«Алматы Аќшамы» газетініњ бас редакторы



жүктеу 59,44 Kb.
Дата04.12.2017
өлшемі59,44 Kb.
#3228
түріКонкурс

Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің аппараты «Б» корпусының

бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына

орналасуға конкурс жариялайды:
1. Ұйымдастыру жұмысы және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің жетекші маманы /негізгі қызметкердің бала күту демалысы уақытына/ лауазымына, жалақы мөлшері қызмет атқарған жылдарына байланысты 53172 теңгеден 71751 теңгеге дейін, Е-5 санатты, 1 бірлік.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес немесе құқық саласында жоғары немесе ортадан кейінгі білім.

Қызметтік міндеттері: Жоғары органдардан келіп түскен құжаттарды қабылдап, тіркеп, орындаушыларға жеткізеді және уақтылы орындалуын қамтамасыз етеді; орындалуы туралы сұрыптама дайындайды; директивтік құжаттарды тіркеп, уақтылы орындалуын қамтамасыз етеді, орындалуы туралы сұрыптама дайындайды; аудан әкімі аппаратында іс-құжаттарды жүргізу бойынша есеп беру, белгіленген талаптардың сақталуына бақылау жүргізу; келіп түскен құжаттамаларды жүйелі түрде сараптама жасау; сот пен прокуратуралық органдардан келіп түскен құжаттардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етеді; фирмалық бланктерді қолдану есебін жүргізеді.

2. Кәсіпкерлік пен өнеркәсіпті дамыту бөлімінің бас маманы лауазымына, жалақы мөлшері қызмет атқарған жылдарына байланысты 59579 теңгеден 80720 теңгеге дейін, Е-4 санатты, 1 бірлік.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес немесе құқық саласында жоғары білім. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес немесе құқық саласында ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі.

Қызметтік міндеттері: Аудандағы орналасқан дүкендердің, қоғамдық тамақтандыру орындарының (дәмхана, бар, кафе, ресторандар) орналасқан жерлеріндегі өзгерістер жайлы ақпаратты тоқсан сайын дайындау; аудандағы шағын кәсiпкерлiктiң дамуының қорытындысы туралы дөңгелек үстелдерге, семинарларға қатысады; Ауданның қызмет көрсету орындары мен бақылау қызметтерiмен бiрлесіп заңға сәйкес рейдтер өткiзу жұмыстарына қатысады; кәсіпкерлікті қолдау және дамытудың аудандық бағдарламасындағы іс-шараларды жүзеге асыруға қатысады; қалалық және аудандық мерекелiк шаралар өткiзу кезiнде мерекелiк сауданы ұйымдастыруды қамтамасыз етедi; ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілердің қатысуымен ауылшаруашылық жәрмеңкесін ұйымдастыру мен өтеізу жұмыстарын қамтамасыз етеді. бекітілген жоспарға сәйкес қарамағындағы нысандардың іс-әрекеті бойынша жұмыс жүргізеді; аудан әкімі жанындағы үйлестіру кеңесіне материалдар дайындайды; жылжымалы затпен қамтамасыз ету пунктерінің іс-әрекеттері туралы мәселелері бойынша жұмыс жүргізеді; аудандық Төтенше жағдайлар және Азаматтық қорғаныс сауда және тамақтандыру қызметiнiң қажетті мәліметтерін дайындайды; жеке және заңды тұлғалардың, шағын бизнес субъектілерінің арыздары мен өтiнiштерiн заңмен белгіленген мерзімде қарастырады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы талаптар: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Конституциялық заңдарын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заңдарын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімінің болуы.

Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттік Төрағасының 2013 жылғы 19 наурыздағы №06-7/32 бұйрығымен бекітілген Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға конкурс өткізу және конкурстық комиссияны құру Ережесі негізінде өткізіледі.



Конкурсқа қатысу құжаттары: 1) нысанға сәйкес өтініш; 2) 3х4 үлгідегі суретпен нысанға сәйкес толтырылған сауалнама; 3) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi; 4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi; 5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілердің тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама; 6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі; 7) құжаттарды тапсыру сәтінде шекті мәннен төмен емес нәтижемен тестілеуден өткені туралы қолданыстағы сертификат (немесе нотариатты куәландырылған көшірмесі).

Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайларда 4) тармақшасында көрсетілген құжатты ұсыну талап етілмейді. Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады. Мемлекеттік қызметшілермен тапсырылатын 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды олар жұмыс істейтін мемлекеттік органдардың персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) куәландыра алады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби шеберлiгiне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады. Азаматтар жоғарыда аталған құжат тігілетін мұқабада орналастырылған құжаттарды қолма-қол тәртіпте немесе почта арқылы құжаттарды қабылдау мерзiмiнде бере алады.

Азаматтар жоғарыда аталған құжаттарды хабарламада көрсетілген электрондық почта мекен-жайына электронды түрде бере алады. Конкурсқа қатысу үшін жоғарыда көрсетілген құжаттарды электрондық почта арқылы берген азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күн бұрын кешіктірілмей береді. Жоғарыда аталған құжаттардың түпнұсқасы берілмеген жағдайда тұлға әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Қабылдау мерзiмi конкурс өткiзу туралы хабарландыру ресми бұқаралық ақпарат құралдары бетінде («Вечерний Алматы», «Алматы ақшамы» газеттері), сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің интернет-ресурсында www.kyzmet.gov.kz және Алматы қаласы Медеу ауданының әкімі аппаратының ресми сайтында www.medeu.almaty.kz, соңғы жарияланған күнінен бастап 10 жұмыс күннің ішінде мына мекенжайға тапсырылуы тиіс: 050010, Алматы қаласы, Пушкин көшесі, 72 үй, Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің аппараты, 106 бөлме.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде Алматы қаласы Медеу ауданының әкімі аппаратында өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қаматамасыз ету үшін оның отырысына байқаушыларды қатыстыруға жол беріледі.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі маслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталуына 1 жұмыс күні қалғанға дейін кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, жоғарыда аталған  ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынуы қажет.

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына үміткерлер Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана, Алматы, Атырау, Көкшетау, Павлодар, Тараз, Өскемен, Орал, Петропавл, Қостанай, Қызылорда, Қарағанды, Талдықорған, Ақтөбе, Ақтау және Шымкент қалаларындағы аймақтық тестілеу орталықтарында белгіленген тәртіппен өтеді.



Е-4, Е-5 cанаттары үшін тестілеу бағдарламасы: мемлекеттік тілді білуге тест (20 тапсырма); логикалық тест (10 тапсырма); Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестке Қазақстан Республикасының Конституциясы (15 сұрақ); «Мемлекеттік қызмет туралы» (15 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» (15 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (15 сұрақ), «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын бiлуге арналған тест сұрақтары кiредi.

Анықтама үшін телефондар/факс: 8 (727) 291-67-66

электронды пошта: site.medeu@a-a.kz
жүктеу 59,44 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау