Коммерциялық емес акционерлік қоғам



жүктеу 0,81 Mb.
бет9/16
Дата21.01.2022
өлшемі0,81 Mb.
#34509
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16
мультисервистік желілер

Хаттамалар және өткізу қабілеті.

V5 интерфейсі әртүрлі хаттамалардың қосындысы әрекет етеді. Бұл - ISDN базалық байланысты басқарудың хаттамасы, ЖҚТф байланыстарын басқару хаттамасы және қызмет хаттамалары (басқару, интерфейс тракттарын басқару, атқаратын арнадар мен қорғаныстың тағайындалуы). ЖҚТф хаттамасы және басқару хаттамасы екі V5.1 және V5.2 интерфейсінде, ал басқа қызмет хаттамалары V5.2 интерфейсінде ғана әрекет етеді.

Q.921 ұсынысында ISDN үшін D-арнаы бойынша таратылатын әртүрлі V5 интерфейсінің 2-ші деңгейінінің мекен-жайына сәйкес келетін үш мәлімет типі қарастырылған. ISDN қолданбалы порттарының D-арнаының ақпараты: байланысты басқарудың сигналды ақпаратынан (s-тип), тұтынушыдан тұтынушыға кадрларды трансляциялау мәліметінен (f-тип) және тұтынушыдан тұтынушыға таратылатын пакеттік мәліметтерден (р-тип) тұрады. р- және f-типтерінің мәліметтері әдетте пакет коммутаторына және кадр трансляциясына маршрутталады.

Жоғарыда айтылған хаттамалардың әрқайсысының орындалуы V5 интерфейсі арқылы сәйкес келетін мәліметтерді таратумен бірге жүреді. Қорыта келгенде, V5.2 интерфейс арқылы таратылатын мәліметтер:

-      р-типті — ISDN D-арнаының мәліметтері SAPI мен==16;

-      f-типті — ISDN D-арнаының мәліметтері SAPI мен==32-64;

-      Ds-типті — ISDN D-арнаының сигналды ақпараты (SAPI жоғарыда айтылғандардың ешқайсысына тең емес);

-      ЖҚТф сигналды ақпарат;

-      қызмет басқару хаттамасының ақпараты;

-      қызмет тракттарды басқару хаттамасының ақпараты;

-      атқаратын арнадың тағайындалуының қызмет хаттамасының ақпараты (ВСС-хаттамасы);

-      резервтеу қызмет хаттамасының ақпараты.

Бір типті мәлімет тарату үшін V5 интерфейсінде бөлінетін ресурс С-жолы деп аталады. Бұл топта басқа С-жолдардан таратылатын мәліметтер типімен ерекшеленетін және олардың арасында резервтеу хаттамасының ақпаратын тарататын С-жол болмайтын, бір немесе бірнеше С-жолдан тұратын топ логикалық С-арнады құрады. V5 интерфейсінің трактындағы логикалық С-арнасын таратуға арналған 64 кбит/с арна физикалық С-арнасы деп аталады.

Қызмет хаттамасының басқару ақпаратын таратуға арналған С-жолдар, В-арнадарының тағайындалуы, тракттарды басқару және резервтеу әрқашан бірінші тракттың 16 арна аралығында орналасу керек. ISDN қолданбалы порттарың р-, f-және Ds-типті мәліметтер таратылатын С-жолдар бір логикалық С-арнаында орналаса алады немесе тарату үшін әртүрлі С-арналарда бөлінуі мүмкін. Осы ретте бір қолданбалы порттың р-, f- және Ds-типті мәліметтері әртүрлі логикалық С-арнадарда таратылмауы керек. Әр ISDN қолданбалы порты үш типтің әрқайсысының мәліметі үшін әрқашан бір V5 арна аралығын пайдаланады, бірақ әртүрлі типтер үшін әртүрлі V5 арна аралықтарын пайдалануы мүмкін. Бір типтің мәліметі үшін әртүрлі ISDN қолданбалы порттары әртүрлі С-жолдарын әртүрлі V5 арна аралықтарында пайдалана алады. ЖҚТф байланыстарын басқаратын хаттама да бір арна аралығын пайдаланады, бірақ ол да, ISDN D-арнаының мәліметтері бар С-жолдар да қызмет хаттамалары ресурсты ұлғайту үшін қолданатын арна аралығын ала алмайды. Ол ресурс базалық станцияны басқару хаттамасына қолданбалы порттар саны немесе ISDN D-арнасының жүктемесі өскенде қажет болады.

V5.1 интерфейсінде сәйкес келетін, басқа хаттамалармен немесе ISDN-нің С-жолдарының басқа типтерімен бөлінетін немесе бөлінбейтін жеке арна аралығы бар, ISDN сигнализация мәліметтеріне арналған бір ғана С-жол (Cs-жол) бар. Мұндай жол, үш арна аралығына дейін қолданатын, ISDN-нің Ср-жолдары (пакеттік мәлімет) және ISDN-нің Cf-жолдары (кадрларды трансляциялау) болуы мүмкін.

V5.2 интерфейсінде қызмет басқару хаттамасы қолданған арна аралығын қолданатын басқа да қызмет хаттамалары әрекет етеді. V5.2 интерфейсінде, қатынау желісі мен ақырғы станция арасында сигналдық ақпарат пен қызмет хаттамаларының мәліметтері таратылып отыратын, логикалық С-арнасын резервтеу мүмкіндігі қарастырылған.

V5.2 интерфейсінде тракттарды басқару хаттамасында тракты идентификацилау, блоктау немесе блокты шешуге мүмкіндік береді. Тракттарды блоктау және блокты шешу интерфейстегі жүктеме легіне қалыпты қызмет көрсетуді қамтамасыз ету және оның жүктемесі өскен сайын өткізу қабілетін өсіру үшін арналған.

Атқаратын арнаның тағайындалу хаттамасы (ВСС — bearer channel connection), қолданбалы порттар мен АТС арасында ақпаратты 64 кбит/с жылдамдықпен тарату үшін қолданылатын V5 интерфейсінің атқаратын арна аралығымен жұмыс жасайды. Бұл арна аралықтары, қолданбалы портқа қатынау желісінде, станцияда белгілі бір қолданбалы порт үшін қандай арна аралығы пайдаланатынын білетіндей етіп тағайындалады. V5.1 интерфейсінде статикалық, шақырудан шақыруға қарай өзгермейтін атқаратын арна аралығының тағайындалуы қарастырылады; ол қызмет басқару хаттамасының мүмкіншіліктерімен өзгертілуі мүмкін. V5.2 интерфейсінде қолданбалы порттар үшін атқаратын арнадың тағайындалуы – динамикалық, әр шақыру үшін өндіріледі. Қолданбалы порттардың атқаратын арнаы V5.2 интерфейсінің атқаратын арна аралығының бейнеленуі ВСС хаттамасымен қамтамасыз етіледі. V5.2 интерфейсінде атқаратын арна аралығының динамикалық тағайындалуы да ақпараттық жүктеменің концентрациясын қамтамасыз етеді. Әдетте 8 концентрация коэффициенті қолданылатынын санағанда 16 тракты бар бір V5.2 интерфейсімен 4000 ЖҚТф портты қатынау желісіне қызмет көрсетуге болады. Бір V5.1 интерфейсі тек қана 30 ЖҚТф портын жұмыс істете алады. Себебі аз дегенде тракттың бір арна аралығы сигнализация, тағы біреуі – циклдық синхронизация үшін қажет.

 

 


жүктеу 0,81 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау