21
кірістірілген болуы мүмкін. Сыртқы модемдер – бұл сым арқылы жүйелік
блокқа қосылатын модемдер.
Модемдер сондай-ақ компьютердің жүйелік блогына кіріктірілген
болуы мүмкін. Мұндай модемдер ішкі модемдер деп аталады
Бақылау сұрақтары:
1)
Интернет технологиясында соңғы миля нені білдіреді?
2)
Модем функциясы қандай?
3)
ASCII-кодировкасы?
4)
Модем жылдамдықтары қандай?
4 Дәріс №4. Интернет жүйесіне қатынасу технологиялары. DSL,
ISDN технологиялары
Дәрістің
мақсаты:
Интернет
жүйесіне
қатынас
жасау
технологияларымен танысу.
Дәрістің мазмұны: DSL, ISDN технологиялары, Асимметриялы DSL
(ADSL).
DSL-технологиялары.
Қарапайым телефон тек төменгі жиіліктегі желілерді қолданады. Егер
«телефонды» жіңішке жолының орнына кеңірек жолды қолданса, телефон
сымы едәуір көп ақпарат жібере алады. Өткізу жолы немесе өткізу
жолының ені - өткізу каналы жиіліктерінің диапазонындағы ең жоғары
жиілік пен ең төменгі жиіліктің арасындағы айырымы. Телефон желісі
арқылы сигналды жіберудің аналогты түрі 300 Гц-тен 3,4 кГц-ке дейінгі
диапазонды алады. Цифрлы сигнал үлкендеу диапазонды талап етеді.
Жіберу жылдамдығы өскен сайын, жиіліктер диапазоны да өсу керек.
Сондықтан, «өткізу жолы» терминімен компьютер желісімен мәліметтерді
жіберу жылдамдығының жоғары шекарасы белгіленеді. «Кеңжолды
қатынас» термині арна ақпарат жіберу үшін кеңейтілген жиіліктер жолын
береді дегенді білдіреді. Ақпаратты жіберудің жоғары жылдамдығы кең
жолды пайдаланған кезде бірнеше сигнал бір арнаның бойымен, бірақ
әртүрлі жиіліктерде параллельді жіберілу мүмкіндігіне байланысты.
Өйткені, уақыт бірлігінде ақпараттың мол көлемі жіберіледі. Арнаны
бірнеше бөлікке бөліп, сигналдарды жіберу мультиплексорлау деп аталады.
«Таржолды қатынас» терминімен дауысты жіберуге жеткілікті арна
түсіндіріледі. Кейде «кеңжолды емес қатынас» термині кездеседі. Ол
арнамен мәліметтерді жіберу жылдамдығы 64 Кбит/с-тан кем екендігін
білдіреді.
Телефон желісін цифрлы мәліметтерді жоғары жылдамдықта жіберу
үшін қолдануға мүмкіндік беретін технологиялардың бірі DSL. DSL
аббревиатурасы - «Digital Subscriber Line». Бұл технология телефонмен
22
сөйлесуге кедергі жасамай, мәліметтерді жіберуге жоғары жиіліктерді
қолдануға мүмкіндік жасайды.
DSL-технологиясы көмегімен бір уақытта Интернетпен жұмыс істеу
және телефонмен пайдалануға болады. Қарапайым модемге қарағанда,
DSL-қосылу жылдамдығы едәуір жоғары. DSL үшін жаңадан сымдар
жүргізу
керек
емес,
өйткені
телефон
желісінің
құрылғылары
пайдаланылады.
Асимметриялы DSL (ADSL).
Интернетпен жұмыс кезінде ақпараттың негізгі ағыны Желіден
пайдаланушыға өтеді. Желіге ақпараттың едәуір аз көлемі жіберіледі.
Мысалы, сіз Web-беттерді қараған кезде, кішігірім сұраныс жібересіз, ал
желіден мәтін ғана емес, сонымен қатар суреттерді де қабылдайсыз. Яғни,
ақпарат алмасу ассиметриялы болып келеді. Бұндай трафикті жіберу үшін
ассиметриялы арна керек. ADSL
(Asymmetrical
Digital
Subscriber
Line) немесе ассиметриялы DSL пайдаланушыға мәліметтерді жоғары
жылдамдықпен жіберуге мүмкіндік береді, сондай-ақ пайдаланушыдан
желіге келген сигнал желіден пайдаланушыға келген сигналға қарағанда
төменгі жиіліктерде жіберіледі.
Ең жаңа технологияларды пайдалануға байланысты ADSL бойынша
ақпаратты жіберу жылдамдығы басқа қатынас түрлерімен салыстырғанда
өте жоғары: 8 Мбит/с абонентке бағытталғанда, 1 Мбит/с абоненттен желіге
бағытталғанда. Жоғары жылдамдық Web-сайттармен, мультимедиа-
ақпаратпен ыңғайлы жұмыс істеуге, үлкен файлдарды жылдам
тасымалдауға және интерактивті қосымшаларды толық пайдалануға
мүмкіндік жасайды.
ADSL артықшылығы болып орнатылуының жеңілдігі табылады:
пайдаланушы мен телефон компаниясын бірімен-бірін қосатын бұрыннан
бар телефон кабелінің сымдары қолданылады. ADSL Интернетке үнемі
қатынасты қамтамасыз еткеннің өзінде ADSL пайдаланушылары өткізу
жолын басқа абоненттермен бөліспейді. Бірақ ADSL кемшіліктері де бар, ең
алдыңғысы – алыстықтың шектелуі. ADSL-технологиясын қолданған кезде
кері бағытта ақпаратты жіберу жылдамдығы ара қашықтыққа байланысты
болады. Егер абонентке бағытталған ақпаратты 3 км қашықтықта 8 Мбит/с
жылдамдықпен алуға болса, 5 км қашықтықта – тек 1,5 Мбит/с.
Пайдаланушы ДК-і ADSL-модемге қосылады. ADSL-модемі
жұмысының принципі 24 кГц-тен 1100 кГц-ке дейінгі жиіліктер диапазоны
әрқайсысына виртуалды модем бекітілетін 4000-герцтік жолдарға
бөлінетіндігіне негізделген. Соған байланысты виртуалды модемдердің
әрқайсысы өз жиіліктер диапазонымен жұмыс істейді.
ADSL – модемі жиілікті айырымға қосылады. Жиілікті айырым
(немесе сплиттер) кәдімгі телефон байланысының төменгі жиілікті сигналы
мен жоғарыжиілікті ADSL-сигналын айыратын төменгі жиіліктердің
фильтрі болып табылады. Жиілікті айырым үш ұяшыққа ие блок түрінде
жұмыс істейді: біреуі - ADSL-модемге қосылуы үшін, екіншісі – телефон