23
құрылғыларына қосылуы үшін, үшіншісі – ADSL желісіне қосылу үшін.
Жиілікті айырым бір желіге телефонды да, компьютерді де қосуға мүмкінік
береді. Телефон станциясындағы дәл сондай жиілікті айырым абоненттік
сымның басқа жағында жоғары және төменгіжиілікті сигналдарды бөледі.
Дыбысты сигнал телефонды желіге, ал цифрлы сигнал DSLAM
(Digital Subscriber Line Access Multiplexer) қатынас мультиплексорына
бағытталады. Бұдан провайдер желісі арқылы Интернетке өтеді.
Қатынас мультиплексоры –
барлық
DSL-абоненттерін бір
жоғарыжылдамдықты
желіге
қосатын,
телефон
компаниясының
ғимаратында орнатылған механизм.
ADSL – экономды технология. Қарапайым жағдайда аналогты өткізу
қабілеті бар бөлінген арнаға қарағанда, желі пайдаланушыға арзан түседі.
ISDN-технологиясы.
Бөлінген телефонды желі – екі абонентті үнемі қосатын телефонды
байланыс желісі. Бөлінген желінің едәуір таралған технологиясы болып
ISDN (Integrated Services Digital Network) табылады. ISDN – ақпаратты
жіберудің цифрлы түрінің стандарты. ISDN-желісінің негізгі компоненті -
64 Кбит/с өткізу қабілеттілігі бар бір бағытталған bearer-арнасы немесе В-
арна. Бұл арнамен цифрлы ақпарат жіберіле алады. Өткізу жолын кеңейту
үшін В-арналар екі-екіден топтасады да, арналар тобына ақпарат алмасуды
басқаратын D-арнасы (16 Кбит/с) қосылады. Ақпарат алмасу кәдімгі мыс
сымның көмегімен атқарылады. Модемнің орнына ISDN-адаптерді
орнатқан пайдаланушылар 128 Кбит/с дейін баратын жылдамдықтағы
Интернетке қол жеткізе алады.
ISDN-адаптерлерін кейде ISDN-модемдері деп атайды. Бұл терминді
дұрыс деуге болмайды, өйткені ISDN-адаптерлер модуляция және
демодуляция функцияларын атқармайды, ISDN-желісі алдынан-ақ цифрлы
болып табылған. ISDN-арнасын телефон компаниясы береді. ISDN-
желісімен телефонмен сөйлесу және сол уақытта Интернетке ақпарат
жіберуге болады.
Төменде әртүрлі технологиялар бойынша Интернетке қатынасудың
максималды жылдамдықтары келтірілген.
Қатынасу технологиясы
Максималды жылдамдық
Коммутирленетін телефондық
линия
56 Кбит/с
ISDN
128 Кбит/с
24
Кабельді телевидение
36 Мбит/с
ADSL 2
1 Мбит/с (запрос), 10 Мбит/с (жауап)
2,4 ГГц диапзонындағы радиоарна
До 54 Мбит/с
Серікті қатынас
Жүйеге байланысты бірнеше Мбит/с
Т1
1,544 Мбит/с
ТЗ
44,74 Мбит/с
GSM-data
9,6 Кбит/с
GPRS
160 Кбит/с (теоретикалық максимум)
UMTS
2,048 Мбит/с
Бақылау сұрақтары:
1)
DSL – технологиясымен ақпаратты жіберудің ерекшелігі неде?
2)
ISDN– технологиясымен ақпаратты жіберудің ерекшелігі неде?
3)
ADSL – технологиясымен ақпаратты жіберудің ерекшелігі
неде?
4)
ISDN және DSL технологияларын қолдану үшін қандай
құрылғы қажет?
5 Дәріс №5. Интернеттегі web серверлер. Web – сервер
жұмысының механизмі. Статистикалық және динамикалық беттер.
CGI технологиясы. Скриптер
Дәрістің мақсаты: интернеттегі web-серверлер жұмысының
механизмімен, функцияларымен, статистикалық және динамикалық web-
беттермен, CGI технологиясымен танысу.
Дәрістің мазмұны: статистикалық және динамикалық беттер. CGI-
технологиясы. Скрипт программа.
Web-сервердің функциялары.
Web-сервердің басты тапсырмасы қолданушылардан HTTP-сұраныс
қабылдау, сұраныстарды өңдеу және оларды сандық компьютерлік кодқа
айналдыру. Содан кейін, HTTP-жауапты миллиондаған нөлдер мен бірлерді
кескінге, медиа-ағынға, әріптерге, HTML парақтарға айналдырады.
Кез келген веб сервер қолданушыға ыңғайлы болатындай веб браузері
болғаны дұрыс. Ол веб серверге интернет ресурстардың URL-адресқа
өзгертілген сұраныстарды жібереді.
Стандартты функциялармен қатар, кейбір веб серверлердің
қосымшалары болады. Мысалға алатын болсақ, сәйкес келетін
программалық қамтамалар
ресурсқа қолданушының қатынас жасауын
бақылап отырып, оларды жеке журналға жазуы мүмкін.
Көп жағдайда веб
сервер мэйл сервермен бірге орнатылады.
Бұл қолданушыларға сайттың
өзінен тікелей, бір ғана гиперсілтемені баса отырып поштаның бетіне тез
арада өтуге мүмкіндік береді.
25
Веб сервер не үшін қажет?
Жоғарыда атап өткендей, веб сервер ақпарат алмасу үшін Интернет
желісін қолданатын барлық қолданушылар үшін қажет.
Дегенмен, көп
мөлшерде оған қатынас жасайтын адам емес, программалар мен
құрылғылар. Мысалы, антивирустық программалар серверден желіден
іздеуді және өзінің мәліметтер базасын жаңартуды сұрайды.
Веб
серверлермен белсенді жұмыс жасайтын ұялы телефондар, теледидарлар,
Интернетке қатынас жасай алатын басқа да құрылғылар. Программаларды
автоматты жаңартуға баптауға болады. Бұл жағдайда қолданушының
қажеттілігі болмайды. Кейбір жаңартылатын мәліметтер базасын жеке
түрде қадағалап отырғаны дұрыс.
Ең танымал веб серверлер.
Атақты және кең таралған веб серверлар болып Microsoft IIS және
Apache табылады. Осылардың арасында ең танымалы Apache. Оның
программалық қамтамасы барлық бар болатындардың ішінен 60%
қолданылады. Көп жағдайда бұл мүмкіндік Apache серверінің тегін
болуына байланысты. Өндірушілер күнделікті өздерінің өніміндегі
қателіктерін
ретке
келтіреді.
Бұл
программаның
кемшілігі
мамандандырылған программистер мен қолданушыларға арналған, сол
себептен де болар қызмет көрсету және баптау біршама күрделі.
Microsoft компаниясы, керісінше, өзінің IIS веб серверін түсінуге
қолайлы болатындай етіп, ортастатистикалық қолданушыларға дайындауға
тырысып жатыр.
Олардың баптауын мамандардың көмегінсіз жүргізуге
болады.
Apache де, IIS де көптеген операциялық жүйелермен жақсы жұмыс
жасайды. Мысалы, Mac OS, Linux, Microsoft Windows түрлі
модификациясымен және т.б. көптеген түрлерімен. Бұл екі сервер жұмыс
жасағанда ыңғайлы, жылдамдығы жақсы, оларға қосымша модульдерді
қосуға болады.
Браузердің адрестік жолындағы қажетті URL-ді теріп болған соң,
браузер пайдаланған протокол (HTTP) жөнінде мәлімет және сервер атын
алады. Сервер атын IP- адреске ауыстыру үшін браузер DNS серверіне-
жүгінеді. Алынған IP- адрес негізінде браузер ізделінді Web- сервермен
байланыс орнатады және HTTP протоколын пайдалана отырып ізделінді
ресурсты сұрайды. Сервер браузерге серверде сақталатын HTML бетін
жібереді. Браузер HTML- тэгтерін оқу нәтижесінде сіздің компьютеріңіздің
экранында бет ашалады, одан сіз өз сұранысыңыздың нәтижесін көре
аласыз. Әдетте қарапайым Web беттерде тек текст қана емес графиктерден
де тұрады, яғни әртүрлі типтегі бірнеше файлдан тұрады. Браузер ол
файлдарды тану үшін, сервер қандай файлды (HTML форматындағы текст
немесе JPG форматындағы графика және т.б) жіберу керек жөнінде мәлімет
береді, содан соң файл мазмұны жіберіледі. Әдетте, Web беттер көптеген
файлдардан тұрғанына қарамастан бір рет сұраныс уақытысынды Web
сервер тек қана бір файлды жібереді. Яғни, html текст алып одан