Көмекке мұқтаж мүгедек жандарға арналған материалдар жинағы Алматы, 2017 жыл «Аман-Саулық»



жүктеу 25,93 Mb.
Pdf просмотр
бет3/30
Дата13.11.2018
өлшемі25,93 Mb.
#19108
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30

ТІРЕК КӨЗІ

   

Көмекке мұқтаж мүгедек жандарға арналған материалдар жинағы



тальды денсаулығымызға жеткілікті дәрежеде ұқыпты қарамайтынымызды дәлелдейді, про-

блема айқын болғанда, ауқымды шаралар қажет еткен кезде, тек ауруымыз асқынған кезде 

ғана мамандарға жүгінеміз.

Біздің  мемлекет  мүгедектердің  құқықтары  туралы  Конвенцияны  ратификациялағаннан 

кейін,  барлық  азаматтық,  экономикалық,  саяси  құқықтарын  және  бостандықтарын  жүзеге 

асыруға құқығы бар психикалық аурулары бар адамдарды қоса есептегенде, мүгедектігі бар 

адамдардың  құқықтарын  қорғауға  қатысты  белгілі  бір  міндеттемелерді  өз  мойнына  алды. 

Психикалық денсаулықты сақтаудағы құқық қорғау тәсілі, емдеу және оңалтудағы маңызды 

шешуші сәт пациенттердің ақпараттандырылған келісімшарты болуын көздейді.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында психикалық денсаулық қызметін деинституали-

зациялау мемлекеттік бағдарламасы әзірленуде. Қоғамдық ұйымдардың қатысуымен Алматы 

қаласындағы  психоневрологиялық  интернатының  тәрбиеленушілерін  біртіндеп  өз  бетімен 

өмір  сүруге дағдыландыру  процесі  басталды.  Стационарларды  қысқарту,  көмек  көрсетудегі 

баламалық қызмет түрлерін дамыту, психикалық ауытқулары бар адамдарды қолдау, оқыту, 

күтушімен бірге тұру, жұмысқа тұрғызу бойынша жекелеген шаралар қарастырылуда. Бірақ 

бұл іс-шаралар бірлі-жарым ғана түрде орын алған, пилоттық десек те болады, жүйелілік жоқ, 

мұндай күрделі үрдіске мемлекет тарапынан стратегиялық қадам жасалынбаған. 

Әйтседе,  көп  жағдайларда  психикалық  және  мінез-құлық  ауытқушылықтары  бар  адамдар, 

арнайы  әлеуметтік  мекемелерде  тұратын  науқастар,  аурудың  ауырлық  жағдайына  және 

диагнозына  қарамастан,    МҚК  кепілдік  берген  еркін  жүріп-тұру,  тұрғылықты  жерін  таңдау 

құқығынан айырылған.

Психиатриялық көмек көрсету жүйесі әлі де көп дәрежеде стационарлық емдеуге бағытталған, 

психиатриялық  ауруларды  мәжбүрлеп  емдеу  көрсеткіші  жоғары  күйінде  қалып  отыр,  ал 

дамыған  елдерде  мәжбүрлеп  емдеу  тиімсіз деп  танылады  және  ушықтыратын  стигматиза-

ция және  психикалық проблемалары бар адамдарды кемсітушілік ретінде қаралады. Әрине, 

біз мәжбүрлеп емдеуден толығымен бас тартпаймыз, бірақ ойымызша, бұл аса шиеленіскен 

ерекше жағдайларда ғана қолдануға болады деп ойлаймыз.

Меніңше, Қазақстан Республикасындағы қолданыстағы қамқоршылық пен жанашырлық инсти-

тутын, заңнамалық түрде адамды әрекетке жарамсыз деп тану рәсімі қайта қарауды талап 

етеді.  Әрине,  қамқоршылық  пен  жанашырлық  әлеуметтік-құқықтық  институты,  бастапқыда 

адамға, оның заңды құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған. Бірақ адамның барлық 

құқық дәрежесінен айыру, өміріне қатысты өз бетінше шешім қабылдауға, мақсаттары мен 

мүдделеріне қарама-қайшы шығуы мүмкін. Әсіресе, бұл психикалық аурулары бар адамдарға 

қатысты.


Барлық  осы  мәселелерді  бір  күнде  шешу  мүмкін  емес.  Олар  қоғамда  сарапшылардың, 

мамандардың,  пациенттің  өздерінің  және  олардың  туыстарының  қатысуымен  талқылануы 

тиіс. Әсіресе, науқастар мен олардың жақын ортасының қатысуы өте маңызды болып табы-

лады, біз барлығымыз бірге олардың психикалық ауруларына қатысты проблемалары жайлы 

айтып, оларды шешу жолдарын іздеп үйренуіміз керек.

МҚК негізін салушы қағидаттарының бірі кемсітпеу болып табылады. Қазақстан Республи-

касы «Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 5-бабының 5-тармағында мүгедектік 



Мүгедектердің құқықтары туралы Конвенция және Қазақстан Республикасындағы психикалық денсаулық саласындағы жағдай

 

9



белгісі бойынша кемсітушілікке тыйым салу нормасын ұстанады. Бірақ Заңда «мүгедектік 

белгісі бойынша кемсітуге» не кіретіні ашылмаған.

Шынайы өмірде біз психикалық аурулармен және ауытқушылықпен ауыратын жандарға 

жұмысқа  орналасу  іс  жүзінде  мүмкін  емес  екенін  көріп  отырмыз.  Жұмысқа  орналасу 

кезінде  ұйымдардың  басшылары  психикалық денсаулығы  жайында  анықтаманы  талап 

етеді, егер кандидат психикалық ауруы және мінез-құлық бұзылыстары бойынша есепте 

тұрса, жұмыс беруден бас тартады. 

 «Әрекетке қабілетсіз» мәртебесі бар адамдарға Қазақстан Республикасының отбасы және 

неке Кодексінің 11 бабының 5 тармағына сәйкес отбасын құруға және некеге тұруға (ерлі-

зайыпты) тыйым салады. Дегенмен, психикалық ауруы бар жас адамдардың ата-аналары 

олардың арасындағы туындаған нәзік сезімді көріп, олардың өздерінің «ерекше» отбасын 

құруына мүмкіндіктер беретіні жайлы фактілер баршылық.

«Аман  саулық»  ҚҚ  жедел  желісіне  пациенттердің  ата-аналары  хабарласып,    тегін 

медициналық көмектің кепілді көлемі (ТМККК) бойынша дәрі-дәрмектің жоқ екеніне және 

дәріханада құнының жоғарылығына байланысты ала алмайтынын айтып шағымданады. 

Сол  емдеуді  үзген  уақытта  немесе  препаратты  ауыстыру  пациенттердің  денсаулығына 

және  өмір  сүру  сапасына,  олардың  өздеріне  және  олардың  жақындарына  кері  әсерін 

тигізеді. Сонда бұл фактілер аурулары бар адамдарды дискриминациялау, яғни, шеттету 

екенін куәландырмай ма?

Амбулаториялық  науқастарды  дәрілермен  қамтамасыз  ету  қайта  қарауды  талап 

етеді.  ТМККК  тізімінен  сатып  алынатын  препараттар  құрылымын  талдау  нәтижелері 

көрсеткендей,  кейбір  аймақтарда  таңдау  критерийі  оның  тиімділік  әсерінде  емес, 

бағасында  екенін  көрсетеді.  Қорытындысында,  ішінде  әсері  ұзақтау  атипиялық 

антипсихотиктерді қоса есептегенде,  емдеуде жақсы нәтиже беретін заманауи препарат-

тар көптеген пациенттерге қол жетімсіз.

Психикалық және менталды проблемалары бар адамдар және олардың отбасы мүшелері, 

тек қана мемлекет тарапынан қолдауға мұқтаж емес. Олар үшін қоғамның алатын орны 

маңызды –  қоршаған  орта,  әріптестерінің  қолдауы,  көршілері,  әлеуметтік  өмірде  өзін-

өзі  басқаруы,  солақай  көзқарастан,  көңілге  тиетін  сөздерден  және  күлкіден  қорықпау. 

Өкінішке  орай,  мойындауымыз  керек,  бізде  әлі, дамуында  ерекшеліктері  бар  адамдар 

өздерін қауіпсіз және ыңғайлы сезінуге арналған достық ортасы құрылмаған. Мұнда әрбір 

адам,  ондай  адамдарға  көзқарастарын  өзгертіп,  ойланып,  стереотиптен  арылып,  ашық 

болулары  керек.  Әрине,  бұл  мәселеде  қоғамдық  ұйымдар  мен  бұқаралық  ақпараттық 

құралдар  адамдардың санасындағы догмалар мен надандық ойларды, көзқарастарды 

жеңуге көмектесулері қажет. Өйткені, бүгінгі күні еңбек ұжымдарына, жалпы білім беретін 

мектептерге, колледждерге, жоғары оқу орындарына ерекше қасиеттері бар адамдардың 

келулері мүмкін. Біз және біздің балаларымыз осы адамдарды қалай қарсы аламыз және 

оларға көмектесіп, қолдау көрсете аламыз ба? 

Надандық  орынсыз  үрей  тудырады,    агрессия  және  дискриминацияны  жасатады,олар 

адамдардың және олардың туысқандарының өмірін қиындатады. 




жүктеу 25,93 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау