Коммерциялық емес акционерлік қоғам
Алматы энергетика және байланыс университеті
Автоматты электрбайланыс кафедрасы
АБОНЕНТТІК ҚАТЫНАУДЫҢ МУЛЬТИСЕРВИСТІК ЕЛІЛЕРІ
5В071900 - Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар мамандығының студенттеріне арналған
дәрістер жинағы
Алматы 2013
Құрастырушылар: А.Д.Мухамеджанова, Ю.М. Гармашова. Абоненттік қатынаудың мультисервистік желілері. 5В071900 - Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар мамандығының студенттеріне арналған дәрістер жинағы. - Алматы: АЭжБУ, 2013.- 50 б.
Абоненттік қатынаудың мультисервистік желілері пәнінен он бір дәрістің жинағы баяндалған. Онда абоненттік қатынаудың мультисервистік желілері туралы негізгі түсініктер, құрылу принциптері, функионалдануы және басқару көрсетілген.
Без. 24, кесте 2, әдеби көрсеткіші - 13 атау.
Пікір беруші: М.В.Башкиров
«Алматы энергетика және байланыс университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының 2013 ж. баспа жоспары бойынша басылады
©"Алматы энергетика және байланыс университеті " КЕАҚ, 2013 ж.
Кіріспе
Пәнді оқытудың мақсаты абоненттік қатынаудың мультисервистік желілерінің құрылымын және жұмыс істеуін үйрету болып табылады.
Пән желіде қолданылатын абоненттік қатынаудың сымды және сымсыз мультисервистік желісінің құрылымы мен жұмыс істеу себептері, желіде қолданылатын хаттамалар, беру әдістері қарастырылады.
Сондай-ақ, пәнде абоненттік қатынаудың мультисервистік желілерінде қолданылатын барлық технологиялары көрсетіледі.
Абоненттік қатынаудың мультисервистік желілерінің құрылымы мен жұмыс істеуінің негізгі принциптерін үйреніп, студент абоненттік қатынаудың мультқызметтік желілерін талдауды, жобалауды және пайдаланануды біледі, сондай-ақ жаңа желілерді жобалау кезінде қолайлы көзқараспен техникалық шешімді ұсынады.
Пәнді оқыту мақсаты абоненттік қатынаудың мультисервистік желілерінің құрылымы мен жұмыс істеудің негізгі принциптерін игерген, телекоммуникациялық байланыс желілері есептерін шешу үшін қажетті және оларды пайдалануды маманданған, студенттердің даярлығы болып табылады.
Пәнді оқыту міндеттері абоненттік қатынаудың мультисервистік желілері құрылымы мен жұмыс істеу принциптерін, желілер параметрлерінің есебін меңгеру болып табылады.
Осы пән үшін оқу жоспарымен 3 несие 135 сағат, оның ішінде аудитория сабақтары үшін – 52, өзіндік жұмыс үшін -90 сағат белгіленген.
Достарыңызбен бөлісу: |