________/ ________________/
(жеке тұлғаның - әлеуетті жеткізушінің тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) және оның қолы)
Толтырылған күні _________________
Конкурстық құжаттамаға
4-қосымша
Нысан
Берешектің жоқ болуы туралы анықтама
Банк (атауы) осы Банкте көрсетілетін қызметті тұтынушының (заңды тұлғаның толық атауын, тел., мекенжайын көрсету қажет)___________ жағдай бойынша банк алдында анықтама (мәлімет) берілетін айдың алдындағы үш айдан артық созылған мерзімі өткен берешегінің жоқ екендігін растайды
Күні
Қолы
Мөр орны (болған кезде)
Конкурстық құжаттамаға
5-қосымша
Нысан
Достарыңызбен бөлісу: |