«Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театры
Пианиношы-концертмейстер бос лауазымдарына орналасу
туралы КОНКУРС ЕРЕЖЕСІ
«Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театры пианиношы-концертмейстер бос лауазымдарына орналасуға Конкурс жариялайды:
Операның пианиношы-концертмейстері (опера солистері және хормен
жұмыс істеу бойынша)
Балеттің пианиношы-концертмейстері (балет әртістерімен жұмыс істеу
бойынша)
I. Жалпы ережелер
Конкурстың құрылтайшысы және ұйымдастырушысы «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театры» КеАҚ болып табылады (бұдан әрі – Театр).
Конкурсты дайындауға құрамы Театр директорының өкімімен бекітілетін Ұйымдастыру комитеті басшылық етеді.
Пианиношы-концертмейстер бос лауазымдарына орналасу Конкурсы (бұдан әрі – Конкурс) Театр директорының өкіміне сәйкес жүргізіледі.
Осы Ереже Конкурстың өткізілу тәртібін, шарттарын және мерзімін, сондай-ақ Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптарды және Конкурс жеңімпаздарын іріктеу өлшемдерін айқындайды.
II. Конкурсқа қатысу өтінімін беру тәртібі
Конкурсқа қатысу өтінімдері (құжаттары) Конкурс туралы ереже БАҚ-та және театрдың интернет сайтында ресми түрде жарияланған сәттен бастап қабылданады.
Конкурсқа қатысу өтінімдері 2014 жылғы 22 мамыр сағ.10.00-ге дейін мына мекен-жай бойынша қабылданады: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Қонаев көшесі, 1, «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театры» КеАҚ Кадр жұмысы департаменті немесе astanaopera.copmetition.14@mail.ru, astanaopera.hr@gmail.com электрондық пошталары бойынша қабылданады. Ұйымдастыру комитетіне көрсетілген мерзімнен кешіктіріліп тапсырылған өтініштер қарастырылмайды. Үміткерлерді Конкурсқа қатысуға іріктеуді Ұйымдастыру комитеті жүзеге асырады.
Үміткерлер Конкурсқа қатысу үшін оларды іріктеу мақсатында Ұйымдастыру комитетіне төмендегі құжаттарды ұсынады:
- үміткердің немесе оның өкілінің Конкурсқа қатысуға толтырған өтінімі (өтінім нысаны – қосымшада);
- үміткердің портреттік фотосуреті (*jpg форматындағы файл) – 3x4см;
- төлқұжатының немесе жеке куәлігінің көшірмесі;
- музыкалық оқу орнын аяқтағандығы туралы диплом көшірмесі;
- түйіндеме 3 тілде – мемлекеттік, орыс және ағылшын.
Конкурсқа қатысушының еңбек кітапшасымен расталған музыкалық театрда, хор немесе балет ұжымында «Пианиношы-концертмейстер» мамандығы бойынша 1 (бір) жылдан кем емес еңбек өтілі болуы тиіс.
Барлық мәтіндік материалдар мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде, оның ішінде электрондық түрде (astanaopera.competition.14@mail.ru) қабылданады.
Байқауға қатысуға жіберілген үміткерлердің тізімі «Астана Опера» театрының ресми сайтында жарияланатын болады: www.astanaopera.kz.
Ұйымдастыру комитеті үміткерге Конкурсқа қатысушылардың құрамына енгізілмегендігі туралы оның себеп-салдарын түсіндірмей, үміткердің түйіндемедегі көрсетілген электрондық поштасы немесе телефоны бойынша ресми түрде хабарлайды.
III. Конкурсқа қатысу шарттары
- Конкурсқа қатысу тегін.
- Ұйымдастыру комитеті Конкурсқа қатысушылардың жол шығындарын,
тұратын орнын және басқа да материалдық шығындарының ақысын өтемейді.
- Конкурсқа қатысуға жіберілген өтінімі үміткердің Ережеде мазмұндалған талаптармен толық келіскені туралы куәландырады.
ІV. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар
- Орындау барысы сахналық мәдениеттің жалпыға бірдей қабылданған нормаларына сай болуы керек.
- Конкурс 3 кезеңнен тұрады:
1. Шығармалардың бейнежазбасымен алдын-ала өткізілетін тур:
1.1. XVIII-XX ғасырдағы композиторлардың үздік (виртуозды) шығармалары – ұзақтығы 10 минуттан аспауы тиіс.
1.2. XIX-XX ғасырдағы композиторлар операларының толық нұсқадағы ариясы (вокалшымен).
Қаралуы тиіс бейнематериалды электрондық поштаға (astanaopera.competition.14@mail.ru) жіберуге болады немесе өзге де цифрлық тасымалдағышта қабылданады.
2.1. Операның пианиношы-концертмейстері лауазымына үміткерлер
үшін: Опера солистерімен төменде көрсетілген композиторлардың операларынан алынған екі ария орындау:
Дж. Россини, Г. Доницетти, В. Беллини, Р. Вагнер, Дж. Верди,
А. Бойто, Ш. Гуно, К. Сен-Санс, Ж. Бизе, А. Дворжак, М. Мусоргский, Н. Римский-Корсаков, Р. Леонкавалло, Дж. Пуччини, П. Масканьи, П. Чайковский, А. Бородин, С. Рахманинов, сондай-ақ ХХ ғасырдағы ұлттық музыка мектептерінің композиторлары операларынан ариялар;
2.2. Балеттің пианиношы-концертмейстері лауазымына үміткерлер
үшін: балет репетиторымен берілген метроырғақты суретке классикалық тренаж сабағын демонстрациялық музыкалық безендіруді көрсету (15 минутқа дейін);
Операның пианиношы-концертмейстері лауазымына үміткерлер
үшін: Дирижермен «Астана Опера» театрының репертуарынан алынған операдан көрініс орындау: («Богема» ІІ акт, «Біржан мен Сара» І акт, «Тоска» І акт, «Евгений Онегин» «Лариндердегі бал» IV картина).
Комиссия ұсынған музыкалық шығармадан опералық (хор) немесе балет көрінісін «парақтан оқуын» орындау.
V. Конкурсты өткізу мерзімі және тәртібі
Конкурс Астана қаласы, Қонаев көшесі, 1 үй мекенжайы бойынша «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театрының ғимаратында 2014 жылғы 24 мамырда сағ. 10.00-ден 20.00-ге дейін өтеді. Нақты кесте туралы ақпарат «Астана Опера» театрының www.astanaopera.kz сайтында толығырақ жарияланатын болады.
- Конкурстың әділ қазылар алқасының (бұдан әрі – Әділ қазылар алқасы) төрағасы мен мүшелерін Театр директоры бекітеді.
- Төраға әділ қазылар алқасының жұмысын ұйымдастырады, отырыстарын өткізеді.
- Әділ қазылар алқасы қатысушыдан өнер көрсетуін (жұмысын) тоқтатуға немесе осы немесе басқа музыкалық фрагментті қайталауды сұрауға құқылы.
- Конкурсқа қатысушылардың барлық тыңдаулары жабық түрде өтіп, олар бейнетасымалдағыштарға жазылады. Дауыстар тең болған жағдайда Төрағаның дауысы шешуші болып табылады.
- Әділ қазылар алқасының шешімі түпкілікті және қайтадан қаралуға жатпайды.
VII. Конкурс жеңімпаздарын іріктеу өлшемдері
Конкурс жеңімпаздарын іріктеу төмендегі өлшемдер бойынша жүзеге асырылады:
- туше
- фразировка
- ырғақтық-екпіндік сезу
- динамикалық иірімдері
- орындалатын шығарманың интерпретациясы
- артистизмі
- вокал негіздерін білуі
- сендіре білуі
- ырғақты жады
- импровизациялық қиялы
- «парақтан оқу» сапасы
VIII. Конкурс қорытындысын шығару
Конкурс нәтижесі 2014 жылғы 1 маусымда жария етіледі.
Конкурстың қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталады, оларға ұсынылатын лауазымға сәйкес келісім-шарт жасасу ұсынылады.
Театрда жұмыс істеу келісім-шарт негізінде ұсынылады. Конкурстан өткен үміткердің айлық жалақасының көлемі кәсіби сапасына сай белгіленеді.
Конкурс жеңімпаздарының тұрақты жұмыс істеуі қол қойылған келісім-шартқа сәйкес басталады.
Конкурстың қорытындысы бойынша Әділ қазылардың шешімі ұсыныстық сипатта болып табылады. Конкурс жеңімпаздарымен еңбек ынтымақтастығы бойынша шешімді «Астана Опера» театрының дирекциясы қабылдайды.
Байланыс: +7 7172 709 662, 709 590, e-mail: astanaopera.competition.14@mail.ru
Қосымша
Театрдың пианиношы-концертмейстері бос лауазымына орналасу конкурсында пайдалануға арналған бағдарлама:
Г. Перселл, Г. Гендель, К. Глюк, В. Моцарт, К. Вебер, Дж. Россини,
Г. Доницетти, В. Беллини, Дж. Верди, Р. Леонкавалло, Дж. Пуччини, П. Масканьи, Р. Вагнер, Ш. Гуно, К. Сен-Санс, Ж. Бизе, Ф. Галеви, А. Дворжак, Б. Сметана, М. Мусоргский, Н. Римский-Корсаков, П. Чайковский, А. Бородин, С. Рахманинов, Е. Брусиловский, М. Төлебаев, А. Жұбанов және Л. Хамиди, Е. Рахмадиевтің операларынан көріністер.
Ц. Пуни, А. Адан, Л. Минкус, П. Чайковский, И. Стравинский,
Б. Афасьев, С. Прокофьев, А. Хачатурян балеттерінен көріністер.
«Астана - Опера»
Мемлекеттік опера және балет
Театры» КеАҚ директоры
Т.М. Мұхамеджанов мырзаға
ӨТІНІШ
Сізден _______________________________________________________ вакантты қызмет орнына орналасу Конкурына қатысуыма рұқсат беруіңізді сұраймын.
Байланыс деректерім:
Пошталық мекен-жайым:____________________________________________
Үй телефоным:_____________________________________________________
Ұялы телефон нөмірім:______________________________________________
Электронды поштам:_________________________________
Күні Қолы
Достарыңызбен бөлісу: |