Компания туралы


«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқармасы



жүктеу 56,28 Mb.
Pdf просмотр
бет33/44
Дата21.11.2018
өлшемі56,28 Mb.
#22953
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   44

81
 
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқармасы 
 
2015 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша
Мыңбаев Сауат Мұхаметбайұлы
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқармасының төрағасы
Қызметтің жетекшілік етілетін мәселелері
ҚМГ Жарғысына сәйкес ҚМГ қызметіне жалпы басшылық етуді жүзеге асырады және ҚМГ Директорлар кеңесі мен акционер-
лердің алдында ҚМГ жұмысы үшін жауап береді.
ҚМГ Басқармасын, Инвестициялық комитетін, Жаңғырту және трансформация кеңесін, Интеграцияланған басқару жүйесі 
жөніндегі кеңесті басқарады.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарында, «Самұрық-Қазына» АҚ-та, жетекшілік етілетін еншілес және тәуел-
ді ұйымдарының (бұдан әрі – ЕТҰ) мен бірлесіп бақыланатын ұйымдарды (бұдан әрі – ББҰ) директорлар кеңестерінде/байқау 
кеңестерінде және басқа да басқару органдарында, сондай-ақ халықаралық және өзге де ұйымдарда ҚМГ мүдделерін білдіреді.
Басқарма төрағасының бірінші орынбасары, Басқарма төрағасының орынбасарлары, инвестицияларды және тәуекелдерді 
басқару жөніндегі, мұнайды сыртқы өңдеу және маркетингі жөніндегі, адам ресурстарын басқару және еңбекақы жөніндегі, 
құқықтық қамтамасыз ету жөніндегі басқарушы директорлар, Басқарма төрағасының қызметі, Басқарма хатшылығы, корпо-
ративтік қауіпсіздік департаменті, баспасөз қызметі жұмысының басым бағыттарын және мақсатты нәтижелерін белгілейді.
Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті және қоршаған ортаны қорғау (бұдан әрі – ЕҚОҚ), өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі, сондай-ақ 
АҚ пен ТЖ саласындағы басым бағыттарды, мақсаттарды, оларды орындау және оларға қол жеткізу нәтижелерін белгілейді.
Акцияларға иелік ету 
ҚМГ акцияларына иелік етпейді. Компанияның өнім берушілері мен бәсекелестерінің акцияларына иелік етпейді.
Басқа ұйымдардың директорлар кеңестеріндегі мүшелік
Басқа ұйымдардың директорлар кеңесінің мүшесі болып табылмайды. 
Жеке деректер ҚМГ Директорлар кеңесінің құрамында келтірілген 


82
КОРПОРАТИВТІК БАСҚАРУ
Кристофер Хопкинсон
Басқарма төрағасының бірінші орынбасары 
Туған жылы – 1967
Азаматтығы: Ұлыбритания
Білімі, мамандығы (біліктілігі):
Университет Сент-Эндрюс университетін бітірді, қолданбалы физика саласындағы 
үздік бакалавр дәрежесін алды.
Жұмыс тәжірибесі: 
 К. С. Хопкинсон мұнай-газ саласында 1980 жылдан бастап жұмыс істеп келеді. Мансабын Shell компаниясында бастап, онда 
14 жыл жұмыс істеп, трансформация бағдарламалары бөлімшелерінің басшысына дейін өсті.
 К.С. Хопкинсон 4 жыл ішінде Yukon EP компаниясында жаңа ұңғымаларды игеру бөлімінің бастығы ретінде жұмыс істеді.
 2004-2006 жж. ЛУКОЙЛ Оверсиз ғаламдық жобалары және активтерді басқару директоры, ал 2007 жылы Imperial Energy 
Corporation PLC бас атқарушы директорының постында болды.
 2009-2010 жылдар кезеңінде «ТНК-ВР Холдинг» ААҚ Батыс Сібір бөлімшесінің вице-президенті болып жұмыс істеді.
 2010-2011 жж. – BG тобының Солтүстік Африка активтері жөніндегі бірінші вице-президенті болды.
 2011-2014 жж. International Petroleum Ltd компаниясының бас атқарушы директоры мен бас директорының лауазымдарын-
да жұмыс істеді.
 2014 жылдың басынан «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Басқармасының шешімімен К. С. Хопкинсон «ҚазМұнай-
Газ» ҰК АҚ Басқармасы төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды.
Инженер-Мұнайшылар қоғамының мүшесі болып табылады.
Қызметтің жетекшілік етілетін мәселелері
ҚМГ қызметінің мынадай бағыттары бойынша жұмысты ұйымдастырады және олардың қорытындылары үшін жауап береді:
 жетекшілік етілетін бағыттар және жетекшілік етілетін ЕТҰ мен ББҰ қызметін дамыту стратегиясын және оның негізгі басты 
көрсеткіштерін іске асыру;
 ЕТҰ мұнай өндірудің бекітілген жоспарлары мен кестелерін орындау, өндірістік бағдарламаларын орындау, сондай-ақ ҚМГ 
мұнай өндіру деңгейін болжау жұмысын үйлестіру;
 ресурстық базаны ұлғайту жөніндегі іс-шараларды, барлау жұмыстарын жүргізу стратегиясын әзірлеу және іске асыру;
 Қазақстан Республикасының аумағында және шетелде орналасқан жұмыс істеп тұрған/перспективалық мұнай-газ жобала-
рында сатып алынатын жаңа активтерді/үлестерді техникалық бағалау жұмысын үйлестіру;
 жаңа жер қойнауын пайдалану жобаларының операциялық қызметін дайындау, дамыту және басқару, қолданыстағы жер 
қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттардың шеңберіндегі шарттар мен міндеттемелердің орындалуын бақылау, жер 
қойнауын пайдалану құқықтарын алу мәселелері бойынша Құзыретті органмен және жер қойнауын пайдалану құқықтарын 
беру/сатып алу мәселелері бойынша әлеуетті әріптестермен жұмысты үйлестіру;
 ұңғымаларды салудағы, мұнай-газ кен орындарын әзірлеудегі, мұнай мен газ өндірудегі техникалық саясатты әзірлеу және 
іске асыру;
 мұнай-газ кен орындарын игеру, мұнай және газ өндіру, өндірудің, өндіру деңгейін болжаудың бекітілген кестелерін орын-
дау жұмысын үйлестіру;
 алыс және таяу шет елдермен үкіметаралық комиссиялардың шеңберінде, сондай-ақ мұнай тасымалдау саласындағы ха-
лықаралық жобаларына және халықаралық ұйымдарға қатысу шеңберінде мұнай және газ барлау және өндіру саласындағы 
халықаралық ынтымақтастық және техникалық реттеу мәселелерін үйлестіру, технологиялар трансфертін қамтамасыз ету;
 жетекшілік етілетін ЕТҰ технологиялық дамуын қамтамасыз ету жұмысына жетекшілік ету;
 өз құзыретінің шегінде ҚМГ компаниялары тобын техникалық дамыту және техникалық реттеу мәселелерін үйлестіру;
ҚМГ барлау және өндіру бағыты бойынша басқарушы комитетте төрағалық етеді.
Белгіленген тәртіппен өз құзыретінің шегінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарында, «Самұрық-Қазына» АҚ-
та, жетекшілік етілетін ЕТҰ мен ББҰ директорлар кеңестерінде/байқау кеңестерінде және басқа да басқару органдарында, сон-
дай-ақ халықаралық және өзге де ұйымдарда ҚМГ мүдделерін білдіреді.
Жұмысының басым бағыттарын және мақсатты нәтижелерін, геология жөніндегі басқарушы директорлар – бас геологты, опе-
рациялық өндіретін активтер бойынша – бас инженерді, кен орындарын бұрғылау және оларға қызмет көрсету жөніндегі, теңіз 
жобалары жөніндегі басқарушы директорларды белгілейді.
ҚМГ даму стратегиясына және ЕҚОҚ саласындағы саясатқа сәйкес жетекшілік етілетін бағыт бойынша жоспарланған кезеңде-
гі қызметтің белгіленген негізгі көрсеткіштерінің орындалуын қамтамасыз етеді.
Акцияларға иелік ету 
ҚМГ акцияларына иелік етпейді. Компанияның өнім берушілері мен бәсекелестерінің акцияларына иелік етпейді.
Басқа ұйымдардың директорлар кеңестеріндегі мүшелік
 «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы


жүктеу 56,28 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   44




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау