Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және



жүктеу 182,72 Kb.
Дата14.05.2018
өлшемі182,72 Kb.
#13012



Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 28 сәуірдегі
№ 279 бұйрығына
25-қосымша

жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 25.12.2017 № 446 (2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.



"Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолдамалар беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

      Ескерту. Стандарт жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 04.07.2017 № 190 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолдамалар беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

      3. Мемлекеттік қызметті "Халықты жұмыспен қамту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

      2) www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

      1) көрсетілетін қызметті беруші құжаттардың топтамасын тіркеген сәттен бастап – 30 минут; порталға жүгінген кезде – 1 (бір) жұмыс күні;

      2) көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минут;

      3) көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетуінің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минут.

      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолдама беру, ол мыналарды қамтиды:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес жұмысқа орналасуға жолдама;

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес жастар практикасына жолдама;

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес әлеуметтік жұмыс орындарына жолдама;

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес қоғамдық жұмыстарға жолдама не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.

      7. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

      8. Жұмыс кестесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес сағат 12.30, 13.00-ден 14.00, 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 08.30, 9.00-ден 18.00, 18.30-ға дейін;

      өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру: сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін.

      Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібінде көрсетіледі.

      2) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).

      9. Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсетуге қажетті құжаттардың тізбесі:

      көрсетілетін қызметті берушіге:

      жастар практикасына жолдама алу үшін:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      әлеуметтік жұмыс орындарына жолдама алу үшін:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      қоғамдық жұмыстарға жолдама алу үшін:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      порталда:

      көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш.

      Электрондық өтініште көрсетілген жеке басты куәландыратын құжаттың, тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжаттың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      10. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.

3-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша


көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды
адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне)
шағымдану тәртібі

      11. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының не Астана және Алматы қалалары, аудандар және облыстық маңызы бар қалалар әкімдерінің (бұдан әрі – әкім) атына беріледі.

      Шағым жазбаша нысанда почта арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.

      Жеке тұлғаның шағымында оның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), почта мекенжайы, байланыс телефоны көрсетіледі.

      Көрсетілетін қызметті берушінің немесе әкімдіктің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымға жауап алатын мерзімі мен орнын көрсете отырып шағымды тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні), оның қабылданғанын растау болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы, оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

      Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.

      Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының "1414, 8 800 080 7777" телефоны арқылы алуға болады.

      Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинетінен" көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу барысында жаңартылып отыратын ақпарат (жеткізілгені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) қолжетімді болады.

      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгінеді.

      Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен шағымы, оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

      12. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

4-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсетудің ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар

      13. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің www.enbek.gov.kz интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған.

      14. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған кезде мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі және статусы туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар.

      15. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары www.enbek.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген.

      Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.


 

"Адамдарға жұмыспен қамтуға
жәрдемдесудің белсенді
шараларына
қатысуға жолдамалар беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына
1-қосымша
Нысан

      Жұмысқа орналасуға жолдама № ______
      Жұмыс іздеген адам, жұмыссыз, студент және демалыс кезеңінде жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушылары (қажетінің асты сызылсын)
      ____________________________________________________________________
      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жеке сәйкестендіру нөмірі)
      ____________________________________________________________________
      (жұмыс берушінің атауы, заңды мекенжайы, байланыс телефоны)
      ____________________________________________________________________
      (кәсіп/мамандық атауы)
      мамандығы (кәсібі) бойынша қоғамдық жұмысқа орналасуға жіберіледі.
      _________________________ ___________________________________________
      Халықты жұмыспен қамту қолдың таратылып жазылуы
      орталығының директоры
      Берілген күні
      М.О.

      ---------------------------------------------------------------


      (кесу сызығы)

      Жұмысқа орналасуға жіберілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Халықты жұмыспен қамту орталығына қайтарылады

Жолдамаға хабарлама № ______

      ____________________________________________________________________


      (жұмыс берушінің атауы)
      20__ __ __________ жасалған еңбек шартына сәйкес _____________________________________________________________ ретінде
      (кәсіп/мамандық атауы)
      ______________ бастап жұмысқа қабылданды (20___ жылғы ________ № ___ бұйрық).
      Жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың көшірмесі қоса беріледі.
      Жұмыс берушінің жауапты өкілі __________________________________
      (қолдың таратылып жазылуы)
      М.О. (бар болса)

 

"Адамдарға жұмыспен қамтуға
жәрдемдесудің белсенді
шараларына
қатысуға жолдамалар беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына
2-қосымша
Нысан

Жастар практикасына жолдама № ______

      Жұмыссыз ________________________________________________________


      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жеке сәйкестендіру нөмірі)
      __________________ бастап _________________ дейін ______ ай мерзімге
      ____________________________________________________________________
      (жұмыс берушінің атауы, заңды мекенжайы, байланыс телефоны)
      ____________________________________________________________________
      (кәсіп/мамандық атауы)
      мамандығы (кәсібі) бойынша жастар практикасына жұмысқа орналасуға жіберіледі.
      _______________________ _____________________________________________
      Халықты жұмыспен қамту қолдың таратылып жазылуы
      орталығының директоры
      Күні
      М.О.

      ---------------------------------------------------------------


      (кесу сызығы)

      Жұмысқа орналасуға жіберілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Халықты жұмыспен қамту орталығына қайтарылады

      Жолдамаға хабарлама № ______

      ____________________________________________________________________


      ____________________________________________________________________
      (жұмыс берушінің атауы)
      _____________________________________________ бағдарламасы шеңберінде
      (бағдарламаның атауы)
      20__ жылғы __ _____ жасалған еңбек шартына сәйкес ______________________ ретінде (кәсіп/мамандық атауы)
      _______________ бастап ________________ дейін ______ ай мерзімге жастар практикасына жұмысқа орналасу мерзімімен 20__ жылғы _________ жастар практикасына қабылданды (20___ жылғы________ № ___ бұйрық).
      Жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың көшірмесі қоса беріледі.
      Жұмыс берушінің жауапты өкілі __________________________________
      (қолдың таратылып жазылуы)
      М.О. (бар болса)

 

"Адамдарға жұмыспен қамтуға
жәрдемдесудің белсенді
шараларына
қатысуға жолдамалар беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына
3-қосымша
Нысан

Әлеуметтік жұмыс орнына жолдама № ______

      Жұмыссыз ________________________________________________________


      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жеке сәйкестендіру нөмірі)
      ________________ бастап __________________ дейін ______ ай мерзімге
      ____________________________________________________________________
      (жұмыс берушінің атауы, заңды мекенжайы, байланыс телефоны)
      ____________________________________________________________________
      (кәсіп/мамандық атауы)
      мамандығы (кәсібі) бойынша әлеуметтік жұмыс орнына жұмысқа орналасу үшін жіберіледі.
      __________________________ _________________________
      Халықты жұмыспен қамту қолдың таратылып жазылуы
      орталығының директоры
      Күні
      М.О.

      ---------------------------------------------------------------


      (кесу сызығы)

      Жұмысқа орналасуға жіберілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Халықты жұмыспен қамту орталығына қайтарылады

Жолдамаға хабарлама № ______

      ____________________________________________________________________


      ____________________________________________________________________
      (жұмыс берушінің атауы)
      _____________________________________________ бағдарламасы шеңберінде
      (бағдарламаның атауы)
      20__ жылғы "___" __________ жасалған еңбек шартына сәйкес _____________________________________________________________ ретінде
      (кәсіп/мамандық атауы)
      20__ жылғы ___ _________ әлеуметтік жұмыс орнына жұмысқа орналасты (20__ жылғы________ № ___ бұйрық).
      Әлеуметтік жұмыс орнына жұмысқа орналасу мерзімі 20__ жылғы "___" ________ бастап
      20__ жылғы "___" _______ дейін __ ай.
      Жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың көшірмесі қоса беріледі.
      Жұмыс берушінің жауапты өкілі _______________________________________
      (қолдың таратылып жазылуы)
      М.О. (бар болса)

 

"Адамдарға жұмыспен қамтуға
жәрдемдесудің белсенді
шараларына
қатысуға жолдамалар беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына
4-қосымша
Нысан

Қоғамдық жұмыстарға жолдама № ______

      Жұмыссыз, жазғы демалыс кезеңінде студенттер және жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушылары, жұмысы тоқтап қалуына байланысты жұмыспен қамтамасыз етілмеген адам (қажетінің асты сызылсын)


      ____________________________________________________________________
      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жеке сәйкестендіру нөмірі)
      ______________ бастап _________________ дейін ______ ай мерзімге
      ____________________________________________________________________
      (жұмыс берушінің атауы, заңды мекенжайы, байланыс телефоны)
      ____________________________________________________________________
      (кәсіп/мамандық атауы)
      мамандығы (кәсібі) бойынша қоғамдық жұмыстарға орналасуға жіберіледі.
      _____________________________ ___________________________
      Халықты жұмыспен қамту қолдың таратылып жазылуы
      орталығының директоры
      Берілген күні
      М.О.

      ---------------------------------------------------------------


      (кесу сызығы)

      Жұмысқа орналасу үшін жіберілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Халықты жұмыспен қамту орталығына қайтарылады

Жолдамаға хабарлама № ______

      ____________________________________________________________________


      ____________________________________________________________________
      (жұмыс берушінің атауы)
      _____________________________________________ бағдарламасы шеңберінде
      (бағдарламаның атауы)
      20___ жылғы "___" ____________ жасалған еңбек шартына сәйкес _______________________________________________________________ ретінде
      (кәсіп/мамандық атауы)
      ______________ бастап ____________________ дейін ______ қоғамдық жұмыстарға жұмысқа
      орналасу мерзімімен 20__ жылғы _________ қоғамдық жұмыстарға қабылданды
      (20__ жылғы "___" ________ № ___ бұйрық).
      Жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың көшірмесі қоса беріледі.
      Жұмыс берушінің жауапты өкілі __________________________________________
      (қолдың таратылып жазылуы)
      М.О. (бар болса)

 

"Адамдарға жұмыспен қамтуға
жәрдемдесудің белсенді
шараларына
қатысуға жолдамалар беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына
5-қосымша
____________________________
ауданының (қаласының)
халықты жұмыспен қамту
орталығының директорына
____________________________
мекенжайы бойынша тұратын
____________________________
Тегі, аты, әкесінің аты
(бар болса)
Нысан

Өтініш

      Мені жастар практикасына жіберуіңізді сұраймын.


      Қосымша ___ парақта:
      1) жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      2) еңбек кітапшасының көшірмесі (бар болса);
      3) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі болуын растайтын құжаттың көшірмесі.
      Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің көзделген белсенді шараларын алу үшін қажетті менің дербес деректерімді жинақтау мен өңдеуге келісім беремін.
      Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияларды құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
      *ұсынылған құжаттардың дәйектілігіне өтініш беруші жауапты болады.

      _____________        _____________


      Күні       қолы
      ---------------------------------------------------------------
      (кесу сызығы)

      Азамат (ша) ________________________________________________ өтініші 20___


      жылғы ___ __________ қабылданды, № ____ болып тіркелді.
      Құжаттарды қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы және
      қолы:
      ________________________________________________________________________________
      ________________________________________________________________________________

      _____________        _____________


      Күні       қолы

      *ұсынылған құжаттардың дәйектілігіне өтініш беруші жауапты болады.



 

"Адамдарға жұмыспен қамтуға
жәрдемдесудің белсенді
шараларына
қатысуға жолдамалар беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына
6-қосымша
____________________________
ауданының (қаласының)
Халықты жұмыспен қамту
орталығының директорына
____________________________
мекенжайы бойынша тұратын
____________________________
Тегі, аты, әкесінің аты
(бар болса)
Нысан

Өтініш

      Мені әлеуметтік жұмыс орнына жіберуіңізді сұраймын.


      Қосымша ___ парақта:
      1) жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      2) еңбек кітапшасының көшірмесі (бар болса);
      3) білімі туралы құжаттың көшірмесі (бар болса);
      Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің көзделген белсенді шараларын алу үшін қажетті менің дербес деректерімді жинақтау мен өңдеуге келісім беремін.
      Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияларды құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
      *ұсынылған құжаттардың дәйектілігіне өтініш беруші жауапты болады.
      _________________             ___________
      Күні қолы
      ---------------------------------------------------------------
      (кесу сызығы)
      Азамат (ша) ____________________________________________________ өтініші 20__ жылғы ___ ________ қабылданды, № ________ болып тіркелді.
      Құжаттарды қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы және қолы:
      ____________________________________________________________________
      ____________________________________________________________________
      _________________                          ___________
      Күні                                           қолы
      *ұсынылған құжаттардың дәйектілігіне өтініш беруші жауапты болады.

 

"Адамдарға жұмыспен қамтуға
жәрдемдесудің белсенді
шараларына
қатысуға жолдамалар беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына
7-қосымша
________________________ауданының (қаласының)

 

Халықты жұмыспен қамту

 

орталығының директорына

 

____________________________

 

мекенжайы бойынша тұратын

 

____________________________

 

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

 

Нысан

Өтініш

      Мені қоғамдық жұмысқа жіберуіңізді сұраймын.


      Қосымша ___ парақта:
      жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжаттың (мекенжай анықтамасы, ауыл әкімінің анықтамасы) көшірмесі;
      еңбек кітапшасының көшірмесі (бар болса);
      білімі туралы құжаттың (аттестат, куәлік, диплом), сондай-ақ бар болса, оқудан өткенін растайтын құжаттардың (куәлік, сертификат) көшірмелері;
      толық емес жұмыс уақыты немесе ұзақтығы қысқартылған жұмыс уақыты режиміне ауыстыру немесе әлеуметтік демалыс ұсыну туралы немесе мәжбүрлі тоқтап тұру туралы, жалақысы сақталмайтын еңбек демалысы туралы (ішінара жұмыспен қамтылған жалдамалы жұмыскерлер үшін) жұмыс берушінің актісі;
      демалыста болу туралы оқу орнынан анықтама (бар болса).
      Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын алу үшін қажетті менің дербес деректерімді жинау мен өңдеуге келісім беремін.
      Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
      *ұсынылған құжаттардың дәйектілігіне өтініш беруші жауапты болады.
      _________________                    ___________
      Күні                                     қолы
      ---------------------------------------------------------------
      (кесу сызығы)
      Азамат (ша) _________________________________________________ өтініші 20__ жылғы ___ ________ қабылданды, № ________ болып тіркелді.
      Құжаттарды қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы және қолы:
      ____________________________________________________________________
      ____________________________________________________________________
      _________________                   ___________
      Күні                                қолы

      *ұсынылған құжаттардың дәйектілігіне өтініш беруші жауапты болады.
жүктеу 182,72 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау