Коммерциялық емес
акционерлік қоғам
МӘЛІМЕТТЕР ҚОРЛАРЫНЫҢ ЖҮЙЕСІ
5В070300 – Ақпараттық жүйелер
мамандығының студенттері үшін
зертханалық жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулықтар
Алматы 2014
Ақпараттық
жүйелер
кафедрасы
АЛМАТЫ
ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ
БАЙЛАНЫС
УНИВЕРСИТЕТІ
ҚҰРАСТЫРУШЫЛАР: Б.К. Каирбаева, Н.А. Водолазкина. Мәліметтер
қорларының жүйесі. 5В070300 – Ақпараттық жүйелер мамандығының
студенттеріне арналған зертханалық жұмыстарды орындауға арналған
әдістемелік нұсқаулар. – Алматы: АЭжБУ, 2014. –38 бет.
Әдістемелік нұсқаулар «Мәліметтер қорларының жүйесі» пәні бойынша
компьютерлік сыныптарда зертханалық жұмыстарды орындауға арналған.
Әрбір зертханалық жұмыс оны орындауға арналған, нақты мысалдармен
бекітілген және қажетті түсіндірмелер, сонымен қатар тапсырмалар нұсқалары
мен бақылау сұрақтары көрсетілген, теориялық мағлұматтар берілген.
Әдістемелік нұсқаулар 5В070300 – Ақпараттық жүйелер мамандығының
студенттеріне арналған.
Без. – 32, кесте – 1, әдебиеттер – 9 атау.
Пікір беруші: Р.Қ. Қойлыбаева
«Алматы энергетика және байланыс университеті» коммерциялық емес
акционерлік қоғамының 2014 жылғы баспа жоспары бойынша басылады.
© «Алматы энергетика және байланыс университеті» КЕАҚ, 2014 ж.
Мазмұны
Кіріспе ................................................................................................................ 4
1 Зертханалық жұмыс № 1. Database Desktop - пен жұмыс, деректер
қорларының бүркеме атауларын (псевдоним) құру ...............................
5
2 Зертханалық жұмыс № 2. Деректер қорында рұқсат және басқару
компоненттерімен жұмыс. Мәтінді енгізу және редакциялау ..............
13
3 Зертханалық жұмыс №3. Деректер қорында жазбалар іріктемесі.
Деректер қорында жазбаларды іріктеу және іздеу .................................
21
4 Зертханалық жұмыс № 4. Жазбаларды фильтрлеу ................................. 26
5 Зертханалық жұмыс № 5. Кестелер арасында байланыс орнату ..........
28
6 Зертханалық жұмыс № 6. Есептемелер құру ........................................... 32
А қосымшасы ……………………………………………………………....... 37
Әдебиеттер тізімі .............................................................................................. 38
..
Кіріспе
Деректер базасы жобасын құрғаннан кейін оның нақты деректер
қорлары жүйесінде (ДҚЖ) іске асырылу жұмыстарына кіріссе болады.
Заманауи ақпаратты басқару технологиялар толқыны реляциялық деректер
қорларын басқару жүйелерін қолдануға негізделген.
Деректер қорларын жобалау және құру деректермен тиімді жұмыс
жасау үшін жеткіліксіз: берілген деректерге жүгінуге, оларды толықтыруға
және өзгертуге мүмкіндік болуы қажет. Клиенттік қосымша осыған –
қолданушыға ыңғайлы формада деректермен жұмыс жасауға мүмкіндік
беретін арнайы бағдарламаға – негізделген. Жалпы бір деректер қорымен
көптеген әртүрлі қосымшалар жұмыс жасай алады. Бір деректер қорымен
жұмыс жасайтын қосымшаларды қарастырғанда, олар бір-бірінен тәуелсіз
және қатарлас жұмыс жасай алады деп қаралады. ДҚЖ бірыңғай деректер
қорымен көптеген қосымшалардың жұмысын және деректер қорларындағы
басқа қосымшалармен енгізілген барлық өзгерістерін ескереуге және олардың
әр қайсысы дұрыс жұмыс жасау жұмысын қамтамасыз етуге арналған [1].
Delphi бағдарламалау ортасы аяқталған Windows қосымшаларын
салыстырарлықтай жеңіл және тез құруға рұқсат береді. Сондықтан, ол RAD
деген атауға ие болды (Rapid Application Development – қосымшаларды тез
құру ортасы).
Delphi бағдарламалау ортасында кірістірілген компилятр бар, ол
компьютер процессорына түсінікті, бағдарлама мәтінін машиналық код түріне
айналдырады. Қазіргі кезде бұл компилятор ең тез болып келеді және
Windows қосымшаларын құру үшін қажетті бағдарламалау ортасының жоғары
өнімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Delphi бағдарламалау
ортасының компиляторы дербес exe-файлдарын (атқарылатын файлдар)
құрады. Сондықтан Dephiде құрылған қосымшалар Dephi ортасы
орнатылмаған компьютерлерде жұмыс жасайды.
Ұсынылған зертханалық жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік
нұсқаулықтар студенттермен Delphi ортасында деректер қорларын құру
негіздерін игеру үшін құрылған. Әр зертханалық жұмысты орындау
нұсқаулығы жұмысты орындауға қажетті ілеспелі курстан ақпараттан және
ұқсас тапсырманы орындау мысалдарынан тұрады.
Әр зертханалық жұмыс бойынша студент есеп беруді ұсынуға және
жұмысты қорғауға міндетті.