8 дәріс. PON технологиялары
Дәрістің мақсаты: PON технологиясының құрылымы мен қызметтерін студенттерге үйрету.
Мазмұны:
-PON архитектурасы;
- PON құрылымдарының арасында ақпаратты тарату;
- PON технологиясының көрсетілетін қызметтері.
PON архитектурасы.
PON архитектурасы негізгі идеясы – орталық OLT торабында ақпаратты ONU абоненттік желісіне және ақпаратты тарату үшін бір ғана қыбылдаушы модуль қолданылады (8.1 суретті қара):
-OLT (Optical Line Terminal) - орталық құрылым ғимарат ішіндегі терминалды құрылымдардағы ағымдары қамтамасыз етеді;
-ONU (Optical Network Unit) немесе ONT (Optical Network Terminal) - терминалды құрылым, ғимаратта құрылады, ақырғы абоненттерге қатынаудың түрлі порттарын жібереді.
8.1 сурет – PON архитектурасы
PON желісі бүкіл қызметтерге мөлдір байланысты – телефон, кең жиілікті желіі тарату, IP - TV, КТВ. Сондай-ақ аталған желі ең үнемді көлемі жағынан линиялық оптоталшықты инфрақұрылымды болуы керек.
PON желісінің қасиеттері:
-ағаш тәріздес архтектура бір талшықта толқынның екі ұзындығына қарама-қарсы бағытталады: 1550 нм (орталық тораптан абонентке дейін, төменгі ағын) және 1310 нм (абоненттен орталық торапқа дейін, өрлемелі ағын);
-ағаштың кезеңдік тораптарында, бейтарап оптикалық тармақтаушылар орналастырылады;
-TDMA қатынау әдісін қолданумен еркін таратуды абонент арасындағы жиілікті өткізуді қамтамасыз етеді;
- бір талшықпен орталық тораптан (OLT) желіде 32 абонент желісін қосуды қамтамасыз етеді (ONT);
-ең көп алшақтау 20 километр.
PON технологиясының негізгі артықшылықтары:
- желі жүйесін құрудың бағасының арзан болуы. Бір оптикалық талшық арқылы көптеген үлкен өлшемді абоненттерді қосу, бұл оптикалық талшықтарды үнемдеуге мүмкіндік береді;
- эксплуатацияға және техникалық байланыстарға деген шығындардың аздығы. Артықшылығы: белсенді емес құралды бөлгіш шкаф желісінде қолдану;
- желіні біртіндеп көбейтуге болады. Жаңа торапты енгізу қолданыстағы желінің жұмысына әсер етпейді;
- бөлгіш инфрақұрылымды құруға болады. Оптикалық бөлгіш желіні қолдану өте жақсы және ұзақ мерзімде одан ары қарай мультимедиялық қызмет етулерге және емін-еркін өткізетін өткізу жолағын қолдануға мүмкіндік береді;
- сенімділігі. Белсенді элементтерді аз қолдану оның сенімділігін арттыра түседі, сезімталдығының төмендеуі біріктірілген линияға және оның әсеріне септігін тигізеді;
- майысқақтығы жоғары. PON технологиясы бойынша құрылған бөлгіш шкафта бір оптикалық талшық қолданылады,бұл басқа технологиядағыдай емес. Осының арқасында шина немесе ағаш тәрізді топология қолдануға болады, экономикалық жағынан үнемді. Технологиядағы майысқақтығы FTTx конфигурациясындағы кез-келген желіні пайдалануға мүмкіндік береді;
-Triple Play қызметіндегі видеоны жіберудегі кез келген модель: телетаратқыш немесе IPTV қызметі түрінде.
PON құрылымдарының арасындағы ақпаратты жіберудегі принципі.
Бір қабылдағыш OLT модуліне қосылған абонент торабының санының көп болуы, қуат бюджетін және қабылдағыш аппараттың жоғарғы жылдамдықпен жұмыс істеуіне септігін тигізеді. OLT-дан ONT –ға ақпаратты жіберу - толқын ұзындығы 1550 нм болатын төменгі (нисходящего) ағын арқылы. Керісінше болғанда әртүрлі абонент торабынан толқын ұзындығы 1310 нм өрлемелі (восходящий) ағын арқылы. OLT және ONT-да шығыс және кіріс ағынды бөліп тұратын WDM мультиплексорлары енгізілген. Осы ұстанымның жүзеге асуы 8.2 - суретте көрсетілген [9].
Түзеткіш ағын–оптикалық сигнал негізінде, кеңжолақты болып табылады. ONT –дағы әр абонент тораптары, адрестік жолды оқып бүкіл ағындағы жолдан өзіне керек ақпаратты бөліп алады.
Кері ағын– ONT-ның барлық абонент тораптары берілісті сол толқында кері бағытта жүзеге асырады. Оған уақыт бойынша бөлетін TDMA(time division multiple access) концепциясы қолданылады. ONT қиылысындағы желі абоненттің шектеу үшін, өзіне лайықталған шектелген түзету кестесі жазылады, OLT дан ONT жояды. TDMA MAC хаттамасы бұл мәселені шешеді.
PON стандартында стандартты спектрлік диапазонды қолдану ұйымдастырылған (C-диапазоны, conventional - 1530-1565 нм), ол DWDM трафигін тарату үшін. Бұлай кеңжиілікті видеоны басқа толқында қолдану C- диапазонын пайдаланып, екі жиілікті арна желісін ұйымдастырады (8.3 суретті қара).
Достарыңызбен бөлісу: |