3 дәріс. ISDN абонеттік қатынау желісі
Дәріс мақсаты: студенттердің ISDN абонеттік қатынау желісін оқып үйренуі.
Мазмұны:
-ISDN желісінің негізгі түсініктері;
-ISDN желісіндегі DSS1 абонеттік сигнализациясы.
ISDN желісінің негізгі түсініктері.
ISDN желісі (Integrated Services Digital Network - ISDN) телефонды цифрлық желiсi негiзде жасалынады және цифрлық түрде шеткi құрылғылардың арасындағы ақпарат таратуды қамтамасыз етедi. Бұл ретте абонентке кең спектрлі дауыстар жеткiзiлiп берiледi (мысалы, жоғары сапалы телефондық байланысы және жоғары жылдамдықты мәліметтер тарату,мәтін жіберу, видеобейнелердi, видео-байланыс мәтiндерін жіберу және т.б). ISDN қызметтеріне қол жеткiзу стандартталған [3, 4] интерфейстері арқылы жүзеге асады.
Қазіргі таңда ISDN желісінің негізінде таралған абоненттiк желi ресурстарының екi түрі бар:
-Базалық (Basic Rate Interface - BRI)В= 64 кбит/c, D=16 кбит/c-тан тұратын негiзi 2B+D құрылымды, бұл ретте топтық жылдамдығы 144 кбит/с, синхронизациялық арна болған жағдайда линиядағы берiлiс жылдамдығы 160 кбит/с немесе 192 кбит/с тең;
-Біріншілік (Primary Rate Interface - PRI) В= 64 кбит/c ,D=64 кбит/c-тан тұратын негізі 30В+D құрылымды,бұл ретте синхронды сигналдарды есептеудегі берiлiс жылдамдығы - 2048 кбит/-шiболады.
ISDN негізгі қатынауы.
ISDN желісінде екі өткізгішті мыс сыммен цифрлық ақпарат беруі 160 кбит/с жылдамдықта (кабель ұзындығы 8 км аспайтын, көлденең қима диаметрі 0,6 мм немесе 4 км аспайтын, көлденең қима диаметрі 0,4 мм ) болатын нормальды шарттарда орындалады. 2B+D құрылымда жұмыс істейтін мыс жұбы (144 кбит/с пайдалы ақпараттан тұратын) синхронизациялы мәліметтерді қолдау (160 кбит/с ортақ ақпараты) Uk0-интерфейс құрамына кіреді. Мыс жұбы қолданушы жақтан (network termination NT ) терминалдық аяқталуды аяқтайды. Терминалдық аяқталу (160 кбит/с) екi өткiзгiштi Uk0-интерфейсін (192 кбит/с) төрт сымды S0-интерфейсіне ауыстырады; 2B+D торлық аяқталу екі бағыттағы жағдай үшiн айқын. Желiнiң операторы терминалдық аяқталуға станциядан терминалға дейiн қосылуға ғана жауапты болады, ал NT абонентке дейiн бөлiмшеге, абонентке жауап бередi. S0 - интерфейсі негiзгi ISDN станциямен үйреншiктi тiркеуiш арқылы ISDN- жабдықтарының бірігуі мүмкiндігінің сабақтастығын қарайтын жалғағыш шина (3.1 суретті қара). Кеңселік станция үшін S0-интерфейсі-бұл кеңселiк станциясының (3.2 суретті қара) негiзгi ISDN станциямен сабақтастырылатын нүктесі. S0 шина ұзындығы бiр шақырымнан аспауы керек.
ISDN біріншілік қатынауы.
Негiзгi қатынау тәрiздi, В- алғашқы қатынау арналарында пайдаланады және жеке-жеке ауыстырып қосады, ал (D-арнадық хабарлама) сигналдық ақпарат D-арнасына берiледi.
3.1 сурет - Жеке қолданушы үшiн негiзгi қатынау
3.2 сурет - Аз сыйымдылықты УАТС үшiн негiзгi қатынау
Бiрақ негiзгi қатынауға қарағанда, D-арнасы сигналдық ақпаратты беру, пакеттi-бағдарланған қолданбалы мәлiметтер кеңселiк станцияда сигналдық ақпараттан және берiлуден В-арналарына бөлiп алуы керек. ИКМ буыны, жұмыс iстейтiн алғашқы қатынау 30В+D, Uk2pm интерфейс деп аталады немесе Uk2m интерфейсі деп аталады. Абонент жақтан линияның аяқталуы жағынан Uk2m интерфейс S2m интерфейске басқа түрге өзгертетiн (NT) терминалдық аяқталу сияқты рәсiмделген. Қашықтығы кеңселiк станциядан NT кеңселiкке дейiн бiр шақырымнан аспауы керек.
Кеңселiк станция ISDN станциясымен қосылып S2рm интерфейсі арқылы ортақ пайдаланылады. Кеңселiк станцияны пайдалануда S0-интерфейсі шина сияқты терминалдық жабдықты (3.3 суреттi қара) қосуы үшiн пайдаланылады.
ISDN желісіндегі DSS1 абоненттік сигнализациясы.
ISDN желiсiнің абоненттiк бөлiмшесiндегi жүйе сигнализациясы [3, 4] (Еуропалық цифрлық сигнализация жүйесi №1) EDSS1 деп аталады. Негізгі сигнализациялық жүйе базалық және біріншілік жүйеде қолданылады. EDSS1-дiң көмегiмен қосылуды және ажыратуды қамтамасыз етеді, қолданушылар мен абоненттер арасында тапсырыс орындалады, ақпараттар таратылады.
3.3 сурет - УАТС үшін орта және үлкен көлемді біріншілік желі
Қолданушы сигнализация - желi ашық жүйелердің өзара әсерлесуінің үш төменгi деңгейлерi шегiнде орналасады және келесi функцияларды орындайды:
Достарыңызбен бөлісу: |