93
Интеграцияланған басқару жүйесі
Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейін даму стратегиясынан және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қазақстандық
кәсіпорындардың халықаралық стандарттарға жедел ауысу туралы жоспарынан туындайтын міндеттерді іске асыра отырып,
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ 2006 жылы Қазақстан Республикасының бірінші ұйымдарының қатарында ISO 9001, ISO 14001 және OHSAS
18001 сериялы стандарттардың талаптарына жауап беретін сапа, қоршаған ортаны қорғау, денсаулық сақтау және еңбек қауіп-
сіздігін қамтамасыз ету саласындағы интеграцияланған басқару жүйесін енгізді.
Осы кезеңде құрылымдық бөлімшелердің өзара іс-қимыл жасау жүйесі жетілдірілді, олардың ролі мен жауапкершілігі неғұр-
лым нақты бөлінді. Ішкі құжаттарды әзірлеудің, келісу мен бекітудің бірыңғай тәртібі белгіленді, бұл түпкі нәтижесінде қабыл-
данатын шешімдердің сапасын арттыруға әсерін тигізді. Сапа, қоршаған ортаны қорғау, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техни-
касын қамтамасыз ету саласындағы корпоративтік мәдениет пен идеологияны арттырудың оң үрдісі байқалды.
2015 жылғы наурызда ҚазМұнайГаз кезекті қайта сертификаттау тәуелсіз аудитінен өтті. Сертификаттау органының шешімі
бойынша 2018 жылғы наурызға дейін қолданылу мерзімімен кейінгі үш жылға сәйкестілік сертификаттары берілді.
2015 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша сапа менеджментінің жүйелері «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялары тобының
17 еншілес және тәуелсіз ұйымында қолданылады.
Оның ішінде ҚМГ мен 13 еншілес және тәуелді ұйымы («ҚазТрансОйл» АҚ, «ҚазМұнайТеңіз» АҚ, «ҚМГ» өңдеу және маркетинг
ЖШС, «Қазтеңізкөлікфлоты» ҰТКК» АҚ, «Қазақойл-Ақтөбе» ЖШС, «Теңіз - Сервис» ЖШС, «ҚазМұнайГаз-Сервис» ЖШС, «Еуро-
Азия Эйр» авиакомпаниясы» АҚ, «ҚазМұнайГаз-Өнімдері» ЖШС, «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС, «Павлодар мұнай-хи-
мия зауыты» ЖШС, «Ембімұнайгаз» АҚ, «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС) үш стандарт бойынша (ISO 9001, ISO 14001 және
OHSAS 18001) сертификатталды.
«ҚМГ-security» ЖШС өз қызметтерін екі халықаралық стандарттың (ISO 9001 және OHSAS 18001), «Қазақстан-Британ Техника-
лық Университеті» АҚ – үш: сапа менеджменті – ISO 9001, денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесі –
OHSAS 18001, сынақ зертханаларындағы менеджмент жүйесі – ISO 17025 стандартының талаптарына сәйкес көрсетеді.
Тағы 2 ұйым («ҚазТрансГаз» АҚ пен «ҚазРосГаз» ЖШС) ИСО 9001 стандарты бойынша жұмыс істейді.
ИСО 50001 талаптарына сәйкес энергия менеджменті жүйесі «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС, «Ембімұнайгаз» АҚ, «Аты-
рау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС, «ҚазТрансОйл» АҚ қолданылады.
ҚМГ мен «ҚазТрансОйл» АҚ корпоративтік орталығында ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйесі (ИСО 27001), «ҚазТрансОйл»
АҚ-та тәуекелдерді басқару жүйесі (ИСО 31001), «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС-да әлеуметтік жауапкершілік менед-
жменті жүйесі енгізілді.
2015 жылы топтың барлық компаниялары қолданыстағы интеграцияланған басқару жүйелерінің халықаралық стандарттар-
дың талаптарына сәйкес келуін растаған қадағалау аудиттер табысты өткізілді.
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқармасы жұмысының 2016
жылға арналған жоспары;
16 қағида;
ҚМГ жекелеген және ішкі құжаттарына 18 өзгеріс пен толықтыру.
Сондай-ақ «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-тың «басқарушы персонал» санатына жататын лауазымдарының тізбесін, Уәждемелік ҚНК кар-
таларының қорытынды нәтижелілігін және 2014 жылғы жұмыс қорытындылары бойынша «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басқарушы
персоналының сыйақы мөлшерін белгілеуді, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялары тобының басшы қызметкерлерінің, басқа-
рушы және әкімшілік персоналының жеке басының (іскерлік) құзыреттерінің үлгі моделін, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ бизнес-функ-
цияларының трансформациясы бағдарламасының жарғысын, «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ-та қызметтік және ком-
мерциялық құпияның сақталуын қамтамасыз ету нұсқаулығын, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басқарушы қызметкерлері қызметінің
уәждемелік негізгі көрсеткіштерінің және олардың мақсатты мәндерінің 2015 жылға арналған карталарын, «ҚазМұнайГаз» ұлт-
тық компаниясы» АҚ қызметкерлерінің қауіпсіздік және еңбек сақтау саласындағы «Алтын қағидалар» кодексін, «ҚазМұнай-
Газ» ҰК АҚ тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алудың 2016 жылға арналған жоспары бекітілгенге дейін сатып
алынатын тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің тізбесін бекіту туралы шешімдер қабылданды.
ШОҒЫРЛАНДЫРЫЛҒАН ҚАРЖЫ ЕСЕПТІЛІГІ
94
Тәуелсіз аудитордың
қорытындысы
«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ акционері мен басшылығына:
Біз қоса берілген «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ пен оның еншілес ұйымдарының (бұдан әрі «Топ») шоғырландырылған
қаржы есептілігінің аудитін жүргіздік, ол 2015 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша қаржы жағдайы туралы шоғырлан-
дырылған есепті, жиынтық кіріс туралы шоғырландырылған есепті, капиталдағы өзгерістер туралы шоғырландырылған есепті
және көрсетілген күні аяқталған жылғы ақша қаражатының қозғалысы туралы шоғырландырылған есепті, сондай-ақ есеп саяса-
тының елеулі аспектілері туралы ақпаратты және басқа да ескертулерді қамтиды.
Шоғырландырылған қаржы есептілігіне қатысты
басшылықтың жауапкершілігі
Топ басшылығы Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттарына сәйкес осы шоғырландырылған қаржы есептілігін дайын-
дау және дұрыс ұсыну үшін, сондай-ақ басшылықтың пікірінше жосықсыз іс-әрекеттердің немесе қатенің салдарынан елеулі
бұрмалауды қамтымайтын шоғырландырылған қаржы есептілігінің дайындалуын қамтамасыз ету үшін қажетті ішкі бақылау
рәсімдері үшін жауап береді.
Аудиторлардың жауапкершілігі
Біздің міндетіміз жүргізілген аудиттің негізінде осы шоғырландырылған қаржы есептілігі туралы пікірді білдіруден тұрады. Біз
аудитті Халықаралық аудит стандарттарына сәйкес жүргіздік. Осы стандарттар біздің этикалық нормаларды сақтап, шоғыр-
ландырылған қаржы есептілігін елеулі бұрмалаудың болмауына айтарлықтай сенімділікті алу үшін аудитті жоспарлап, жүргіз-
генімізді талап етеді.
Аудит шоғырландырылған қаржы есептілігінде көрсетілген сомалар мен ақпаратқа қатысты аудиторлық дәлелдемелерді алуға
бағытталған рәсімдердің орындалуын қамтиды. Рәсімдерді таңдау жосықсыз іс-әрекеттер немесе қате салдарынан шоғырлан-
дырылған қаржы есептілігінің елеулі бұрмалану тәуекелін бағалауды қоса есептегенде, аудитордың пікіріне негізделеді. Осы
тәуекелді бағалау кезінде аудитор ұйымның ішкі бақылау жүйесінің тиімділігі туралы пікірді білдіруге емес, нақты жағдайлар-
да қажетті аудит рәсімдерін белгілеу үшін шоғырландырылған қаржы есептілігін дайындауға және дұрыс ұсынуға қатысты ішкі
бақылау аспектілерін қарайды. Сондай-ақ аудит таңдалған есеп саясатының және басшылық жасаған бухгалтерлік бағалаудың
орынды болуын бағалауды
және тұтастай алғанда, шоғырландырылған қаржы есептілігінің ұсынылуын бағалауды қамтиды.
Біз алған аудиторлық дәлелдемелер жеткілікті және өз пікірімізді білдіру үшін лайықты деп есептейміз.
Пікір
Біздің ойымызша, шоғырландырылған қаржы есептілігі барлық елеулі аспектілерде 2015 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай
бойын ша «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ пен оның еншілес ұйымдарының шоғырландырылған қаржы жағдайын, сон-
дай-ақ Халықаралық қаржы есептілігі стандарттарына сәйкес олардың бір жылдағы шоғырландырылған қаржы қорытынды-
ларын және аталған күні аяқталған жыл үшін ақша қаражатының қозғалысын дұрыс көрсетеді.
Александр Назаркулов
Аудитор
Евгений Жемалетдинов
«Эрнст энд Янг» ЖШС
бас директоры
Аудитордың 2012 жылғы 6 қаңтардағы
№ МФ-0000059
біліктілік куәлігі
Сыртқы аудитор туралы мәліметтер
2013 ж. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ «Эрнст энд Янг» ЖШС-мен 2013-2015 жж. арналған қаржы есептілігінің аудиті бойынша қызмет-
терді көрсетуге шарт жасасты. Осы шарт бойынша сыйақы сомасы 148 811 мың теңгені құрайды, оның ішінде жылдар бойынша:
2013 ж. – 49 604
мың теңге;
2014 ж. - 49 604 мың теңге;
2015 ж. - 49 603 мың теңге.
Сыртқы аудиторға қатысты саясат
Сыртқы аудиторды және аудиторлық ұйымның негізгі персоналын тағайындауға және оның ротациясына қатысты саясат қаржы
есептілігі мен өзге де ақпаратқа байланысты емес аудиторлық ұйымның қызметтерін мақұлдау және аудиторлық ұйымның
бұрынғы қызметкерлерін жұмысқа қабылдау бойынша (ҚМГ ДК 2012 Ж. 15.03 №2/2012 шешімімен бекітілген «ҚазМұнайГаз»
ҰК АҚ аудиторлық ұйымдардың қызметтерін тарту саласындағы саясатынан үзінді көшірме):
1. ҚМГ аудитке байланысты емес белгілі бір қызметтер көрсету және аудиторлық ұйымға аудиторлық емес қызметтер үшін
төленген сыйақы деңгейі мүдделер қақтығысына немесе объективтіліктің іс жүзінде немесе болжамды жоғалуына әкеп соғуы
мүмкін деп есептейді. Аудиторлық ұйымның әрбір әлеуетті қызметі мынадай санаттардың біреуіне сараланды:
А санаты: аудиторлық ұйымның ағымдағы міндеттемелерді қамтамасыз ету бойынша тәуелсіздігіне әсер ете алатын және ау-
диторлық ұйым Заңға сәйкес және осы кәсіби бухгалтерлердің этика кодексінде көзделген шарттарды сақтай отырып, көрсе-
те алатын аудиторлық емес қызметтері.