«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс туралы хабарландыру
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі
Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:
C-1 санаты бойынша: Осы Үлгілік біліктілік талаптарының 24-тармағы бірінші абзацында көрсетілгн лауазымдарға жатпайтын С-1 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік қызмет өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-4, C-3, C-O-2, D-2, D-O-2, Е-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда алты жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-4, C-3, C-O-2, D-2, D-O-2, Е-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
3) А-3, B-4, C-3, C-O-2, D-2, D-O-2, Е-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бес жылдан кем емес;
4) өкiлеттiктерiн теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты, облыстық және оларға теңестiрiлген сот судьясының лауазымында қызмет өтілі екі жыл алты айдан кем емес;
5) мемлекеттік қызмет өтілі алты жылдан кем емес, оның ішінде орталық деңгейдегі құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдардың департамент бастығының орынбасарынан немесе Қарулы Күштер әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес немесе әскери оқу орындарының басқарма бастығынан төмен емес лауазымдарында екі жылдан кем емес;
6) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда алты жылдан кем емес, оның ішінде жылдық орташа штат саны елу адамнан кем емес мемлекеттік орган болып табылмайтын ұйымдардың басшылық лауазымдарында жұмыс өтілі екi жылдан кем емес;
7) жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-4, C-3, C-O-2, D-2, D-O-2, Е-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
8) ғылыми дәрежесі болған жағдайда осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес.
С-3 санаты үшін: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес;
3) А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;
4) өкiлеттiктерiн теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жыл алты айдан кем емес;
5) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде орталық деңгейдегі құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;
6) жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
7) ғылыми дәрежесінің болуы;
8) кеңесші және көмекші лауазымына жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
С-4 санаты үшін: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
3) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
4) өкiлеттiктерiн теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
5) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;
6) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
7) ғылыми дәрежесінің болуы.
- «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 21 желтоқсанда № 14542 болып тіркелді.
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы
Санат
|
Еңбек сіңірген жылдарына байланысты
|
min
|
max
|
С-1
|
289 629
|
391 105
|
C-3
|
154 072
|
208 205
|
C-4
|
138 248
|
186 551
|
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік ел даңғ. 8, Министрліктер үйі, 14 кіреберіс, 2 қабат, 277 кабинет, анықтама үшін телефоны: +7 (7172) 74-13-88, электрондық адрес k.konkurs@qogam.gov.kz, «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үшін Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс жариялайды:
1. Этносаралық қатынастарды дамыту департаментінің директоры, С-1 санаты, 1 бірлік.
Функционалды міндеттері: Департамент жұмысына жалпы басшылық жасау және оны ұйымдастыру; Департамент құзіреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді, құқықтық актілерді және әдістемелік құжаттарды әзірлеуге қатысу; мемлекеттік саясаттың этникааралық қатынастар саласындағы басымдықтарына және Министрлік басшылығының тапсырмасына сәйкес Департамент жұмысының барлық бағытын іске асыруды қамтамасыз ету; Президент әкімшілігімен, Премьер-Министр кеңсесімен, Қазақстан Республикасы Парламенті аппаратымен және басқа ведомстволармен этникааралық қатынастар саласындағы көкейкесті мәселелер бойынша өзара іс-қимыл жасау; Қазақстан халқы Ассамблеясымен, этномәдени бірлестіктер лидерлерімен және басқа азаматтық қоғам институттарымен этникааралық қатынастар саласындағы көкейкесті мәселелер бойынша өзара іс-қимыл жасау; Министрліктің даму стратегиясын әзірлеу және іске асыру, жетекшілік ететін салада әлеуметтік және коммуникативті технологияларды енгізу бойынша Департамент қызметін қамтамасыз ету; Департамент дайындайтын есептердің, баяндамалардың және көпшілік алдындағы баяндамалардың, ақпараттық талдау материалдарының мазмұндық бөлігін қамтамасыз ету; Департаменттің жетекшілік ететін салаларында мемлекеттік саясатты қалыптастыру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру; Департаменттің жетекшілік ететін салаларында ақпараттық саясатты іске асыру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру; Министрлік басшылығының тапсырмасын орындау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарымен оның құзіретіне енгізілген басқа да өкілеттілікті және Министрлік басшылығы тапсырмасын орындау шеңберінде Департамент құрылымының тиімді қызметін қамтамасыз ету.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім: білім (математика, физика, информатика, химия, биология, тарих, құқық және экономика негіздері, мектепке дейінгі оқыту және тәрбие жұмысы, география, қазақ тілі және әдебиеті, орыс тілі және әдебиеті, шет тілі: екі шет тілі, әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану, педагогика және психология), немесе гуманитарлық ғылым (философия, халықаралық қарым-қатынас, тарих, мәдениеттану, филология, дінтану, аударма ісі, шығыстану, шетел филологиясы, теология), немесе жаратылыстану ғылымдары (математика, информатика, физика, химия, биология, география), немесе құқық (құқықтану, халықаралық құқық, кеден ісі), немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (социология, политология, психология, журналистика, аймақтану, экономика, менеджмент, аудит және есепке алу, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, статистика, жұртшылықпен байланыс), қызмет көрсетулер (туризм).
«Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі; «Қазақстан халқы ассамблеясы туралы» Қазақстан Республикасының Заңын білу; қоғамдық келісім және жалпыұлттық бірлік саласындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі.
2.Ақпарат комитеті Интернет кеңістікте және әлеуметтік желілерде ақпараттық жұмыс жүргізу басқармасының басшысы, С-3 санаты, 1 бірлік.
Функционалды міндеттері: Басқарма қызметіне басшылық жасауды және үйлестіруді жүзеге асырады. Басқармаға жүктелген функциялардың уақтылы және сапалы орындалуына бақылауды жүзеге асырады. Мемлекеттік ақпараттық агенттіктер, интернет-ресурстар, желілік басылымдардың қызметін үйлестіреді, мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыру бойынша мемлекеттік тапсырыстың сапасын бақылау. Мемлекеттік емес БАҚ-пен, отандық және шетелдік ақпараттық агенттіктер, интернет-ресурстар, желілік басылымдар, қоғамдық журналистік ұйымдармен ынтымақтастықты дамытады. «Казконтент» АҚ, «Қазақпарат» ХАА» ЖШС-мен нақты қызмет бағыттары бойынша ынтымақтастықты үйлестіреді. Мемлекеттің әлеуметтік желілерде жұмыс бойынша ақпараттық стратегиялардың әзірлеуін үйлестіреді. Ақпараттық агенттікер, интернет-ресурстар, желілік басылымдармен ақпраттық стратегия жұмыстарын әзірлеуін үйлестіреді. Басқарма құзыреті шеңберінде Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі, Қазақстан Республикасы Үкіметі, басқа орталық атқарушы органдарға Елбасының тапсырмаларын, үкімет қаулылары мен шешімдері мәселелері бойынша есеп, ақпаратты уақтылы ұсынуды қамтамасыз етеді. Бекітілген тәртіп бойынша Басқарма құзыреті шеңберінде Комитеттің қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді. Басқарма құзыреті шеңберінде Басқарма қызметкерлеріне міндеттер қойып, тиісті тапсырмалар беріп, Министрлік пен Комитет басшыларының бұйрықтары мен нұсқауларын, коллегия шешімдерін орындауын тексереді. Басқарманың ағымдық және ұзақ мерзімдік жұмыс жоспарын әзірлейді. БАҚ даму мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілер жобасын әзірлеуінде қатысады. Мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыру, БАҚ-ын дамытудағы мемлекеттік және салалық (секторлық) бағдарламалары қызметін үйлестіреді. Басқарма құзыреті шеңберінде БАҚ және әлеуметік желілер қызметіне мониторинг өткізуді үйлестіреді. Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыру бойынша мемлекеттік тапсырманың орындалуын тексеруді қамтамасыз етеді.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (журналистика, қоғаммен байланыс, саясаттану, әлеуметтану, қоғаммен байланыс, каржы, экономика және кәсіпорында басқару, жобаларды басқару, мемлекеттік және жергілікті басқару), гуманитарлық ғылымдар (философия, аударма ісі, халықаралық қатынастар, тарих, филология), білім (тарих, құқық және экономика негіздері, шет тілі: екі шет тілі, қазақ тілі және әдебиет), құқық (юриспруденция).
«Бұқаралық ақпарат құралдары туралы», «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын және нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілерін білу.
3. Ақпарат комитеті Телерадиохабар тарату саласындағы жобаларды дамыту басқармасының басшысы, С-3 санаты, 1 бірлік.
Функционалды міндеттері: Басқарма жұмысын бөлу. Басқармаға жүктелген функциялардың сапалы және уақтылы орындалуын бақылау. Комитет басшылығына басқарма қызметкерлерін қызметке тағайындау және қызметтен босату, сондай-ақ оларды көтермелеу және оларға тәртіптік жаза қолдану туралы ұсыныстар береді. Басқарма қызметкерлерінің заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін уақытылы қарауын бақылауды жүзеге асыру. Басқарма қызметкерлерінің кәсіби деңгейін арттыру бойынша шаралар қабылдау. Басқарма қызметкерлерінің еңбек тәртібін және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Этикалық кодексін (мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасы ережелерін) сақтауын бақылауды жүзеге асырады. Басқарманың жұмыс жоспарын қалыптастыру бойынша ұсыныстар енгізу. телерадиохабар саласындағы қызметті регламенттейтін заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, қарау және келісу жөніндегі жұмысты қамтамасыз ету және бөлу. Өзіне мәлім болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жағдайлары туралы басшылықтың назарына немесе Құқық қорғау органдарына хабарлауға міндетті. Басшылықтың бұйрықтарын, өкімдері мен тапсырмаларын белгіленген мерзімде орындау. Телерадиохабар тарату жобаларын дамытуға қатысты есептерді, анықтамаларды, тұсаукесерлерді және басқа да құжаттарды дайындау. Халықаралық ұйымдармен байланыстың негізгі мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау. Телерадиохабар тарату саласында Министрлікке бағынышты ұйымдардың материалдық-техникалық базасын жаңарту бойынша жұмыстар жүргізу. Басқарма құзыретіне кіретін өзге де міндеттерді орындау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары немесе жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім: техникалық ғылымдар және технологиялар немесе гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар, аударма ісі), әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, қаржы, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару, саясаттану, журналистика, қоғаммен байланыс, әлеуметтану, әлемдік экономика) немесе құқық (халықаралық құқық, юриспруденция), немесе білім, немесе жаратылыстану ғылымдары мамандықтары бойынша.
«Телерадио хабарларын тарату туралы» 2012 жылғы 18 қаңтардағы Қазақсан Республикасының заңдарын және осы лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін білуі.
4. Ақпарат комитеті Телерадиохабар тарату саласындағы жобаларды дамыту басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты, 1 бірлік.
Функционалды міндеттері: Қазақстан Республикасында спутниктік және цифрлық эфирлік телерадио хабарларын таратуды дамыту мониторингін жүргізу. Телерадио хабар тарату саласындағы ынтымақтастық бойынша мемлекеттік органдармен және ұйымдармен телерадио хабар тарату жобаларын дамыту мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау. Басқарманың құзыреті шегінде басқа мемлекеттік органдар мен мекемелерде өкілдік ету. Дайындалатын құжаттардың Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкестігін бақылау. Комитетке келісуге келіп түсетін ҚР СТ стандарттарының, байланыс саласындағы МЕМСТ жобаларын қарау. Басқарма құзыретіне кіретін өзге де міндеттерді орындау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім: техникалық ғылымдар және технологиялар (радиотехника, электроника және телекоммуникация) немесе гуманитарлық ғылымдар немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, қаржы, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару, саясаттану, қоғаммен байланыс, әлемдік экономика) немесе құқық (халықаралық құқық, юриспруденция).
«Телерадио хабарларын тарату туралы», «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы», «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын және нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілерін білу.
5.Ақпарат комитеті Қоғаммен байланыс орнату және мемлекеттік органдармен үйлестіру жөніндегі басқармасының бас сарапшысы, , С-4 санаты, 1 бірлік.
Функционалды міндеттері: Мемлекеттік органдар және мемлекеттік сыңайлы сектор субъектілерінің баспасөз қызметтерінің жұмысын үйлестіреді. Бұқаралық ақпарат құралдарын аккредиттеу ережелерін қалыптастыруды қамтамасыз етеді. Мемлекеттік емес бұқаралық құралдарымен, отандық және шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарымен, журналистердің қоғамдық бірлестіктерімен әріптестікті дамытады. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімішілігіне, Қазақстан Республикасы Үкіметіне, басқа да орталық мемлекеттік органдарға Елбасы бұйрықарын, үкімет қаулыларын орындау және Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер шеңберінде есептер мен ақпаратты уақтылы ұсынуды қамтамасыз етеді. Басқарманың ағымдағы және болашақ жоспарларын әзірлеуге қатысады. БАҚ дамыту мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілер жобаларын әзірлеуге қатысады. Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер шеңберінде сараптамалық, ақпараттық және статистикалық мәліметтер дайындайды. Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыру бойынша мемлекеттік тапсырма мен тапсырыстардың орындалуын тексеруді қамтамасыз етеді.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім: әлеуметтік ғылымдар, (журналистика, қоғаммен байланыс, саясаттану, әлеуметтану, аймақтану, мемлекеттік және жергілікті басқару), гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар, құқық), құқық (халықаралық құқық, юриспруденция, құқықтану, тарих, құқық), техникалық ғылымдар және технологиялар (автоматтандыру және басқарма), білім (шет тілі: екі шетел тілі).
«Бұқаралық ақпарат құралдары туралы», «Ақпаратқа қол жеткізу туралы», «Ақпараттандыру туралы», «Телерадио хабарларын тарату туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын және бұл лауазымның бағытына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.
6. Азаматтық қоғам істері комитеті Азаматтық бастамаларды қолдау басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты, 1 бірлік.
Функционалды міндеттері: өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесінің, Министрлік және Комитет басшылығының тапсырмаларын, сондай-ақ заңдармен және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес тапсырмаларды уақытылы және сапалы орындалуын ұйымдастыру; жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс тақырыптарын қалыптастыру бойынша қызметін үйлестіруді жүзеге асыру; жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың нәтижелерін іске асыруына мониторинг жүргізу бойынша қызметін үйлестіруді жүзеге асыру; жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың нәтижелерін бағалау бойынша қызметін үйлестіруді жүзеге асыру; мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыратын жергілікті атқарушы органдарға консультациялық, әдістемелік және ақпараттық қолдау көрсету; ҮЕҰ-мен өзара іс-қимыл саласындағы, оның ішінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру мемлекеттік органдардың қызметі туралы ақпаратты жинау, өңдеу және талдау жұмыстарын ұйымдастыру; мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыруға мониторинг жүргізу бойынша орталық мемлекеттік және жергілкті атқарушы органдарға, Қазақстан Республикасы Үкіметіне ақпарат әзірлеу және ұсыну; мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу; өз құзыреті шегінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді және мемлекеттік функцияларды оңтайландыру және автоматтандыру бойынша ұсыныстар әзірлеу және жұмыстарды жүзеге асыру; мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жетілдіру мәселелері бойынша коммерциялық емес және қоғамдық ұйымдардың, мемлекеттік органдардың қатысуымен жұмыс және сарапшылық топтардың қызметін ұйымдастыру; Басқарма мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы әлеуметтік жобалары мен әлеуметтік бағдарламалары шеңберінде өнім берушілердің шығармашылық есептерін конкурстық құжаттамада белгіленген бекітілген талаптарға сәйкес қабылдау және тексеру; Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру бойынша Комитеттің конкурстық комиссиясы жұмысына қатысу; жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың сұраныстарына Басқарма қызметі шеңберінде жауап әзірлеу; өз құзыреті шегінде өзге де функцияларды жүзеге асыру.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім: білім, гуманитарлық ғылымдар (филология, шетел филологиясы, халықаралық қатынастар, философия, мәдениеттану) немесе әлеуметтік ғылымдар немесе экономика және бизнес (саясаттану, әлеуметтану, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару, журналистика, қоғамдық байланыс, психология, аймақтану, экономика, қаржы) немесе құқық (құқықтану, халықаралық құқық) мамандықтары бойынша.
«Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі талаптары; Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.
7. Талдау және стратегиялық жоспарлау департаменті Архитектураны және цифрландыруды енгізу басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты, 1 бірлік.
Функционалды міндеттері: 1. Министрлікте және жетекшілік ететін салаларда бизнес-процестерді цифрландыру бойынша жұмыстарды жүргізу;
2. Министрліктің архитектурасын әзірлеу, іске асыруды сүйемелдеу және дамыту жөніндегі жұмысты жүргізу;
3. Жиынтық және талдамалық жұмысты жүргізу, сондай-ақ Министрлік қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі шеңберінде орындалуын бақылау;
4. Басқарма құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;
5. Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл;
6. Басқарма және Департамент басшылығының тапсырмасы бойынша өзге де функцияларды жүзеге асыру.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім: гуманитарлық ғылымдар, немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, немесе құқық, немесе білім, немесе жаратылыстану ғылымдары, немесе техникалық ғылымдар және технологиялар.
Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Қоғамдық кеңестер туралы», «Мемлекеттік құпиялар туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Құқықтық актілер туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Ақпараттандыру туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» және Министрлік жетекшілік ететін салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының басқа да нормативті құқықтық актілерін білу.
8. Азаматтық қоғам істері комитеті Қоғамдық-саяси жұмыс бармасының бас сарапшысы, С-4 санаты, 1 бірлік.
Функционалды міндеттері: өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы Президент әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кеңсесінің, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі басшылығының тапсырмаларын, сондай-ақ заңдармен және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес тапсырмаларды уақытылы және сапалы орындалуын қамтамасыз ету; жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне жауаптарды дайындау, мемлекеттік органдардың және басқарманың құзыретіне кіретін ұйымдардың өтініштерін; қоғамдағы әлеуметтік шиеленістердің әлеуетін анықтау, қазіргі жағдайдың жай-күйі мен үрдістерін бағалау, әлеуетті тұрақсыздандыратын факторларды анықтау, деректерді жүйелеу және талдау, содан соң түпкілікті құжатты дайындау; мемлекеттің ішкі саясатын, азаматтық қоғам саласындағы саясатты жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу; қоғамдық пікір басшыларының мақсатты топтарымен ақпараттық коммуникацияларды құру; сайлау мәселелері бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл; ішкі саясат саласындағы негізгі бағыттар бойынша ақпараттық-аналитикалық материалдар дайындау; саяси технологиялар саласындағы арнайы материалдарды дайындау; жергілікті атқарушы органдарға ішкі саясат мәселелері бойынша кездесулер мен семинарлар ұйымдастыру; сайлау мәселелері бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл; өз құзыреті шегінде басқа функцияларды орындау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім: білім жаратылыстану ғылымы (география) немесе гуманитарлық ғылымдар (тарих, халықаралық қатынастар, дінтану, философия, мәдениеттану) немесе әлеуметтік ғылымдар немесе экономика және бизнес (саясаттану, әлеуметтану, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару, журналистика, қоғамдық байланыс, психология, аймақтану) немесе құқық (құқықтану, халықаралық құқық) мамандықтары бойынша.
«Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі талаптары; Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) қызметкерлері қатыса алады.
Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.
Тар шеңберде мамандырылған лауазымдарға конкурсты өткізген жағдайда конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.
Тар шеңберде мамандырылған ретінде мемлекеттік орган қызметшілерінің 5 пайызынан аз қызметші ие болған мамандық болып табылады.
Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.
Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органдарда өтеді.
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларының (Агенттігінің 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығы) 53-тармағына сәйкес әңгімелесу кезінде егер конкурс комиссиясы отырысының өтуіне кедергі келтірмеген жағдайда кандидат та техникалық жазба құралдарын қолдана алады.
Қағидаларының 91- тармағына сәйкес Басқарушы лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыптар тізімінен бір эссені жазады. Эссе Комисиямен бағаланады. Эссені жазу уақыты 45 минуттан аспау керек.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1) «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш (нысаны қоса беріледі);
2) тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім.
Құжаттарды қабылдау мерзімі - 3 ЖҰМЫС КҮНІ, ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сайты: www.qyzmet.gov.kz
___________________________________
(мемлекеттік орган)
Өтініш
Мені_____________________________________________________________________________________________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын. Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс өткізу және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.
Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.
Қоса берілген құжаттар:
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Мекен жайы және байланыс телефоны ____________________________________________________________________
__________ ____________________________________
(қолы) (Т.А.Ә. (болған жағдайда))
«____»________20__ж.
Достарыңызбен бөлісу: |