Көмекке мұқтаж мүгедек жандарға арналған материалдар жинағы Алматы, 2017 жыл «Аман-Саулық»



жүктеу 25,93 Mb.
Pdf просмотр
бет6/30
Дата13.11.2018
өлшемі25,93 Mb.
#19108
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30

16 

ТІРЕК КӨЗІ

   

Көмекке мұқтаж мүгедек жандарға арналған материалдар жинағы



• 

Әйелдер  үшін  әлеуметтік-экономикалық  мүмкіндіктерді  қамтамасыз  ету  (мысалы, 

білімге қолжетімділікті және микрокредит схемаларын үйрету); 

• 

егде  жастағы  адамдарды  әлеуметтік  қолдау  (мысалы,  таныстыруды  ұйымдастыру 

бастамасы, қарт адамдарға арналған жергілікті күндізгі орталықтар);

• 

кедей топтарды, байырғы халықтарды, мигранттарды, қақтығыстар мен табиғи апат-

тардан зардап шеккен адамдарды (мысалы, табиғи апаттардан кейінгі психоәлеуметтік 

қызмет);


• 

мектептердегі психикалық денсаулығын нығайту іс-шаралары (мысалы, мектептер мен 

мектептерде  балалар үшін  қолайлы  жағдайлар  жасайтын  экологиялық  өзгерістерді 

енгізу бағдарламалары);



• 

жұмыс  орнында  психикалық  денсаулығын  нығайту  жөніндегі  іс-шаралар  (мысалы, 

стресс-менеджмент бағдарламалары);

• 

тұрғын үйлерге арналған стратегиялар (мысалы, тұрмыс жағдайын жақсарту);



• 

зорлық-зомбылықты болдырмау жөніндегі бағдарламалар (мысалы, ішімдік пен қару-

жараққа қол жеткізуді шектеу);

• 

қауымдастықты дамыту бағдарламалары (мысалы, «қамқорлық жасайтын қоғамдар», 

ауыл шаруашылығын кешенді дамыту);

• 

кедейлікті азайту және кедейлерді әлеуметтік қорғау;



• 

кемсітушілікке қарсы заңдар мен науқандар;



• 

психикалық ауытқулары бар адамдарға көмек көрсету және оларға қамқорлық жасау.



Психикалық денсаулыққа күтім жасау және емдеу

Психикалық  денсаулық  саласындағы  саясатты  қалыптастыру  оны  іске  асыру  бойынша 

ұлттық саясатында тек азаматтардың психикалық есен-аман болуын қорғау әрі нығайту ғана 

маңызды емес, сонымен қатар белгілі бір психикалық бұзылыстары бар жеке тұлғалардың 

қажеттіліктеріне байланысты мәселелерді шешу қажет.

Соңғы  онжылдықта  өсіп  келе  жатқан  психикалық  бұзылыстардың  ауыртпалығына  қатысты 

не істеу керек екендігін түсіну айтарлықтай жақсарды. Экономикалық даму деңгейі әртүрлі 

елдерде басым психикалық бұзылыстар бойынша экономикалық тұрғыдан алғанда маңызды 

іс-шаралардың  нәтижелілігі  мен  тиімділігін  растайтын  ақпараттардың  көлемі  ұлғаюда. 

Экономикалық  тиімділігі  тұрғысынан  алғанда,  атқарылуы  мен  бағасы  бойынша  қолжетімді 

болып табылатын мұндай әрекеттерге жататындары:

• 

эпилепсияға (қояншыққа) қарсы препараттармен эпилепсияны емдеу;



• 

депрессияны психотерапиямен, ал депрессияның орта немесе ауыр дәрежесі кезінде 

антидепрессанттармен (генериктермен) емдеу;

• 

психозды  бұрыннан  қолданылатын  антипсихотикалық  препараттармен  қоса 

психоәлеуметтік қолдаумен бірге емдеу;

• 

алкогольдік ішімдіктерге салық салу, олардың сатылуын және жарнамасын шектеу.

Сонымен қатар, өз-өзіне қол жұмсаудың алдын алу, балалардағы психикалық бұзылыстарды 

болдырмау  және  емдеу,  деменцияны  болдырмау  және  емдеу,  сол  сияқты  психактивті  зат-




Психикалық денсаулық

 

17



тарды  тұтыну  салдарынан  болған  бұзылыстарды  емдеу  бойынша  тиімді  шаралар  бар. ДДҰ 

психикалық  саулық  саласындағы  олқылықтарды  жою  бойынша  іс-әрекеттер  Бағдарламасы 

(mhGAP)  арнайы  маман  емес  тұлғалар  үшін  нақты  мәліметтерге  негізделген  басшылық 

ұстанымдарын құрастырды.



Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) қызметі 

ДДҰ  үкіметтердің  психикалық  денсаулықты  нығайту  жөніндегі  күш-

жігерін қолдайды. ДДҰ психикалық денсаулығын нығайту туралы нақты 

деректерді талдайды және үкіметтерге осы ақпаратты таратуға және 

саясат пен жоспарларға тиімді стратегияларды енгізуге көмектеседі.

2013  жылы  Бүкіләлемдік  денсаулық  сақтау  ассамблеясы  2013-2020  жылдарға  арналған 

интеграцияланған  Психикалық  денсаулығын  сақтау  жөніндегі  іс-әрекеттердің  Кешенді 

жоспарын бекітті. Жоспарда ДДҰ-ға мүше барлық мемлекеттердің психикалық денсаулығын 

нығайтуға бағытталған нақты шараларды қабылдауы және жаһандық мақсаттарға жетуге үлес 

қосуы туралы анықтама берілген.

Іс-әрекеттер  Жоспарының  ең  маңызды  мақсаты  -    психикалық  аман-есендікті  нығайту, 

ауытқушылықтардың алдын алу,  медициналық көмекті қамтамасыз ету, сауығуды жылдам-

дату, адам құқықтарын нығайту және өлім-жітімді, ауру-сырқаушылықты,мүгедектікті азайту-

болып табылады. Бұл жоспар төрт тапсырманы орындауға бағытталған:



• 

Психикалық денсаулық саласындағы тиімді көшбасшылық пен жетекшілікті күшейту;



• 

Бастапқы  деңгейде  кешенді  бірлескен  және  өзгерістерге  тез  әрекет  ететін 

медициналық-санитарлық және әлеуметтік көмекпен қамтамасыз ету;

• 

Психикалық денсаулықтың және психикалық денсаулығының алдын алу стратегиясын 

жүзеге асыру; 

• 

Ақпараттық  жүйелерді,  нақты деректерді  және  психикалық денсаулықты  зерттеуді 

күшейту.

Бұл іс-әрекеттер Жоспарында адам құқығын қорғау мен нығайтылуына, азаматтық қоғамды 

нығайтуға және оның өкілеттігінің арттырылуына, сондай-ақ бастапқы деңгейде медициналық 

көмектің шешуші орында болуына ерекше назар аударылады.

Іс-әрекеттер Жоспарында келтірілген тапсырмаларды орындау үшін үкіметтер, халықаралық 

серіктестер мен ДДҰ тарапынан біркелкі емес әрекеттерді ұсынып әрі талап етеді. Денсаулық 

сақтау  министрліктері  басшылықты  өз  қолдарына  алуы  керек,  ал  ДДҰ  жоспарды  жүзеге 

асыру  үшін  олармен  және  халықаралық  және  азаматтық  қоғамды  қоса  алғанда  ұлттық 

серіктестермен  жұмыс  істейтін  болады.  Барлық  елдердің  көңілінен  шығатын  іс-әрекеттер 

болмағандықтан,  әрбір  елдің  үкіметі  іс-әрекеттер  Жоспарын  өздерінің  нақты  ұлттық 

жағдайларына бейімдеулеріне тура келеді.

Іс-әрекеттер  Жоспарын  іске  асыру  психикалық  бұзылыстары  бар  адамдарға  мынандай 

мүмкіндіктер береді:

• 

психикалық  саулық  қызметтеріне  және  әлеуметтік  қолдауға  қол  жетімділікті 

жеңілдетеді;



жүктеу 25,93 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау