2 дәріс. Абоненттік қатынаудың мультисервистік желілерінің негізгі ұғымы
Дәріс мақсаты: студенттердің абоненттік қатынаудың мультисервистік желілерінің негізгі ұғымын оқып үйрену.
Мазмұны: абоненттік қатынаудың мультисервистік желілерінің негізгі ұғымын анықтау:
- АҚМЖ технологиясы;
- Сымды технологиясы.
АҚМЖ негізгі ұғымы.
Абоненттік қатынаудың мультисервистік желілері соңғы тұтынушылар (жүйелер) және транспорттық желілер арасында біртекті трафикті таратуды қамтамасыз ететін, біркелкі желілік архитектураны қолданатын желі болып табылады, бұл жағдайда құрылғылар түрлері мен бірдей стандарттар қолдануды азайтуға мүмкіндік береді [1, 2].
АҚМЖ архитектурасы мен функциялары ұсынатын үш қызмет түрін ұстануы тиіс:
- хабарлау (дыбыс, телефондық байланыс, хабарлама поштасы т.б.), - деректерді беру (интернет, электронды пошта, электронды төлемдер және т.б);
- бейнеақпараттарды беру (сұраныс бойынша бейне, телебағдарламалар, бейнеконференция және т.б.).
Мультисервистік қатынау желілерінің концепциясы негізгі екі бағыттан тұрады:
- қолданылатын абоненттік желілерді тиімді пайдалану;
- кіру жүйелерінің құрылысын жаңа технологиямен пайдалану.
АҚМЖ технологиясы.
АҚМЖ технологияны әртүрлі жіктеуге болады. Осындай тәсілдердің бірі – тасымалдау ортасына сәйкес технологияны екі топқа бөлу [1, 2]:
- сымды;
- сымсыз.
1) Сымды – (толық немесе жекелей) физикалық тізбек қолданылады. Бұл оралған мыс сымдар жұбы, коаксилдық кабельдер, оптикалық талшық, электрлік қуат көзін өткізгіш сымдар және басқалары болуы мүмкін. Олардың арасында мыс сым жұптарын қолданатын, екі көзқарастағы технология топтарын атауға болады. Біріншіден, олар бірқатар жаңа инфокоммуникациялық қызметті қамтамасыз етеді. Екіншіден, осы технологияның дәстүрлі физикалық тізбегін пайдалана отырып қатынау желілерінің жаңарту шығындарын төмендетеді, тіпті егер жаңа қызметке төлем қабілеттілігіне сұраныс болса да, төмен деңгейде болады.
Сымды құралдардың базасындағы технология келесі топтар бойынша бөлінген:
- жалпы қолданылатын телефондық желіліердегі абоненттерге ұсынылған қызметтер;
- интегралдық қызмет көрсететін цифрлық желілер қызметтеріне қатынау технологиясы (ISDN);
- цифрлық абоненттік линиялардың технологиясы – xDSL (оралған мыс сымдар жұбы – симметриялық кабель);
- локальді есептеуіш желілерінің технологиясы LAN (оралған жұбы, коаксиалді кабель және талшықты - оптикалық кабель);
- оптикалық қатынау технологиясы OAN (оптикалық кабель);
- кабельдік телеарна желілерінің технологиясы (каоксиалды және талшықты – оптикалық кабельдер);
- ұжымдық қатынау желілерінің технологиясы (электрлік қоректендіру желілерінің өткізгіші, радиотрансляция желілерінің өткізгіші).
Осы топта сондай-ақ сымсыз абоненттік желі физикалық тізбекпен үйлесетінін атап өту қажет. Мұндай жағдайда екі сымды физикалық тізбекке ауысу “x” арқылы жүзеге асады, бұл технология ауылдық жерлерде қолдананылады.
Осы топтағы технология классификациясы 2.1 - кестеде қолданылады.
2) Сымсыз – радиобайланысы базасында сымды байланыс мүмкіндігін толықтырып, кеңейтеді және толық спектрді іске асырады.Ақпараттық қызметтер: телефон хабарламаларын хабарлау, мәліметтермен алмасу.
Сымды технологиялар [1,2].
2.1 - кестеде келтірілген нақты сымды технологияны қарастырайық.
Жалпы қолданылатын телефондық желілер (ЖҚТф) телефон қызметін ұсыну үшін құрылды. ЖҚТф қызметі шектеулі жинағына абоненттердің кіруі (телефондық және факсимильдық аппараттар және модемдер), телефондық қосылулардың алгоритммен орнатылуына сәйкес іске қосылатын, жабдықтары көмегімен мыс сымдар жұбы негізінде байланыс желісі бойынша жүзеге асырылады.
ISDN (Integrated Services Digital Network) желісі – интегралдық қызмет көрсететін цифрлық желілер – коммутация арналарының байланыс сандық желісі. ISDN желісіне кіру симметриялық абоненттік кабель арқылы жүзеге асырылады, сонымен бірге ұсынылған қызметтер жиыны ЖҚТф салыстырғанда көп.
xDSL даму- қатынаудың мыс сымдарының орамдары бойынша сигналдарды беру тәсілдері көрсетіледі. Осы технология мультимедиялық ақпараттарды хабарлау бойынша кең спектрге кіруді қамтамасыз етеді. Стандарттау мәселелерімен, сондай-ақ нарықта xDSL технологиясының дамуымен әртүрлі халықаралық ұйымдар айналысуда (ITU, ANSI, ETSI, DAVIC, ATM Forum, ADSL Forum). Аталған технологияны келесі топтарға бөлуге болады: xDSL-қатынаудың симметриялық және асимметриялық түрі. Алғашқылары корпоративтік секторда қолданылса, екіншілері көп жағдайда жеке пайданушыларға қызметін ұсынуға арналған.
2.1 кесте – Сымды технологиялар жіктелуі
Сымды технологиялар
|
ЖПТф
|
телефон
факс
модем ПД
Бөлінген линия
|
ISDN
|
ISDN-BRA
ISDN-PRA
|
ЛЕЖ (LAN) технологиялары
|
Ethernet жанұясы
|
Ethernet
Fast Ethernet
Gigabit Ethernet
|
Tokeng Ring жанұясы
|
Token Ring
HSTR
|
FDDI жанұясы
|
FDDI
CDDI
SDDI
Ethernet over VDSL (EoV)
|
xDSL технологиялары
|
Симметриялық
|
IDSL
HDSL
SDSL
SHDSL
MDSL
MSDSL
VDSL и т.д.
|
Асимметриялық
|
ADSL
RADSL
G.Lite
ADSL2
ADSL2+
VDSL и т.д.
|
Оптикалық қатынау технологиялары
|
FTTx активті желілері
|
FTTH
FTTB
FTTC
FTTCab ит.д.
|
xPON пассивті желілері
|
APON
EPON
BPON
GPONит.д.
|
Кабельді ТV технологиялары
|
DOCSIS 1.0
DOCSIS 1.1
DOCSIS 2.0
Euro-DOCSIS
J.112
IPCable-Com
Packet-Cable
|
Ұжымдық қатынау желілерінің технологиялары
|
– HPNA 1.x
– HPNA 2.0
– HPNA 3.0
|
Электрқоректендіру желілерінің негізінде
|
Home Plug 1.0 specification
|
Кабелді жүйенің негізінде
|
EFM
|
Қызметтің көп көлемі OAN оптикалық қатынау жүйесінің көмегімен пайдаланушыға ұсынылуы мүмкін (OpticalAccessNetworks) – активті (FTTH, FTTB. FTTC, FTTCab) немесе пассивті PON (PassiveOpticalNetworks). Қатынаудың жаңа технологиясымен, оптикалық технологияны жасау және алға жылжытумен халықаралық консорциум FSAN (Full Service Access Network) айналысады.
Ұжымдық қатынау желісі (ҰҚЖ) көп қабатты үйлерде тұратын жеке пайдаланушылар үшін қымбат емес Интернетке кіруді ұйымдастыру үшін арналған.
Ұжымдық қатынаудың идеясы үйлердегі кабельді инфраструктураны (орамды мыс сымды жұбы, радиотрансляциялық жүйе, электрөткізгіш сымдар) пайдаланудан тұрады. Интернетке қосылатын үйде трафик концентраторы орнатылады. Транспорт жүйесі қызметінің торабына концентраторды қосу үшін (PON, FWA, спутник және т.б.) әртүрлі технологиялар қолданылады. Сонымен, ұжымдық қатынау желілері, өзіне ұжымдық қатынау желілерін қосатын гибридті болып табылады.
Кабелді телеарна желілері о бастан коаксилді кабель негізінде таратушы жүйе бойынша теледидарлық трансляцияларды ұйымдастыру үшін арналған және бір бағыт бойынша жасалған.
90-шы жылдардың басында сансыз көп болған телеарна арналары – Hybrid Fiber Coaxial (HFC). Телеарна арналарында гибридті жүйелерінің базасында мультимедиялық қызметке қатынаудың интерактивтік жүйелерінің технологиясын құрудың және енгізудің сәтсіздіктері болды. HFC-жүйелерін бұқаралық тарату DOCSIS (Data Over Cable Service Interface Specification) стандарты пайда болғаннан кейін басталды.
LAN технологиясы локальды желілердің ресурстарына пайдаланушылардың қатынауын қамтамасыз ету үшін жасалады. Басқа ресурстардың қызметіне пайдаланушылар қатынау үшін (Интернет, корпоративті жүйе және т.б.) LAN транспорттық жүйеге қосуды қамтамасыз ететін, заманауи LAN гибридті технологиямен жасалған және LAN өзіне және жүйеге қосады.
Достарыңызбен бөлісу: |