1 Зертханалық жұмыс № 1. Database Desktop - пен жұмыс, деректер
қорларының бүркеме атауларын (псевдоним) құру
Жұмыс мақсаты:
1) Database Desktop утилитасымен жұмыс.
2) Database Desktop көмегімен кестелерді құру және редакциялау
процессін оқып білу.
Жалпы ақпарат
Database Desktop.
Database Desktop – Delphi-мен бірге ұсынылатын утилита. Ол локалді
деректер қорларының әр түрлі форматты кестелермен – Paradox және dBase,
сонымен қатар InterBase SQL-серверлі деректер қорлары, Oracle, Informix,
Sybase (SQL Links қолданып) – интерактивті жұмыс жасау үшін беріледі.
Утилитаның орындалатын файлы DBD32.EXE деп аталады. Database Desktop
орындау үшін оның иконкасына екі рет басу қажет [1].
Database Desktop іске қосу:
1) Delphi-ді қосу.
2) Delphi мәзірінде Tools бөлімін таңдау.
3) Пайда болған тізімде Database Desktop жолын таңдау.
4) Пуск батырмасын басу.
5) Бас мәзірден Программы жолын таңдау.
6) Пайда болған тізімнен Delphi 7 жолын таңдау.
7) Келесі тізімде Database Desktop жолын таңдау.
8) Database Desktop ашылғаннан кейін экранда терезе пайда болады (1
сурет).
1 сурет – Database Desktop терезесі
Database Desktop-те кесте құру:
Database Desktop бағдарламасын қосу;
Пайда болған терезеде: File►New►Table таңдау (2 сурет).
2 сурет – Database Desktopтерезесі
Кесте форматы ретінде Paradox таңдаймыз. Осыдан кейін кесте құру
терезесі пайда болады. Оның ішінде кесте өрістерін (бағандарын) және
олардың типтерін анықтауға болады (3 сурет) [1].
3 сурет – Paradox кестесін құру
Терезені ашқаннан кейін бірден оның оң жағында Table properties
тізімінде Validity Chekcs пункті таңдалған. Ол өрістер (бағандар) құрамын
бақылауға мүмкіндік береді. Required Fields жалаушасы көмегімен жаңа жазу
енгізгенде міндетті түрде өрісті толтыруды талап етуге болады. Сонымен
қатар Minimum Value және Maximum Value жолдарында сандық өрістің
минималды және максималды мәнін бақылауға болады. Default Value
жолында өрістің бірден қабылданған (по умолчанию) мәнін көрсетуге болады
– жаңа жазу енгізген кезде мән бұл өріске BDE орнатады. Picture жолы
көмегімен өріс мәнін автоматты форматтау үлгісін (шаблонын) беруге
болады. Мысалы, егер (###)###-#### үлгісі берілсе және өріске 9054005647
жолы енгізілсе, ол автоматты түрде (905)400-5647 түріне келтіріледі.
Батырмалар:
1) Borrow… – кесте құрылымын басқа кестеден көшіруді іске асырады;
2) Save as… – кесте құрылымындағы өзгерістерді сақтайды;
3) Cancel – сақтаусыз шығып кету;
4) Help – анықтаманы шақыру.
Кесте құрылымын анықтау үшін бұл терезеде келесі графаларды
толтыру қажет:
1) Field Name – Өріс атауы.
2) Type – Өріс типі. Тышқанның оң жақ батырмасн басу немесе аралық
(пробел) клавишін басу арқылы мүмкін болатын типтер тізімін шақырады.
3) Size - Өлшем. Өріс өлшемін анықтайды. Өрістер типтерінің
барлығында бірдей өлшемдер бола бермейді. Типтердің көпшілігінде
өзгертілмейтін стандартты өлшемдер болады. Негізінен өлшемдер (Alpha),
бинарлы (Binary) және тағы басқа жолдық типтерде өзгереді.
4) Key – Кілт. Тышқан батырмасын екі рет басу кілттік өрісті
анықтайды. Тек қана бірінші өрістер (баған) кілттік бола алады. Екінші өріс
(баған) біріншімен бірге ғана кілттік бола алады [2].
1 кесте – Paradox форматындағы өрістер типтері
Alpha
1-255 байт ұзындықты жол, кез келген басылып енгізілетін
символдардан тұрады
Number
8 байт ұзындықты сандық өріс, мәні оң немесе теріс бола
алады. Сандар диапазоны – 15 орынды сандармен 10-308
бастап 10308 дейін
$ (Money)
Сандық өріс, мәні оң немесе теріс бола алады. Бірден
қабылданған (по умолчанию), ондық нүктені және қаржы
белгісін бейнелеу үшін форматталған болып келеді
Short
2 байт ұзындықты сандық өріс, -32768-дан 32767-ға дейінгі
диапазондағы тек қана бүтін сандардан тұра алады
Long Integer 4
байт ұзындықты сандық өріс, -2147483648-дан
2147483648-ға дейінгі диапазондағы бүтін сандардан тұра
алады
# (BCD)
сандық өріс, BCD (Binary Coded Decimal) форматындағы
деректерден
құралады.
Басқа
сандық
форматтарға
қарағанда есептеу жылдамдығы сәл азырақ, дегенмен
нақтылығы әлде қайда жоғары. Ондық нүктеден кейін 0-32
цифрлардан тұра алады
Date
4 байт ұзындықты күнтізбе өрісі, біздің дәуірімізге дейінгі
9999 жылдың 1 қаңтарнан бастап – біздің дәуіріміздің 9999
жылының 31 желтоқсанына дейінгі күндерден құрыла
алады. Толы жылдарды (високосные года) дұрыс өңдейді
және күндердің дұрыстығын тексеретін кірістірілген
механизмі бар
Time
4 байт ұзындықты уақыт өрісі, түн жарымынан бастап
миллисекундтармен берілген уақыттан құрылған және 24
сағатпен шектелген
@
(Timestamp)
8 байт ұзындықты жалпыланған күнтізбе өрісі – күндерден
және уақыттан құрылған
Memo
Қосынды ұзындығы 255 байттан асатын символдарды
сақтауға арналған өріс. Кез келген ұзындыққа ие бола
алады. Бірақ, кестені құру кезінде көрсетілетін өлшем
кестеде сақталатын символдар санын білдіреді (1-240) –
қалған символдар .MB кеңейтуі бар бөлек файлда
сақталады
Formatted
Memo
Memo-ға ұқсас өріс, мәтін шрифтін беру мүмкіндігі
қосылған. Сонымен қатар кез келген өлшемді бола алады.
Бұл жағдайда, кестені құру кезінде көрсетілетін өлшем
кестеде сақталатын символдар санын білдіреді (1-240) –
қалған символдар «.MB» кеңейтуі бар бөлек файлда
сақталады. Бірақ, стандартты қамсыздандырудағы Delphi-де
Formatted Memo өрістерімен жұмыс жасау мүмкіндіктері
жоқ
Graphic
Графикалық ақпаратты өріс. Кез келген өлшемді бола
алады. Өлшем мәні Formatted Memo-дағы тәрізді. Database
Desktop Graphic типті өрістер құрай алады, бірақ оларды
толтыру тек қана қосымшаларда іске асырылады
OLE
OLE-деректерінен құрылған өріс (Object Linking and
Embedding) – бейнелер, дыбыс, видео, документтер –
өздерінің өңделуі үшін өздерін құрған қосымшаларды
шақырады. Кез келген өлшемді бола алады. Өлшем мәні
Formatted Memo-дағы тәрізді. Database Desktop OLE типті
өрістер құрай алады, бірақ оларды толтыру тек қана
қосымшаларда іске асырылады. Delphi “турасынан” OLE-
өрістерімен жұмыс жасай алмайды, бірақ бұл ағындарды
қолдану жолымен жеңіл іске асырылады
Logical
1 байт ұзындықты өріс, тек қана екі мән қабылдай алады –
T (true, ақиқат) немесе F (false, жалған). Бас әріптер және
кіші әріптер рұқсат етіледі
+
(Autoincrem
ent)
4
байт
ұзындықты
өріс,
long
integer
типті
редакцияланбайтын (read-only) мәннен құралған. Бұл
өрістің мәні автоматты түрде (1-ден бастап) 1 мәнді
қадаммен ұлғаяды – бұл бірегей жазу идентификаторын
құру үшін өте ыңғайлы (жазудың физикалық нөмірі оның
идентификаторы бола алмайды, өйткені Paradox-та ондай
Достарыңызбен бөлісу: |