Коммерциялық емес акционерлік



жүктеу 0,93 Mb.
Pdf просмотр
бет12/19
Дата10.02.2020
өлшемі0,93 Mb.
#28692
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   19

30 

 

программаларда  жоғарыда  айтып  өткен  механизмдердің  бірден  бірнешеуі 



жүзеге асырылған. 

Кэштеу процесін оптимизациялау арқылы жылдамдату. 

Мәліметтерді 

кэштеу 

кезінде 


Web-парақтарды 

жүктеуді 

жылдамдатуды айтқанда келесі бағыттарды белгілеп өткен жөн: 

IP-адрестерді кэштеу; 



локальді  компьютерде  дискті  кэшті  оптимизациялау;  Әр 

бағыттың неден құралғанын түсіндіріп өтейік. 

Сіз  URL  браузерге  сол  немесе  басқа  ресурсты  жібергенде,  ол  DNS-

серверге  доменді  атты  IP-мекенге  жіберуге  сұраныс  жасайтыны  белгілі. 

Қажетті мәліметтерді табу алдында қаншама DNS-серверлерді сұрап өтеді. 

Әдетте, IP-адрес қолданушы  компьютерінде кэштелмейді және сіз бірнеше 

минут алдын қолданып отырған мекен  қайта сұралып  отырады, ол тағы да 

уақыт  алады.  Сондықтан,  Web-парақтарды  көрсетуді  жылдамдатудың  бір 

жолы  DNS-серверлерді  едәуір  оптималды  сұрау  жүргізетін  және  IP-



мекендерді  кештеуді  ұйымдастыратын  программаны  қолдану  болып 

табылады. 

IP-мекенді 

алып  болғаннан  кейін,  шолушы  (обозреватель) 

компьютердің  кэшінде  көрсетілген  парақ  көшірмесінің  сақталғандығын 

тексеріп,  егер  кэштегі  құжат  жарамды  болса,  ол  қолданушыға  жіберіледі. 

Бұл  процесте  уақыт  алады  және  оны  жылдамдату  –  бөлек  мәселе, 

сондықтан  оны  басқа  программаға  жүктеуге  болады.  Осы  мәселемен 

айналысатын  көптеген  программалар  көп  орын  алатын,  бірақ  жылдам 

істейтін өз кэшін құрады. Жылдамдатудың екінші бағыты осыны құрайды. 

Үшінші  механизмді  яғни,  алдын-ала  ескертілетін  оқытуды 

(упреждающее чтение) түсіндіру үшін, кәдімгі браузердің жұмысына қайта 

оралайық.  Құжат  браузермен  көрсетілгеннен  кейін,  әдетте  үзіліс  болады. 

Қолданушы  құжатты  оқығанша  жүктеу  процесі  тоқтатылады,  яғни,  жүйе 

жұмысы  тоқтап  қалады.  Бұл  механизм  үзіліс  кезінде  қосылыстарды 

қолдануға мүмкіндік береді, бұл кезде  осы параққа  сілтемесі бар құжаттар 

жүктеледі.  Осы  құжаттардың  фондық  режимде  жүктелуі  қолданушы 

сұраныс жібергенде тез көрсетуге мүмкіндік береді. Үшінші механизм осы 



префетчингтан (prefetch-ағылшынның алдын-ала алып келу деген сөзінен) 

құралады.  Кейде  осы  механизмді  алдын-ала  ескертілетін  жүктеме 

(ағылшынның pre-loading деген сөзінен) деп те атайды. 

 

Бақылау сұрақтары: 

1) 

Web-парағын кэштеу принципі неде? 



2) 

Прокси-серверінің жұмыс механизмі неде? 

3) 

Web-парағын кештеу оптимизациясының механизмі қандай? 



4) 

Web-парағын кештеудің үш негізгі бағытын атаңыз? 

 

7 Дәріс №7. Интернеттің іздеу технологиялары 

 



31 

 

Дәрістің  мақсаты:  қажетті  ақпаратты  іздеу  принциптерімен,  іздеу 

машинасының жұмыс механизмімен танысу. 

Дәрістің  мазмұны:  қажетті  ақпаратты  іздеу  принциптері.  Іздеу 

машинасының жұмыс механизмі. Индексті құру. 

 

Web-тен іздеу. 

Интернетте  миллиондаған  сайттар  бар,  соның  ішінде  өзекті 

ақпаратпен қоса көптеген ескі қорлар орналыстырылған. Интернет – белгілі 

бір  басқарушысы  жоқ  демократиялық  ақпарат  көзі  болып  табылады.  Кез 

келген  адам  желіге  өзінің  қорын  орналастыра  алады.  Қорытындылап 

келгенде,  интернетте  ақпараттың  қайталанбауына,  оның  стандартқа  сай 

келуіне көп адамдар мән бере бермейді. Желіде барлығы бар екені белгілі, 

бірақ желіден қажетті ақпаратты алу қиын. Яғни, мәліметті табу үшін, оны 

жақсы  іздей  білу  керек.  Осы  бөлімде  интернет  желісімен  жұмыс  істейтін 

іздеу  аспаптары  сипатталып,  іздеу  жүйесінің  жұмыс  механизмі 

түсіндірілген, іздеу оптимизациясына практикалық түсініктеме берілген. 

Интернетте  ақпаратты  іздеуге  арналған  мынадай  әртүрлі  аспаптар 

бар:  іздеу  машиналары  (поисковиктер),  индекстелген  каталогтер 

(рубрикаторлар),  рейтингілер,  метаіздеуіш  жүйелер  және  тематикалық 

сілтемелердің  тізімі,  онлайн  энциклопедиялары  мен  анықтамалар.  Осы 

кезде  әртүрлі  үлгідегі  ақпаратты  табуда  іздеу  аспаптарының  түрлі 

категорияларын  қолдану  тиімді  болып  келеді.  Әр  категорияны  жеке 

қарастырайық. 



Индекстелген каталогтар. 

Каталог 


дегеніміз 

тақырыптары 

бойынша 

топтастырылған 

иерархиялық  құрылым  түрінде  берілетін  мәліметтер.  Иерархиялық 

құрылымның бірінші деңгейіндегі тематикалық бөлімі «спорт», «демалыс», 

«ғылым»,  «дүкендер»  сияқты  кең  тараған  тақырыптардан  тұрады.  Ал  әр 

бөлімнің  бөлімшелері  болады.  Осылайша,  біртіндеп  каталог  бұтақтары 

арқылы саяхат жасап, іздеу облысын кішірейте отырып, сіз өзіңізге керекті 

облысты  дәл  анықтай  аласыз.  Мысалы  оқу  орындарын  іздеу  барысында 

мынадай тізбек пайда болуы мүмкін: Білім-> Оқу орындары -> Жоғары оқу 

орындары ->Институттар

Қажетті  ішкі  катологты  тапқаннан  кейін,  одан  сілтемелер  жинағын 

аласыз.  Катологтарды  программалар  емес,  адамдар  құрастырғандықтан, 

катологтағы барлық сілтемелер профильді болып табылады. Егер сіз ортақ 

тақырыпта жалпы ақпарат іздесеңіз, онда каталогтарға қатынаған дұрыс. Ал 

егер  сізге  нақты  бір  құжатты  табу  керек  болса,  онда  каталог  тиімсіз  іздеу 

құралы болып табылады. 

Желіде  ортақ  қолданылатын  каталогтардан  басқа,  ерекшеленген 

каталогтар да бар. Егер де бір каталогта өте көп қор орналасса, онда оларды 

кең  таралуына  байланысты  бірнеше  бөліктерге  бөлуге  (ражнирование) 

болады.  Мысалы,  Яндекс  каталогында  бөліктеу  басқа  сайттардың  біздің 

сайттағы сілтемелерінің индексімен жүргізіледі. 




жүктеу 0,93 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   19




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау