Конкурс туралы хабарландыру Қазақстан Республикасының



жүктеу 125 Kb.
Дата27.12.2019
өлшемі125 Kb.
#25117
түріКонкурс

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс туралы хабарландыру
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті
Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:
С-3 санаты үшін: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес;

3) А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;

4) өкiлеттiктерiн теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жыл алты айдан кем емес;

5) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде орталық деңгейдегі құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

6) жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

7) ғылыми дәрежесінің болуы;

8) кеңесші және көмекші лауазымына жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
С-4 санаты үшін: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;

3) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

4) өкiлеттiктерiн теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

5) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

6) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

7) ғылыми дәрежесінің болуы.


-"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 21 желтоқсанда № 14542 болып тіркелді.
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы, тг.:


Санат

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

С-3

154 141

208 294

С-4

138 213

186 526


Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті, Республика Казахстан, 010000, город Астана, район Есил, ул. Мәңгілік ел, д. 8, здание "Дом министерств", 12 подъезд, каб. А340, пошта мекенжайы: Республика Казахстан, 010000, город Астана, район Есил, ул. Мәңгілік ел, д. 8, здание "Дом министерств", 12 подъезд., анықтама телефоны: 742450, факс: 742715, e-mail: kadry_ak@mdai.gov.kz «Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды:
1. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті Ғылыми-техникалық әзірлемелер басқармасының бас сарапшысы, C-4 (2 бірлік)

Функционалдық міндеттері: Ғарыш саласын дамытудың басым бағыттары бойынша ғарыш қызметін дамытудың ғылыми-техникалық және технологиялық бөлігінде ұсыныстар әзірлеу; ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар бөлігінде экономика саласының міндеттерін шешуге және ғарыш өнімдерін қолдануын кеңейтуге және соңғы тұтынушыға қызмет үшін ғылымның, техниканың және өндірістің барлық салаларында жаңа білімді қолдану және қолдануға бағытталғанғарыш қызметі саласындағы бағдарламалар мен жобалардың іске асырылуына мониторинг жүргізу және қамтамасыз ету (астрономия, геофизика, геодезия және картография, экология, ауыл шарушылығы, қоғаныс, ұлттық қауіпсіздік және басқалары); жоғарыдағы экономика саласының міндеттерін шешу үшін ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қоса алғанда, ғылыми-техникалық бағдарламалар мен жобалардың нәтижелерін енгізу бойынша ұсыныстар енгізеді және әзірлейді (ұлттық қауіпсіздік, қорғаныс, тау-кен өндірісі саласында, геодезия, маркшейдер және басқа салаларда соңғы қолданушы үшін ғарыштық техника және технологиялар, ақпараттық және телекоммуникациялық жүйелер, аппараттық-бағдарламалық құралдар), ғарыштық техника мен технологиялардың әлемдік даму үрдістерін есепке ала отырып, Қазақстан Республикасының ғарыш жобалары мен бағдарламаларының ғылыми зерттеулерін дамытудың жай-күйін талдау және болжау; ғарыш қызметі саласындағы ғылыми зерттеулер бөлігінде мемлекеттік бағдарламалардың және салалық бюджеттік бағдарламалардың тұжырымдамалары мен жобаларын әзірлеу жөніндегі жұмыстарға қатысу; авиағарыштық техника мен технологиялар құру бойынша жобалардың техникалық спецификасын (техникалық тапсырма) әзірлеуге қатысу; ғылыми бағдарламалар мен жобаларды орындау бөлігіндегі Министрліктің Стратегиялық жоспарының іс-шараларын іске асыруды үйлестіру және сүйемелдеу; ғарыштық жобалар мен бағдарламаларды қабылдауға, салалық сараптамаға және сараптама нәтижелеріне, ғарыш қызметі саласындағы салааралық жұмыстарды үйлестіруге қатысу; Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Министрліктің, Комитеттің отырыстарына ақпараттық-талдамалық анықтамаларды, ақпараттарды, есептерді, материалдарды дайындау; ғарыш қызметі аяасында салааралық үйлестіруді, ғарыштық бағдарламалар мен жобалардағы салалық сараптамалар мен сараптамалар нәтижелеріне қатысу; ақпараттық-аналитикалық анықтамаларды, ақпараттарды, есепттерді, Қазақстан Республикасы Үкметі отырыстарына материалдар дайындау; Комитеттегі Ғылыми-техникалық кеңестің жұмысын қамтамасыз ету және ұйымдастыру

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: авиациялық техника мен технологиялар, автоматоматтандыру және басқару, радиотехника, электорника және телекоммуникациялар, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, ақпараттық жүйелер, математикалық және компьютерлік модельдеу, геодозия және картография, техникалық физика, стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша), ғарыш техникасы және технологиялары, ғарыш аппараттарын өндіру, метрология
2. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті Бұқарамен байланыс басқармасының басшысы, C-3 (1 бірлік, негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалыс кезеңіне 15.11.2020 ж. дейін)

Функционалдық міндеттері: Бөлімнің ережесіне сәйкес басқармасының тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету. Қазақстанның Республикасының ғарыш қызметін жарықтандыру және насихаттау саласындағы мемлекеттік ақпараттық саясаттың негізгі бағыттары бойынша ұсыныстар әзірлеу және ұйымдастыру; Қазақстан Республикасының ғарыш саласын дамытуды насихаттау және жария ету бойынша имиждік бейне-, аудиоөнімдердің әртүрлі тұжырымдамаларды; Қазақстан Республикасының ғарыш қызметін ақпараттық сүйемелдеуді жүргізу мәселелері бойынша стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеу және ұйымдастыру. Қазғарыш және оның қарамағындағы ұйымдардың ақпараттық саясатын жүргізу, Қазғарыштың және ведомстволық бағынысты ұйымдардың жұмыстарын жариялау мәселелері бойынша отандық және шетелдік БАҚ өкілдерімен өзара іс-қимыл жасау; Комитет қызмет саласын қозғайтын, БАҚ-тың келеңсіз сыни мақалаларына Комитет басшылығының шұғыл жауап беруі бойынша ұсыныстар енгізу. Комитет басшылығының басқармасының тапсырмаларын тиімді және уақтылы орындалуын қамтамасыз ету

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: халықаралық қатынастар, тарих, журналистика, философия, механика, орыс тілі және әдебиеті, саясаттану, экономика, филология, педагогика және психология, қазақ тілі мен әдебиеті, мәдениеттану, аударма іс, әлеуметтану, математика, информатика, шет тілі: екі шет тілдер, мемлекеттік және жергілікті басқару, физика
3. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті Заң басқармасының бас сарапшысы, C-4 (1 бірлік)

Функционалдық міндеттері: Сотта, сондай-ақ басқа да ұйымдарда құқықтық мәселелерiн қарау кезiнде белгiленген тәртiппен Комитеттің мүдделерiн бiлдiру; Министрлік және Комитет әзірлейтін құқықтық және нормативтік құқықтық актілердің, шарттардың, іс жүргізу құжаттарының, сондай-ақ өзге де құқықтық сипаттағы құжаттардың жобаларын әзірлеуге, оның ішінде оларды Министрліктің және Комитеттің басқа да құрылымдық бөлімшелері әзірлеген жағдайда келісу жолымен әзірлеуге қатысу; ғарыш саласындағы заңнаманы насихаттау бойынша жылсайынғы Іс-шаралар жоспарын әзірлеуге қатысу, Комитетте жалпыға бiрдей құқықтық оқытуды ұйымдастыру;тиісті сот талқылауына әкеп соқтырған негізгі себептер мен жағдайларды анықтау мақсатында Комитеттің қатысуымен даулар бойынша талап арыз жұмысының, сот тәжірибесінің жай-күйін талдайды және оларды жою мен кінәлі лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту жөнінде ұсыныстар енгізу; Комитетке келiп түсетiн Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актілерiнiң жүйелендiрiлгенесебiн және олардың сақталуын ұйымдастыру; Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі бойынша құжаттарды ресімдеу және өту тәртібін сақтау; Басқармада іс жүргізуді, оның ішінде кіріс және шығыс корреспонденциясын есепке алуды жүргізу, басшылық тапсырмалары мен құжаттардың орындаушыларға уақтылы жеткізілуін қамтамасыз ету, құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету бойынша шараларды қолдану, сондай-ақ басшылық тапсырмалары мен құжаттардың уақтылы орындалуын бақылау, Басқармадағы іс жүргізудің және атқарушылық тәртіптің жай-күйі туралы Басқарма басшысын хабар ету; Басқарма мәселесіне қатысты есептерді, анықтамаларды, хаттарды және басқа құжаттарды дайындау; Комитет пайдасына қабылданбаған сот актісіне шағымдану жөніндегі шараларды уақытылы ұйымдастыру, сондай-ақ заңнамада белгіленген тәртіппен прокуратура органдарына қадағалау тәртібінде наразылық білдіру туралы өтініштермен жүгіну; нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу және Комитет Төрағасының, басшының тапсырмасы бойынша құқықтық сипаттағы өзге құжаттарды дайындау; Комитет құзыретiне жататын құқықтық мәселелер бойынша Комитет атынан түсiнiктеме дайындау; Әзірлеушісі Комитет болып табылатын заң жобаларының Қазақстан Республикасының Парламентінде өтуіне қатысу; басшылыққа қол қоюға ұсынылатын бұйрықтардың, нұсқаулықтардың, қаулылардың, өкімдердің және басқа құжаттардың заңнама талаптарына сәйкестігін тексеру

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: халықаралық құқық, құқықтану, құқық қорғау қызмет
4. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті Кадр және ұйымдастыру жұмысы басқармасының бас сарапшысы, C-4 (2 бірлік)

Функционалдық міндеттері: Мемлекеттік қызметке орналасу, өту және жұмыстан босатылу рәсімдердің орындалуын қамтамасыз ету; мемлекеттік қызметкерлердің қызметіне бағалау жүргізуді ұйымдастыру, аттестациялаудан өтуін қамтамасыз ету; кадр мәселесі бойынша тәртіптік, аттестациялық, конкурстық және басқа комиссияның қызметін ұйымдастыру; аттестацияның және конкурстық іріктеуді жүргізу, мемлекеттік қызметкерлерді қызметі бойынша жоғарлату, мемлекеттік қызметкерлерді тәртіптік жауапқа тарту, мемлекеттік қызметкерлерді жұмыстан босату рәсімдердің орындалуын қамтамасыз ету; мемлекеттік қызметкерлердің мемлекеттік қызметке өтуіне байланысты құжаттарды рәсімдеу. Мемлекеттік қызметке орналасумен байланысты шектеулердің орындалуын қамтамасыз ету; мемлекеттік қызметшілердің тағылымдамасын, тәлімгерлігін, қызметін бағалауды, оқуын, қайта даярлығын және біліктілігін арттыруды ұйымдастыру; мемлекеттік қызметшілердің дербес деректерін, бағалау, аттестаттау және оқудан өту нәтижелері туралы мәліметтерді есепке алуды жүзеге асыру; Комитеттегі еңбек тәртібінің сақталуын қадағалау. Комитетте кәсіби бейімдеулуін және тәлімгерлікті ұйымдастыру. Басқарманың мәселесіне қатысты есептерді, анықтамаларды, хаттарға жауаптарды және басқа құжаттарды даярлау

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: менеджмент, қаржы, орыс тілі және әдебиеті, экономика, құқықтану, информатика, қазақ тілі мен әдебиеті, аударма іс, мемлекеттік және жергілікті басқару
5. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті Ғарыштық байланыс жүйелері басқармасының бас сарапшысы, C-4 (1 бірлік, негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалыс кезеңіне 01.06.2021 ж. дейін)

Функционалдық міндеттері: Ғарыштық жүйелерді құру бойынша ғарыш қызметі саласындағы ғарыштық байланыс жүйесі бөлігінде жобалардың (инвестициялық ұсыныстар, ТЭН, ҚЭН) материалдарына салалық сараптаманы жүзеге асыру; ғарыш қызметі саласындағы ғарыштық байланыс жүйесі бөлігінде жобаларға салалық сараптаманы жүзеге асыру тәртібіне ұсыныстарды және кепілдемелерді әзірлеу; Қазақстан Республикасы үшін жасалатын ғарыштық байланыс жүйесіне мемлекеттік тапсырмалар тізіміне ұсыныстарды әзірлеу; ғарыштық қызметін даму бойынша басым сипатта инвестициялық жобаларды іріктеу бойынша ұсыныстарды әзірлеу; ғарыштық қызметін даму жобалар бойынша ұсыныстарды әзірлеу; Қазақстан Республикасы ғарыш қызметінің дамуын болжауда және жағдайына талдау жүргізуде қатысу; ғарыш қызметi саласындағы ғарыштық байланыс жүйелері бөлігіндегі аяқталған жобалар бойынша нәтижелердi қабылдау тәртібіне ұсыныстарды әзірлеу;ғарыштық жүйелерді құру бойынша ғарыш қызметi саласындағы ғарыштық байланыс жүйелері бөлігіндегі жобаларға (техникалық тапсырмалар) техникалық спецификацияны дайындауда қатысу; заң және (немесе) физикалық тұлғаларға ғарыш аппараттарының транспондерлерін ұсыну тәртібі бойынша ұсыныстар әзірлеу; ғарыштық байланыс жүйелерін тиімді пайдалануды қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар әзірлеу; ғарыштық байланыс жүйелерінің қызмет нарығын дамыту мен әзірлеу үшін шарттар жасау бойынша ұсыныстар әзірлеу; ғарыштық байланыс жүйелерінің ғарыш аппараттарының ресурстарын пайдалануға мемлекеттік және шетелдік байланыс және хабартарату байланыс операторларын тарту бойынша ұсыныстар әзірлеу;анықтамаларды, ақпаратты, есептерді және материалдарды дайындау

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: машина жасау, авиациялық техника мен технологиялар, автоматоматтандыру және басқару, радиотехника, электорника және телекоммуникациялар, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, ұшатын аппараттар мен қозғалтқыштарды ұшуда пайдалану, ядролық физика, ақпараттық жүйелер, математикалық және компьютерлік модельдеу, материалтану және жаңа материалдар технологиясы, геодозия және картография, көлік, көліктік техника және технологиялар, технологиялық машиналар және жабдықтар (сала бойынша), стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша), ғарыш техникасы және технологиялары, метрология, жобаны басқару
6. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті "Байқоңыр" кешенін дамыту басқармасының бас сарапшысы, C-4 (1 бірлік)

Функционалдық міндеттері: Ресей Федерациясына «Байқоңыр» кешенін жалға беру жағдайында оның қызметінің мәселелері бойынша ақпараттық-анықтамалық материалдарды даярлау; жұмыс топтарының, «Байқоңыр» кешені жөніндегі комиссияның қызметіне қатысу; «Байқоңыр» кешені жөнінде мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен, ұйымдарымен және кәсіпорындармен өзара іс-қимыл жасау; «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ғарыш аппарттарын ұшыру және сынақтық ұшыру жоспары бойынша жыл сайынғы қорытындыны даярлау; «Байқоңыр» кешені жөніндегі мәселелер бойынша халықаралық шарттарды әзірлеуге және халықаралық шарттардың іске асуына мониторинг жасауга қатысу; «Байқоңыр» кешені бойынша шарттық-құқықтық базаларды жетілдіру бойынша ұсыныстарды даярлау; Басқарманың жұмыс жоспарлары мен есептерін дайындауға қатысу

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: қаржы, халықаралық қатынастар, халықаралық құқық, экономика, кеден ісі, құқықтану, ұшатын аппараттар мен қозғалтқыштарды ұшуда пайдалану, ғарыш техникасы және технологиялары
7. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті Халықаралық байланыстар басқармасының бас сарапшысы, C-4 (2 бірлік, 1 бірлік негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалыс кезеңіне 13.12.2019 ж. дейін, 1 бірлік оқу кезеңіне 2020 жылғы 30 маусымға дейін)

Функционалдық міндеттері: Халықаралық шарттардың жобаларын әзірлеу, қол қоюға дайындау, құқықтық сараптама жасау; ғарыш қызметі саласындағы халықаралық ынтымақтастық мәселелері жөніндегі кездесулер мен келіссөздерді хаттамалық-ұйымдастырушылықты қамтамасыз ету бойынша жұмыстарға қатысу; ғарыш қызметі саласындағы халықаралық ынтымақтастық мәселелері бойынша жұмыс топтарының және комиссиялардың жұмысына қатысу; ғарыш қызметі саласындағы халықаралық шарттардың орындалуын мониторингілеуді және бақылауды жүзеге асыру; ғарыш қызметі саласында халықаралық ұйымдармен, ғарыш агенттіктерімен және шетел мемлекетінің компанияларымен әрекеттесу, соның ішінде жетекшілік ететін құқық мәселелері бойынша өзара әрекеттесуді қоса алғанда; өз құзіреті шеңберінде ғарыш қызметі саласындағы шетел мемлекеттерімен ынтымақтастық мәселелері бойынша үкіметаралық комиссиялардың (комитеттер, одақтар) жұмысына қатысу; жетекшілік ететін мәселелер бойынша шетел мемлекеттерімен халықаралық ынтымақтастықты дамыту бойынша ұсыныстарды әзірлеуге қатысу;ғарыш қызметі саласының құқықтық-шарттық базасын жетілдіру бойынша ұсыныстарды дайындау; Басқарманың жұмыс жоспарлары мен есептерін дайындауға қатысу

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: халықаралық қатынастар, халықаралық құқық, құқықтану, радиотехника, электорника және телекоммуникациялар, әлемдік экономика, ғарыш техникасы және технологиялары
8. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті "Байқоңыр" кешенін дамыту басқармасының басшысы, C-3 (1 бірлік, негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалыс кезеңіне 20.01.2021 ж. дейін)

Функционалдық міндеттері: Басқарманың жұмысын басқару, ұйымдастыру және жоспарлау, басқарма алдында тұрған міндеттердің орындалуын қамтамасыз ету; «Байқоңыр» кешенін жалға беру шарты және «Байқоңыр» кешені жөніндегі басқа халықаралық шарттар бойынша жұмысты үйлестіруге қатысу; «Байқоңыр» кешені жөніндегі Қазақстан-Ресей Үкіметаралық комиссиясын, оның Қазақстандық бөлігінің және басқа да уағдаластықтарды ұйымдастыру, Комиссия шешімінің орындалуын мониторинг жасау және бақылауды ұйымдастыру; ғарыш қызметі саласында шетелдік ғарыш агенттіктерімен және компанияларымен өзара әрекет етуді ұйымдастыру; жетекшілік ететін мәселелер бойынша үкіметаралық комиссияларға және халықаралық іс-шараларға қатысуды ұйымдастыру; ғарыш қызметі саласындағы Қазақстан Республикасының халықаралық ынтымақтастық мәселелері бойынша кездесулері мен келіссөздерін ұйымдастыру; «Байқоңыр» кешенiнiң зымыран-ғарыш қызметiнің әсеріне ұшырайтын Қазақстан Республикасының аумақтарында экологиялық монторингті іске асыру; халықаралық шарттарды, перспективалық жұмыс жоспарын әзірлеуді және есептерін қалыптастыруды ұйымдастыру және қатысу

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: қаржы, халықаралық қатынастар, халықаралық құқық, экономика, кеден ісі, құқықтану, ұшатын аппараттар мен қозғалтқыштарды ұшуда пайдалану, ғарыш техникасы және технологиялары
9. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті Қаржы және мемлекеттік сатып алу басқармасының бас сарапшысы, C-4 (1 бірлік, негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалыс кезеңіне 25.04.2022 ж. дейін)

Функционалдық міндеттері: Комитеттің штаттық және штаттан тыс қызметкерлерінің еңбекақысын мерзімінде төлеу үшін уақытылы ұстап қалуды және аударуды жүргізеді, демалыстар мен жәрдемақыларды есептейді, «Еңбекақы бойынша есептесу ведомостерінің жинағы» № 5 мемориалдық ордерді жүргізеді;міндетті зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдарды және зейнетақы мәліметтер-анықтамаларын есептеу мен аударуға есеп пен бақылауды жүргізеді;Комитеттің қызметкерлеріне ай сайын есеп айырысу парағын береді және еңбекақы бойынша есептеулер мен ұстап қалуларды түсіндіру бойынша жұмыстарды жүргізеді;еңбекақы туралы анықтаманы жасайды және береді;еңбекақы, жеке табыс және әлеуметтік салық, міндетті зейнетақы және әлеуметтік аударымдар бойынша төлемге шотты дайындайды;қазынашылыққа құжаттарды: өтінімдер, төлемге шоттар және т.б. дайындауда қатысады;жеке еңбек шарттарын (келісімдерін) жасауға дайындықты және келісімді ұйымдастырады, есепті жүргізеді;бекітілген бюджетке сәйкес, тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алу жоспарын әзірлейді, қажет болған жағдайда оған өзгерістер енгізеді;тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық құжаттарды дайындауды жүзеге асырады;мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстарды өткізуді ұйымдастырады, тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша хаттамаларды жасайды, тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша шарттың жобаларын әзірлейді;өткізілген мемлекеттік сатып алулар бойынша жиынтық статистикалық есепті қалыптастырады;жасалған шарттар бойынша мониторингті жүргізеді

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: қаржы, есеп және аудит, экономика, әлемдік экономика, мемлекеттік және жергілікті басқару
10. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті Жоспарлау, талдау және бақылау басқармасының бас сарапшысы, C-4 (1 бірлік)

Функционалдық міндеттері: Стандарттау, метрология және сертификаттау бойынша жұмыстар мен іс-шараларды жүзеге асыру; Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес ғарыш қызметі саласындағы техникалық регламенттер мен ұлттық стандарттарды әзірлеуге қатысу; ғарыш кеңістігін пайдалану бойынша қызметті лицензиялауды жүзеге асыру; ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметке қойылатын біліктілік талаптарын әзірлеу; ғарыш қызметін лицензиялау саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлеу және енгізу; мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру; Қазақстан Республикасының заңнамасын лицензия алушының сақтауын қамтамасыз етуге бағытталған рұқсат беруге бақылауды жүзеге асыру; ғарыш қызметінің нормативтік құқықтық және нормативтік техникалық базасын жетілдіру бойынша ұсыныстарды қалыптастыру; Комитет, Министрлік және Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырыстарына анықтамалар, ақпараттар, есептер, материалдарды дайындауға қатысу; басшылықтың тапсырмасы бойынша Басқарма және Комитетті мемлекеттік органдарда және өзге ұйымдарда ұсыну; техникалық реттеу мәселелері бойынша жұмыс топтары, комиссиялар және техникалық комитеттердің жұмыстарына қатысу; басшылықтың тапсырмасы бойынша Басқарма және Комитетті мемлекеттік органдарда және өзге ұйымдарда ұсыну; техникалық реттеу және мемлекеттік бақылау мәселелері бойынша жұмыс топтары, комиссиялар және техникалық комитеттердің жұмыстарына қатысу

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: қаржы, экономика, автоматоматтандыру және басқару, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, ұшатын аппараттар мен қозғалтқыштарды ұшуда пайдалану, мұрағаттану, құжаттар жүргізу және құжаттамалық қамтамасыз ету, информатика, экология, ақпараттық жүйелер, жылу энергетикасы, стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша), ғарыш техникасы және технологиялары, ғарыш аппараттарын өндіру, метрология, ақпараттық өңдеудің компьютерлік жүйелері және басқару, экология және табиғатты пайдалану
11. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті Жерді қашықтықтан зондтау, навигация және ғарыш техникасын өндіру басқармасының бас сарапшысы, C-4 (2 бірлік, 1 бірлік – негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалыс кезеңіне 08.01.2020 ж. дейін)

Функционалдық міндеттері: Ғарыш аппараттарын құрастыру және сынау бойынша Қазақстан Республикасы ғарыш аппараттарының құрастыру-сынау кешенін жасау жобаларының іске асырылуының мониторингі және бақылау жүргізу; Комитет стратегиялық құжаттарына тиісті іс-шараларды құруға және сүйемелдеуге қатысу; жетекшілік ететін жобалар бойынша ақпараттар, есеп берулер, аналитикалық материалдар дайындау; ғарыш қызметіндегі бюджет бағдарлама жобаларына ұсынымдар дайындау; ғарыш қызметіндегі аяқталған жобалар бойынша нәтижелерді қабылдау рәсімдерін орындау және қатысу; ғарыш техникасы және технологиялары дамуының әлемдік үрдістерін есепке ала отырып, перспективалық ғарыш жобаларының дамуын болжау және талдауды жүзеге асыру

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: қаржы, механика, экономика, машина жасау, авиациялық техника мен технологиялар, автоматоматтандыру және басқару, радиотехника, электорника және телекоммуникациялар, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, ұшатын аппараттар мен қозғалтқыштарды ұшуда пайдалану, математика, информатика, ядролық физика, физика және астрономия, ақпараттық жүйелер, математикалық және компьютерлік модельдеу, геодозия және картография, көлік, көліктік техника және технологиялар, аспап жасау, техникалық физика, технологиялық машиналар және жабдықтар (сала бойынша), стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша), ғарыш техникасы және технологиялары, ғарыш аппараттарын өндіру, гидрогеология және инженерлік геология, метрология, мемлекеттік және жергілікті басқару, физика
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.

Тар шеңберде мамандырылған лауазымдарға конкурсты өткізген жағдайда конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.

Тар шеңберде мамандырылған ретінде мемлекеттік орган қызметшілерінің 5 пайызынан аз қызметші ие болған мамандық болып табылады.
Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органдарда өтеді.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларының (Агенттігінің 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығы) 53-тармағына сәйкес әңгімелесу кезінде егер конкурс комиссиясы отырысының өтуіне кедергі келтірмеген жағдайда кандидат та техникалық жазба құралдарын қолдана алады.
Қағидаларының 91- тармағына сәйкес Басқарушы лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыптар тізімінен бір эссені жазады. Эссе Комисиямен бағаланады. Эссені жазу уақыты 45 минуттан аспау керек.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш (нысаны қоса беріледі);

2) тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім.
Құжаттарды қабылдау мерзімі - 3 ЖҰМЫС КҮНІ, ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сайты: www.qyzmet.gov.kz

Б» корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына

орналасуға конкурс өткізу

қағидаларының 2-қосымшасы


Нысан
________________________

(мемлекеттік орган)


Өтініш

Мені_________________________________________________________

__________________________________________________________________

_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

Мекен жайы және байланыс телефоны___________________________________

__________________________________________________________________
________ ___________________________________

(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))


«___»_______________ 20 __ ж.
жүктеу 125 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау