3
Коммерциялық
емес акционерлік
қоғам
ЭЛЕКТР ТОРАПТАРЫ МЕН ЖҮЙЕЛЕРІ
5В081200 - Ауыл шаруашылығын энергиямен қамтамасыз ету мамандығының
студенттері үшін дәрістер жинағы
Алматы 2017
АЛМАТЫ
ЭНЕРГЕТИКА
ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС
УНИВЕРСИТЕТІ
Электр станциялары,
электр энергетикалық
жүйелер кафедрасы
4
ҚҰРАСТЫРУШЫЛАР Генбач Н.А., Оржанова Ж.К., Дуйсенова Ш.Т.
Электр тораптары мен жүйелері. - 5В081200 Ауыл шаруашылығын
энергиямен қамтамасыз ету мамандығының студенттері үшін дәрістер жинағы
- Алматы: АЭжБУ, 2017. - 65 б.
5В081200 «Ауыл шаруашылығын энергиямен қамтамасыз ету»
мамандығының студенттері үшін дәрістер жинағы.
Дәрістер жинағында жай тұйықталған және тұйықталмаған электрлік
тораптардың жұмыс режимдерін есептеу, күрделі конфигурацияға ие
тораптарды есептеу, электр энергетикалық жүйелердің жұмыс режимдері,
сонымен қатар электр энергия сапасы мен электрлік тораптардағы кернеуді
реттеу қарастырылған
.
Без.-28, әдеб.көрсеткіші- 7 атау
Пікір беруші: техн.ғыл.канд., ЭиАПУ кафедрасының доценті Гали К.О.
«Алматы энергетика және байланыс университеті» коммерциялық емес
акционерлік қоғамының 2017 ж. баспа жоспары бойынша басылады.
© «Алматы энергетика және байланыс университеті» КЕАҚ 2017 ж.
5
Кіріспе
Электр энергиясы энергияның ең әмбебап түрі болып табылады. Ол өте
қарапайым және тиімді энергияның басқа түрлеріне – жылу, механикалық,
жарық және т.б. түрленуі мүмкін. Электр энергиясы автоматика, электроника
және т.б. құрылғыларында едәуір қолданыс табады, оларсыз осы кездегі
аппараттар және техникалық құрылымдардың жұмыс істеуі мүмкін емес.
Сондықтан осы кезде электр энергиясы біздің республиканың шаруашылық
тіршілігінің барлық салаларында кеңінен пайдаланылады.
Энергетикалық теңгерімді құрастыру, бөлек аудандардың даму
болашағы және шикізат ресурстарын анықтау, электрстанциялардың қуаты
және орналасуын таңдау, ірі энергия сыйымды кәсіпорындарды орналастыру,
энергия жүйелерін біріктіру мәселелері электр тораптарын ескермей шешілуі
мүмкін емес. Мұнда электрстанциялардың, электр тораптарының және т.б. ең
тиімді параметрлерін бөлек таңдауға болмайды. Бұл мәселелер энергетикалық
ресурстарды ең тиімді және оңтайлы пайдалануды қамтамасыз етіп, өзара
әсерді ескеріп, кешенді түрде шешуге көмектеседі. Тек осыдан кейін электр
жүйелерінің бөлек элементтерінің: электрстанциялардың, әртүрлі кернеудегі
электр тораптарының, қорғаныс және автоматика құрылғыларының және т.б.
жұмыстық жобалауын жүргізуге болады.
Электрберіліс желілері және электрстанциялар және қосалқы
станциялар жабдығы олардың жұмыс атқару кезінде әртүрлі әрекеттердің
әсерінен, мысалы атмосфералықтан, зақымдалуы мүмкін. Нәтижесінде
тұтынушылардың
электрмен
жабдықталуы
бұзылуы
мүмкін.
Электрстанцияларды қатарлас жұмысқа біріктіргенде осы желілермен
жеткізілетін қуаттардың шектеулі мәндерін ескеру керек. Шектеулі мәндерден
асқан жағдайда электрстанциялардың қатарлас жұмысының орнықтылығы
бұзылуы мүмкін, бұл тұтынушылардың электрмен жабдықталуының
бұзылуына алып келеді.
Сонымен, электр тораптарының жұмыс шарттарымен электр жүйелері
және соның ішінде электрстанцияларға кіретін барлық нысандардың жұмыс
шарттары өзара байланысты. Тораптардың жұмыс шарттарымен барлық
қорғаныс және автоматика құрылғыларына және найзағайдан қорғаныс пен
коммутациялық асқын кернеулерден қорғаныс құрылғыларына қойылатын
талаптар анықталады.
6
1 Дәріс №1. Электрэнергетикалық жүйелер және электр тораптары
туралы жалпы ұғымдар
Дәріс мақсаты: электрэнергетикалық жүйелер және электр тораптары
туралы жалпы ұғымдарды оқып үйрену
1.1 Электр торабы электрэнергетикалық жүйенің бір бөлігі есебінде
Электрэнергетикалық немесе электр жүйесі деп, әдетте энергетикалық
жүйенің электрлік бөлігін түсінеді. Энергетикалық жүйе - энергияның
барлық түрлерін алу, түрлендіру, тарату және пайдалану тізбегінің барлық
буындарының жиынтығы.
Сонымен, энергетикалық
жүйе
энергия
ресурстарының көздерінен, қазандардан, турбиналардан, генераторлардан,
бойлерлерден, электрберіліс желілерінен, трансформаторлардан және
электрэнергияның тұтынушыларынан тұрады.
Электрэнергетикалық жүйе тек қана электрэнергиясын өндіреді,
түрлендіреді, таратады және тұтынады. Электрстанцияларды өзара біріктіреді,
олар электрберіліс желілерінің көмегімен электрэнергия тұтынушыларымен
байланысады. Мұнда төмендегідей маңызды техникалық-экономикалық
құндылықтар пайда болады:
- генераторлардың және электрстанциялардың бірлік қуатын көбейту
мүмкіндігі. Бұл орнатылған қуаттың 1 кВт құнын төмендетеді;
- тұтынушылардың электрмен жабдықтау сенімділігінің едәуір өсуі;
- электрстанциялардың әртүрлі типтерінің жұмыс тиімділігінің өсуі.
Мұнда ГЭС қуатын ең тиімді пайдалану және ЖЭС жұмысының ең
тиімді режимдері қамтамасыз етіледі;
- электрстанцияларда қажетті резервтік қуаттың төмендеуі.
Электр тораптары – бұл электрэнергияны жеткізу және таратуға
арналған электрэнергетикалық жүйенің элементтері. Олар электрберіліс
желілерінен, қосалқы станциялардан, таратушы және ауыстырып қосқыш
пункттерден тұрады.
1.2 Электр тораптарын жіктеу
Электр тораптарын көрсеткіштердің бір қатарымен жіктеу тиімді,
олардың негізгілері: қиыстырмалық жасалынуы, токтың тегі, номиналды
кернеу, торап бағыты, торап сұлбасының түрі.
Қиыстырмалық жасалынуы бойынша ауа, кабель желілерін және ішкі
тартылымдарды айырады. Ауа желісі деп, тіректерде жердің үстінде
оқшаулағыштардың көмегімен ілінген оқшауланбаған сымдармен жасалған
желіні айтады.
Кабель деп, өзара және қоршаған ортадан оқшауланған сымдардың
жүйесін айтады. Кабельмен жасалған желілер немесе кабель желілері, әдетте