Коммерциялық емес акционерлік қоғамы



жүктеу 363,3 Kb.
Pdf просмотр
бет5/11
Дата25.05.2018
өлшемі363,3 Kb.
#17579
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

16 

 

Буындық  аббревиатура  (күрделі  қысқартылған  сөз).  Бұл  –  сөз 

тіркесіндегі  сөздердің  бастапқы  буындарынан  немесе  алғашқы  сөздегі 

бастапқы  буын  мен  соңғы  сөздің  тұтастай  тіркестірілуінен  құралатын,  басқа 

да  жолдармен  жасалатын  аббревиатура.  Мысалы:  ұжымшар  (ұжымдық 

шаруашылық),  ҚазТАГ  (Қазақ  телеграф  агенттігі),  автокөлік  (автомобиль 

көлігі).  

 

16-тапсырма. Мәтіндегі аббревиатураларды теріп жазыңыз. 



 

Графиктік адаптерлер 

 

Монитор  немесе  дисплей  –  ДЭЕМ-ге  міндетті  түрде  қажет  шеткері 



құрылғы, ол компьютердің жедел жадында өңделетін ақпаратты экранда көру 

үшін  қажет.  Экран  түстеріне  қарай  дисплейлер  монохромды  (ақ-қара)  және 

түрлі-түсті  болып,  ал  экранға  шығарылатын  ақпарат  түрлеріне  байланысты 

символдық  (тек  символдық  ақпарат)  және  графиктік  (символдық  және  оған 

қоса графиктік ақпарат) болып бөлінеді.  

ЭЕМ-нің  бейнелік  құрылғысы  екі  бөліктен:  монитор  мен  адаптерден 

тұрады.  Біз  тек  мониторды  көреміз,  ал  адаптер  ЭЕМ  қорабының  ішінде 

орналасқан мониторды басқару блогы. Монитордың өзінде тек электрондық-

сәулелі  түтікше  бар.  Ал  адаптерде  бейне  сигналдарын  беретін  логикалық 

сұлбалар орналасқан. 

Электрондық  сәуле  экранда  секундтың  1/5  бөлігінде  жүріп  өтеді,  бірақ 

экран бейнесі одан жай өзгереді. Сондықтан экранның бір көрінісі үшін бейне 

сигналды  бірнеше  рет  қайталап  беріп  отыру  керек.  Адаптерлерде  бейнелер 

көрінісін сақтауға арналған бейнелік жады бар. 

Адаптердің  бейнелеу  қабілеті  оның  графикалық  режімде  экранда 

көрсетіле  алатын  бір  жолдағы  нүктелер  (пиксельдер)  санына  байланысты. 

Мысалы, 720*348 мүмкіндікті немесе одан да жоғары монитор вертикаль (тік) 

бағытта  348  жол-нүктені  көрсете  алады,  ал  оның  әр  жолында  720  нүкте бар. 

Баспахана жүйелерінде 800*600 немесе 1024*768 мүмкіндікті немесе одан да 

жоғары мониторлар қолданылып жүр. Бірақ олар қымбатырақ тұрады. 

Экран бетінің мөлшері диагональ стандарт (14 дюйм – 1 дюйм=2,54 см) 

бойынша  жасалады,  үлкейтілген  (15  дюйм)  және  теледидар  (17,  20  және  21 

дюйм  –  диагоналы  бойынша  54  см-ге  дейін)  тәрізді  болып  та  жасалғандары 

кездеседі,  олар  түрлі-түсті  (16  млн-нан  бірнеше  ондаған  млн  түстерге  дейін) 

немесе ақ-қара болып та шығарыла береді. 

Адаптерлер  стандартты  түрлі-түсті  монитордағы  түстер  палитрасын 

(жиынын) анықтайды: CGA (ескі модель) стандартты режімде 4 түспен, EGA 

–  64  түспен,  VGA  –  256  түске  дейін,  ал  SVGA  –  миллионнан  аса  түстермен 

жұмыс  істей  алады.  Бірақ  символдық  режімде  көрсетілген  стандарттағы 

экрандардың барлығы да 16 түсті ғана қолданады.   

 



17 

 

17-тапсырма.  Аббревиатураның  екі  түріне  терминологиялық  сөздіктен 



бірнеше мысал келтіріп жазыңыз.  

 

18-тапсырма. 



Төмендегі  тірек  сызба  негізінде  «Информатика» 

тақырыбына шағын әңгіме құрастырыңыз. 

 

 

 

19-тапсырма. Мәтіннің мазмұнын өз сөзіңізбен баяндаңыз.

 

 

Қоғамды ақпараттындыру 

 

  

Қоғамды  ақпараттындыру  –  бұл  глобалды  әлеуметтік  процесс,  өйткені 



қоғамдық  өндіріс  саласында  қазіргі  заманғы  микропрцессорлық  және 

есептеуіш  техника,  сонымен  қатар  ақпаратты  алмасудың  әртүрлі  құралдары 

базасы негізінде жүзеге асатын басты қызмет түрі ақпаратты жинау, жинақтау, 

өңдеу,  сақтау,  тасымалдау  және  пайдалану  болып  табылады.  Қоғамды 

ақпараттандыру  қамтамасыз  етеді:  баспа  қорында,  ғылыми,  өндірістік    және 

басқа  да  қызмет  түрлерінде  шоғырланған,  үнемі  дамудағы  қоғамның 

интеллектуал  потенциалын,  қоғам  өндірісінің  барлық  саласының  дамуын 

көрсететін  ғылыми,  өндірістік  ақпараттық  технологияларын  интеграциялау, 

еңбек қызметін интеллектуалды белсенді түрде пайдалану; ақпараттық қызмет 

етудің жоғары деңгейі, қоғамның ке келген мүшесінің шынайы ақпаратты алу 

мүмкіндігі,  көрсетілетін  ақпаратты  визуалдау,  пайдаланылатын  әдебиеттер 

маңыздылығы.  Ақпараттық  жүйенің  қандай  да  бір  саласындағы,  белгілі  бір 

уақыт  кезеңінде  қоғамға  қолайлы  болатын,  ақпараттың  барлық  массивін 

пайдалануға  негізделген  ашық  ақпараттық  жүйелерді  пайдалану,  қоғамды 

адамгершілікке және демократияландыруға жетелейді, оның мүшелерінің әл-

ауқатының деңгейін көтереді.  

 

кибернетика 



 

Жасанды 


интеллект 

 

Қоғамдағы 



информатика 

 

Ақпараттық 



жүйелер 

 

 



Табиғаттағы 

информатика 

 

Есептеуіш 



техника

 

 



 

 

бағдарламалау 



 

Теориялық 

информатика 

 

информатика 

 



18 

 

Қоғамды  ақпараттандырумен  байланысты  өтетін  процестер  тек  қана 



ғылыми – техникалық прогрестің қарқынды дамуы  мен  адамның қызметінің 

барлық  түрлерін  интеллектуалдауға  әсер  етіп  қана  қоймай,  сонымен  қатар 

индивидтің  шығармашылық  потенциалының  дамуын  қамтамасыз  ететін 

социумның  сапалы  жаңа  ақпараттық  ортасын  жасауға    мүмкіндік  береді. 

Қазіргі  заманғы  ақпараттану    процесінің  басты  бағыттарының  бірі  –  білімді 

ақпараттандыру.  Өндіріске  автоматтандырылған  жүйелерді,  программалық  

басқарудың  микропроцессорлық  құралдар  мен  құрылғылар,  роботтар  және 

өңдейтін орталықтарды ендіруге негізделген  ғылыми-техникалық прогрестің 

дамуы қазіргі қоғам алдындағы маңызды мақсат.  

Біріккен  ұлттар  ұйымының  шешімімен  «ХХІ  ғасыр  –  ақпараттандыру 



ғасыры»  деп  аталады.  Қазақстан  Республикасы  да  ғылыми-техникалық 

прогрестің  негізгі  белгісі  –  қоғамды  ақпараттандыру  болатын  жаңа  кезеңіне 

енді. 

Қоғамның  еңбекке  жарамды  халқының  жоғары  кәсіптік  бөлігінің 



интеллектуалды қызметінің өнімі болып табылатын, ақпараттық ресурстарды 

барлық  жерде  пайдалану,  жас  ұрпақтан  творчестволық  белсенді  резервті 

дайындау қажеттілігін анықтайды.  

 

3 Анықтаманың конструкциясы 



 

1. Не не деп аталады? 

2. Нені не деп атайды? // Нені не деп атаймыз? 

3. Не дегеніміз не? 

 

20-тапсырма. Берілген үлгі бойынша төмендегі анықтамаларды өзгертіп, 



орыс тіліне аударыңыз. 

Үлгі:  информатика:  1)  ЭЕМ  арқылы  ақпаратты  жинау,  сақтау, 

түрлендіру,  жеткізу  және  оны  пайдалану  заңдылықтары  мен  тәсілдерін 

зерттейтін  жаңа  ғылыми  пән  информатика  деп  аталады;  2)  ЭЕМ  арқылы 

ақпаратты  жинау,  сақтау,  түрлендіру,  жеткізу  және  оны  пайдалану 

заңдылықтары  мен  тәсілдерін  зерттейтін  жаңа  ғылыми  пәнді  информатика 

деп  атайды;  3)  информатика  дегеніміз  -  ЭЕМ  арқылы  ақпаратты  жинау, 

сақтау, түрлендіру, жеткізу және оны пайдалану заңдылықтары мен тәсілдерін 

зерттейтін жаңа ғылыми пән.  



Енгізу құрылғысы ақпаратты компьютерге енгізу қызметін атқарады.   

Есте  сақтау  құрылғысы  программаларды,  мәліметтерді  және  жұмыс 

нәтижелерін компьютер жадына сақтауға арналған.  



Шығару құрылғысы компьютердің жұмыс нәтижесін адамдарға жеткізу 

үшін қолданылады.  

 

21-тапсырма. Мәтінді оқыңыз, аударыңыз. 



 

 


жүктеу 363,3 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау