«Концессиялар туралы» 006 жылғы шілдедегі №167-iii қазақстан Республикасының Заңы



жүктеу 1,09 Mb.
бет4/6
Дата14.05.2018
өлшемі1,09 Mb.
#12483
1   2   3   4   5   6

16-бап. Тізбені қалыптастыру

2013.12. № 150-V ҚР Заңымен (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.02.07. № 225-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда

1. Тiзбенi республикалық меншікке жататын объектілер бойынша мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган және коммуналдық меншікке жататын концессия объектілері бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкілетті органдары концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларына сараптаманың оң қорытындысы негiзiнде және Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттарына, республикалық және (немесе) жергiлiктi бюджеттердiң инвестициялық мүмкiндiктерiне сәйкес жылжымалы негiзде жыл сайын үш жыл мерзiмге қалыптастырады.

2. Тiзбе мынадай екi бөлiмнен тұрады:



1) реконструкциялануы және пайдаланылуы концессия шарты негiзiнде жүзеге асырылатын жұмыс істеп тұрған мемлекеттік меншiк объектiлерi;

2) құрылуы және пайдаланылуы концессия шарттары негiзiнде жүзеге асырылатын объектiлер.

3. 2013.12. № 150-V ҚР Заңымен алып тасталды (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды  (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

4. Тiзбеге енгiзiлмеген объектiлер бойынша тиiстi хабарламалар тиiстi ұсыныстарды табыс еткен мемлекеттік органдарға олардың қабылданбауының дәлелдi негiздемесiмен бiрге жiберiледi.

2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды  (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)



5. Концессияға берiлмеген концессия объектiлерi келесi орта мерзiмдi кезеңге арналып қалыптастырылатын тиiстi тiзбеге енгiзіледi.

 

2013.04.07. № 131-V ҚР Заңымен 17-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)



17-бап. Конкурстық құжаттаманың мазмұны

1. Конкурсты ұйымдастырушы барлық әлеуетті концессионерлерге мынадай ақпаратты:

1) әлеуетті концессионерлерге қойылатын біліктілік талаптарына олардың сәйкестігін растау үшін табыс етілуге тиіс құжаттарға қойылатын талаптарды;

2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2013.12. № 150-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



2) осы тармақтың 2-1) және 2-2) тармақшаларында белгіленген жағдайларды қоспағанда, техникалық-экономикалық негiздемені;

2013.12. № 150-V ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

2-1) осы Заңның 15-2-бабының 2-тармағында көрсетілген жағдайларда жобалау-сметалық құжаттама мен концессиялық ұсынысты;



2013.12. № 150-V ҚР Заңымен 2-2) тармақшамен толықтырылды (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

2-2) екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып, концессионерді таңдау жөнiндегі конкурс өткізілген жағдайда концессиялық ұсынысты;

3) концессияға беруге ұсынылатын объектінің тұрған орнын;

2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды; 2013.12. № 150-V ҚР Заңымен 3-1) тармақша жаңа редакцияда (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3-1) осы концессиялық жоба үшiн концессионерлердің қызметін мемлекеттiк қолдаудың ықтимал түрлерi мен көлемдерiн, сондай-ақ концессионер шығындарының орнын толтыру және табыс алу көздерін;

2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

4) үлгілік шарт негізінде әзірленген концессия шартының жобасын;

2008.04.12. № 97-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.29.12 № 233-ІV ҚР Заңымен  (бұр.ред.қара) 5) тармақша өзгертілді; 2012.09.01. № 535-IV ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



5) нәтижесінде жеңіп шыққан концессия өтінімін анықтауға негіз болатын барлық критерийлердің, оның ішінде жергілікті қамту жөніндегі міндеттемелердің сипаттамасын, оның iшiнде мұндай әрбір критерийдің салыстырмалы мәнін, концессиялық өтінімдерді бағалау және салыстыру тәсiлiнiң сипаттамасын;

2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



6) концессия объектісінің құны көрсетілуге тиіс валюта немесе валюталар және концессия объектісінің құндарын салыстыру және бағалау мақсатында оларды бірыңғай валютаға сәйкес келтіру үшін қолданылатын бағамды;

2008.04.12. № 97-IV ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

7) Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасына сәйкес концессиялық өтінімдерді жасасу және табыс ету тіліне қойылатын талаптарды;



8) әлеуетті концессионерлердің конкурстық өтінім берудің түпкілікті мерзімі аяқталғанға дейін өзінің конкурстық өтінімін өзгерту немесе кері қайтарып алу құқығына тиісті нұсқаманы;

9) конкурстық өтінімдерді табыс етудің тәсілін, орны мен түпкілікті мерзімін (бірақ жергілікті уақыт бойынша жұмыс күнінің он бес сағатынан кеш емес) және олардың қолданылу мерзімін;

2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 10) тармақша өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

10) әлеуетті концессионерлердің тікелей конкурстық өтінімдер бар конверттерді ашу кезінде концессия объектісінің құны көрсетілетін конкурстық өтінімнің бір бөлігін ұсыну құқығына тиісті нұсқаманы;

11) конкурстық құжаттаманың мазмұны бойынша әлеуетті концессионерлер түсіндірме сұрату үшін көмегіне сүйене алатын тәсілдерді және конкурсты ұйымдастырушының осы кезеңде әлеуетті концессионерлермен ашық нысанда өткізілетін және хаттама жасалатын кездесу өткізу ниеті туралы хабарламаны;

12) конкурстық өтiнiмдi енгiзудiң шарттарын және оның мазмұнын, оның ішінде конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді енгізудің шарттарын;

13) конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашу орнын, күні мен уақытын (бірақ конкурстық өтінімдерді табыс етудің түпкілікті мерзімі анықталған кезден бастап екі сағаттан кеш емес);

2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.12. № 150-V ҚР Заңымен (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 14) тармақша өзгертілді

14) конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашу және оларды қарау үшін пайдаланылатын рәсімдерді қамтитын, осы Заңның 9-бабының 3) тармақшасында көзделген жағдайларда мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен және осы Заңның 10-бабының 2) тармақшасында көзделген жағдайларда бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісілген конкурстық құжаттаманы ұсынуға міндетті.

15) 2013.12. № 150-V ҚР Заңымен алып тасталды (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Конкурсты ұйымдастырушы табыс етілген конкурстық құжаттама үшін конкурстық құжаттаманың көшірмесін жасауға жұмсалған нақты шығындардан аспайтындай ақы алуға құқылы.

2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді(бұр.ред.қара)

3. Әлеуетті концессионер конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы сауал жіберуге құқылы, бірақ ол конкурстық өтінімдерді табыс етудің түпкілікті мерзімі аяқталғанға дейінгі күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмеуге тиіс. Конкурсты ұйымдастырушы сауал тіркелген кезден бастап үш күн мерзімде оған жауап қайтаруға және сауалдың кімнен түскенін көрсетпей-ақ, конкурсты ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманы табыс еткен барлық әлеуетті концессионерлерге осындай түсіндірмені хабарлауға міндетті.

Қайта конкурс өткізу кезінде әлеуетті концессионер конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы сауал жіберуге құқылы, бірақ ол конкурстық өтінімдерді табыс етудің түпкілікті мерзімі аяқталғанға дейін күнтізбелік он бес күннен кешіктірілмеуге тиіс.

2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді(бұр.ред.қара)



4. Конкурсты ұйымдастырушы конкурстық өтiнiмдердi ұсынудың соңғы мерзiмi өткенге дейiн күнтiзбелiк жиырма күннен кешiктiрілмейтін мерзімде, ал конкурсты қайта өткізу кезінде - күнтізбелік он күннен кешіктірілмейтін мерзімде өз бастамасымен немесе әлеуетті концессионердiң сауалына жауап ретiнде хаттама ресiмдеу арқылы конкурстық құжаттамаға өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзуге құқылы. Енгiзiлген өзгерiстердiң және (немесе) толықтырулардың мiндеттi күшi болады.

Конкурсты ұйымдастырушы конкурстық құжаттамаға өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзу туралы шешім қабылданған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей, енгізілген өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың мәтінін конкурстық құжаттама ұсынылған барлық әлеуетті концессионерлерге өтеусіз түрде береді. Бұл ретте конкурсты ұйымдастырушы әлеуетті концессионерлердiң осы өзгерiстердi және (немесе) толықтыруларды конкурстық өтiнiмдерде ескеруі үшiн конкурстық өтiнiмдердi ұсынудың соңғы мерзiмiн кемiнде күнтiзбелiк отыз күн мерзімге, ал конкурсты қайта өткізу кезінде кемінде күнтізбелік он бес күн мерзімге ұзартады.

5. Конкурсты ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру үшін конкурстық құжаттамада көрсетілген белгілі бір орында және тиісті уақытта әлеуетті концессионерлермен кездесу өткізуге құқылы. Бұл ретте конкурсты ұйымдастырушы онда дереккөздері көрсетілмеген конкурстық құжаттаманы түсіндіру туралы сауалдар, сондай-ақ осы сауалдарға жауаптар қамтылатын хаттама жасайды. Хаттама дереу комиссияға және конкурсты ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманы табыс еткен барлық әлеуетті концессионерлерге жіберіледі.

6. Конкурстық құжаттаманы конкурсты ұйымдастырушы бекітеді.

 

2013.04.07. № 131-V ҚР Заңымен 18-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)



18-бап. Әлеуетті концессионерге қойылатын біліктілік талаптары

1. Концессионерді таңдау бойынша конкурсқа қатысу үшін әлеуетті концессионер мынадай біліктілік талаптарына сай келуге:

1) концессия шарты бойынша міндеттемелерді орындау үшін қажетті қаржылық және материалдық ресурстары болуға;

2) төлемге қабілетті, таратылмайтын болуға, оның мүлкіне тыйым салынбаған, оның қаржы-шаруашылық қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тоқтатып қойылмаған болуға тиіс;

2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді(бұр.ред.қара)



3) соңғы үш жыл ішінде жасасылған концессия шарттары бойынша міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін заңды күшіне енген сот шешімі негізінде жауапқа тартылмаған болуға;

2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды; 2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2013.12. № 150-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



4) концессия объектiсiн құру (реконструкциялау) құнының кемiнде он пайызын құрайтын меншікті қаражаты болуға тиіс.

Тікелей концессиялық жобаны іске асыруға тартылатын меншікті капитал, әлеуетті концессионерге тиесілі ақша мен өзге де активтер меншікті қаражат деп түсініледі;

5) 2013.12. № 150-V ҚР Заңымен алып тасталды (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

6) 2008.04.12. № 97-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)



2008.04.12. № 97-IV ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды; 2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 1-1-тармақ жаңа редакцияда (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1-1. Егер әлеуетті концессионер концессиялық жобаны iске асыру мақсатында жеке және (немесе) заңды тұлғалар құрған жаңа заңды тұлға болып табылса, онда:

1) әлеуетті концессионер осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген біліктілік талаптарына сәйкес келуге тиiс;

2) жаңа заңды тұлғаның құрылтайшылары ретінде әрекет ететін заңды тұлғалар осы баптың 1-тармағының 2), 3) және 5) тармақшаларының талаптарына сәйкес келуге тиiс;

3) жаңа заңды тұлға құрған жеке және (немесе) заңды тұлғалардың жиынтық өз капиталы осы баптың 1-тармағының 4) тармақшасының талаптарына сәйкес келуге тиiс.

2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2008.04.12. № 97-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ  өзгертілді; 2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 2-тармақтың үшінші бөлігінде орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді



2. Әлеуетті концессионер өзінің осы баптың 1-тармағында көзделген біліктілік талаптарына сай келетіндігін растау үшін конкурсты ұйымдастырушыға тиісті құжаттарды табыс етеді.

Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде міндетті аудит өткізу белгіленген заңды тұлғалар соңғы қаржы жылындағы аудиторлық есепті де табыс етеді.

Егер концессионердің мемлекеттік кепілдікті және (немесе) мемлекет кепілгерлігін алуы көзделетін болса, концессия жобасын іске асыру мақсатында бірнеше жеке немесе заңды тұлғалар құрған жаңа заңды тұлға әлеуетті концессионер болып табылатын жағдайларды қоспағанда, әлеуетті концессионердiң аудиторлық есеппен расталған қаржылық есептілікке сәйкес соңғы аяқталған қаржы жылында немесе соңғы аяқталған үш қаржы жылының кез келген екеуінде таза кірісі болуға тиіс.

2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.31.10. № 380-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді



3. Әлеуетті концессионер бiлiктiлiк талаптары жөнінде анық емес ақпарат ұсынған жағдайда, ол осындай факт анықталған кезден бастап үш жыл бойы мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің барлық түрлері бойынша жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурсқа қатысуға жiберiлмейдi.

Әлеуетті концессионер ұсынатын біліктілік талаптары жөніндегі ақпараттың анықтығын комиссия, конкурсты ұйымдастырушы, уәкілетті мемлекеттік органдар концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізудің кез келген сатысында анықтай алады.

3-1. Әлеуетті концессионердің біліктілік талаптары жөнінде анық емес ақпарат ұсынуы фактісін анықтаған комиссия, конкурсты ұйымдастырушы, уәкілетті мемлекеттік органдар осындай факт анықталған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей, хабарламаға осы фактіні растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса тіркеп, бұл туралы мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органды жазбаша түрде хабардар етуге міндетті.

2013.12. № 150-V ҚР Заңымен 3-2-тармақ өзгертілді (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3-2. Концессионерді таңдау жөніндегі конкурсқа жеке және (немесе) заңды тұлғалардың жай серіктестік нысанындағы бірлестіктері қатысқан жағдайда, көрсетілген тұлғалардың әрқайсысы жай серіктестіктің барлық қатысушыларының қаржылық және материалдық ресурстарының жиынтығы бойынша осы баптың 1-тармағының 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген біліктілік талаптарына сай келуге тиіс.

4. Конкурсты ұйымдастырушының әлеуетті концессионерлерге осы Заңда көзделмеген біліктілік талаптарын белгілеуге құқығы жоқ. Әлеуетті концессионер өзіне қойылатын біліктілік талаптарына қатысы жоқ ақпаратты табыс етпеуге құқылы.

2013.12. № 150-V ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

5. Әлеуетті концессионердің осы баптың 1-тармағында көрсетілген біліктілік талаптарына сай келуін концессионерді таңдау бойынша конкурс өткізу кезінде конкурсты ұйымдастырушы біліктілік іріктеуді жүзеге асыру арқылы айқындайды.

 

2013.04.07. № 131-V ҚР Заңымен 18-1-баппен толықтырылды  



18-1-бап. Конкурстық өтінімдерді қамтамасыз ету

1. Әлеуетті концессионер:

1) өзінің конкурстық өтінімін осындай конкурстық өтінімдер ұсынудың соңғы мерзiмi өткеннен кейін кері қайтарып алмайтынына не оны өзгертпейтініне және (немесе) толықтырмайтынына;

2) 2013.12. № 150-V ҚР Заңымен алып тасталды (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3) өзін конкурстың жеңімпазы деп анықтаған жағдайда концессия шартын жасасатынына кепілдік ретінде конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді енгізеді.

2013.12. № 150-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



2. Конкурсқа қатысуға конкурстық өтінімді қамтамасыз ету концессия шарты шеңберінде концессия объектiсiн құру (реконструкциялау) құнының оннан бір пайызы мөлшерінде енгізіледі.

3. Әлеуетті концессионер екі кезеңдік рәсімдер пайдаланылатын концессионерді таңдау жөніндегі конкурстың бірінші кезеңіне қатысып отырған болса, ол конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді енгізбейді.

4. Әлеуетті концессионер конкурстық өтінімді қамтамасыз етудің мынадай түрлерінің бірін:

1) мемлекеттік органдар болып табылатын конкурсты ұйымдастырушылар үшін Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген шотқа енгізілетін кепілдік ақша жарнасын;

2) банк кепілдігін таңдауға құқылы.

Әлеуетті концессионердің конкурстық өтінімінің қолданылу мерзімі өткенге дейін оның енгізілген кепілдік ақша жарнасына толықтай не оның бір бөлігіне үшінші тұлғаларда талап ету құқығының туындауына әкеп соғатын іс-әрекеттер жасауына жол берілмейді.

Осы баптың 6 және 7-тармақтарында көрсетілген іс-әрекеттерді қоспағанда, әлеуетті концессионер енгізген кепілдік ақша жарнасын конкурсты ұйымдастырушының пайдалануына жол берілмейді.

5. Конкурсты ұйымдастырушы мынадай:

1) әлеуетті концессионер конкурстық өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі өткеннен кейін конкурстық өтінімді кері қайтарып алған не өзгерткен және (немесе) толықтырған;

2) конкурстың жеңімпазы болып анықталған әлеуетті концессионер концессия шартын жасасудан жалтарған жағдайлардың бірі басталған кезде конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді қайтармайды.

6. Осы баптың 5-тармағында көзделген жағдайлардың бірі басталған кезде конкурстық өтінімді қамтамасыз ету сомасы тиісті бюджеттің кірісіне есепке жазылады.

7. Конкурсты ұйымдастырушы әлеуетті концессионер енгізген конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді мынадай:

1) осы әлеуетті концессионер конкурстық өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі өткенге дейін өзінің конкурстық өтінімін кері қайтарып алған;

2) конкурсқа қатысуға жіберу туралы хаттамаға қол қойылған жағдайлардың бірі басталған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оған қайтарады. Көрсетілген жағдай конкурсқа қатысушы болып танылған әлеуетті концессионерлерге қолданылмайды;

3) концессионерді таңдау жөніндегі конкурстың қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған жағдайлардың бірі басталған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оған қайтарады. Көрсетілген жағдай конкурстың жеңімпазы болып анықталған конкурсқа қатысушыға қолданылмайды;

4) концессия шарты күшіне енген;

5) әлеуетті концессионердің конкурстық өтінімі қолданысының мерзімі өтіп кеткен жағдайлардың бірі басталған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қайтарады.

 

2013.04.07. № 131-V ҚР Заңымен 18-2-баппен толықтырылды  



жүктеу 1,09 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау