Бақылау сұрақтары.
1. Database Desktop утилитасымен жұмыс.
2. Database Desktop қосу.
3. Бүркеме атауды құру.
4. Бүркеме атауды тіркеу.
5. Кестені мәліметтермен қалай толтыруға болады?
6. Paradox кестенің қандай өрістерін таңдайды?
7. Кестені редакциялау.
8. Индекстермен жұмыс.
2 Зертханалық жұмыс № 2. Деректер қорында рұқсат және басқару
компоненттерімен жұмыс. Мәтінді енгізу және редакциялау
Жұмыс мақсаты:
1) Delphi ортасында деректер қорларымен жұмыс жасау үшін
қосымшаларды құрудың бастапқы этаптарын оқып қарастыру:
-ДҚ рұқсат беру компоненттерімен жұмыс: TTable, TDataSource;
-ДҚ басқару компоненттерімен жұмыс: TDBGrid, TDBNavigator.
2) ДҚ мәтінді енгізіп және өңдеп үйрену.
Деректер қорларымен жұмыс жасау үшін қосымшаларды құру әдісінің
қарапайым бағдарламалар құру әдісінен ешқандай айырмашылығы жоқ:
формаға керекті компоненттер қосылады, компоненттердің қасиеттерінің
мәне орнатылады, оқиғаларды өңдеудің керекті процедуралары құрылады.
Деректер қорларымен жұмыс жасайтын қосымша мәліметтерге
қолжетімділікті қамтамасыз ететін, өрістердің құрамын қарауға және өңдеуге
мүмкіндік беретін компоненттерден құрылуы керек. Деректерге рұқсат
беретін компоненттер Data Access қосымша бетінде және BDE компоненттер
палитрасында, ал деректерді бейнелеу компоненттері – Data Controls
қосымша бетінде орналасқан [3].
Деректер қорларына рұқсат және басқарудың негізгі компоненттері.
Деректер қорларына рұқсат компоненттері:
TTable
- ДҚ кестесімен қарым-қатынасты қамтамасыз етеді. TTable
компоненті мәліметтерді қайдан алу қажет екенін және мәліметтер жиынын
қандай өрістер құрайтынын көрсетеді. TTable компонентінің келесі негізгі
қасиеттері бар:
1) DatabaseName – деректер қоры.
2) TableName – кесте аты.
3) Active – кестені активтеу (True мәні оны активтейді).
DatabaseName қасиеті кесте орналасқан деректер қорын анықтайды.
Бұл қасиет келесіден тұра алады:
1) бүркеме атау (псевдоним);
2) жергілікті ДҚ үшін бағыт (жол);
3) Local InterBase үшін деректер қорының файлының жолы және атауы;
4) TDatabase компоненті арқылы анықталған жергілікті бүркеме атау.
TableName қасиеті деректер қоры кестесінің атын анықтайды [3].
TDataSource
- деректер қоры мен деректерді басқару компоненттері
арасындағы байланысты анықтайды. TDataSource компоненті нақты деректер
қорымен байланысқан Table1 компоненті мен, қолданушы кестемен қарым-
қатынас жасайтын, DBGrid1 және DBNavigator1 визуалды компоненттері
арасында аралық буын болып келеді.
Көп жағдайда DataSource жасайтын нәрсе – ол DataSet қасиеттерінде
қажетті Ttable көрсету. Содан кейін DBGrid немесе DBNavigator визуалды
компоненттерінде DataSource қасиеттерінде қазіргі уақытта қолданылатын
TdataSource көрсетіледі.
Data Contorls палитрасынан мәліметтерді басқару компоненттері:
TDBGrid
– ДҚ кестесінің құрамын тор түрінде бейнелейді. Онда
бағандар кесте өрістеріне, ал жолдар кесте жазуларына сәйкес.
Компонент келесі қасиеттерге ие:
Data Source – мәліметтер көзі болып табылатын TDataSource типті
компонентіне сілтемесі бар;
Editor Mode – Егер құрамы true болса, қолданушы F2 немесе Enter
батырмаларын басқаннан кейін ұяшықты өңдей алады. Егер Option қасиеті
goEditing немесе goAlwaysShowEditor мәндеріне ие болса, елемейді;
Option – компоненттің түрін және әрекетін анықтайды;
dgEditing – мәліметтер жиынын өзгертуге рұқсат;
dgAlwaysShowEditor – автоматты түрде бағанды ерекшелеу кезінде
редакторлау режиміне көшіреді;
dgTitles – бағандар тақырыптарын көрсетеді;
dgIndicator – ең сол жақтағы белгіленген бағанда ағымдағы жолдың
индикаторын көрсетеді;
dgColumnResize – қолданушыға бағандардың енін қолмен өзгертуге
рұқсат етеді;
dgColLines – бөлуші вертикальді сызықтарды көрсетеді;
dgRowLines – бөлуші горизонтальді сызықтарды көрсетеді;
dgTabs – Tab батырмасы көмегімен бағаннан бағанға өтуге мүмкіндік
береді;
dgRowSelect – таңдалған жолды толықтай түспен ерекшелеуге
мүмкіндік береді;
dgAlwaysShowSelection – егер компонент енгізу фокусын жоғалтса
ағымдағы жолдың ерекшеленуі сақталады;
dgConfirmDelete – жолдың өшірілуі дәлелденуі қажет;
dgCancelOnExit – егер қолданушы бос жолды қойып және одан шығып
кетсе, ол мәліметтер жиынына орнатылмайды;
dgMultiSelect – жолдардың көптік таңдауына мүмкіндік береді.
TDBNavigator
– жазулардың орынауыстырылуы және өңделуі іске
асырылады (батырмалардың түрі және қызметі DBNavigator пунктінде
көрсетілген). DataSource қасиет көмегімен компонент ТDataSource
мәліметтердің керекті көзімен байланысады – бұл дұрыс жұмыс жасау үшін
керекті нәрсенің бәрі. ConfirmDelete қасиеті жазуларды өшіруді растау
өтінішімен диалогты терезені шығаруды басқарады (бұл қасиеттің True мәні
терезені шығарады) [3].
А, Б тапсырмалары
Керекті нұсқаны таңдап, Delphi бағдарламалық ортасында формаға екі
кестеден орнату (А қосымшасы), деректер қорларына рұқсат және басқару
компоненттерін
қолданып
формалар
құру.
Студенттер
барлық
тапсырмаларды екі нұсқа бойынша орындаулары қажет (А, Б).
Әдістемелік нұсқаулықтар
Студенттер қосымшасын құру:
1) Delphi-ді қосу.
2) Caption қасиетінде форма атын Студенттер деп өзгерту.
3) Формаға TTable компонентін орнату.
Table1 компонентінің келесі қасиеттерін анықтау:
1) Бүркеме
атауды
анықтау
–
объектілер
инспекторының
DatabaseName қасиетінде «Student» бүркеме атауын таңдау.
2) Кесте атын беру – TableName қасиетінде Student кестесін таңдау.
3) Кестені жандандыру – Active қасиетінде true мәнін орнату (бұл
келесі пункттерді орындағаннан кейін мүмкін болады).
Формаға Data Access бетбелгісі бар DataSource компонентін орнату
және объектілер инспекторының DataSet қасиетінде Table1 компонентін
таңдау.
Формада Data Controls бетбелгісі бар DBGrid компонентін орнату және
DataSource қасиетінде DataSource1 таңдау [4].
Егер бірнеше жазу енгізілген болса Студенттер формасының түрі
төмендегідей болады (9 сурет).