6 дәріс. V5 хаттамасы
Дәріс мақсаты: студенттердің V 5 хаттамасын оқып білуі.
Мазмұны:
- негізгі түсініктер;
- V5 моделі: қызметтері және қолдану порттары;
- хаттамалар және өткізу қабілеті.
Негізгі түсініктер.
АТС пен қатынау желісінің арасындағы V5 хаттамасын жасау ETSI мен 1991 ж. басталды, алғашқы V5 айрықшаландырулары 1993 ж. шығарылды, ал 1995 ж. ITU-T V5.1 және V5.2 ұсыныстарын бекітті. Абоненттік қатынаудың әртүрлі түрімен жұмыс істей алатын әмбабап V5 интерфейстің орны I.411 ұсынысына байланысты, цифрлық қатынау линиясы мен цифрлық аяқталу арасында орналасқан V тірек нүктесінде анықталған.
V5.1 интерфейсі АТС-қа 2048 Кбит/с цифрлық тракты бойынша 30 дейінгі аналогтік абоненттік линияларды немесе В-арналарын шоғырландырусыз қосуға мүмкіндік береді. Сигнализация ортақ арна арқылы жүзеге асады.
V5.2 интерфейсі 2048 Кбит/с трактты 16-ға дейінгі топқа бағытталған және коэффициенті мысалға, 8 болатын шоғырлануды жасай алады. Әр трактта бірнеше сигнализация арнасы қарастырылуы мүмкін.
V5 моделі: қызметтері және қолдану порттары.
V5 интерфейсі қатынау желісі (AN — access network) мен ақырғы АТС арасында орналасқан (6.1 суретті қара).
Интерфейс арқылы қолданбалы, сигналды, қызметтік ақпаратты көшіру үшін онда 2048 Кбит/с ақпараттық тарату жүйелері (ендігәрі 2048 Кбит/с тракты делінеді) бар.
Арналар осы қатынау желісіне кіретін және осы желіден тыс соңғы АТС және тұтынушылар арасындағы порттарды байланыспен қамтамасыз етеді. V5 интерфейсімен байланысқан тұтынушылар порттары әртүрлі қызметтерді қолдайды, сондай-ақ бір физикалық порт әртүрлі қызметтерді қолдауға мүмкіндігі бар. V5 интерфейсімен байланысқан тұтынушы порттары қолдайтын төрт ортақ қызмет түрі бар, бірақ бір уақытта үш қызмет түрін қолдануға болады.
Алғашқы екі түрі кезекті телефондық шақыру немесе ISDN шақыруы түскенде АТС-пен байланыс орнатылған кезде болатын сұраныс (on-demand services) қызметіне тиесілі.
6.1 сурет - V5 интерфейсі арқылы қатынаудың функционалды моделі
Телефондық шақыру нөмірі декадалық терілетін аппараты бар немесе қолданылатын немесе қолданылмайтын қосалқы қызметті DTMF-і бар ЖҚТф абонентімен бастамашылық етілуі мүмкін. Телефондық шақыру сонымен қатар, ЖҚТф-ға қосылатын кішкене АТС-пен бастамашылық етілуі мүмкін. Ол да нөмерді декадтық теру құралдарымен және қолданылатын немесе қолданылмайтын қосалқы қызметті DTMF-пен жабдықталған.
ISDN шақыруы қатынау желісінің элементі болып табылатын NT желілік аяқталуынан немесе G.960 және G.961 ұсыныстарына сәйкес келетін басқа элементтерден түсуі мүмкін. Сонымен қатар В-арналарын және қандай да бір қосымша қызметтерін қолдануға, пакетті мәліметтерді В- және D-арналарында таратуға ешқандай шектеулер қойылмайды.
Басқа екі қызмет типі – бұл кездегі, жалдамалы линияның қызметтері. Бұл әр шақыруға байланыс бөлек орнатылмай желі конфигурациясының басқару құралдарымен қойылатын кезде болады.
Бұл екі қызмет типінің біріншісі – тұрақты (бекітілген) жалдамалы линияның (permanent leased line) қызметтері. Бұл қызмет АТС-тен және V5 интерфейсінен тәуелсіз жалдамалы линиялардың желісімен жүзеге асады.
Жалдамалы линия қызметінің екінші типі – жартылай тұрақты жалдамалы линия (semi-permanent leased line) қызметтері. Бұл кезде жүктеме АТС арқылы маршрутталады. V5 интерфейсі жартылай тұрақты жалдамалы линияны ұйымдастыру үшін ISDN базалық қатынаудың бір немесе екі В-арнаcын, бөлінген сигнализация арнасы жоқ аналогтық немесе цифрлық линияны қолдануға мүмкіндік береді.
V5 интерфейсімен байланысқан немесе сұраныс бойынша қызмет көрсетуді қамтамасыз ететін қолданбалы порттар ЖҚТф қолданбалы порттары және ISDN қолданбалы порттары деп бөлінеді. Соңғысы сонымен қатар жалдамалы линия қызметтерін қамтамасыз ете алады.
V5 интерфейсімен байланысқан және сұраныс бойынша қызметтерді қамтамасыз етпейтін жалдамалы порттар болып жіктелінеді. Олар не жартылай тұрақты жалдамалы линия қызметін, не жартылай тұрақты және тұрақты жалдамалы линия қызметтерінің комбинациясын қамтамасыз ете алуы керек. Себебі, бекітілген жалдамалы линия қызметін қамтамасыз ететін жалдамалы порт станцияға V5 интерфейсі арқылы мүлде қосылмайды. V5 интерфейсінде бір атқаратын арнады талап ететін жалдамалы порттарға ЖҚТф порттарына секілді қызмет көрсетіледі. Бірден көп атқаратын арнаны талап ететін жалдамалы порттарға ISDN порттарына секілді қызмет көрсетіледі. V5.1 интерфейсі бір 2048 кбит/с трактынан тұрады. V5.2 интерфейсі мұндай бірнеше тракттан тұрады (16-ға дейін). V5.1 интерфейсінің қызметтерімен қоса, V5.2 интерфейсі жүктеме концентрациясын және арна аралығының динамикалық тағайындауын қарастырады. Екі интерфейстің 2048 кбит/с тракттары 32 арна аралығына бөлінген. Бұл кезде КИО циклдық синхронизация үшін қолданылады. Бір V5.1 интерфейсі 30 ЖҚТф портын (немесе ISDN базалық қатынауының 15 портын) жұмыс істете алады. Бұл уақытта, V5.2 интерфейсі ЖҚТф 2000 портын (ISDN базалық қатынауының 1000 портын). Екі жағдайда ЖҚТф порттары және ISDN порттары V5 интерфейсінің бір трактын пайдалана алады.
6.1 кесте - V5.1 и V5.2 интерфейстерінің сипаттамалары
V 5.1
|
V 5.2
|
АТС-ке бір Е1 трактын (30 В-арнаы) қосуға мүмкіндік береді
|
АТС-ке 16-ға дейін 2048 Кбит/с
тракттар тобын қосуға мүмкіндік береді
|
Абоненттік линиялардың жүктеме концентрациясы қызметі жоқ. Е1 трактының арна аралығы мен тұтынушы терминалдары арасындағы тура үйлесім.
|
Абоненттік линиялардың жүктеме концентрациясы қызметі бар. Арна аралықтың динамикалық тағайындалуы
|
Алғашқы ISDN қатынауын жұмыс істете алмайды
|
Алғашқы ISDN қатынауын жұмыс істете алады
|
Интерфейс трактынан бас тартқанда резервтеу функциясын қамтамасыз етпейді
|
Тракттан бас тартқанда резервтілеуді басқа интерфейс трактына ауысу арқылы қамтамасыз етеді (Protection protocol)
|
-
|
Интерфейс тракттарын басқару (Link Control protocol)
|
Сигнализация интерфейс трактындағы ортақ арна арқылы жүзеге асады
|
Әр қатынау (2048 Кбит/с) үшін бірнеше сигнализация арнасы қарастырылған
|
Достарыңызбен бөлісу: |