Конкурстық ҚҰжаттама сақтандыру бойыншақызметтер сатып алу туралы



жүктеу 467,5 Kb.
бет6/7
Дата12.02.2020
өлшемі467,5 Kb.
#28823
түріКонкурс
1   2   3   4   5   6   7

8.4. Егер басқаша тараптардың қосымша келісімімен келісілмесе, Сақтандырылушының тізіміне отбасы мүшесін қосымша ақылы енгізген кезде, сақтандыру сыйлықақысы Негізгі сақтандырылушыға толық көлемде әрбір қосымша ақылы бекітілетін Сақтандырылушы отбасының мүшесі үшін төленеді, бұл ретте осындай қосымша енгізу Негізгі сақтандырылушыға қатысты сақтандыру шартының қолданылуының басталған күнінен бастап бірінші 60 (алпыс) күнтізбелік күн ішінде ғана жүзеге асырылады.

8.4.1. Қосымша ақылы бекітудің бағасын Сақтандырылушыны Сақтандырылушылар тізіміне қосымша енгізу туралы Жеткізушіге жазбаша өтініштің қосымшасын қоса беріп, Негізгі сақтандырылушы Жеткізушінің кассасына төлейді (Шарттың №2 қосымшасы).

8.4.2. Қосымша ақылы бекітудің бағасы Шарттың бағасына енгізілмейді және Шарттың бағасының ажырамас бөлігі болып табылмайды. Бұл ретте қосымша ақылы сақтандырылушыларға қатысты Жеткізушінің міндеттері осы Шарттың талаптарымен реттеледі, ал қосымша ақылы бекіту бағасын төлеу жөніндегі Негізгі сақтандырылушының міндеттері және қосымша ақылы Сақтандырылушының деректерін Тараптар шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын Шартқа қосымша келісімде көрсетіледі.

8.5. Сақтандырылушының тізімінен Негізгі сақтандырылушыны мерзімінен бұрын алып тастау барысында осы Сақтандырылушыға есептелген сақтандыру сыйлықақысы жылдық сақтандыру сыйлықасының 10% мөлшерінде және сақтандыруды қорғаудың қолданылу уақытына тең сақтандыру сыйлықақысының бөлігінде істі жүргізуге шығыстар сомасын шегеріп ішінара қайтарылуға жатады. Сонымен қатар сақтандыру сыйлықақысын ішінара қайтару егер тізімнен шығарылатын Сақтандырылушы медициналық көмекке жүгінбеген және ол бойынша сақтандыру төлемі жасалмаған жағдайда ғана жүзеге асырылады. Сақтандыру сыйлықақысын қайтару сомасын есептеуді Тапсырыс беруші Сақтандырылушыны алып тастаудың нақты күнінен кейін 10 жұмыс күні аяқталған соң жүзеге асырылады. Отбасының тізімнен алып тасталатын мүшелері бойынша сақтандыру сыйлықақысы қайтарылмайды.

8.6. Егер осы баптың 11.5. тармағына сәйкес жасалған есептеу бойынша шегерімдер сомасы тізімнен алынатын Сақтандырылушыға төленген сақтандыру сыйлықақысының мөлшерінен асып түсетін болса, Жеткізуші Тапсырыс берушіні сақтандыру сыйлықақысын қайтарудан босатады және осындай асып түсудің мөлшері Жеткізушіге Тапсырыс берушімен өтелуге жатпайды.

8.7. Сақтандырылушылар тізімінен (Шартқа № 2 қосымша) Сақтандырылушыны енгізу және алып тастау күні болып Тараптардың қосымша келімінде көрсетілген күн есептеледі.

8.8. Жеткізуші Тапсырыс берушінің өтініші бойынша тек Негізгі сақтандырылушыны ғана ауыстыруы мүмкін, ал отбасы мүшесі ауыстырылмайды. Бір Негізгі сақтандырылушыны ауыстыру егер ауыстырылатын Сақтандырылушы және/немесе оның отбасының Сақтандырылған мүшелері бойынша сақтандыру төлемдері жасалмаған және медициналық көмекке өтініштер жасалмаған жағдайда ғана (отбасылық бекітілген жағдайда) қосымша сақтандыру сыйлықақысын төлеместен жүргізіледі.


9-БӨЛІМ. ТАРАПТАРДЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ

9.1. Тараптар Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамаған не тиісінше орындамаған жағдайда, Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікті көтереді.

9.2. Жеткізуші Шарт бойынша Қызметті көрсету мерзімін, Қызметтердегі ақауларды, кемшіліктерді, сәйкессіздіктерді, толық істемеулерді, қателерді жою мерзімін, сондай-ақ Шартпен көзделген міндеттемелерді орындау жөніндегі басқа мерзімдерді бұзған жағдайда, Тапсырыс беруші Шарт бойынша өзінің басқа құқықтарына зиян келтірместен, әрбір мерзімі өткен күн үшін Шарттың бағасынан 0,1 % (нөл бүтін оннан бір) мөлшерінде, бірақ Шарт бағасының 5%-нан (бес пайызынан) астам емес сомада тұрақсыздық айыбын есептеуге және оны Жеткізушіден өндіріп алуға құқығы бар.

9.3. Тапсырыс беруші Шарттың бағасын төлеу мерзімін бұзған жағдайда әрбір кешіктірілген операциялық күн үшін, төлем жасау күнін қоса алғанда, Жеткізушіге төленуге тиіс сомадан 0,1 % (нөл бүтін оннан бір пайыз) мөлшерінде өсімпұлды, бірақ Шарттың бағасының 5% (бес пайыз) астам емес мөлшерде, төлейді.

9.4. Шарт бойынша өзінің міндеттемелерін Жеткізуші орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны салдарынан Тапсырыс берушінің бастамасы бойынша біржақты тәртіппен Шарт бұзылған жағдайда, Жеткізуші Тапсырыс берушіге Шарттың бағасының 10%-ы (он пайызы) мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (өсімпұлды) төлейді.

9.5. Жеткізуші Шарттың 10.1.-10.3-тармақтарымен көзделген құпиялылық шарттарын бұзған жағдайда, Тапсырыс беруші айыппұлды есептеуге және өндіріп алуға құқылы, ал Жеткізуші бұл жағдайда Тапсырыс берушіге Шарттың бағасының 10 (он) % мөлшерінде айыппұл төлеуге, сондай-ақ Жеткізушінің құпиялылық талаптарын бұзуымен байланысты Тапсырыс берушіге келтірілген шығынды өтеуге міндеттенеді.

9.6. Егер Тапсырыс беруші Жеткізушінің Шартты орындау бойынша кінәсі болмаған кезде Шартты бұзуға бастамашы болса, Жеткізуші Шарт бойынша бұзуға байланысты тек бұзу күнгі нақты шығындар үшін ғана төлемді талап етуге құқылы.

9.7. Айыппұл мен тұрақсыздық айыбын төлеу Жеткізушіні Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындаудан босатпайды.

9.8. Сақтандыру жағдайын қасақана жасау, сондай-ақ сақтандыру төлемін заңсыз алуға бағытталған өзге алаяқтық іс-әрекеттер Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасына сәйкес жауапкершілікті көтереді.
10-БӨЛІМ. ҚҰПИЯЛЫЛЫҚ

10.1. Жеткізуші Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз қандай да болмасын тұлғаға Шарттың мазмұнын немесе оның қандай да бір ережелерін, сондай-ақ Тапсырыс беруші немесе Шартты орындау үшін Жеткізуші тартқан қызметкерді қоспағанда, оның атынан басқа тұлға берген техникалық құжаттаманы, жоспарларды, сызбаларды, модельдерді, үлгілерді немесе ақпаратты ашпауға тиіс. Көрсетілген ақпарат бұл қызметкерге құпия түрде және шарттық міндеттемелерді орындау үшін қажетті шамада берілуге тиіс.

10.2. Жеткізуші Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз Шартта және Шартқа қосымшаларда көрсетілген қандай да болмасын құжаттарды немесе ақпаратты Шартты іске асыру мақсатынан басқа пайдаланбауға тиіс.

10.3. Жеткізуші Шарттың 10.1-тармағында көрсетілген ақпараттың ашылуының алдын алу жөніндегі барлық мүмкін шараларды Шарттың әрекет етуі кезеңінде де және ол тоқтатылғаннан кейін де қолдануға міндетті.

10.4. Құпия ақпаратты жариялаған жағдайда, Тараптар Шарттың 9-бөліміне сәйкес жауапкершілікті көтереді.
11-БӨЛІМ. ЕҢСЕРІЛМЕЙТІН КҮШ (ФОРС-МАЖОР)

11.1. Егер Шартты орындауды кешіктіру форс-мажор жағдайларының нәтижесі болса, Жеткізуші Шартты орындауда өзінің қамтамасыз етуінен айырылмайды, Тараптар шарт талаптарының орындалмауынан тұрақсыздық айыбын, айыппұлды немесе шартты бұзғаны үшін жауапкершілікті көтермейді.

11.2. Осы Шарттың мақсаты үшін "форс-мажор" тиісті Тараптың есебіне және салақтығына байланысты емес және күтпеген сипаттағы Тараптан бақылауға бағынбайтын оқиғаны білдіреді. Мұндай оқиғалар әскери іс-қимылдар, табиғи немесе зілзала апаттары, індет, карантин мен тауарларды беруге эмбарго сияқты іс-қимылдарды қамтуы мүмкін, бірақ олармен шектелмейді.

11.3. Еңсерілмейтін күштер (форс-мажор) жағдайлары туындаған кезде тиісті Тарап басқа Тарапқа мұндай жағдайлар мен олардың себептері туралы тез арада жазбаша хабарлама жіберуге тиіс. Егер басқа Тараптан өзге жазбаша нұсқаулықтар келіп түспесе, хабар берген Тарап Шарт бойынша өзінің міндеттемелерін орындауды мүмкіндігінше орындайды және форс-мажор жағдайларынан тәуелсіз Шартты орындаудың баламалы әдістерін іздеуді жалғастырады.


12-БӨЛІМ. ШАРТТЫҢ ОРЫНДАЛУЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ.

12.1 Жеткізуші Шарт жасалған күннен бастап он жұмыс күні ішінде оны жасау сәтінде Шарт бағасының 100 (жүз) пайызы мөлшерінде Шартты орындалуын қамтамасыз етуді мына тәсілдердің бірімен енгізеді:

1) көрсетілген мөлшерде Шарттың 17-бөлімінде көрсетілген Тапсырыс берушінің банктік шотына кепілдемелік ақша жарнасын енгізу;

2) көрсетілген мөлшерде банктік кепілді ұсыну.

12.2. Жеткізушінің Шарт бойынша міндеттемелерін толық орындағанға дейін кепілдемелік ақша жарнасын Шарттың 12.1-тармағына сәйкес енгізілген жалпы не бір бөлігіне талап ету құқықтарының үшінші тұлғаларда туындауына әкелетін іс-әрекетті жасауына жол берілмейді. Тапсырыс берушінің Жеткізушінің енгізген кепілдемелік ақша жарнасын Заңмен көзделмеген мақсатта пайдалануына жол берілмейді.

12.3. Тапсырыс беруші Жеткізуші Шарт бойынша өз міндеттемелерін толық және тиісінше орындаған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде Жеткізушіге шарттың орындалуына енгізілген қамтамасыз етуді қайтарады.

Жеткізуші Шарт бойынша қабылдаған міндеттемелерін тиісінше орындамаған жағдайда, Тапсырыс беруші Шарттың орындалуына енгізілген қамтамасыз етуді Тапсырыс берушінің кірісіне тұрақсыздық айыбын төлеу фактісі белгіленген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қайтарады.

12.4. Тапсырыс беруші егер Шарт Жеткізуші Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамауымен байланысты бұзылса, Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді қайтармайды.


13-БӨЛІМ. ДАУЛАРДЫ ШЕШУ ШАРТЫ

13.1. Тапсырыс беруші және Жеткізуші Шарт бойынша және соған байланысты туындаған барлық келіспеушіліктер мен дауларды тікелей келіссөз барысында шешу үшін барлықт күші-жігерді жұмсайды.

13.2. Шарт бойынша Тапсырыс беруші мен Жеткізуші арасындағы дауларды реттеу мүмкін болмаған жағдайда, онда дау кез-келген Тараптың талабы бойынша Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне немесе өзге қолданылатын құқыққа сәйкес Тараптардың келісімі бойынша шешіледі.

13.3. Шарттан туындайтын талаптар (шағымдар) Қазақстан Республикасы заңнамасымен анықталған қуыну мерзімінің шегінде берілуі тиіс.

13.4. Келісімге келмеген жағдайда, дау Алматы қаласы Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленген тәртіппен қаралуға беріледі.
14-БӨЛІМ. ШАРТҚА ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗУ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ ОНЫ БҰЗУ.

14.1. Шартқа барлық өзгерістер мен толықтырулар жазбаша түрде ресімделеді және Шартта көзделген Тараптардың орналасқан жерінің және (немесе) деректемелерінің өзгеру жағдайын қоспағанда, екі Тарап та қол қояды, олар туралы Тараптар бір-біріне жазбаша хабарлайды.


14.2. Тапсырыс беруші келесі жағдайда Шартты мерзімінен бұрын біржақты тәртіппен бұзуға құқылы:

1) егер Жеткізуші Шарттың қолданылуы мерзімінде Қағидаларға сәйкес әлеуетті жеткізушіге қойылатын тиісті біліктілік талаптарға сәйкес келмейтін жеткізуші болса;

2) Жеткізуші Шарт бойынша өзінің міндеттемелерін орындамаған және (немесе) тиісті орындамағанда (Жеткізушінің Шарттың шартында қарастырылған Қызметтерді көрсету мерзімін Тапсырыс берушіге байланысты емес себептер бойынша 15 (он бес) күнтізбелік күннен көп кешіктіргенде; Жеткізуші Қызметті көрсету сапасына қойылатын талаптарды орындамағанда; Жеткізуші Қызметті көрсету барысында анықталған кемшіліктерді Шартта белгіленген мерзімде қалпына келтірмегенде; Шартта қарастырылған өзге жағдайларда).

3) Шартта көзделген өзге жағдайларда.

14.3. Шарт мына фактілердің бірі анықталған жағдайда кез келген кезеңде бұзылуға жатады:

1) Тапсырыс беруші Қағиданың 15-тармағына сәйкес сатып алудан бас тартқанда;

2) Жеткізуші ұсынған мәліметтерден сенімсіз ақпарат анықталған жағдайда;

3) Тапсырыс берушінің Жеткізушіге Қағидаларда қарастырылмаған жәрдем көрсеткенде;

14.3. Шарт мерзімінен бұрын бұзылған жағдайда, оны бұзуға бастамашы болған Тарап басқа Тарапқа мерзімі өткен соң Шарт бұзылды деп саналатын Шартты бұзудың болжанатын күніне дейін 30 (отыз) күнтізбелік күн бұрын Шартты бұзу туралы жазбаша хабарламаны жібереді. Хабарламада Шартты бұзу себебі көрсетілуі, күші жойылған шарттық міндеттемелердің көлемі, сондай-ақ Шартты бұзу күні келісілуі тиіс. Шартты бұзған жағдайда, Жеткізуші растайтын құжаттардың негізінде Шартты бұзу күнінде нақты көрсетілген Қызметке ғана төлемді талап етуге құқылы.

14.4. Шарт мерзімінен бұрын бұзылған жағдайда, Тараптар Шарт бұзылған күннен бастап 15 (он бес) банктік күн ішінде Шартты бұзу күнінің алдындағы күні нақты көрсетілген Қызметке ғана өзара есеп айырысады.

14.5. Шарт мына жағдайда тоқтатылған болып саналады:

1) Шарттың қолданылу мерзімінің аяқталуы;

2) Шарттың мерзімінен бұрын тоқтауы;

3) Шартпен белгіленген толық көлемде жалпы Сақтандыру сомасының мөлшерінде Жеткізушінің Сақтандыру төлемін (Сақтандыру төлемдерін) төлеуі (Сақтандырылушыға қатысты - осы Сақтандырылушы үшін көзделген сақтандыру сомасының толық көлемінде сақтандыру төлемін төлегеннен кейін).

14.6. Шарт мына жағдайда мерзімінен бұрын тоқтатылады:

1) сақтандыру объектісі жұмыс істеуін тоқтатқан кезде;

2) сақтандыру жағдайының басталу мүмкіндігі жоқ болған және сақтандыру тәуекелі сақтандыру жағдайынан өзге жағдайлар бойынша тоқтаған кезде;

3) "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңымен көзделген жағдайларды қоспағанда, Жеткізушіні мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін;

4) Жеткізушіні ерікті таратуға рұқсат беру туралы уәкілетті органның шешімінің күшіне ену күні;

5) Қазақстан Республикасы заңнамасымен көзделген өзге жағдайларда.

Шарт көрсетілген жағдайда Шартты тоқтату үшін негіздеме ретінде көзделген жағдай туындаған сәттен бастап тоқтатылды деп есептеледі, бұл туралы мүдделі Тарап басқа Тарапқа кідіріссіз хабарлауға тиіс.

14.7. Шартты мерзімінен бұрын тоқтатқан кезде Жеткізуші Тапсырыс берушіге Есептеу табеліне (Шарттың 8.3. тармағы) сәйкес сақтандыруды қорғаудың өтпеген кезеңіне өзіне төленген теңдей Шарттың бағасын (Сақтандыру сыйлықақысын) жалпы сақтандыру сыйлықақысы сомасынан 10% мөлшерінде істі жүргізуге жұмсалған шығыстарды шегеріп, сондай-ақ Шарт бойынша сақтандыру объектісіне қатысты жасалған Сақтандыру төлемін шегеріп қайтарады.


15-БӨЛІМ. ШАРТТЫҢ КҮШІНЕ ЕНУ ЖАҒДАЙЫ

15.1. Шарт Жеткізуші Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді толық енгізгеннен кейін күшіне енеді және 2018 жылғы 31 желтоқсаннан ерте емес мерзімде және 2018 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылады.


16-БӨЛІМ. ШАРТТЫҢ ТІЛІ. ЕРЕКШЕ ЖАҒДАЙЛАР

16.1. Шарт бірыңғай заңды күші бар мемлекеттік және орыс тілдерінде екі данада жасалды.

16.2. Шарт «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» 1997 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес жасалады.

16.3. Шартпен көзделмеген барлық жағдайда тараптар Қазақстан Республикасы заңнамасын басшылыққа алады.

16.4. Шарт талаптары мен Жеткізушінің Сақтандыру бағдарламасы арасындағы сәйкессіздіктер, келіспеушіліктер, айырмашылықтар туындаған жағдайда, Тараптар Шарттың ережелерін басшылыққа алады.

16.5. Шарт Қосымшаларымен және оның барлық тармақтарымен тұтас құжат болып табылады, баптар өзінің заңдық күшін қандай да бір жеке тармақтың, баптың заңды күшін жоғалтқан кезде сақтайды.

16.6. Төменде көрсетілген құжаттар Шартқа Қосымшалар болып табылады, онда келісілген шарттар Шартты құрайды және оның ажырамас бөлігі болып табылады, ал атап айтқанда:

1. № 1 қосымша – Техникалық ерекшелік;

2. № 2 қосымша – Сақтандырылған тұлғалар тізімі;

3. № 3 қосымша - Ассистанстың медициналық желісі;

4. № 4 қосымша – ауырған жағдайда ерікті сақтандыруға өтініш;
17-БӨЛІМ. ТАРАПТАРДЫҢ ЗАҢДЫ МЕКЕН-ЖАЙЛАРЫ ЖӘНЕ ДЕРЕКТЕМЕЛЕРІ


Тапсырыс беруші:

"Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" акционерлік қоғамы

Заңды және нақты мекен-жайы:

Қазақстан Республикасы, 050051, Алматы қ., Самал-1 ы/а, 28

БСН: 970740000154

"Қазақстан Халық банкі" АҚ-дағы

ЖСК KZ706010131000043597

БСК HSBKKZKX

Кбе 15
____________________(уәкілетті_тұлғаның___лауызымы_көрсетіледі__________________'>_________________



(уәкілетті тұлғаның

лауызымы көрсетіледі
_________________

(уәкілетті тұлғаның аты-жөні, әкесінің есімі (ол болған кезде) және қолы көрсетіледі

М.О.

Жеткізуші: _____________________________________

(Жеткізушінің атауы көрсетіледі) _____________________________________

_____________________________________

_________________

(уәкілетті тұлғаның

лауызымы көрсетіледі
_________________

(уәкілетті тұлғаның аты-жөні, әкесінің есімі (ол болған кезде) және қолы көрсетіледі

М.О.

2017 жылғы «_______» _________

(ОД тіркеу күні)



2017 жылғы «_______» _________

(Жеткізушінің қолы қойылған / тіркеген күні)

____ ОД/ _______ Шартқа

(ОД нөмірі) (Жеткізушінің нөмірі)

1 ҚОСЫМША
Сатып алынатын қызметтің техникалық ерекше нұсқамасы 
Ауырған жағдайда сақтандыру бойынша қызмет: ауырған жағдайда Тапсырыс беруші қызметкерлерін және олардың отбасы мүшелерін (бұдан әрі – Сақтандырушылар) медициналық сақтандыру қызметі.
Сатып алатын қызметтің техникалық сипаттамасы

1. Сақтандыру объектісі - ауру – сақтандыру жағдайының басталу тәуекелімен байланысты Сақтандырылушының мүліктік мүдделері болып табылады. Жеткізуші сақтандыру жағдайы басталған кезде Сақтандырылушыға көрсетілетін медициналық қызметті ұйымдастыру және қаржыландыру және/немесе осы техникалық ерекше нұсқаманың 9-тармағында көрсетілген Сақтандырылушының Cақтандыру бағдарламасына және ауыру жағдайына сақтандыру қызметін сатып алу туралы шартқа (бұдан әрі – Шарт) сәйкес Сырқатына байланысты Сақтандырылушының шығыстарын өтеу жөніндегі міндеттемені өзіне қабылдайды.

Ауру дегеніміз Шартпен көзделген анықтамалар мен бірыңғай жағдайларды және Сақтандырылушының тиісінше Сақтандыру бағдарламасын ескеріп, Шарттың қолданылу мерзімі ішінде Сақтандырылушы денсаулығының жай-күйіндегі кез келген, анықтауға болатын келеңсіз өзгеріс.



2. Бір Сақтандырылушыға сақтандыру сомасы осы техникалық ерекше нұсқаманың 9-тармағында көрсетілген тиісінше Сақтандыру бағдарламасына сәйкес анықталады. Бір Сақтандырылушыға берілетін сақтандыру сомасы Тапсырыс беруші қызметкерлері арасынан Сақтандырылушы мен оның отбасы мүшесі болып табылатын Сақтандырылушы үшін жалпы болып табылады.

3. Сақтандырушылар ақылы негізде тіркелген Сақтандырылушы отбасының мүшелерінен басқа 1 жастан бастап 65 жасқа дейінгі тұлғалар бола алады (1-ден бастап 70 жасқа дейінгі тұлғалар кіруі мүмкін).

Мыналар Сақтандырылушылар бола алмайды:

1) ақылы негізде тіркелген Сақтандырылушы отбасының мүшелерінен басқа 1 жасқа дейінгі тұлғалар және 65 жастан асқан тұлғалар (1-ден бастап 70 жасқа дейінгі тұлғалар кіруі мүмкін);

2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналадағылар үшін қауіп төндіретін аурулардың тізбесін бекіту туралы" 2015 жылғы 21 мамырдағы № 367 қаулысымен көзделген аурулары бар тұлғалар.

3) бауыр циррозымен ауыратын тұлғалар;

4) наркологиялық, психоневрологиялық диспансерлерде есепке тұратын тұлғалар;

5) эндокринді аурулары бар тұлғалар (Аддисон сырқаты, Кушинг синдромы, феохромоцитомы, Вильсон сырқаты);

6) бронхоэктатикалық ауруымен, өкпенің созылмалы дерті кезінде тыныс жеткіліксіздігімен ауыратын тұлғалар (ДН 2-3);

7) жүрек-қан тамырлары сырқатымен ауыратын тұлғалар: жүректің туа біткен кемістігі (митральды клапан пролапсынан өзге), аритмияның ауыр түрлері (жыбырлағыш аритмия, толық атриовентрикулярлы шектеме және аритмияның басқа ауыр түрлері); инфарктан кейінгі кардиосклероз және ІІБ-ІІІ деңгейінің жүрек жетімсіздігі кардиомиопатиясы).

Қызмет көрсету барысында аталған сырқаттар анықталған жағдайда, Сақтандырылушы сақтандырып қорғаудан алынып тасталады.



4. Сақтандырушылар саны – 231 (екі жүз отыз бір) адам, оның ішінде:

1) Тапсырыс берушінің қызметкерлері санынан сақтандырушылар – 77 (жетпіс жеті) адам, оның ішінде:

а) 3 (үш) адам – осы техникалық ерекше нұсқаманың 9-тармағында көрсетілген № 1 санат бойынша Сақтандырылушы үшін сақтандыру бағдарламасы бойынша сақтандырылған тұлғалар;

б) 74 (жетпіс төрт) адам – осы техникалық ерекше нұсқаманың 9-тармағында көрсетілген № 2 санат бойынша Сақтандырылушы үшін сақтандыру бағдарламасы бойынша сақтандырылған тұлғалар;

2) Тапсырыс беруші қызметкерлерінің отбасы мүшелерінен сақтандырылған тұлғалар – 154 (жүз елу төрт) адам, оның ішінде:

а) 6 (алты) адам – осы техникалық ерекше нұсқаманың 9-тармағында көрсетілген № 1 санат бойынша Сақтандырылушы үшін сақтандыру бағдарламасы бойынша сақтандырылған тұлғалар;

б) 148 (жүз қырық сегіз) адам – осы техникалық ерекше нұсқаманың 9-тармағында көрсетілген № 2 санат бойынша Сақтандырылушы үшін сақтандыру бағдарламасы бойынша сақтандырылған тұлғалар.

5. Сақтандыру жағдайы - Сырқатына байланысты, сондай-ақ Сырқаттың алдын алумен және Жеткізуші тарапынан қаржыландыруға жататын медициналық қызмет бойынша Сақтандырылушы шығыстарының немесе медициналық қызметке жұмсалған шығындардың туындауымен байланысты, осы техникалық ерекше нұсқаманың 9-тармағында көрсетілген Сақтандырылушының тиісінше сақтандыру бағдарламасымен көзделген қызметті алу үшін медициналық мекемеге жасаған өтініші.

6. Сақтандыру аумағы – Қазақстан Республикасының аумағы және сақтандыру шарты бойынша Жеткізушінің сақтандыру қорғалымы таралатын қызметтік іссапарға Сақтандырылушының (Тапсырыс беруші қызметкерлері) шыққан кездегі шет мемлекеттер.

7. Сақтандыру жағдайларынан басқа жағдайлар.

7.1. Сырқат және/немесе сақтандыру жағдайы болып табылмайды:

7.1.1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 14 қазандағы №526 «Денсаулық сақтау мемлекеттік емес секторында емделуіне тиым салынған аурулар тізілімін бекіту туралы» бұйрығында көрсетілген барлық аурулар, атап айтқанда;

7.1.2. маскүнемдік, нашақорлық, токсикомания;

7.1.3. ішек аурулары: Крон ауруы, спецификалық емес жара колиті, целиакия;

7.1.4. сүйек-бұлшық ет жүйесінің ауруларын емдеу (сколиоздар, кифоздар, лордоздар, жалпақ табан);

7.1.5. көздің көруін хирургиялық түзетумен байланысты шығындар, оның ішінде лазерді пайдалану арқылы;

7.1.6. пластикалық оталар, сырт келбеттің кемістіктерін немесе денелік аномалияларды жоюмен байланысты косметологиялық емдеу және емдеудің басқа түрлері, жынысты хирургиялық өзгерту, салмақты азайту;

7.1.7. зат алмасудың бұзылуы және ас қорыту жүйесінің бұзылуын емдеу және диагностика жасау: семіздік, несеп қышқылы диатезі, құяң, дистрофия;

7.1.8. эндокринді ауруларды емдеу және диагностика жасау: қант диабеті, қалқанша без ауруы (эндокринологтың бастапқы консультациясын қоспағанда және диагнозды қойғанға дейін зерттеулер);

7.1.9. бедеулікті емдеу және диагностика жасау, импотенция, контрацепцияның барлық әдістері;

7.1.10. түзетуші техниканы сатып алу және жөндеу (көзілдіріктер, линзалар, балдақтар, есту аппараттары және басқалары). Ауыстыруды немесе протездеуді талап ететін мүшелердің және тіндердің аурулары, оның ішінде эндопротездеу, қайта құрастыру оталары, мүшелерді ауыстыру бойынша оталар;

7.1.11. коронароангиографияны өткізумен байланысты; жүрекке хирургтің араласуына кететін медициналық шығындар (аортты және коронарлы шунтілеу, стентілеу, ИВР орнату);

7.1.12. көзге көрінетін тұқым қуалайтын кемістікті емдеу және диагностика жасау (ергежейлік, жедел жыныстық жетілу), тұқым қуалайтын, гендік, хромосомдық аурулар және жүре пайда болған жаму кемістіктері, ДЦП;

7.1.13. респираторлы аллергоздардың ремиссиясы кезінде пайдаланылатын терапевті тәсілдер (айрықша гипосенсибилизация, гистаминотерапия және вегетотропты терапия тәсілі);

7.1.14. неврологиялық аурулар: Альцгеймер ауруы, Паркинсон синдромы, эпилепсия, полиомиелит, ми қан айналымының бұзылуының салдары және асқынуы, гидроцефалия;

7.1.15. асқыну кезеңін қоспағанда, созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі, созылмалы жүрек ақауы және созылмалы бауыр жетімсіздігі және гемодиализ жүргізуді талап ететін органдар мен тіндердің басқа аурулары. Плазмофорез бен гемосорбцияны жүргізу;

7.1.16. асқыну кезеңінен тыс созылмалы тыныс жүйесі аурулары: бронхоэктатикалық ауру, ХОБЛ (өкпенің созылмалы обструктивті ауруы), 2-3 кезеңдегі тыныс жетімсіздігімен өкпенің басқа созылмалы аурулары және өкпе эмфиземі;

7.1.17. асқыну кезеңінен тыс III-кезеңдегі IIБ қан айналымының жеткіліксіздігімен жүрек-қан тамыр жүйесінің созылмалы ауруы;

7.1.18. асқыну кезеңінен тыс несеп-жыныстық жүйесінің аурулары: бүйректің поликистозы; созылмалы гломерулонефрит, 2-3 кезеңдегі ХПН, бүйректің амилоидозы, нефроангиосклероз, гидронефроз, туа біткен несеп шығаратын жолдардың және бүйрек дамуының ақаулары, энурездің кез келген түрі;

7.1.19. диагноз қою және және емдеудің дәстүрлі емес әдістері: иридодиагностика, аурикулодиагностика, су процедуралары, құрғақ және су сығындылары, батпақпен емдеу; қан УФО, аутогемотерапия, вакуумдық терапия, мануалдық терапия, шөппен емдеу, барокамерада емдеу, флойтинг - ваннналар, еңбек терапиясы, гирудотерапия, Фолль бойынша зерттеу, ИФС, биорезонансты терапия, ине рефлекс терапиясы және УВТ және т.б.;

7.1.20. Ауруға байланысты медициналық көрсеткіштер бойынша тағайындалмаған массаж;

7.1.21. әскери іс-әрекеттерге немесе Сақтандырылушының қоғамдық тәртіпсіздіктерге, көтерілістерге, түрлі сипаттағы халық толқуларына тікелей қатысуының нәтижесі болып табылатын жарақаттар немесе жазатайым жағдайлар;

7.1.22. дәрігердің ұйғарымы бойынша алкогольдік немесе есірткілік заттардың, психотроптық заттардың жоғары және орта қоюлануымен дәрілік заттарды пайдалануды қоспағанда, алкогольдік немесе есірткілік, психотроптық заттарды пайдаланып мас болу салдарынан денсаулықтың нашарлауы, жарақат, ауру;

7.1.23. Сақтандырылушының әдейі денелік зақымдарды келтіруі, оның ішінде өз-өзіне қол жұмсауға тырысу;

7.1.24. Сақтандырылушы жасаған іс-әрекеттерге байланысты басталған денсаулықтың бұзылуы немесе өзге жарақаттануы, оған қатысты сот қылмыстық іс белгілерін тапқан іс-әрекеттер;

7.1.25. асқынған және созылмалы ақ қан ауруы;

7.1.26. қару ұстауға, жүргізуші куәлігін алуға, оқу орындарына түсуге рұқсат алуға анықтаманы ресімдеу мақсатында жүргізілетін медициналық зерттеу;

7.1.27. Сақтандырылушының өміріне қауіп төнетін жағдайларды қоспағанда, жүктілікті тоқтатуға байланысты шығыстар (медициналық және медикаментоздық аборттар). Осындай манипуляциялардың салдары және асқынулар;

7.1.28. кез келген этиологияның созылмалы гепатиттері;

7.1.29. егер еңбекке жарамсыздық парағы берілетін ата-ана және/немесе бала Сақтандырылушы болып табылмаса бала күтімі бойынша еңбекке жарамсыздық парағын беру;

7.1.30. профилактикалық, емдік көрсеткіштер үшін медициналық заттарды сатып алу (маскалар, ингаляторлар, қызу өлшегіштер, бинттер, мақта, лейкопластырь, клизмалар және т.б.).

7.2. Сақтандыру өтеуіне келесі медициналық дәрі-дәрмектерді сатып алу кірмейді (Сақтандыру жағдайы болып табылмайды:

7.2.1. контрацепциялық дәрі-дәрмектерді (емдік көрсеткіштері бойынша тағайындалған жағдайлардан басқа);

7.2.2. поливитаминдер (күре тамырға немесе бұлшық етке салатын витаминдерден басқа);

7.2.3. биологиялық белсенді қоспалар;

7.2.4. гомеопатикалық дәрі-дәрмектер;

7.2.5. анорексантты құралдар;

7.2.6. косметикалық құралдар;

7.2.7. биологиялық стимуляторлар (женьшень тұнбасы және басқалар секілді).

7.3. Сақтандыру жағдайларына жүктілік пен босанумен байланысты консультациялар мен диагностикалық зерттеулер (Сақтандырылушының өміріне тікелей қауіп төндіретін жағдайларды қоспағанда); жүктіліктің патологиясы мен босандыру бойынша стационарлық емдеу жатпайды.

7.4. Осы тармақтың 7.1-7.3 тармақшаларында көрсетілген cырқаттардың Сақтандырылушыда диагностика жасалумен байланысты медициналық шығыстарды Жеткізуші амбулаторлық-емханалық жағдайда диагноз расталған не емдеу кезінде аурудың диагнозы алғаш рет анықталған стационарлық емдеу курсы аяқталғанға дейін ғана өтейді.



жүктеу 467,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау