Компания туралы


Берлібаев Данияр Әмірбайұлы



жүктеу 56,28 Mb.
Pdf просмотр
бет34/44
Дата21.11.2018
өлшемі56,28 Mb.
#22953
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   44

83
Берлібаев Данияр Әмірбайұлы
Басқарма төрағасының корпоративтік орталық жөніндегі орынбасары
Туған жылы – 1968 
Азаматтығы: Қазақстан
Білімі, мамандығы (біліктілігі):
Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университеті (1985 – 1992).
Мамандығы: құқықтану, біліктілігі – заңгер.
Жұмыс тәжірибесі: 
2005-2007 жж. «Интергаз Орталық Азия» АҚ бас директоры болды, сондай-ақ «ҚазТрансГаз» АҚ бас директорының бірінші орын-
басарының қызметін қоса атқарды. 2007- 2009 жж. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ газ жобалары жөніндегі басқарушы директорының 
лауазымында жұмыс істеді. 2009-2011 жж. «ҚазМұнайГаз-ӨМ» АҚ бас директоры, ал одан кейін «ҚазТрансГаз» АҚ бас директо-
ры болды. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ газ жобалары жөніндегі басқарушы директоры болып жұмыс істеді.
Қызметтің жетекшілік етілетін мәселелері
ҚМГ ішкі құжаттарында белгіленген тәртіппен комитеттерді, консультативтік-кеңес органдарын басқарады, сондай-ақ ҚМГ 
Корпоративтік орталығының (бұдан әрі – КО) трансформация жөніндегі басқарушы комитетінің төрағасы болып табылады.
ҚМГ қызметінің мынадай бағыттары бойынша жұмысты ұйымдастырады және олардың қорытындылары үшін жауап береді:
 Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, «Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасының актілері 
мен тапсырмаларының орындалуының, сондай-ақ стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың іске асырылуының мони-
торингі;
 Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне, Қазақстан Республикасының Парламентіне, Қазақстан Республикасы-
ның Үкіметіне, басқа да мемлекеттік органдарға, ҚМГ акционерлеріне және басшылығына ұсыну үшін ҚМГ мен ЕТҰ қызметі ту-
ралы жиынтық ақпараттың дайындалуын қамтамасыз ету;
 ҚМГ даму стратегиясын іске асыру мақсатында КО құзыретіне қатысты қызметтің негізгі көрсеткіштердің мақсатты мәндері-
не қол жеткізуді қамтамасыз ету;
 ҚМГ мен оның ЕТҰ стратегиялық жоспарлау, оның ішінде даму стратегиясын әзірлеу және оның іске асырылуын бақылау, 
әдіснамалық қамтамасыз ету және ҚМГ компанияларының тобы бойынша тиімділікті бағалау жүйесінің жұмыс істеу саласын-
дағы процестерді басқару;
 активтерді, қаржыны, бюджеттік және салықтық жоспарлауды, бухгалтерлік және салықтық есепті басқару;
 сатып алу және жергілікті қамтуды дамыту процесін ұйымдастыру қызметін бақылау;
 ҚМГ қызметін әкімшілік-шаруашылық қамтамасыз ету;
 негізгі құралдарды, қорларды және материалдық емес активтерді есептен шығару актілерін бекіту;
 ҚМГ-дегі ақпараттық және талдамалық жұмысты үйлестіру, оның ішінде талдамалық ортаны қалыптастыру және  стратегиялық, 
талдамалық және социологиялық зерттеуді жүргізу;
 ҚМГ-нің сараптамалық-талдау қауымдастығымен, ақпараттық-талдамалық, консалтингтік агенттіктермен және ұйымдармен 
өзара іс-қимыл жасауды үйлестіру, сондай-ақ сараптамалық кездесу мен дискуссиялық алаңдарды жүргізу;
 ҚМГ мен ЕТҰ бірыңғай АТ-стратегиясын әзірлеуді және іске асыруды үйлестіру;
 ҚМГ басшылығы мен өкілдерінің үкіметаралық комиссиялар мен комитеттердің жұмысына, сондай-ақ ірі халықаралық іс-ша-
раларға (конференцияларға, форумдарға) қатысуын қоса есептегенде, халықаралық ынтымақтастық мәселелері бойынша мем-
лекеттік органдармен, халықаралық ұйымдармен, дипломатиялық миссиялармен және шетелдік әріптестермен коммуника-
цияларды үйлестіру.
Белгіленген тәртіппен өз құзыретінің шегінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарында, «Самұрық-Қазына» АҚ-
та, жетекшілік етілетін ЕТҰ мен ББҰ директорлар кеңестерінде/байқау кеңестерінде және басқа да басқару органдарында, сон-
дай-ақ халықаралық және өзге де ұйымдарда ҚМГ мүдделерін білдіреді.
Жұмысының басым бағыттарын және мақсатты нәтижелерін, экономика және қаржы жөніндегі, ақпараттық технологиялар, 
бизнесті қолдау жөніндегі басқарушы директорларды, стратегия және жиынтық-үйлестіру жұмысы департаментінің директо-
рын белгілейді.
ҚМГ даму стратегиясына және ЕҚОҚ саласындағы саясатқа сәйкес жетекшілік етілетін бағыт бойынша жоспарланған кезеңде-
гі қызметтің белгіленген негізгі көрсеткіштерінің орындалуын қамтамасыз етеді.
Акцияларға иелік ету 
ҚМГ акцияларына иелік етпейді. Компанияның өнім берушілері мен бәсекелестерінің акцияларына иелік етпейді.
Басқа ұйымдардың директорлар кеңестеріндегі мүшелік
 The Rompetrol Group N.V. Директорлар кеңесінің төрағасы
 «ҚазТрансГаз» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі
 «ҚазРосГаз» ЖШС Байқау кеңесінің мүшесі
 «АстанаГаз ҚМГ» ЖШС Байқау кеңесінің төрағасы
 «Қылыш» сауда әріптестігінің Әріптестік комитетінің мүшесі


84
КОРПОРАТИВТІК БАСҚАРУ
Шманов Нұртас Нұрыбекұлы
Басқарма төрағасының мұнай тасымалдау жөніндегі орынбасары
Туған жылы – 1956 
Азаматтығы: Қазақстан
Білімі, мамандығы (біліктілігі):
Уфа мұнай институты (1974 – 1979).
Мамандығы: мұнай-газ құбырларын, газ қоймаларын және мұнай базаларын жо-
балау және пайдалану, біліктілігі – инженер-механик.
Еуразиялық нарық институты (1996 – 1998).
Мамандығы: қаржы және кредит, біліктілігі – экономист.
Жұмыс тәжірибесі: 
ҚМГ Басқармасы төрағасының сервистік жобалар жөніндегі орынбасары, Басқармасы төрағасының тасымалдау инфрақұрылы-
мы жөніндегі орынбасары, «ҚазТрансОйл» АҚ бас директоры, «КҚК-Р» бас директорының жалпы мәселелер жөніндегі орын-
басары, Алматыда және Мәскеуде «ШевронМұнайГаз» компаниясында тасымалдау жөніндегі өңірлік менеджері болып жұмыс 
істеді. «ШевронМұнайГаз» компаниясында және Атырау мұнай құбыры басқармасында әр түрлі лауазымдарда болды. 2015 
жылдың желтоқсанынан бастап «ҚазТрансОйл» АҚ бас директоры (Басқарма төрағасы) болып табылады.
Қызметтің жетекшілік етілетін мәселелері
ҚМГ қызметінің мынадай бағыттары бойынша жұмысты ұйымдастырады және олардың қорытындылары үшін жауап береді:
 ҚМГ даму стратегиясын іске асыру мақсатында қызметтің жетекшілік етілетін бағытының құзыретіне жататын қызметтің не-
гізгі көрсеткіштерінің мақсатты мәндеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету;
 активтерді тиімді басқару, қажетті қуаттарды құру, экспорттық бағыттарды тасымалдау және әртараптандыру жүйелерінің 
интеграциясы арқылы мұнай тасымалдау жүйелерінің бірыңғай саясатын қамтамасыз ету және оларды дамытуды үйлестіру;
 суды сенімді және үздіксіз тасымалдауды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды, сондай-ақ Астрахань-Маңғышлақ су құбы-
рының қауіпсіз пайдаланылуын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру;
 мұнайды теңізбен тасымалдау сапасын және сенімділігін арттыру мақсатында Каспий және ашық теңіздерде ұлттық теңіз 
флотын дамытуды қамтамасыз ету;
 жаңа мұнай құбырларын салу және жұмыс істеп тұрғандарды жаңғырту арқылы мұнайды сенімді және қауіпсіз тасымалда-
уды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды, сондай-ақ мұнай тасымалдау жүйелерінің қауіпсіз пайдаланылуын қамтамасыз 
ету жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру;
 белгіленген тәртіппен мұнай тасымалдау жүйелерінде Қазақстан Республикасының үлестерінің тиімді басқарылуын қамта-
масыз ету;
 жұмыс істеп тұрған мұнай тасымалдау қуаттарын дамыту және жаңаларын құру жобаларының тиімді басқарылуын қамта-
масыз ету;
 алыс және таяу шет елдермен үкіметаралық комиссиялардың шеңберінде, сондай-ақ мұнай тасымалдау саласындағы ха-
лықаралық жобаларына және халықаралық ұйымдарға қатысу шеңберінде мұнай тасымалдау саласындағы халықаралық ын-
тымақтастық және техникалық реттеу мәселелерін үйлестіру.
Белгіленген тәртіппен өз құзыретінің шегінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарында, «Самұрық-Қазына» АҚ-
та, жетекшілік етілетін ЕТҰ мен ББҰ директорлар кеңестерінде/байқау кеңестерінде және басқа да басқару органдарында, сон-
дай-ақ халықаралық және өзге де ұйымдарда ҚМГ мүдделерін білдіреді.
Жұмысының басым бағыттарын және мақсатты нәтижелерін, мұнай тасымалдау дирекциясы.
ҚМГ даму стратегиясына және ЕҚОҚ саласындағы саясатқа сәйкес жетекшілік етілетін бағыт бойынша жоспарланған кезеңде 
қызметтің негізгі көрсеткіштерінің орындалуын қамтамасыз етеді.
Акцияларға иелік ету 
ҚМГ акцияларына иелік етпейді. Компанияның өнім берушілері мен бәсекелестерінің акцияларына иелік етпейді.
Басқа ұйымдардың директорлар кеңестеріндегі мүшелік
 «Еуро-Азия Эйр» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы
 «KMG Drilling & Services» ЖШС Байқау кеңесінің төрағасы
 «KMG Systems & Services» ЖШС Байқау кеңесінің төрағасы
 «Теңіз Сервис» ЖШС Байқау кеңесінің төрағасы
 «Қазтеңізкөлікфлоты» ҰТКК ЖШС Байқау кеңесінің төрағасы


жүктеу 56,28 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   44




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау