Коммерциялық емес акционерлік қоғамы



жүктеу 363,3 Kb.
Pdf просмотр
бет3/11
Дата25.05.2018
өлшемі363,3 Kb.
#17579
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

10 

 

4-тапсырма. Мәтіннен синтетикалық тәсіл арқылы жасалған терминдерді 



тауып, жасалу жолдарына назар аударыңыз. 

 

Компьютердің құрылғылары 



Дербес ЭЕМ. Дербес ЭЕМ-нің элементтік базасы 

 

Дербес  ЭЕМ-нің  (ДЭЕМ)  элементтік  базасы  болатын  электрондық 

компоненттері  ақпарат  өңдеудің  белгілі  бір  қызметін  немесе  оны  сақтау  ісін 

атқарады.  Мұндай  компоненттер  интегралдық  сұлбалар  деп  аталады. 

Интегралдық  сұлба  металдан  не  пластмассадан  жасалған  қорапқа  салынған 

жартылай  өткізгішті  кристалдардан  тұрады.  Жіңішке  жіп  секілді  арнайы 

сымдар осы кристалды қораптың шеткі тақшаларымен жалғастырады.  

Интегралдық сұлбаларды жасау, тексеру, олардың сапаларын бақылау – 

барлығы да автоматтандырылған, оның үстіне оларды сериялық түрде шығару 

да  меңгерілген.  Интегралдық  сұлбаларды  шығаруды  баспаханалардағы 

кітапты көбейтіп шығарумен салыстыруға болады. Олар өздерінің атқаратын 

функцияларына  қарай  ЭЕМ-нің  әртүрлі  тетіктерінің  –  шифраторлардың, 

сумматорлардың,  күшейткіштердің  түрлеріне  байланысты  бөлек-бөлек 

топтарға жіктеліп, серияларға бөлініп шығарылады.  

Бұл сұлбалардың интегралдық (біріктірілген) деп аталу себебі олардың 

бір  кристалы  күрделі  логикалық  функциялардың  белгілі  біреуін  орындай 

алады, сосын олардан транзисторлар мен диодтардан құрастырылатын сияқты 

машина қондырғылары оңай жасалады.  

ДЭЕМ 

құрамына 



кіретін 

барлық 


құрылғыларды 

олардың 


функционалдық белгілеріне қарай екіге бөлу қалыптасқан, олар: жүйелік блок 

және сыртқы құрылғылар. 



Жүйелік блок мыналардан тұрады: 

- микропроцессор; 

- оперативті есте сақтаушы құрылғы немесе жедел жады;  

- тұрақты есте сақтаушы құрылғы; 

- қоректену блогы мен мәлімет енгізу-шығару порттары. 

Ал сыртқы құрылғылар былайша бөлінеді: 

- ақпарат енгізу құрылғылары; 

- ақпарат шығару құрылғылары; 

- ақпарат жинақтауыштар. 

Ақпарат  пен  басқару  командаларын  енгізетін  негізгі  құрылғыларға 



пернетақта (клавиатура), тінтуір және сканер (із кескіш) жатады. Осындай 

функцияларды бұлардан өзге жарық қаламұштары, жарық сезгіш планшеттер, 

джойстиктер  (ұршық  тәріздес  тетік)  және  басқа  да  мәселелерді  шешуге 

қолданылатын құралдар орындайды.   

 

5-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз. 



1. Интегралдық сұлбалар деп нені айтады? 

2. Интегралдық сұлба неден тұрады? 




11 

 

3. Өздерінің атқаратын функцияларына қарай олар қалай бөлінеді? 



4. Интегралдық сұлбалар деп аталу себебі неліктен? 

5. Жүйелік блок неден тұрады? 

6. Сыртқы құрылғылар қалай бөлінеді? 

7. Негізгі құрылғыларға нелер жатады? 

 

6-тапсырма. Төмендегі тірек сызба негізінде «ІВМ дербес компьютерінің 



негізгі блоктары» тақырыбына шағын әңгіме құрастырыңыз. 

   


 

 

7-тапсырма. Мәтінді аударыңыз. 



 

 Қарапайым  мәліметтер  базасы  компьютердің  дискісінің  бір  немесе 

бірнеше файлында орналасады. Мұндай мәліметтермен бір адам жұмыс істей 

береді. Ал егер мәліметтер базасы үлкен компания үшін құрылған болса ше? 

Ондайда бұл мәліметтерді бір мезетте екі-үш адам пайдалануына тура келеді. 

Ал  ол  компаниялардың  филиалдары  әр  жерде  және  бір-бірінен  қашық 

орналасса ше? Мұндай да мәліметтер базасын қажет еткендер уақытын қалай 

пайдалана  алады?  Әрине  мәліметтерді  курьерлер  арқылы  жеткізіп  отыруға 

болатын  шығар,  оны  көзіңізге  елестетіп  көріңізші,  оңай  жұмыс  деп  айта 

қоймаспыз.  

Сол  компьютерлерді  бір  компьютерлік  желіге  біріктіріп  мәліметтер 

базасын  серверге  (негізгі  ЭЕМ)  орналастыру  керек.  Желінің  жұмыс 

стансалары  зерделі  терминал  рөлін  атқарып,  қажетті  мәліметтерді  керек 

кезінде  мәліметтер  базасының  басқару  жүйесі  орналасқан  серверден  сұрап, 

оның  дискісінен  алып  отырады.  Мәліметтер  базасының  басқару  жүйесі 

орналасқан  серверге  сұраныс  түскен  соң,  керекті  мәліметтер  жұмыс 

стансаларына  жіберіліп  отырады.  Мұндайда  база  орналасқан  сервер 

құрамында дисплей мен пернелік тақта болғанымен, олар әдеттегідей жұмыс 

тәртібінде  пайдаланылмайды.  Серверлік  компьютер  әр  жерде  орналасқан 

ЭЕМ-дермен  (яғни  мәліметті  пайдаланатын  адаммен)  тек  желілік  байланыс 

арқылы ғана мәліметтер алмаса алады. 

 

монитор 



немесе дисплей 

 

 



принтер 

 

тінтуір



 

 

джойстик 



 

 

графиксызғыш 



немесе плоттер 

 

сканер 



 

 

 



 

пернетақта 

 

 

жүйелік блок 



 

Дербес 

компьютер 

 



12 

 

Терминал  (енгізу-шығару  құрылғысы)  рөлінде  дербес  компьютер 



тұрғандықтан сервер қорларын көптеген жұмыстардан босатып, мәліметтерді 

қосымша  өңдеуді  терминалдарда  орындауға  мүмкіндік  бар.  Бұлай  мәлімет 

өңдеу  тәсілі  терминалдар  саны  көбейген  сайын  бүкіл  жүйенің  жұмыс 

өнімділігін арттыруға үлкен себебін тигізеді.  

Егер  жұмыс  стансасының  операциялық  жүйесі  ретінде  Windows 

пайдаланылса,  кез  келген  адам  мәліметтер  базасынан  сұрайтын  мәліметін 

Winword  мәтіндік  процессор  форматында  немесе  Excel  электрондық  кестесі 

форматында көрсете алады. Алынған мәліметтік құжаттарды форматтап алған 

соң, лазерлік принтерде (әрине, желіге жалғанған болуы тиіс) әдейілеп қағазға 

басып  алуға  болады.  Мұның  бәрін  тек  экран  мен  пернеліктен  тұратын  жеке 

пайдаланылатын компьютерде іске асыру мүмкін емес.  

Сонымен  дербес  компьютерлер  желісі  әрбір  қызмет  кеңсесінде  бүкіл 

ұжым  пайдаланатын  мәліметтер  базасын  ұйымдастыра  алады.  Егер 

компьютерлер бір-бірімен байланыспаған болса, онда мұндай мүмкіндікке қол 

жеткізе алмаймыз.     

 

8-тапсырма. Мәтінді қазақ тіліне аударыңыз. 



 

Единицы измерения информации 

 

Современные компьютеры могут работать с пятью видами информации: 



числовой, текстовой, графический, звуковой, видиоинформацией.  

Все  эти  пять  видов  информации  вместе  называют  одним  словом: 

мультимедиа. Если компьютер может работать со всеми этими пятью видами 

информации, то его называют мультимедийным.  

Любой  вид  информации  преобразуется  компьютером  в  цифровую 

информацию  в  двоичном  виде.  Наименшей  единицей  информации  является 

бит, т.е. двоичный разряд, который может принимать значение 0 или 1 «да» и 

«нет»,    «+»  и  «-»  («есть  сигнал»  и  «нет  сигнала»).  Как  правило,  команды 

компьютеров  работают  не  с  отдельными  битами,  а  с  восемью  битами  сразу. 

Восемь  последовательных  битов  составляют  байт.  В  одном  байте  можно 

закодировать значение одного символа из 256 возможных.    

 

1.2 Лексика-семантикалық тәсіл 



 

Лексика-семантикалық тәсілде сөздің құрамы, тұлғасы ешбір өзгеріске 

түспейді,  өзгеріс  тек  сөздің  мағынасында  ғана  болады.  Сөз  дыбыстық, 

морфемдік  құрамын  сақтай  отырып,  тілдегі  бұрынғы  қолданылып  жүрген 

мағынасының  үстіне  жаңа  мағына  қосып  алады,  тілде  жаңа  мағынасында  да 

қолданыла бастайды. Сөздің тек мағынасында өзгеріс болғандықтан, бұл тәсіл 

лексика-семантикалық  тәсіл  аталған.  Мысалы,  энергетика  саласындағы  көз, 



қор, шама, өріс, желі т.б. терминдердің мағыналары тілдегі түрлі қолданыста 

қалыптасқан (2 кесте).  




жүктеу 363,3 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау