Конкурсы туралы ереже «Астана Опера»



Дата14.02.2020
өлшемі70 Kb.
#29030
түріКонкурс



«Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Балет әртістерін бос лауазымдарға орналастыру

КОНКУРСЫ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ

«Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы балет әртістерін бос лауазымдарға орналастыру үшін конкурс жариялайды:


  1. Кордебалет әртісі




  1. Жалпы ережелер

Конкурстың құрылтайшысы және ұйымдастырушысы «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы болып табылады (әрі қарай - Театр).

Конкурстың дайындығын құрамы Театр директорының бұйрығымен бекітілетін Ұйымдастыру комитеті басқарады.

Балет әртістерін бос лауазымдарға орналастыру үшін жарияланған конкурс (әрі қарай - Конкурс) Театр директорының бұйрығына сәйкес өткізіледі.

Осы Ереже Конкурстың тәртібі, шарттары мен өткізу мерзімдерін, сонымен қатар Конкурсқа қатысушыларға және Конкурс жеңімпаздарына іріктеу бойынша қойылатын талаптарды бекітеді.
II. Конкурсқа қатысуға өтініш беру тәртібі
Конкурсқа қатысуға берілетін өтініштер (құжаттар) Конкурс туралы осы Ереже жарияланған сәттен бастап қабылданады. Конкурсқа қатысатын үміткерлерді іріктеу Ұйымдастыру комитетімен жүргізіледі.

Конкурсқа қатысу үшін іріктелетін үміткерлер Ұйымдастыру комитетіне электронды пошта немесе пошталық мекен-жай бойынша келесі құжаттарды ұсынады:

- үміткермен немесе оның өкілімен толтырылған Конкурсқа қатысу туралы өтініш (өтініш үлгісі – қосымшада);

-үміткердің портреттік фотосы (*jpg форматты файлында) – 3x4см;

- сканерленген паспорт немесе жеке куәлік көшірмесі;

- сканерленген кәсіби оқу орны туралы диплом көшірмесі;

- түйіндеме (резюме) - 3 тілде (мемлекеттік, орыс және ағылшын)
Өтініштерді ұсынудың соңғы мерзімі: 2016 жылғы «09» мамыр. Ұйымдастыру комитетіне келіп түскен өтініштер көрсетілген мерзімнен кейін қарастырылмайды.
Конкурсқа қатысуға берілетін өтініштер astanaopera.hr@gmail.com электронды поштасына немесе Қазақстан Республикасы, 010017, Астана қ., Қонаев к-сі, 1 мекен-жайындағы «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының кадр жұмысы департаментіне жіберілуі тиіс. Қосымша ақпараттар мына телефон арқылы: (8 7172) 709 590, 709 608.

Барлық мәтіндік материалдар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде қабылданады.

Конкурсқа қатысуға жіберілетін үміткерлер тізімі «Астана Операның» ресми сайтында www.astanaopera.kz жарияланады.

Ұйымдастыру комитеті ескертусіз және себебін түсіндірмей үміткерлерді тізімге енгізбеуге құқылы.




III. Конкурсқа қатысу шарттары
- Конкурсқа қатысу ақысыз өтеді.

- Конкурстың Ұйымдастыру комитеті Конкурсқа қатысушылардың көлік шығындары, тұру және басқа да материалдық шығындарын өтемейді.

- Конкурсқа қатысуға өтініш туралы жолдама үміткердің осы Ережеде берілген шарттармен толық келісімін куәландырады.
IV. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар
- Өнер көрсету сахналық мәдениетінің жалпы нормаларына сәйкес болуы тиіс.

- Конкурс Қосымшада көрсетілген өнер көрсету бағдарламасынан тұрады.

- Егер ізденіскер Конкурсқа келмесе, Ұйымдастыру комитеті оны қатысушылар қатарынан алып тастауға құқылы.
V. Конкурсты өткізу мерзімдері мен тәртібі
Конкурс 2016 жылғы 12 мамырдан бастап «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының ғимаратында, Астана қ., Қонаев к-сі, 1, мекен-жайы бойынша, А.205 балет залында өтеді.

12 мамыр 10.00 - 11.30 Классикалық би сабағы (әйелдер).

12.00 – 13.30 Классикалық би сабағы (ерлер).

- Конкурстың қазылар алқасы мүшелерінің құрамы (әрі қарай – Қазылар алқасы) мен төрағасы Театр директорымен бекітіледі.

- Төраға қазылар алқасы мүшелерінің жұмысын ұйымдастырады, отырыс жүргізеді.
- Қазылар алқасы қатысушы көрсетіп жатқан өнерін бөлуге немесе сол не өзге фрагментті қайталауды сұрауға құқылы.

- Конкурс қатысушыларының барлық іріктемелері жабық түрде өткізіледі және бейне жазбаға басылады. Дауыстар теңдестігі кезінде, Төрағаның дауысы шешуші болып саналады.

- Қазылар алқасының барлық шешімдері түпкілікті болып табылады және қайта қарауға жатпайды.

VI. Конкурс жеңімпаздарын іріктеу талаптары
Конкурс жеңімпаздарын іріктеу келесі талаптар бойынша жүзеге асырылады:

- нұсқаны (сыртқы пішіні)

- техникасы

- әртістік деректері

- музыкалық сезімталдығы

- орындау мәдениеті


VII. Конкурс қорытындыларын шығару
Конкурс қорытындылары 2016 жылғы 13 мамырда жарияланады.

Конкурс қорытындылары бойынша болжамды лауазымға сәйкес келісім-шарт жасау үшін конкурс комиссиясымен ұсынылатын жеңімпаздар анықталады.

Театр Конкурс жеңімпаздарымен келісім-шарт жасауға міндеттенбейді.


Қосымша
Конкурста өнер көрсету бағдарламасы
Кордабалет әртісі (әйелдер) :
10.00 - 11.30 - Классикалық би сабағы (әйелдер) – 1,5 сағат

Кордабалет әртісі (ерлер) :

12.00 – 13.30 - Классикалық би сабағы (ерлер) - 1,5 сағат



«Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театры»

коммерциялық емес акционерлік қоғамының

директоры

Т.Н.Әлпиев мырзаға

______________________________________

________________________________________

________________________________________

ӨТІНІШ
Сізден бос лауазымға орналасу конкурсына қатысуға рұқсат етуіңізді сұраймын.

____________________________________________________________________________


Менің байланыс деректерім:

Мекен-жай поштасы:______________________________________________________

Үй телефоны нөмірі:_____________________________________________________

Ұялы телефон нөмірі:____________________________________________________


Электрондық пошта:______________________________________________________

Күні Қолы





Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау