18-2-бап. Концессионерді таңдау жөніндегі конкурсқа қатысуға байланысты шектеулер
1. Әлеуетті концессионер, егер:
1) осы әлеуетті концессионер басшыларының және (немесе) осы әлеуетті концессионердің уәкілетті өкілінің жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) немесе жекжаттары концессионерді таңдау туралы шешім қабылдау құқығына ие болса не конкурсты ұйымдастырушының өкілі болып табылса;
2) әлеуетті концессионер және (немесе) оның қызметкері конкурсты ұйымдастырушыға өткізілетін конкурстарды дайындау бойынша сарапшылық, консультациялық және (немесе) өзге де қызметтер көрсетсе, оның ішінде конкурстың нысанасы болып табылатын объектіні құруға арналған техникалық-экономикалық негіздемені және (немесе) жобалау (жобалау-сметалық) құжаттаманы әзірлеуге бас жобалаушы не қосалқы жобалаушы ретінде қатысса;
3) әлеуетті концессионердің баланстық құны тиісті негізгі құралдар құнының он пайызынан асатын мүлкіне тыйым салынса;
4) әлеуетті концессионердің атқарушылық құжаттар бойынша орындалмаған міндеттемелері болса және атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган оны борышкерлердің тиісті тізіліміне енгізсе;
5) әлеуетті концессионердің қаржы-шаруашылық қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасына не Қазақстан Республикасының резиденті емес әлеуетті концессионер мемлекетінің заңнамасына сәйкес тоқтатыла тұрса, өткізілетін конкурсқа қатысуға құқылы емес.
2. Әлеуетті концессионердің және әлеуетті концессионердің үлестес тұлғасының бір конкурсқа қатысуға құқығы жоқ.
2013.04.07. № 131-V ҚР Заңымен 19-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
19-бап. Концессионерді таңдау жөнінде конкурс өткізу
1. Тізбеге енгізілген объектілер бойынша концессионерді таңдау концессиялық жобалар жөнінде ашық конкурс өткізу арқылы жүзеге асырылады.
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органы республикалық меншікке жататын және осы Заңның 16-бабының 2-тармағында көзделген концессия объектілеріне қатысты конкурсты ұйымдастырушы болып табылады.
Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) тиісті жергілікті атқарушы органы коммуналдық меншікке жататын және тізбеде көзделген концессия объектілеріне қатысты конкурсты ұйымдастырушы болып табылады.
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Конкурсты ұйымдастырушы конкурс өткiзу туралы ақпаратты конкурс өткiзілетін күнге дейiн кемінде күнтiзбелiк алпыс күн бұрын, ал конкурсты қайта өткiзу кезiнде - кемінде күнтiзбелiк отыз күн бұрын Қазақстан Республикасының бүкiл аумағына таратылатын мерзiмдi баспасөз басылымдарында қазақ және орыс тiлдерінде мiндеттi түрде жариялайды. Конкурс өткiзу туралы ақпарат концессия объектiлерi, конкурсты ұйымдастырушыға ұсыну үшiн қажеттi құжаттардың тiзбесi туралы мәлiметтердi, конкурс жарияланған объектiнiң сипатына қарай әлеуетті қатысушыларға қойылатын талаптарды; конкурсты өткiзу орны, уақыты мен күнi туралы мәлiметтi қамтуға тиiс.
2008.04.12. № 97-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Концессиялық өтінімдерді қарауды және іріктеуді Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары құратын комиссия жүзеге асырады.
Комиссияның жұмысшы органы конкурсты тиісті ұйымдастырушы болып табылады.
5. Егер белгіленген мерзімде конкурсты ұйымдастырушыға конкурстық өтінімдер келіп түспеген не конкурсқа қатысуға бір өтінім табыс етілген жағдайда, онда концессияның осы объектісі бойынша үшінші және одан кейінгі конкурстарды қоспағанда, конкурс өтпеген болып есептеледі.
6. 2015.31.10. № 380-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2008.04.12. № 97-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 20-бап өзгертілді; 2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 20-бап жаңа редакцияда (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2013.04.07. № 131-V ҚР Заңымен 20-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
20-бап. Концессионердi айқындау және концессия шартын жасасу
2013.12. № 150-V ҚР Заңымен (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Комиссия конкурстық өтiнiмдер салынған конверттердi конкурстық құжаттамада көрсетiлген мерзiмде, уақытта және орында ашады.
Конкурсты ұйымдастырушы мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға тиiстi конкурстық өтiнiмдердегі концессиялық өтiнiмдердi оларға сараптама жүргiзу үшiн жібереді.
Конкурсты ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманы, концессия шартының жобасын әзірлеу, тиісті конкурстық өтінімдегі ұсынылған концессиялық өтінімдерді тәуелсіз бағалау үшін, сондай-ақ әлеуетті концессионерлермен келіссөздерге қатысу үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе жергілікті атқарушы органдар айқындайтын концессиялық жобаларды консультациялық қолдау бойынша заңды тұлғаларды тартады.
Конкурсты ұйымдастырушы Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе жергілікті атқарушы органдар айқындайтын концессиялық жобаларды консультациялық қолдау бойынша заңды тұлғаларды тарту үшін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға концессиялық жобаны консультациялық қолдау жөніндегі қызметтерді қаржыландыруға арналған өтінімді жібереді.
Бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган немесе бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган концессиялық жобаларды консультациялық қолдау жөніндегі қызметтер көрсетуге арналған қорытындыны тиісті бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.
Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган бюджет комиссиялары мақұлдаған әрбір концессиялық жобаны консультациялық қолдау жөніндегі қызметтерді қаржыландыру көлемі бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырылатын концессиялық жобаларды консультациялық қолдау жөніндегі қызметтердің тізбесін қалыптастырады.
Концессиялық жобаларды консультациялық қолдау мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.
2013.12. № 150-V ҚР Заңымен (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.31.10. № 380-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Комиссия конкурсқа қатысушылар ұсынған барлық конкурстық өтінімдерді олардың конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келуін, концессиялық өтінім және әлеуетті концессионерлердің біліктілік талаптарына сай келуін бағалау жөніндегі қорытындыларды ескере отырып, қарайды.
Егер бiр конкурстық өтiнiм ғана ұсынылған жағдайда, бұл өтiнiмдi комиссия осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес қарайды.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.31.10. № 380-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ жаңа редакцияда
3. Комиссия концессиялық өтінімі мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган белгiлейтiн өлшемшарттар негiзiнде үздiк деп танылған конкурсқа қатысушымен концессиялық жобаны және концессиялық шарт талаптарын нақтылау бойынша келiссөздер жүргiзедi.
4. Келiссөздердi дайындау шеңберiнде концессиялық жоба мен концессия шарты бойынша ескертпелер мен ұсыныстарды комиссия өтiнiм берушiге жазбаша нысанда жiберуге тиiс.
Келiссөздер жүргiзудiң қорытындылары бойынша олардың нәтижелерi туралы комиссияның тиiстi шешiмi қабылданады.
Келiссөздер барысында конкурстың талаптарына, сондай-ақ концессиялық өтінімнің бастапқы параметрлерi мен сипаттамасына өзгерістер енгiзуге жол берiлмейдi.
2015.31.10. № 380-V ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5. Егер концессиялық өтінімі үздiк деп танылған конкурсқа қатысушы комиссияның ескертпелерi мен ұсыныстарына сәйкес концессиялық өтінімді және концессия шартының талаптарын талқылаудан және нақтылаудан бас тартқан жағдайда не оның ұсыныстары конкурс талаптары тұрғысынан пайдалануға келмейтiн болса, онда комиссия бұл концессиялық өтінімді қарамайды және үздiк концессиялық өтінімді жаңадан таңдайды.
2013.12. № 150-V ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6. Концессионердi таңдау жөнiндегi конкурстың қорытындылары бойынша комиссияның шешiмiмен үздік концессиялық өтінім айқындалады, ал өтiнiм берушi конкурстың жеңiмпазы болып танылады.
2014.02.07. № 225-V ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7. Конкурсты ұйымдастырушы конкурс жеңімпазымен комиссияның шешімі негізінде концессия шартын жасасады.
Ерекше маңызы бар концессиялық жобаларды іске асыру үшін конкурсты ұйымдастырушы - комиссияның шешімі негізінде, конкурс жеңімпазы конкурстық өтінімде құруды мәлімдеген, концессиялық жобаны іске асыру мақсатында конкурс жеңімпазы құрған заңды тұлғамен (концедентке концессия шартында айқындалған көлемде және шарттарда осындай заңды тұлғаның міндеттемелерін орындаудың банк кепілдіктерін ұсынған жағдайда) концессия шартын жасасады.
8. Концессия шартын жасасу мерзiмi конкурстың қорытындысы шығарылған күннен бастап күнтiзбелiк тоқсан күннен аспауға тиiс.
9. Ұйымдастырушы мемлекеттік құпияларды немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi қоспағанда, концессионердi таңдау жөніндегі конкурстардың нәтижелерi туралы мәлiметтердi Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында таратылатын мерзiмдi баспа басылымдарында қазақ және орыс тiлдерінде жариялайды.
2013.04.07. № 131-V ҚР Заңымен 20-1-баппен толықтырылды
20-1-бап. Екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып, концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу ерекшеліктері
1. Мынадай:
1) концессиялық жобаны іске асыру үшін әртүрлі инновациялық, шығармашылық, сәулеттік-жоспарлау, ұйымдастырушылық-технологиялық шешімдерді, өнертабыстарды жинау мен зерделеу және туындаған мәселелер бойынша әлеуетті концессионерлермен келіссөздер жүргізу қажет болған;
2) эксперименттер, ізденістер немесе әзірлемелер жүргізу қажет болған жағдайларда екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып, концессионерді таңдау жөніндегі конкурс өткізіледі.
2. Екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып, концессионерді таңдау жөніндегі конкурс мынадай реттіліктегі кезеңдердің жиынтығын білдіреді:
2013.12. № 150-V ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) бірінші кезеңде мынадай іс-шаралар жүзеге асырылады:
конкурсты ұйымдастырушының концессиялық ұсынысқа сараптаманың негізінде техникалық тапсырманы қалыптастыруы, конкурсты ұйымдастырушының конкурстық құжаттаманы әзірлеуі және бекітуі;
Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында қазақ және орыс тілдерінде екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып, концессионерді таңдау жөніндегі конкурс өткізу туралы ақпарат жариялау;
конкурсты ұйымдастырушының екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып, концессионерді таңдау жөніндегі конкурстың бірінші кезеңіне қатысуға мүдделі тұлғаларға техникалық тапсырма мен конкурстық құжаттаманы ұсынуы;
әлеуетті концессионерлерді біліктілік іріктеуді өткізу;
әлеуетті концессионерлермен техникалық тапсырманың техникалық, сапалық және (немесе) өзге де сипаттамаларына қатысты мәселелерді талқылау;
біліктілік іріктеуінен өткен конкурсқа қатысушыларға екі кезеңдік рәсімдер пайдаланылатын конкурстың екінші кезеңіне қатысу үшін конкурсты ұйымдастырушының шақыру жіберуі;
2013.12. № 150-V ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) екінші кезеңде мынадай іс-шаралар жүзеге асырылады:
біліктілік іріктеуінен өткен конкурсқа қатысушылардың концессиялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемелерімен бірге конкурстық өтінімдерді ұсынуы;
тиісті конкурстық өнімдерде қамтылатын концессиялық өтінімдерге сараптама жүргiзу үшiн конкурсты ұйымдастырушының оларды мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органға жiберуi;
комиссияның концессиялық өтiнiм бойынша сараптамалардың қорытындыларын ескере отырып, конкурсқа қатысушылар ұсынған барлық конкурстық өтiнiмдердi қарауы;
осы Заңның 20-бабының 3, 4, 5, 6, 7, 8 және 9-тармақтарында көзделген іс-шараларды жүзеге асыру.
4-тарау. КОНЦЕССИЯ ШАРТЫ
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.29.12 № 233-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.09.01. № 535-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 21-бап өзгертілді; 2013.04.07. № 131-V ҚР Заңымен 21-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
21-бап. Концессия шартының мазмұны
1. Концессия шартында:
1) концессия объектiсi туралы мәлiметтер, оның сипатталуы, оның ішінде мүліктің құрамы, техникалық жай-күйі, қызмет мерзімі, берілетін концессия объектісінің бастапқы, қалдық және қалпына келтіру құны туралы мәліметтер;
2) концессионердiң концессия объектiсiне құқықтары туралы, оның ішінде концессия шарты тоқтатылған жағдайда құрылысы аяқталмаған концессия объектісіне құқықтары және (немесе) белгілі бір қызмет түрін жүзеге асыруға құқықтары туралы талаптар, концессия шартының талаптарын орындау кезінде пайда болған зияткерлік шығармашылық қызмет нәтижелеріне мүліктік құқықтар туралы талаптар;
3) концессионердің көрсетілетін қызметтердi қажеттi мөлшерде және сапада ұсынуы мақсатында объектiге реконструкция жүргiзудiң шарттары мен көлемi;
4) концессионер шығындарының орнын толтыру және табыс алу көздерi;
5) тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) қалыптастыру және бекіту тәртібі;
6) инвестициялардың, оның iшiнде негiзгi қорларға инвестициялардың мөлшерi туралы шартты, әзiрленген бизнес-жоспарға (жұмыс бағдарламасына) сәйкес концессиялық жобаны қаржыландырудың мерзiмдерi, көздерi мен шарттары;
7) қызмет түрлерi (концессия шартының талаптары бойынша орындалатын (ұсынылатын) жұмыстар (көрсетілетін қызметтер);
8) концессия шарты бойынша концессионер ұсынатын тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердiң) сапа стандарттары;
9) концессия шартының қолданылу мерзiмi;
10) тараптардың құқықтары мен мiндеттерi;
11) қоршаған ортаны қорғау және жұмыстарды жүргiзу қауiпсiздiгі жөніндегі талаптар;
12) объектіні қабылдауға уәкілеттік берілген тұлғаларды қоса алғанда, тараптардың концессия объектісін беру тәртібі мен шарттары және оның сапасына қойылатын талаптар, сондай-ақ концессия объектісінің құрамына кірмейтін өзге де мүлікті беруге негіз болатын құқықты көрсете отырып, көрсетілген мүлікті берудің тәртібі мен шарттары;
13) тараптардың жауапкершiлiгi;
14) концессия шартын өзгерту және тоқтату талаптары;
15) тараптардың орналасқан жерi (заңды мекенжайы) және банктiк деректемелерi;
16) концеденттiң концессия шартының орындалуын бақылауды жүзеге асыру тәртiбi;
17) концессионердiң қабылданған мiндеттемелердi орындауын бағалау критерийлері, олар орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған жағдайда тұрақсыздық айыппұлын төлеу және мемлекеттік концессиялық міндеттемелер көлемін азайту тәртiбi;
18) осы Заңның 14-бабына сәйкес мемлекеттiк қолдау ұсынылған жағдайда оның түрлерi, ұсынылу көлемi, мерзiмдерi мен шарттары;
19) жергілікті қамту жөнiндегi мiндеттемелер;
20) концессионердiң жыл сайын, сатып алуды жүргiзу үшiн жоспарланатын жылдың 1 ақпанынан кешiктiрмей тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi сатып алудың алдағы жылға арналған жылдық бағдарламасы мен сатып алынған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер туралы ақпаратты сауда қызметін реттеу саласындағы уәкiлеттi органға ол белгiлеген нысан бойынша және мерзiмдерде беру жөнiндегi мiндеттемелерi;
21) тәуекелдердің тараптар арасында бөлінуі;
22) концессия шарты бойынша берілетін мүлікті күтіп-ұстау ауыртпалығының, сондай-ақ көрсетілген мүліктің кездейсоқ жойылу немесе кездейсоқ бүліну тәуекелдерінің өту шарттары мен мерзімдері;
23) концеденттің мүдделерін білдіретін уәкілетті мемлекеттік органдар туралы мәліметтер;
24) концессия объектісін құру (реконструкциялау) жөніндегі жұмыстарды орындау, оны пайдалануға беру мерзімі, сондай-ақ осы мерзімді ұзарту тәртібі;
25) концессия шартын орындау, атап айтқанда, концессия шарты шеңберінде белгілі бір іс-қимылды орындауға, ақшаны жинауға және бөлуге, өзге төлемдерді концессия шартына сәйкес көлемде және тәртіппен жүзеге асыруға, сондай-ақ өзге де құқықтар мен міндеттерді орындауға келісім беру үшін тартылатын өзге де тұлғалардың құқықтары мен міндеттері;
26) концессия шартының талаптарын біржақты өзгертудің және (немесе) оны орындаудан біржақты бас тартудың айрықша жағдайлары;
27) концессия шарты бойынша дауларды шешу тәртібі;
28) концессия шарты мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда, тараптар шығыстарының орнын толтыру тәртібі қамтылуға тиіс.
2. Концессия шартында, сондай-ақ:
1) концессия шарты тараптары міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдері;
2) концессия шартында көзделген қызметті жүзеге асыруға байланысты табыстардың концедент пен концессионер арасында бөлінуі;
3) концессия объектісін пайдалануды жүзеге асыру үшін концессионер тартатын ұйымды және онымен жасалатын шарттың елеулі талаптарын келісу;
4) концессия объектісін құру (реконструкциялау) үшін концессионер тартатын мердігерді (бас мердігерді) және онымен жасалатын шарттың елеулі талаптарын келісу;
2014.02.07. № 225-V ҚР Заңымен 4-1) тармақшаман толықтырылды
4-1) ерекше маңызы бар концессиялық жобаларды іске асыру шеңберінде концессионердің кредиторларымен тараптардың тікелей келісім жасасуының тәртібі мен талаптары;
2014.02.07. № 225-V ҚР Заңымен 4-2) тармақшаман толықтырылды
4-2) ерекше маңызы бар концессиялық жобаларды іске асыру кезінде валюталық тәуекелдерді реттеу тетігі;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де шарттар көзделуі мүмкін.
3. Концессия шартына тараптардың келісуі бойынша өзгерістер енгізілетін жағдайларды қоспағанда, концессия шартының талаптары ол қолданылатын бүкіл мерзімде күшін сақтайды.
4. Концессия шартында концеденттің қоғам мен мемлекет мүдделерінде концессия шартының талаптарын біржақты тәртіппен өзгерту немесе концессия шартын бұзу жағдайы көзделуге тиіс, бұл ретте концессия шартында Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін, оның ішінде мұндай іс-әрекеттер ұлттық және экологиялық қауіпсіздікті, денсаулық сақтауды және имандылықты қамтамасыз ету мақсатында жасалатын осындай жағдайлардың толық тізбесі қамтылуға тиіс.
2014.02.07. № 225-V ҚР Заңымен 4-1-тармақпен толықтырылды
4-1. Ерекше маңызы бар концессиялық жобалар бойынша концессия шартында мынадай жағдайларда:
1) концессия шартында айқындалған, концессия шартының елеулі талаптарын концессионер бұзған кезде;
2) концессия шартында айқындалған, концесия шартының елеулі талаптарын концедент бұзған кезде;
3) еңсерілмейтін күш жағдаяттарының басталуы салдарынан концессия шартын біржақты тәртіппен мерзімінен бұрын бұзу талаптары көзделуі мүмкін.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген оқиғалар туындаған кезде концессия шартын мерзімінен бұрын бұзу нәтижесінде туындаған шығыстарды және (немесе) шығындарды және (немесе) залалдарды концессионерге өтеу тәртібі, мерзімдері және талаптары концессия шартында айқындалады.
5. Концедент осы баптың 4-тармағында көрсетілген құқықты іске асырған жағдайда, концедент концессионерге концессия шарты талаптарының өзгеруіне байланысты қосымша шығындарды өтеуге, сондай-ақ концессия шартының бұзылуына байланысты концессионер шеккен залалдың орнын толтыруға міндетті.
2014.02.07. № 225-V ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Концессионер концессия шарты бойынша өз құқықтарын концеденттің жазбаша келісімімен ғана кепілге беруге құқылы.
Концессия шарты бойынша концессионердің талаптарын басқаға беруге немесе борышын ауыстыруға, өзіне (өздеріне) концессионердің құқықтары мен міндеттері өтетін тұлға (тұлғалар) осы Заңның 18-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келген жағдайда, концеденттің келісімімен жол беріледі.
Концессионер кредиторларының талабы бойынша концессионер ауыстырылған жағдайда, концессия шарты бойынша концессионердің талаптарын басқаға беру және (немесе) борышын ауыстыру тікелей келісімде айқындалатын тәртіппен конкурс өткізбей жүзеге асырылады.
2013.04.07. № 131-V ҚР Заңымен 21-1-баппен толықтырылды
Достарыңызбен бөлісу: |