«Б Е К І Т Е М І Н»
П. Чайковский атындағы
Алматы музыкалық колледждің диркеторы
А.Ж.Қалиева ______________________
«______»________2010 г.
«П. Чайковский атындағы
Алматы қалалық музыка колледждің» ішкі жұмыс тәртібі туралы
Е Р Е Ж Е
І Жалпы ереже
Ұсынылып отырған бұл Ереже Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасының еңбек кодексі» туралы заңдары мен Жарғысында және Қазақстан Республикасының қаржы министірлігінің «П. Чайковский атындағы Алматы қалалық музыка колледжін» жекешелендіру туралы 2010 ж. 07. 10. №667 бұйлығына сәйкес құрастырылып, мұнда әкімдік-басшылық және педагогикалық қызметкерлердің, студенттердің еңбек және оқу міндеттері, оқу тәртібіне шығармашылық қарым-қатынасы, жұмыс тәртібін үнемді қолдану түрлері қамтылған.
Ұсынылып отырған бұл Ереже колледждің ішкі тәртібінің құжаты ретінде кадр жұмысының қызметінде сақталады.
Жарияланған Ережемен барлық жұмысқа орналасушы қызметкерлерге таныстырылып, оның бір данасы мекеменің өзінде, ал екінші данасы жұмыс атқарушының қолына тапсырылады.
Ішкі тәртіп ережелерін Жұмысқа алынушылар мен Қызметкерлердің барлығы бірдей орындауға міндетті.
Қызметкерлерді қабылдау және шығару, ауыстыру тәртібі
Колледждің әрбір бос орнына мамандығы бойынша жұмысқа қабылдау немесе педагогикалық тәжірибесі бар қызметкерлер арасында байқау жариялау арқылы жүзеге асырылады. Байқау Колледждегі бос орындарға жарияланады.
Колледжге жұмысқа қабылдау үшін әр жұмысшы еңбек шарттқа отыру арқылы жүзеге асырылады.
Жұмысқа қабылдау кезінде әкімшілік әр келушіден төмендегі құжаттарды талап етуге міндетті:
Жеке куәлігін немесе төлқұжатын;
білімін көрсететін дипломын (білімінің толық немесе толық емес екендігін айқындайтын анықтама); басқа білімі туралы немесе мамандықтан өткендігі туралы туралы құжаттарын(сертификат т.б.)
толтырылған еңбек кітапшасын беруі қажет, егер келуші жұмысқа алғаш рет қабылданып отырса, тұрақты жерінен анықтама қағазын алып келуі керек;
мемлекеттік зейнеткерлік туралы сақтандыру қағазын;
салық төлеу туралы тіркеуден өткен құжаттарының нөмірі және әлеуметтік көшірмесінің жеке коды көрсетіледі.
Жұмыс беруші ең алдымен жұмысқа орналасушымен келісім шартқа отырар кезде мемлекеттік зейнеткерлік туралы сақтандыру қағазын және еңбек кітапшасымен танысып шығуы тиіс.
Колледжге жұмысқа тұру үшін еңбек шартында көрсетілгендей жұмысты тиянақты орындауын тексеру мақсатымен 1 айдан 3 айға дейін сынақ мерзімімен қабылданады.
Жұмысқа қабылдау бұйрық арқылы іске асырылып, еңбек шартында көрсетілгендей кем дегенде үш күн ішінде бұйрық шығарылуы тиіс. Жұмысқа тұрушу жұмысқа кірердің алдында кем дегенде үш күн бұрын еңбек шартымен танысып, құжаттарын реттеп, жазбаша түрде құжаттарды рәсімдеуі тиіс. Бұйрықта жұмыс кестесіне сәйкес қызмет орнының аты және еңбек ақы төлеу жағдайы көрсетілуі қажет.
Жұмысқа қабылдау немесе белгіленген тәртіпке басқа жұмысқа ауыстыру кезінде әкімшілік міндетті:
Қызметкерді берілген жұмысымен, қызмет орнының нұсқауымен, еңбек ақы төлеу жағдайымен, оның құқығы мен міндеттерін түсіндіру және таныстыру қажет.
Жүктемеленетін жұмыстың тәртібімен, тағайындалған еңбекақысымен, жүргізіліп жатқан ішкі тәртіппен, басқада нормативтік актілермен таныстыру қажет;
техникалық қауіпсіздік және мекемедегі санитария туралы, еңбек гигиенасы, өртке қарсы қорғау және еңбек қорғаудың басқада ережелерімен нұсқау беру қажет;
Қызметкерді басқа жұмысқа ауыстыру бұйрық арқылы жүзеге асырылады. Колледж қызметкері қосымша еңбек шартына отырып, өзара құжат жазбаша түрде толтырады, сондай-ақ құжаттарды рәсімдеп, басқа да құжаттармен толықтырады.
Мамандандырылған және квалификациядан өткен маман иесі өз білім-дәрежесін көрсету үшін аттестациядан өтеді.
Еңбек туралы заңда көрсетілген шарттының бұзылуына байланысты жұмыс тоқтатылуы мүмкін:
Еңбек шарты мынандай жағдайда тоқтатылады:
екі жақ келісілген жағдайда таратылады;
еңбек шартының белгіленген мерізімі аяқталғанда тоқтатылады;
жұмысқа қабылданушының шешімі бойынша тоқтатылады;
жұмыс берушінің шешімі бойынша тоқтатылады;
жұсықа қабылданушының келісімінсіз түрлі себептерге байланысты тоқтатылады;
жұмысқа келіспеген жағдайда келісімшарт бұзылады;
қызметкердің басқа жұмысқа ауысуына байланысты немесе басқа қызметке кетуіне қатысты келісімшарт тоқтатылып, Қазақстан Республикасының заңында көрсетілген баптары бойынша жүзеге асырылады;
Еңбек шарты бұзылған жағдайда.
Жұмыс атқарушы бір ай бұрын өтініш білдіріп, ары қарай жұмыс істей алмайтындығы жөнінде арыз жазып, еңбек шартын тоқтатуға құқылы.
Жұмыс беруші қызметкердің еңбек шартының белгіленген мерізімі аяқталған соң, жұмыстан шығарылып еңбек кітапшасына жұмыс істеген уақытын жазып, есеп айырысуға міндетті.
Жұмыс беруші мен жұмысқа тартылушы келісімшарт мерізімі жеткенде немесе қызметкердің сұрауы бойынша келісімшартта көрсетілген уақытқа дейін жұмыс істеуге өзара келісе алады.
Жұмысқа тартылушының келісімшарты жұмыс берушінің бұйрығы бойынша тоқтатылады. Бұйрықта келісім шарттың не себепті тоқтатылғандығ айқын көрсетілуі тиіс. Келісім шарттың тоқтатылған күні жұмыс істеушінің жұмыстағы соңғы күні болып есептеледі.
ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ МЕН МІНДЕТТЕРІ ТУРАЛЫ НЕГІЗГІ ҚҰҚЫҚТАРЫ
2.1. Жұмысшы-қызметкерлер құқылы:
- келісімшартқа толықтырулар мен өзгертулер енгізіп, ұсынылған Ережеде көрсетілген шарт қарастырылған;
- Жұмыс берушіден ұжымдық келісім шарт пен еңбек шартта көрсетілген талаптардың орындалуын талап ету; - хауіпсіздік пен еңбек қорғау;
- Хауіпсіздікті сақтау және еңбек қорғау жөнінде толық мағұлмат алу;
- еңбке келісім шарты мен ұжымдық келісім шарт бойынша жұмысқа тартылушының еңбекақысын өз мерізімінде толығымен төлеу;
- ұсынылған Кодекс бойынша еңбек ақысын төлеу;
- демалыс кезіндегі жне кезекті демалыс кезіндегі еңбек ақысын төлеу;
- Қазақстан Республикасының заңдарында қарастырылмаған кейбір баптарындағы еңбекті қорғау мен өз құқығвн қорғау Қазақстан Республикасының қаңында қарастырылған;
- өзінің уәкілі арқылы ұжымдық келісімшартпен, сондай-ақ ұжымдық келісімшарттағы көрсетілген зерттемелермен келіссөздер жүргізу арқылы танысу;
- өз білім дәрежесін көтере отырып, мамандығын жетілдіру мен оны жүзеге асыру осы ережеде қарастырылған;
- еңбек барысында денсаулығына зиян келген жағдайда келтірілген шығынды өтеу;
- Қазақстан Республикасы заңында қарастырылған әлеуметтік сақтандыру міндеттелінеді;
- қарымақы (компенсация) қайтаруға кепілдік береді;
- өз құқығын қорғауға және заңға қайшы істелген әрекеттерге қарсы тұруға құқылы;
- ешқандай дискриминациялық іс-әрекеттерді болдырмай бірдей атқарылатынжұмыстарға теңдей көлемде еңбек ақы төлеу
- еңбекке қатысты талас пікірлер туа қалған жағдайда мақұлданған комиссия құрылып, шешім таңдалынып алынады;
- жұмыс орнында хауіпсіздік шаралары сақталып, арнайы құралдармен жабдықтау қарастырылған;
- өміріне немесе денсаулығына зақым келетін жұмыстарды орындауда жұмыс беруші не басшылық тарапынан жұмыскерге алдын-ала ескертіп отыруға міндетті;
- еңбек қорғау мен хауіпсіздік талаптарының орындалмауына қатысты ұжым жұмысы уақытша тоқтатылып, жұмысшылардың орташа жалақысы сақталады;
- еңбекті қорғау саласында ұжымдық өкілеттілік орган немесе жергілікті бөлімшелер арасындағы жұмыс орнында хауіпсіздік шараларын сақтау мен орынды қолдану, сондай-ақ ол туралы мәселелердің оңтайлы шешімдерін орындау, барлық хауіпсіздікті сақтай отырып, жұмыс сапасын барынша жақсарту мен барлық мәселелерді шешу қарастырылған ;
- еңбекті қорғау және хауіпсіздікті сақтау барысында тірлі іс-шаражүргізілгн (жүргізілмеген) жағдайда жұмыс берушіге қарсы шағымдануға болады;
- білімін жетілдіруге, жұмыстың қиындығына, саны мен сапасына қарай сонымен қатар жұмыстың орындалуына байланысты еңбегіне қарай еңбек ақы төлеу;
- Қазақстан Республикасының заңында және Кодексте көрсетілген баптарға сәйкес ұжымды басқарудың жолдары қарастырылған;
- Қазақстан Республикасының заңында және Кодексте көрсетілген баптарға сәйкес өз құқығын қорғау үшін, ұжымда, жеке бастың арасында түрлі дау туғызатын мәселелерге байланысты ереуілге шығуға болатындығы көрсетілген.
2.2. Жұмысқа тартылушы міндетті:
- Еңбек тәртібін сақтау - оқу мекемесіндегі тәртіп негізгі адал және шыншылдықпен жұмыс істеу, әкімшіліктің бұйрықтарын дәл және өз уақытында орындау,
- барлық берілген жұмыста тәртіп сақтау ;
- жұмыс уақытында еңбек қорғау міндеттерін толығымен орындау, техникалық қауіпсіздік және мекемедегі санитарлық тазалық туралы, еңбек гигиенасы, өртке қарсы қорғау және еңбек қорғаудың басқа ережелерінің нұсқауын толығымен орындау ,
- басқа қызметкерлердің еңбек міндеттерін орындауға кедергі жасамау
- өзіңнің жұмыс орныңды, мүлкті, жұмыс құралдарын ұқыпты ұстап, сондай-ақ колледж территориясында және аудиторияларда тазалық тау, құжаттар мен бағалы заттарды сақтау, белгіленген тәртіп бойынша ұстау;
- жұмыс бабына сәйкес мемлекеттік және комерсиялық құпияларды сақтай отырып, құпия заңдарды таратпауға, өзіне тиісті міндеттерді адал орындауға;
- ұсынылып отырған Ережені орындауға және жұмыс берушіге зиян келтіріп, залал келтірмеуге міндетті;
- Колледжде жүргізілетін спорттық және мәдени іс-шараның барлығына қатысып, ұжымның көркейіп өсуіне өз үлесін қосуға, белсенділік танытуға міндетті
2.3. Жұмысшылардың жауапкершілігі:
Колледж жұмысшылары жұмыс берушіге ешқандай зиян келтірмеуі тиіс. Ұжымға пайда әкеле отырып, оның мүлкін көздің қарашығындай сақтауға (жұмыс беруші мүлікке жауапты болған жағдайда оның ішінде үшінші адам болып ), сондай-ақ жұмыс берушіге ешқендай зардаптар әкеліп, мүліктерді дұрыс пайдаланып бұзбауға, бұзылған мүлікті жөндеуге, мерізімі аяқталмай жатып сынған болса оны орнына келтіріп жөндеуге немесе төлеуге міндетті.
Жұмысшы мекеменің мүлкіне тікелей жауапты, сол себепті жұмыс берушінің алдында барлық тапсырылған мүліктерге мұқият болумен қатар, оны көздің қарашығындай сақтауға, келтірілген шығынды өтеуі тиіс.
ЖҰМЫС БЕРУШІЛЕРДІҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ МЕН МІНДЕТТЕРІ ТУРАЛЫ НЕГІЗГІ ҚҰҚЫҚТАРЫ.
3.1. Жұмыс беруші құқылы :
- жұмысқа еркті түрде қабылдауға ;
- ұсынылған Кодекс бойынша еңбек шартына толықтырулар мен өзгертулерді ендіре отырып, жұмысқа тартылушы мен жбұмыс берушінің арасндағы еңбек шартын тоқтатуға; - жұмыс берушінің өкілеттілігін актілер арқылы үкім шығару ;
- жұмыстың шарттарын өзгерту мен актілер арқылы анықтау; - өзінің құқығын қорғай отырып, жұмыстың орындалуын қадағалау;
- жұмысшылардың өзіне тиісілі жұмыстарын адал орындауға және еңбек шарты мен ұжымдық шартта көрсетілген тәртіпті талап етуге ;
- қоластындағы қызметкерлердің дәрежесін көтеру, материалдық жақтан көмек беріп, жоғары қызмет көрсеткен жұмысшылар мен қызметкерлерді Коекс бойынша марапаттап отыру;
-жұмысқа тартылушы жұмыс барысында зиянды іс-әрекеттерді болдырмауды, оның сапасын;
- жұмыс барысында өзінің құқығын заң жүзінде қорғай білуге және өзінің қызығушылығын танытуға міндетті;
- жұмысқа тартылушының сынақтық жұмысының мерізімін белгілеу;
- еңбек келісім шартында көрсетілген баптарда айтылған жағдайдарды жұмысқа тартылушыға айтуға, келтірілген шығынды өтеткізуге, келтірілген зардаптарды шешуге міндетті.
3.2. Жұмыс берушінің міндеттері:
- Қазақстан Республикасының заңын сақтай отырып, ұжымдық келісім шартта көрсетілген міндеттерді, оған қатысты актілерді орындауы тиіс;
- Кодексте көрсетілгендей жұмысқа қабылданушы мен жұмыс берушінің арасында келісім шартқа отырулары тиіс;
- ішкі бақылау орнатып, жұмыс хауіпсіздігі мен еңбекті қорғауға міндетті;
- келісім шартта көрсетілген талаптар мен істелетін жұмысты таныстыруға міндетті;
- Қазақстан Республикасының нормативі жөнінде көрсетілген аттілерге қатысты еңбек ақысын, басқа да төлемдерді төлеп, еңбек, ұжымдық келісім шарт, жұмыс берушінің актілері дер кезінде толтырылуы тиіс;
- жұмысқа тартылушыны жұмыс берушінің актілерімен және ұжымдық келісім шартпен таныстыруы тиіс;
- жұмысқа қабылданушыға жұмыстың барлық қыр-сырын таныстырып, ұжымдық келіссөздер жүргізіліп, еңбек шарты жасалынады және оның орындалуы қадағаланады ;
-қосымшада көрсетілген ұсыныстар қарастырылып, жұмысқа тұрушы өкіл ұсынылған Кодекстің шарттарында көрсетілген ұжымдық келісім шартқа отырады;
- Қазақстан Республикасының заңына сәйкес, жұмысқа тартылушыны еңбекпен қамтамасыз етуге және ұжымдық келісім шартта көрсетілген міндеттер орындауы тиіс
- сапалы қызмет етіп, өзіне тиісті жұмысты орындауда қызметкерлер мен жұмысшыларға құралдар, техникалық құжаттар және басқа еңбекке керекті жабдықтармен қамтамасыз ету;
- мемлекеттік инспекторлардың еңбек туралы нұсқауларын бұлжытпай орындау;
- жұмысқа тартылушының өміріне немесе денсаулығына зиян келген болса, тапсырылған жұмысты тоқтатуға ;
-жұмысшыны әлеуметтік жақтан сақтандыруға міндетті ;
- жұмыс кезінде (жұмыс бабында) болатын тосын оқиғалардан сақтандырып отыруға міндетті;
-жыл сайын кезекті төленетін демалыспен қамтамасыз етуге міндетті;
- қызметкерлердің жұмыс істегендігі туралы құжаттары, оларды мемлекеттік мұрағатқа тапсырылғандығы туралы және тапқан табысының белгілі сомсы зейнетақы қорына жіберілгендігі жөніндегі құжаттарды сақтауға міндетті;
- жұмысшыға ең хауіпті жұмысты және (немесе) денсаулығына тигізетін әсері жөнінде айтып түсіндіру ( залал келтіретін ) ;
- жұмыс барысында, ғылыми-технологиялық жақтан құралдарды пайдалануда игілікті істе өміріне хауіпті жанкештілікке бармауды ескертіп отыру;
- жұмыс мерізімін тура есептеп, артығымен істелетін жұмыстарды реттеп, ауыр және өмірге хауіп төндіретін жұмыстарды бар ынтамен сақтық жасай отырып жұмыс істеу әрбір қызметкердің игілікті ісі екендігін ескертіп айту;
-Канституцияда айтылғандай жұмысшыларды мамандандырылған даярлықтан өткізіп, білім дәрежесін көтеріп отыруға міндетті;
-жұмысшының хауіпсіздігін, денсаулығын сақтап, берілген жұмысты іске асыруда Қазақстан Республикасының заңында көрсетілген және берілген Кодекстің баптарына орай алдын-ала қызмет тағайындау ;
-қарсылық көрсеткеніне қарамастан техникалық хауіпсіздік шараларын ұйымдастырушы инспекторлардың кеңесін алуға жіберу, еңбекті қорғау және Қазақстан Республикасының заңында көрсетілген баптарындағы өмірге хауіпсіздік пен тосын оқиғалардан қорғану туралы айтуға, сондай-ақ денсаулықтарына зақым келтіретін жұмыстар жөнінде алдын-ала іс-шаралар жүргізіліп, ол туралы мұқият айтып түсіндіруге міндетті;
-жұмысқа қабылдау кезінде еңбек шартына отырғандығы жөніндегі құжаттарды талап етуге міндетті.
3.3. Жұмысшылардың жауапкершілігі:
Жұмыс беруші ҚР-ның заңына сәйкес заңды тұлғаларға артық жұмыс істетпеуі тиіс, ал артық жұмыс істеле қалған жағдайда төлемақы төленуі тиіс.
Жұмыс беруші қызметкердің жеке мүлкі жоғалған жағдайда оған келген шығынды өтемақы ретінде толықтай төлеуі тиіс.
Жұмыс уақыты және демалыс күндері
Жұмыс істеу уақыты апта бойы 40 сағаттан аспауы тиіс. Оқытушылар мен оқу-тәрбие жұмысының қызметкерлері аптасына алты күн жұмыс істеп, жылжымалы кесте бойынша іске асырылып, бір күн демала алады. Демалыс күні жексембімен сәйкес келуі тиіс. Сондай-ақ мереке күндерінде демалу ҚР Үкіметінің көрсетілген көрсетуі бойынша жүзеге асырылады. Жұмыс уақтысы Колледжде өтетін сабақ кестесіне сәйкес жасалады (топтық, заңды тұлғалаға) .
Әкімшілік-басқарушылық персоналы аптасына бес күндік жұмыс істеп, екі күн демалады. Жұмыс аптсы дүйсенбі мен жұма аралығында. Ал демалыс күндері сенбі мен жексенбі болып есептелінеді. Мереке күндерінде демалу ҚР Үкіметінің көрсетілген көрсетуі бойынша жүзеге асырылады. Жұмвс уақыты ертеңгі сағат 9.00-ден кешкі сағат 18 00-ге дейін. Түстену үшін сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліс беріледі.
Техникалық жақтан қызмет ететін жұмысшылар аптасына алты күн жұмыс істеп, демалыс күні демалады. Жұмыс аптсы дүйсенбіде басталып, сенбі күні аяқталады. ҚР Үкіметінің көрсетілген көрсетуі бойынша жүзеге асырылады. Жұмыс уақтысы Колледжде өтетін сабақ кестесіне сәйкес жасалады Жұмыс уақыты кесте бойынша реттелген.. Түстенуге , демалуға сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліс беріледі.
Емшекте балалары бар немесе бір жарым жасқа толмаған толмаған балалары бар әйелдерге әрбір үш сағат сайын қосымша демалыс беріледі 1) бір баласы бар аналардың әрқайсысына 30 мин. демалыс, 2) екі немесе оданда көп балалы аналар бір сағат көлемінде демала алады.
Жұмысшылар жұмыс уақытында өзінің жеке жұмысы мен қызмет бабындағы жұмыстарын қатар ала жүріп жұмыс істеуіне болады. Жұмыс толығымен 18.00-де аяқталады.
Қызметкер сырқаттанып қалса, жұмысқа келе алмай қалған жағдайда басшылыққа хабарлап, ауырғаны жөніндегі құжаттарды, отбасындағы жағдайды т.б. рәсімдеуі тиіс.
Директордың оқу-ісі жөніндегі және оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасарлары профессор-оқытушылар құрамының жұмыс уақтысын қадағалап, қосымша атқарылатын оқу-жұмысындағы сағат санын анықтап, пәннің циклдық комисиясының ұсынылған төрағасынан есеп алып отыруы тиіс. Алынған есеп орындалған және орындалмаған сағат санымен сәйкес келіп, жұмыс уақыты дәл көрсетілуі тиіс. Сондай-ақ жұмыстағы жұмыс күні, демалыстар мен мерекелік күндер, іссапарға барған күндер толығымен есептелуі керек.
Директордың шаруашылық жөніндегі орынбасары жұмысшылар мен техникалық жақтан қызмет көрсететін персоналдардың жұмысының сағат санын қадағалап, оқу ғимараттары мен жатақханалардағы коменданттардың жұмыстарын қадағалап, есеп беріп отыруы тиіс. Бұл есепке орындалған және орындалмаған сағат сандары қоса есептелінеді. Сондай-ақ істеген жұмыс күні, демалған күндері мен мен мерекелік күндер, іссапарға барған күндер толығымен есептелуі керек.
Кадрлар бөлімінің меңгерушісі Әкімшілік-басқарушы қызметкерлер құрамының жұмыс күндерін есептеп, істелінген жұмыс күндерін қадағалап отыруы тиіс. Бұл есепке орындалған және орындалмаған сағат сандары қоса кіреді. Сондай-ақ істеген жұмыс күні, демалған күндері мен мерекелік күндер, іссапарға барған күндері толығымен есептелуі тиіс.
Әрбір жұмысшының жұмыс уақыты мерізімінен тыс 2 (екі) сағаттан артық жұмыс істемеуі тиіс. Бір айда 12 (он екі) рет, ал жылына 120 (жүз жиырма) сағаттан артпағаны дұрыс
4.10. Әкімшілік-басқарушылық персоналы жұмыс орны және еңбек ақысы сақталына отырып, жыл сайын 36 күнтізбе боыйнша кезекті демалысқа шыға алады.Сонымен қатар денсаулығын түзету үшін қосымша жылына бір рет күнтізбе бойынша ақша төленеді. Демалыс күндері мен мерекелік күндер кезекті демалыс кезінде есепке алынбайды және ақша төленбейді. Сондай-ақ кезекті демалыс кезінде еңбекке жарамсыз деп танылған қағаз үшін қосымша күн берілмейді.
4.11.Кезекті демалыс қызметкердің өтініші бойынша есептік кесте арқылы және қызметкердің өтініші бойынша беріледі. Ол үшін жұмысшы басшылықтың атына екі апта бұрын кезекті демалысқа кетуі туралы өтініш жазып, қол қойдыруы тиіс.
4.12. Жұмысшы мен жұмысберуші келісе отырып, кезекті демалысты екіге бөліп алуына болады. Демалыс кезінде қызметкерді жұмысқа қайта шақырып алу тек қана басшының бұйрығымен іске асады.
Кезекті демалысының демалмаған күндерін қызметкер өзінің қалауы бойынша ағымды жылдың кез-келген уақытында ала алады немесе келесі жылғы кезекті демалысына қосып алуына болады. Тіпті кезекті демалыстың демалмаған күндерінің ақшасын алуына да рұқсат етіледі.
Жұмыстан кеткен жағдайда қызметкерге кезекті демалысының демалмаған күндері үшін ақылы компенсация төленеді. Ол үшін қызметкер кезекті жемалыстан соң алдын-ала жұмыстан кететіндігі жөнінде өтініш білдіруі шарт.
4.13.Қызметкерге от басының т.б. жағдайларға байланысты кезектен тыс демалыс беріледі. Ол үшін қызметкер жағдайын айтып, жұмыс берушіге жазбаша өтініш білдіруі тиіс.
УАҚЫТША ЖҰМЫСҚА ЖАРАМАУ ЖӨНІНДЕГІ КЕПІЛДІК.
Жұмысқа уақытша жарамсыз болып қалған жағдайда Колледж өз тарапынан әлеуметтік жәрдемақы тағайындап, Қазақстан Республикасының Еңбек туралы Кодексіне сәйкес уақытша жәрдемақы төлейді.
Жұмысқа уақытша жарамсыз болып қалғандағы жәрдемақы жұмысқа жарамсыз деп табылған қағазға ( больничный листок) сүйене отырып беріледі.
ҚЫЗМЕТ БАБЫНА БАЙЛАНЫСТЫ КӨЛІКТІ МАҚСАТТА ПАЙДАЛАНУ ҚЫЗМЕТІ
Қызмет бабына байланысты көлікті мақсатта пайдалану қызметі төмендегідей:
Хатшыға көлік қашан және не себепті керектігін алдын-ала ескертіп, көліктің қай бағытта жүретіндігі жөнінде кем дегенде 45 минут бұрын айтуы тиіс.
Хатшы бұл сауалды басшылыққа жеткізіп, хабардар етеді. Басшы қызметкердің мүмкіндігінше талап-тілегін орындап, көлік болмаған жағдайда қалалық такси жалдауға рұқсат береді.
ЕҢБЕК ТӘРТІБІ.
Еңбек, кәсіптілік және оқыту тәртіптерін қатаң сақталуын қамтамсыз ету, ұйымшыл-экономикалық және тәрбиелеу жұмыстарын жүргізу, оның нығайуына, жұмыс уақытын босқа жоғалтуын жоюына бағыттылған, бірқалыпты еңбек ұжымдарын жинақтау, еңбек тәртібін бұзушыларға еңбек ұжымының көзқарасын ескере отырып шаралар қолданылады.
Жұмыс беруші түрлі жұмыстардың сапалы орындалуына байланысты көтермелеп отырады
Жұмысты адал, әрі тындырымды орындағаны үшін еңбегін бағалап, сапалы жасалған қызмет үшін және аянбай еңбек еткендігі үшін жұмыс беруші дер кезінде жұмысшыны марапаттап, беделін көтеріп отырады. Жұмысшы мынандай жағдайда: азаматтық борышын адал орындағанда ақшалай және алғыс беру арқылыа марапатталады.
Өз қызметін адал орындамаған жағдайда сөгіс беріледі. Оның түрлері: ескерту, сөгіс, қатаң сөгіс, ҚР-ның еңбек туралы Кодексі бойынша жұмыс берушінің еркімен еңбек шартын бұзу.
Жұмыс беруші алдын-ала қызметкерге қолхат жаздырып, қойылған талаптардың не себепті орындалмағанын жазбаша түрде анықтап алады. Жұмысшы мұндай құжатты жазбай қарсылық көрсеткен жағдайда шара қолданылады. Жұмысшының қарсылық көрсетуі актіге тіркеліп, құжат толтырылады.
Жұмысшыға тағылған әрбір айып үшін ескертулер жасалып, жаза қолданылады.
жұмыстан қалған жағдайда жұмысшыға ескерту айтылып, жазаға тартылғандығы жөнінде бұйрық шығарылады және тәртібі қатаң сынға алынып, үш күн бұрын жұмысшыға хабардар етіліп, шығарылған бұйрықпен таныстырылып, қол қойғызады. Еңбек тәртібін бұзушыларға тәртіптік жазалау алдында, олардан жазба түріндегі түсініктеме талап етілуі қажет. Қызметкердің жазба түріндегі түсініктеме беруінен бас тартуы, тәртіптік жазаламауға себеп бола алмайды.Жұмысшы өз кінәсін мойындамай, шығарылған бұйрықпен танысып, бұйрыққа қол қоймаған жағдайда жұмыс беруші акті толтырып, қолына ескерту қағаз береді.
Әкімшілік тәртіптік жазалауды тікелей айыптың айқындалған кезінен бастап, қызметкердің науқастану уақытын және кезекті демалысын санамай, бір айдан кешіктірмей қолданылады.Тәртіптік жазалау, айыптың айқындалған кезінен кейін 6 айдан соң қолданылмайды .
Әр еңбек тәртібін бұзғанда бір ғана жаза қолданылады. Мұндай жаза түрлі жай-күйіне байланысты алынып, жұмысшының мінезіне сай айыптың жеңіл және ауыр түріне қарай қолданылады.
Егер қызметкер еңбек тәртібін бұзбай, сонымен қатар өзін жақсы жақтарымен көрсетсе, онда әкімшілік өз пікірімен немесе еңбек ұжымымен бірігіп жауапқа тартуды алып тастау бұйрығын шығарады. Шара қолдану мерзімі кезінде марапаттау қызметкер құжатына тіркелмейді.
Жұмыс берушінің қалауымен немесе жұмысшының өтініші мен тікелей басшысының сұрауы бойынша тәртіптік жазалау мерізімі 6 ай ішінде алынып тасталуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |