жоқ. InterBase-те де жазулардың физикалық нөмірлері жоқ,
бірақ Autoincrement өрісі де қарастырылмаған. Оны,
бәрінен де триггерлерде қолдануға ыңғайлы, Gen_id
кірістірілген функциясы сәтті алмастырады)
Binary
Кез келген екілік ақпаратан құралған өріс. Сонымен қатар
кез келген өлшемді бола алады. Бұл жағдайда, кестені құру
кезінде көрсетілетін өлшем кестеде сақталатын символдар
санын білдіреді (1-240) – қалған символдар «.MB» кеңейтуі
бар бөлек файлда сақталады. Бұл InterBase-тегі BLOb
өрісінің толықтай аналогы
Bytes
1-255 байт ұзындықты цифрлар жолы, кез келген
деректерден құралады
А, Б тапсырмалары
Керекті нұсқаны таңдап, ДҚ бүркеме атауларын (псевдоним) құру (А
қосымшасы), 2 кестеден құру және оларды редакциялау (Paradox форматы).
Студенттер барлық тапсырмаларды екі нұсқа бойынша орындаулары қажет
(А, Б).
Әдістемелік нұсқаулықтар
Студенттер туралы ақпараттары бар кесте құру. Келесі ақпараттарды
енгізу қажет: ТАЖ (ФИО), дүниеге келү күні, студенттің университетке
қабылдану бұйрығы, сынақ кітапшасы нөмірі, мамандығы, курсы, стипендия
алу/алмауы. Барлық мәтіндік өрістерде өлшемдерін көрсету қажет (4 сурет)
[2].
4 сурет – Кесте құру
Құрылған кестені Student.db атымен сақтаймыз және кесте құру
терезесін жабамыз. Кейбір жағдайда құрылған кестені (өрістерді қосу,
өзгерту, өшіру немесе кесте қасиеттерін өзгерту үшін) редакциялау қажет
болуы мүмкін.
Кестені редакциялау
Екінші индекстерді анықтау:
Student.db кестесін ашу (File►Open►Table).
Table мәзірінен Restructure пунктін таңдау. Кесте өрістерін редакциялау
терезесі ашылады. Table properties құлама тізімінен Secondary Indexes таңдау
және Define батырмасын басу. Define Secondary Index терезесінде екінші
индекстер анықталады (5 сурет).
5 сурет – Define Secondary Index терезесі
Index options тобының жалаушаларының көмегімен индекстің келесі
ерекшеліктерін анықтауға болады:
Unique – индекс құрамында бірегей мағына болады;
Maintained – индексті өрістер мағыналардың өсуімен іріктеледі;
Case sensitive – индекс мәтіндік өрістердегі әріп регистріне сезімтал;
Descending – индексті өрістер мағыналардың кемуімен іріктеледі.
Fields тізімінен «SFio» таңдау және оң жаққа бейнеленген көрсеткіші
бар батырманы басу. Indexed fields тізімінде (индекстелген өріс) «SFio»
пайда болады. Дәл соны «SSpec» және «SKurs» өрістерімен жасау. Define
Secondary Index терезесін жабу.
Пайда болған терезеде IDFio индексі атын енгізу және «OK» басу (6
сурет) [2].
6 сурет – IDFio индексі атын енгізу
Енді, факультетте тек екі мамандық қана бар болғандықтан, «SSpec»
өрісі типі қайта тағайындауға болады. Өріс типі Logical болса, жұмысқа
ыңғайырақ болады. Тілтуірді «SSpec» өріс типіне апару және «L» өріс типін
жазу.
Тілдік драйверді анықтау. Оны орыс тіліндегі мәтінді дұрыс бейнелеу
үшін жасау қажет. Student.db кестесі өрістерін редакциялау терезесін ашу.
Table properties құлама тізімінде Table Language таңдау және Modify
батырмасын басу. Пайда болған терезеде тізімнен Pdox ANSI Cyrillic таңдау.
Кестені сақтау. Логикалық тип үшін бірден қабылданған мән False
береміз [2].
Student.db кестесінде деректермен толтыру:
1) Кестені ашу (File ► Open ► Table).
2) Table ► Edit data таңдау немесе F9 клавишін басу.
3) Бірнеше жазуларды құру.
Бүркеме атауларын (псевдоним) құру:
Бүркеме атау ДҚ файлдарының орналасу жерін көрсетеді және
каталогты белгілеу үшін арнайы атау болып келеді. Бүркеме атауларды
қолдану ДҚ файлдарының басқа компьютерлердегі басқа каталогтарға орын
ауыстырылуын әлдеқайда жеңілдетеді. Бұл жағдайда ДҚ кестелеріне
рұқсатты іске асыратын қосымшаларды өзгерту талап етілмейді. Егер
қосымшада кестенің орналасуы бүркеме атау көмегімен көрсетілсе, ДҚ орын
ауыстырғаннан кейін қосымшаның жұмысын қамтамасыз ету үшін бүркеме
атау көрсететін бағытты (жолды) өзгертсе жеткілікті. Егер қосымшада ДҚ-на
бағыт айқын түрде, бүркеме атаусыз, көрсетілсе ДҚ орын ауыстырғаннан
кейін қосымшаның өзін орын ауыстыру – бастапқы код ішіне өзгерістер
енгізіп, оны қайтадан трансляциялау қажет [3].
Бүркеме атауды тіркеу:
Database►Explore
командаларымен
қосылатын
SQL
Explorer
қосымшасын қолданамыз. Терезенің сол жақ бөлігінде BDE жүйесінде
тіркелген барлық деректер қорларының тізім, оң жағында – тізімде таңдалған
ағымдағы қордың қасиеттері келтірілген.
Деректер қорына бүркеме атау құрамыз. Бұл үшін Object►New
командасын орындаймыз және драйвер таңдау терезесінде Standart мәнін
көрсетеміз (7 сурет).
7 сурет – драйвер таңдау терезесі
«ОК» батырмасын басқаннан кейін тізімде жасыл үшбұрышпен
белгіленген, жаңа элемент пайда болады (8 сурет).
8 сурет – Жасыл үшбұрышпен белгіленген, жаңа элемент
Бірден қабылдану бойынша Standard1 деректер қорының аты құрылады.
Default Driver қасиеттерінде (Бірден қабылданған драйвер) Paradox мәні
болуы қажет. Path қасиеттерінде, біздің кесте сақталған, каталогты
көрсетеміз.
Енді BDE жүйесінде тіркелген базаны сақтаймыз, ол үшін Student
объектінің контекстті мәзірінде Apply таңдаймыз. Өзгерістерді сақтау
қажеттігі туралы сұраққа Yes басамыз. Осыдан кейін кесте Student атауымен
BDE ортасынан қолжетімді [3].
Sql Explorer-ді жабыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |