9 сурет – Студенттер формасы
Өрістер редакторы:
Кестедегі мәліметтерді көрсетуді басқару үшін арнайы өрістер
редакторы қолданылады – ол Editor Field.
Editor Field шақыру үшін:
1) Table1 екі рет басу қажет.
2) Ашылған терезеге контексті мәзірді шақыру және Add All Field
пунктін таңдау, егер қажет болса кестенің барлық өрістерін қосу.
3) Add Field жеке өрісті таңдау үшін (10 сурет).
10 сурет – Add All Field пунктін таңдау
Өрістер редакторының келесі қасиеттері бар:
DisplayLabel – өріске ат береді;
DisplayWidth – өріске енгізілетін символдар санын анықтау (11 сурет)
[5].
11 сурет – өрістер редакторының келесі қасиеттері
Student.db кестесі өрістері үшін қасиеттер анықтайық:
1) Кесте өрістері редакторы терезесінде SFio өрісін таңдау және
объектілер инспекторының DisplayLabel қасиетінде SFio-ны ТАЖ-не өзгерту.
2) DisplayWidth қасиетін таңдау және өлшемін 35-ке өзгерту.
3) Сондай-ақ кестенің басқа өрістерінің қасиеттерін өзгерту.
4) Логикалық типті өрістер үшін DisplayValues қасиетінде True және
False мәндері үшін нұсқалар жазуға болады.
5) SSpec өрісінде осы қасиетте «Математика; Физика» жазу (аралықтар
қалдырмай, «;» белгісімен бөліп). Суретте көрсетілгендей болады.
6) Егер қажет болса кез келген өрісті жасыруға болады. Ол үшін оны
таңдап және объектілер инспекторының Visible қасиетінде false мәнін орнату
қажет [4].
Жасалған әрекеттерден кейін DBGrid1 торы келесі түрге келеді (12
сурет).
12 сурет – DBGrid1 торы
Мәліметтерді енгізу:
ДҚ кестелеріне рұқсатты ұйымдастыруға арналған компоненттер
мәліметтер жиындарымен мүмкін болатын операциялар орындауға мүмкіндік
береді: жазуларды қосу немесе өшіру, олар бойынша қозғалу. Бірақ бұл
жағдайда ескеретін жағдай – кез келген уақытта нақты әрекеттерді орындау
үшін ағымдағы деп аталатын бір-ақ жазу қолжетімді болады. Бұл
зертханалық жұмыста Table компонентінің жиі қолданылатын әдістері
қарастырылған [5].
Table компонентінің рұқсат ұйымдастыру үшін қолданылатын негізгі
әдістері:
Append – кесте соңына жаңа жазу қосу.
Delete – ағымдағы жолды өшіру.
Edit – редакторлау тәртіптемесіне (режим) өту. Осыдан кейін өрістер
мәнін өзгертуге болады.
Insert – кестеге жаңа жол қою.
Post – барлық өзгерістерді қабылдау.
Refresh – мәліметтер туралы ақпаратты жаңарту.
UpdateRecord – ағымдағы жазуды жаңарту.
Құрылған қосымшаны ашу.
Формада Additional палитрасынан SpeedButton үш компонентін орнату.
Батырмалардың біреуі жазу қосады, екіншісі жазудағы мәліметтерді
өзгертеді, үшіншісі – өшіреді. Оларды сәйкесінше атаймыз (13 сурет).
13 сурет – SpeedButton үш компонентін орнату
«Қосу (Добавить)» батырмасын басу арқылы шақырылатын жаңа форма
құрамыз. Формада Edit 4 компоненттері, Win32 бетбелгісі бар DateTimePicker
компоненті, CheckBox компоненті және RadioGroup компоненті орналасқан
(14 сурет) [5].
14 сурет – жазуларды қосу
Студенттер формасында «Қосу» батырмасының OnClick оқиғасы
үшін процедура мәтіні:
procedure TForm1.SpeedButton1Click(Sender: TObject);
begin
Form2.ShowModal; //«Жазу қосу» формасын ашады
end;
Жазу қосу формасында «ОК» батырмасының OnClick оқиғасы үшін
процедура мәтіні:
procedure TForm2.Button1Click(Sender: TObject);
begin
Form1.Table1.Insert;
Form1.Table1.FieldByName('SFio').Text:=Edit1.Text;
Form1.Table1.FieldByName('SOsn').Text:=Edit2.Text;
Form1.Table1.FieldByName('SNom').Text:=Edit3.Text;
Form1.Table1.FieldByName('SKurs').Text:=Edit4.Text;
Form1.Table1.FieldByName('SData').AsDateTime:=DateTimePicker1.Date;
if CheckBox1.Checked then
Form1.Table1.FieldByName('SStip').Text:='иә'
else
Form1.Table1.FieldByName('SStip').Text:='жоқ';
//жалаушаға басқанда SStip өрісіне (Стипендия)
//True мәні беріледі, кері жағдайда False мәні беріледі
case RadioGroup1.ItemIndex of
0: Form1.Table1.FieldByName('SSpec').Text:='Математика';
1: Form1.Table1.FieldByName('SSpec').Text:='Физика';
end;
if form1.Table1.Modified
then form1.Table1.Post;
close;
Түсіндірме:
Form1.Table1.Insert жолында «Студенттер» формасында орналасқан,
кестеге жаңа жол қоюға мүмкіндік беретін әдіс шақырылады. Бұл әдіс
шақырылмаса ары қарай кестеге жазуларды қою жұмысы мүмкін емес
болады.
Form1.Table1.FieldByName('SFio').Text:=Edit1.Text
жазуының
мағынасы келесі: Edit1-де орналасқан мәтін батырманы басу кезінде
«Студенттер» формасындағы кестенің ТАЖ мәтіндік өрісінің жаңа жазуына
орын ауыстырылады. Процедурадағы қалған жазулар ұқсас түрде жұмыс
жасайды. if form1.Table1.Modified then form1.Table1.Post жазуы кестедегі
өзгерістерді сақтайды. Close – «Жазу қосу» формасын жабады.
Cancel батырмасын басу бойынша шығу іске асырылады. «Жазуды
редакторлау» формасында дәл солай [5].
Студенттер формасында «Өшіру» батырмасының OnClick оқиғасы
үшін процедура мәтіні:
procedure TForm1.SpeedButton3Click(Sender: TObject);
begin
Table1.Delete
//кестедегі ағымдағы жазуды өшіреді
end;
Мәліметтерді өңдеу.
Ақпаратты бейнелейтін компоненттер екі категорияға бөлінеді – ДҚ
кестелерімен байланыспаған және кестелермен байланысқан және олармен
мәлімет алмасатын. Бірінші категорияға Delphi-дің қарапайым компоненттері
кіреді. Екінші категория компоненттері Data Controls бетінде орналасқан.
Олардың көпшілігінің қарапайым компоненттер арасында ұқсастары бар;
негізгі ерекшелік, олар ДҚ сақталатын мәліметтермен жұмыс жасай алады.
Бұл топқа, мәтіндік бір жолды ақпаратты енгізу үшін қолданылатын, DBEdit
компоненті қатысты.
DBEdit компоненті кесте өрісінен ақпаратты көруі үшін қасиеттерде
келесіні көрсету қажет:
DataSource – мәліметтер көзі; DataField – редакторлау үшін өріс.
Өрістің атын өріс редакторлау терезесінен тасу барысында, бұл
компонент алдын-ала берілген қасиеттермен автоматты түрде пайда болады
[6].
Жаңа форма құрамыз: жазуды редакторлау (15 сурет).
Достарыңызбен бөлісу: |